Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Авторы: Ертілеу Ақнұр
Мамандығы, курсы: 0111000 Негізгі орта білім, ІІІ
Жетекшісі: Нугумарова Лаура Нұрбекқызы
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
2021 жыл
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім кеңістігінен сүбелі орын иелену үшін бүгінгі және болашақ жастарға әдебиетіміз бен мәдениетіміздің кезінде жабулы қалған ақтаңдақ беттерін ашып беру міндеті тұр. Қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан мәдени, рухани ұлттық қазынасын білім алушылардың бойында оқу үрдісі арқылы қалыптастыру әр пәнінің басты міндеті болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді [7. 11.],- деген сөзі болашақ ұрпақ тәрбиесінде білім алушыларды ұлттық мұрағаттарды қадірлей білуге және өз тарихын құрметтеуге үйретеді. Бұл сөз сонымен қатар ұстаздардың да алдына зор міндеттер қояды. Себебі, ұлттық сананың оқушы бойында қалыптасуы мәдени-рухани, тарихи материалдарды игерумен ұштасады.
Қазіргі кезде ұлттық өнердің және мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің тарихы мен оның әрбір көрнекті өкілінің мұрасына зор жауаптылықпен қарау, шынайы дұрыс бағасын беру - келешектің игілігіне бағытталған жұмыс болуы тиіс.
Жүсіпбек Аймауытов - керемет дарын иесі. Ол ақын, драматург, проза мен әдеби қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосты. Ж.Аймауытов бай әдеби мұра қалдырды. Ол қазіргі қазақ әдебиетіндегі драма мен роман жанрының негізін салушылардың бірі. Жазушының көркем шығармаларының тақырыбы кең, көркемдік құндылығы бай, тілі жатық және өзіндік стильдік ерекшеліктері бар туындылар.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері.
Ұлы тұлғалар - өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған Ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Алаш қай-раткері, шабытты жазушы, шалқар прозашы, әдебиеттанушы, дарынды драматург, педагог, мұғалімдер семинариясының түлегі Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығар-машылыған шолу жасай отырып, әдеби-сыни мақалаларын зерделеу. Қазақ әдебиеті тарихында дара орны бар Ж.Аймауытовтың көп қырлы тұлға екендігін дәлелдеу Тәуелсіздікке жету жолында халқының болашағы үшін құрбан болған алаш азаматтарының өнегелі өмірінен, қайраткерлігінен үлгі алу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Бұл жұмыстың дерек көзі ретінде пайдаланған материалдарды жобаға енгізіп, оларды ой елегінен өткізіп пайдалану нәтижесінде зерттеліп отырған Жүсіпбек Аймауытовтың жан-жақты қырларын айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1-кезең: Кіші ғылыми зерттеу орталығында жинақталған Ж.Аймауытов шығармашылығы туралы ғылыми- теориялық материалдармен танысу, оқу, материалды меңгеру жұмыстары жүргізілді. Мол материалдың ішінен Ж.Аймауытовтың әдеби-сыни мақалаларын зерттеу мақсатында деректер іріктелді.
2-кезең: Жиналған материалдарды сараптау, бөлімдері бойынша жеке топтау;
3-кезең: Анықталған нәтижелерге талдау жасап, жинақтау.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысына жалпы Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты жазылған Кәкешов Т, С.Қирабаев, Тұрысбек Р, Н.Қуантайұлы, т.б. ғалымдардың зерттеу қағидалары басшылыққа алынып, ғылыми негіз болды
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.
Ғылыми жобада мынадай әдістер қолданылды:оқу, түсіну, қолдану, ізденіс, жинақтау, талдау, сипаттау.
Болжамы:
Ж.Аймауытовтың әдеби-сыни мақалаларын мен еңбектерін зерделеп,
Ж.Аймауытовтан қалған асыл рухани мұраны насихаттап, мәдени қауымға жеткізу парыз екендігі болжанды.
Зерттеудің жаңалығы.
Ж.Аймауытовтың көп қырлы тұлға екендігі дәлелденді;
Ж.Аймауытовтың әдеби-сыни мақалаларын зерттеліп, толық ашылуы.
Ғылыми жобаның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Сарыарқа газеті мен Жүсіпбек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Ж.Аймауытовтың әдеби-сыни еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Ж.Аймауытұлының қазақтың бас ақыны Абайға арналған сыни мақалалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Ж.Аймауытұлының Мағжанның ақындығы туралы атты сыни мақаласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
КІРІСПЕ
Әдебиетімізде жазушылық пен сын жанрын алып жүрген қаламгерлеріміздің бірі әрі бірегейі - Жүсіпбек Аймауытов.Әдебиетті сынау біз сықылды жұртқа керек,өйткені,бізде әлі жөнді әдебиет жоқ,бар болса балапан,буыны бекіп ,бұғанасы қатқан жоқ,әдебиетті тәрбиелей,мәпелей білсек,біздің де ақындарымыз,жазушыларымыз санатқа қосылады"Осыдан жетпіс жыл бұрын Ж.Аймауытов айтқан бұл сөздер күні бүгін айтылғандай. Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан - Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады.Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі Абайдың өнері һәм қызметі, Абайдан соңғы ақындар, Мағжанның мұра-мирастары Мағжанның ақындығы туралы, театр табиғаты мен тағылымдары Қалыбек әртіс, Сауық кеші, Театр кітабы туралы, сөз өнерінің сырлары Әдебиет мәселесі, Көркем әдебиетті саралау, Әдебиет мұралары, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстарын С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар, С.Торайғырұлының жиналған сөздері, т.т. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында - Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық, Абайдың өнері һәм қызметі атты мақаласында ақын өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген бітімі бөлек талант екендігі танылады. Ұлт мұраты мен руханияты туралы толғам-толғаныстарын кең көлемде ашады. Ақын ақиқаты, талант табиғаты мен тағылымы былай білдірілген: Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, қызыл тілді шешендігі ... Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас.
Әдебиет мұралары сөз өнерінің қыр-сырын, мұрат-міндеттерін айқындаумен бірге оны қамқорлыққа алу, басты орындары арқылы көпшілікке жеткізу, жинап-жүйелеу мәселелерін кеңінен қозғайды. ...Мәдениет мұрасы тарихымызға бір олжа салса, әдебиет мұрасы он олжа салды деп оған қамқорлықты күшейту көзделеді. Халық әдебиетін жинау, бастыру мәселелері кеңінен қозғалады. Ел әдебиетінің мән-мазмұны ашылады. Оны жинап, жариялау ісіне мұқияттылық, зерделілік, жанашырлық қажеттілігі баса көрсетіледі. Әдеби мұра - ел қазынасы, қалың көптің ортақ игілігі екендігі басты назарда тұрады. Автор халық әдебиетіне жанашырлық пен жауапкершілікті күшейту - елдік мұратқа адалдықты, рухани құндылықтарға қамқорлық пен құштарлықты танытады дегенді айқын аңғартады. Ұлт мұраты, елдік мәселесі, мәдени-рухани құндылықтар әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне қатысты қозғалады. Әлеуметтік мәні ашылып, көркемдік-эстетикалық қуаты еселеп арта түседі. Елдік мұрат пен руханият ісіне, халық мұрасындағы тарих пен таным арналарына, өмір-тұрмыс сырларына, дәстүр өнегелеріне ерекше мән беріледі. Әдеби мұра ел қазынасы, ұлттық тарих пен руханияттың қымбат жауһар-жәдігерлері ретінде жоғары бағаланады. Ұлт пен ұрпақтың, тарих пен танымның қымбат қазыналары қатарына жатқызылады. Әдеби-тарихи құндылықтары, мәдени-рухани мәні кеңінен қозғалады. Бастысы, әрине әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары, халық қазынасының руханият әлеміндегі орны, ұлт пен ұрпаққа берер тағылым, сипаттары тереңнен қозғалып, байыпты сараланады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сарыарқа газеті мен Жүсіпбек
Ұлттың мүддесін, елдің қамын жеген, Алаш Орда өкіметінің Қазақстан кейінгі екінші тынысы болған шығып тұрған уағында қырдағы қалың ел арасына кеңінен тараған басылымның бірі - Сарыарқа газеті. Сарыарқада Алаш партиясының саяси бағдарламасы, Алаш Орда өкіметінің қаулы-қарарлары, саяси мәні бар жеделхаттары, т.с.с. қазақ тарихы үшін құнды дүниелер саналатын құжаттар жарық көрген.
Мұнда Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Б.Сәрсенов, Т.Құнанбаев, М.Тұрғанбаев сияқты қайраткерлердің, қалам-герлердің қоғамдық-саяси және әлеуметтік мәселелерді көтерген көптеген көсемсөз шығармалары басылған. Шәкерім қажының, Сұлтанмахмұттың, Сәбит Дөнентаевтың кейбір өлеңдері әуелі осы газетте шыққан. Жалпы, Сарыарқаның библиографиясы біршама түгенделсе де, оның толық, түбегейлі ақтаратын зерттеушісін күтіп жатқанын естен шығармау керек.
Баста К.Үкібаев деген біреудің, кейін Семей облыстық қазақ комитетінің, соңында Алаш Орданың Семей облыстық кеңесінің баспаханаларында басылған, қаржы жағынан Теңдік серіктігі жәрдем еткен бұл газетке ең әуелі Райымжан Мәрсеков, сонан кейін ұзақ уақыт Халық Ғаббасов, жабылғанша Имам Әлімбекұлы редакторлық еткенін, бірер санын Шанжы Керейбайұлы шығарушы болғанын жоғарыда айттық.
Жүсіпбек Аймауытұлының Сарыарқа газетінде жарыққа шыққан бірнеше мақаласы бар. Солардың алғашқысы Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар! деп аталады. Империяда монархия құлап, келмеске кеткен соң бостандық және теңдік ұраны көтеріліп, ел арасына демократия, теңдік идеясы тарай бастайды. Жүсіпбек бостандық ұғымының тарихи мәнін, саяси астарын, қоғамдық маңызын қыр қазағына ашып жеткізіп беруге ұмтылады. Ол біздің қара халық бұ теңдік, бұ бостандық кімге келген теңдік, бостандық, неменеге болған бостандық екенін әлі білген жоқ сияқты деп жаза келіп, әуелі сөзге бостандық беріледі деген түйінін айтады. Бостандық ұғымының негізгі принциптеріне кеңінен тоқталған көсемсөзші оның қоғамдық-саяси маңызын ашып көрсетуге тырысады.
Алаш жұрты еріксіз Ресей империясының теліміне түскен соң 1822 және 1824 жылдары патша өкіметінің көшпелі елге арнап низам шығарып, қазақтың саяси атқару билігін түп-тамырымен өзгертетін хұқықтық ережені бекіткені белгілі. Осы жылдардан бастап қазақтың басынан бақ тайып, мемлекеттік құрылысы бұзылып, империяның отарлы бір аймағына айналғаны белгілі. Мұнан былайғы уақытта алты алаштың баласы, Ахаңша - Ахмет Байтұрсыновша айтқанда, біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, тасың (таспен) би болатын заманға, ... білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға, Жүсіпбектің өз сөзімен айтқанда, кемеңгер билердің заманы құрып, адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға килікті. Губернияға, уезге, болысқа бөлінген қайран қазақ ғасырлар бойы келе жатқан ел билеу дәстүрінен айырылып, империялық бюрократтық жүйеге бағындырылады. Патша әкімдерін паралауға, олардың үлгісімен қиянатқа, зорлыққа, өтірікке, шенқұмарлыққа үйренеді ел жуандары. Қазақтың Дулат, Мұрат, Шортанбай сынаған, ұлы Абай жиренген жаңа бір дәуірі дүниеге келеді.
Жүсіпбек өз мақаласында төңкеріс бостандығы әуелі қалың бұқараға керек деп байлам жасайды. Сөз бостандығы келді, қара халық, сөзіңді тыңдайтын хакімдер бар деген насихат айтады. Елдің игі жақсыларына да арнап: Кел, мырзалар! Заман ыңғайы шалғырт, шенқұмарлық көксеп, бұзықтық шығара бермей, өткенге қанағат қылып, кешу алып, келешекте түзеліп, жанды олжа көріп, тек жүрсек, тоқ жүреміз деп жазады. Жоқ-жітікті қанағанды қойып, мемлекет болу ұранын қолдайық, іргелі ел болуға жұмылайық деген тілегін білдіреді.
Екінші бостандық - бас қосып, қаулы қылып, ұйым жасап, бірлесіп іс қылуға берілген бостандық деп көрсетеді осы мақаласында. Орыс елінің ісмерлері, мұжықтары ұйым құрып әлеуметтік және құқықтық теңдік алып жатқандығын баян етеді. Жалғыз-ақ бостандық туғалы көріп отырған жақсылығымыз мынау: Зайсан уезінің жас жігіттері, қара бұқарасы (800-дей кісі) Теңдік заманы деген ұйым жасап, теңдік ала бастады. Көзге көрінген бір ісі: Зайсан уезіне хан сияқты әмірі жүрген, орыс, қазағын бірдей билеген, атақты кемеңгері Ахметжан Шідерин деген қара жүректі ел жұмысына кірістірмей ұстап, жаптырып отыр. Шідерин нөкерлерімен қазір Семейде деп ел ішіндегі бастамаға қуанып, оны үлгі етеді. Алаш мүддесі деп іске кіріскен ол бірігіңдер, ұйым құрып, қаулы шығарыңдар деп жалаң ғана айтып қоймай, нақты жоспарын да анықтап берген:
Ұйым бітіретін жұмысын қысқаша көрсетейін:
Қара бұқара теңдік әперу жолында бас қосып, түсіндіріп, партияны тоқтату;
Комитеттерге зәбірсіз, таза кісілерден сайлау;
Ел ішіндегі атақты зиянды кісілердің көзін жоғалту;
Комитеттің істеген жұмысын бақылап отырып, жамандығы шыққандарды түсіру;
Билердің билігін байқап жүріп, қиянат қылған, пара алғандарын түсірту;
Қолы жете алмай жүрген нашарлардың ақысын алып беруге тырысу;
Халыққа алым-шығынды әділшілікпен салдыру: кедейге - кедейше, байға - байша;
Елге пайда келтіру жолында мектеп, уақ қарыз серіктігі, потребительский лавкалар ашу;
Ұрыны тыю;
Уездной һәм облосной комитеттермен өз тұсынан хабарласып, не жұмыс болса, халыққа таратып һәм елдегі
жұмысты комитеттерге білдіріп тұру.
Бұл жерде тағы бір арнайы тоқтала келетін жайт - мақаладағы облыстық комитеттер тұрғысында. Патшаны құлатып, жаңа билікті қолға алған, кадеттер басқарған, рес-публикашыл бағыттағы Уақытша үкімет қазақ зиялыларына сенім артып, өз комиссарларын тағайындайды. Омбыда, Алматыда, Ақмолада, Семейде алғашқы облыстық қазақ комитеттері жұмыс істей бастаған. Негізгі міндет қазақ жұртының күшін біріктіріп жолға салу, жаңа биліктің ел басқару ісін нығайту, болып жатқан өзгерістерді халыққа уақытында жеткізіп, күнделікті саяси мәселені шешуге жұмылдыру104 болған бұл қазақ комитеттері демократиялық бағытты ұстанған. Жүсіпбектің өзі мүшесі болған қазақ комитеттерінің ел үшін игілікті қызмет атқарғанын осы мақаладан-ақ аңғаруға болады. Сарыарқаның 3-ші санына көсемсөзші осымен үндес Партия деген мақаласын бастырады. Мұнда қазақ ішіндегі партия туралы ежелгі мағынаның ескіргенін, ол партияның бұдан былай керек еместігін баса айтады. Басқа жұрттың партиясының негізгі мақсұты - қай жолмен болсын, тұрмысын оңдауға тырысу, ал біздің қазақтың партиясы бұ партияға ұқсамайды, үйткені қазақ тұрмысын түзетуге жұмысшы, кедейлер бірыңғай одақтаса алмайды.
Бұл - екі. Партияшылар көптің қамын ойламайды, өз басының билігін, атағы, мақтануы үшін таласады, бұл - үш. Ендеше қазақтың партиясы - өзге жұрттан оғаш, мақсұты, шегі, тілеуі қиғаш, теріс партия деп қабырғалы пікір айтады.
Расында да болды да партия, ел іші жарылды (Абай) болған жікшіл, кертартпа, кеселді жүйе империя саясатының сарқыншағы еді. Осыны түйсінген парасатты қаламгер патша заманындағы партия бөлінісінің шын пиғылын, арғы көмейін қырдағы елге былайша түсіндіреді: ...Зәлім ұлықтарға құл керек болды: болысты сүйеді, болыс дәуірлі... Мұндай зор дәрежеге бектік, атақ көксеген қазақ қызықпай тұрмады, малды төге берді... Партияға көмек берген нәрсе - қазақтың тұрмысы, кәсіпсіз қолының бостығы.
Бірінші жер-жаһан соғысына қазақтан солдат алу дүрбелеңінен бастап жалғасқан екі жылдайғы алмағайып мезгіл ішінде ел өндірістік заттарға, азық-түлікке, әсіресе шай, қант, былғары, ұн, шыт сияқты өнімдерге зәру болған екен. Осындай әлеуметтік өзекті мәселені Азық-түлік жайы105 мақаласында Аймауытұлы назардан тыс қалдырмайды. Облыстық азық-түлік комитетінің құрылғанын, оның жер-жерде: уездерде, болыстарда жергілікті бөлімшелері ашылатынын, халықтың оны қалай пайдалана алатынын жазып, қырдағы елге қажет көп мәлімет береді. Кездемеге, былғарыға, қант, шайға, ұнға нақ баға кесіледі. Бұл кескен баға осы күні лавкеші саудагерлердің сататын бағасынан екі-үш есе арзан деп империядағы Уақытша үкімет комитеттерінің пайдалы тағы бір жұмысын жазады. Әр ауылдың ауылнайы тіпті облыстық азық-түлік комитетіне келіп, керек-жарағын тізім жасап алып, сатуға көмектесуіне де рұқсат етілгенін хабарлайды. Егер жауапты болмай, волосной комитетінің қиянатын білген, жәбіршілік көрген адамдар тиісті орынға білдіруі керек деп тұтынушылар құқын да ескертеді.
Сарыарқа газетінде жарық көрген осындай мақалаларынан Жүсіпбек Аймауытұлының ел келешегіне қажет әлеумет істеріне араласқанын аңғарамыз, баспасөзде заман ағымына сай қоғамдық жөне әлеуметтік мәні зор мәселелерді қозғағанын көреміз.
2.2. Ж.Аймауытовтың әдеби-сыни еңбектері.
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан - Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.
Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі Абайдың өнері һәм қызметі, Абайдан соңғы ақындар, Мағжанның мұра-мирастары Мағжанның ақындығы туралы, театр табиғаты мен тағылымдары Қалыбек әртіс, Сауық кеші, Театр кітабы туралы, сөз өнерінің сырлары Әдебиет мәселесі, Көркем әдебиетті саралау, Әдебиет мұралары, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар, С.Торайғырұлының жиналған сөздері, т.т. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды [1. 110-290].
Ж.Аймауытұлы адам, қоғам, кезең хақында Қазақтың өзгеше мінездері, Партия, Пара алу тоқтала ма?, ағартушылық-гуманистік һәм тәлім-тәрбие туралы Жаңа мектеп туралы, Журнал туралы, Емлені өзгертуге жоба, Мектеп қандай болу керек, Хат таныту әдістері қазіргі кезеңде де мән-маңызы айырықша болып табылатын мақалаларында ұлт мұратын, елдік һәм ұрпақ ұлағатын, мәдени-рухани мәселелерді кең көлемде қозғайды.
Ал Әдебиет мәселесі, Әдебиет мұралары, Көркем әдебиетті саралау сынды мақалаларда қазақ сөз өнерінің табиғаты, арғы-бергі тарихы мен тағылымдарына кең орын беріледі. Айталық, алғашқы мақалада әлеуметтің зор құралы - әдебиеттің мұрат-міндеттері сөз етіледі. Қазақ әдебиетінің төңкерістен бұрынғы бағыттары мен орын-үлестері, күнгейі мен көлеңкелі тұстары кеңінен сараланады. Ал, Көркем әдебиетті саралауда төңкерістен кейінгі қазақ сөз өнерінің белгі-ерекшеліктері, артық-кем тұстары жан-жақты қозғалады. Әдебиеттің халықтық мұраты, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz