Мұхаммед Хайдар Дулати атақты тарихшы, дарынды қолбасшы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұхаммед Хайдар Дулати

атақты тарихшы, дарынды қолбасшы

Мұхаммед Хайдар Дулати – атақты тарихшы, дарынды қолбасшы

Мұхаммед Хайдар Дулати ғылым мен мәдениетке қосқан үлесінен басқа, өзін батыл жауынгер әрі тәжірибелі басшы ретінде де көрсете білгенін ұмытпауымыз керек

Мұхаммед Хайдар Дулати - тарих, география, этнография, әскери іс сияқты ғылым салаларын зерделеген әйгілі ғалым. Бұдан басқа ол екі рет Кашмирді бағындырған, жауының сағын сындырып отырған талантты қолбасшы да болған. Оның әйгілі «Тарих-и Рашиди» кітабына Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері туралы мәліметтер енген.

Мұхаммед Хайдар Дулати ғылым мен мәдениетке қосқан үлесінен басқа, өзін батыл жауынгер әрі тәжірибелі басшы ретінде де көрсете білгенін ұмытпауымыз керек. Тек бейбіт уақытта ғана ол әскери кәсібін қойып, өз еңбектерін жазумен айналасуға мүмкіндік алды.

Хайдар Дулати Моғолстан мемлекетінде, қазіргі Шығыс және Оңтүстік Қазақстан территориясы, жаугершілік әрі аумақтық шекаралар үнемі ауысып тұрған заманда, 1499 жылы өмірге келген. Мырза Хайдар текті әулеттен шыққан, оның ата-бабалары беделді құсбегі лауазымын атқарған. Олар өз елінің саясатына араласып, Моғолстан тағына үміткерлерге және сайланып қойған басшыларына да ықпал ете алған. Өздеріне көрсеткен қолдауларына разылықтары ретінде Шыңғыс тұқымы XIII ғасырда Дулатидің ата-бабасына қазіргі Қашқар жерін тарту етеді.

Әулет мүшелерінің арасында билік үшін күрес туындаған шақта Мырза Хайдардың атасы туған жерін тастап кетуге мәжбүр болады. Дулати әулеті Орталық Азия аумағына келеді. Осы жерде Мырза Хайдардың әкесі - Мұхаммед Хұсайын 1492 (1493) жылы Моғолстан билеушісі Жүніс ханның үшінші қызы Хұб Нигар ханшайымды әйелдікке алады, ал 1499 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати дүниеге келеді. Ол әке-шешесінен ерте айырылады. Мұхаммед Хайдар Дулати шамамен бір жарым жаста болған кезде шешесі қайтыс болса, 1508 жылы өзбек-шейбанидтердің шабуылы кезінде әкесі қаза табады.

Мырза Хайдар біршама уақыт өзінің бөлесі, кейіннен әйгілі ойшыл, қолбасшы, Үндістандағы моғолдар әулетінің негізін қалаушы Мұхаммад Захир ад-дин Бабырдың үйінде тұрады.

Кейінірек Дулати Андижанда тұрады. Бұнда Жүніс ханның немересі Әбу Саид-хан Хайдар Дулатидің әпкесі Хабиба Ханишқа үйленеді, ал өзінің қарындасын Дулатиге тұрмысқа береді. Осылайша, Хайдар Дулати көреген - хан әулетінің күйеу баласы болады.

1514 жылы Саид хан Әбу Бәкір Дулати Қашқардан билікті тартып алып, Қашқар хандығының негізін қалайды, астанасы Жаркент болады. Бұл жерде Хайдар Дулати 18 жылға жуық тұрып, білім алып, әскери салада қызмет етеді. 1524-1525 жылдары қазіргі Қырғызстанның оңтүстігіне, 1527-1528 жж. - Кафиристанға (Кәпірстан), 1529-1530 жж. - Бадахшанға, 1532-1533 жж. - Балтистан, Балур мен Кашмирге жасалған жорықтарға қатысады.

Кашмир оған зор әсер етеді. Мырза Хайдар ол жерде әскери стратегиялық тапсырмамен жүрсе де, сол аймақты жіті бақылап, кейін сол бақылауларын өз еңбегінде қолданады. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде ол өлкенің тарихын, табиғатын, дінін, жергілікті халқын, олардың салт-дәстүрлерін, архитектурасын егжей-тегжейлі жазады.

Қалада және қала маңында қарағай мен сауырағаштан көптеген тамаша ғимараттар салынған, олардың көпшілігі бес қабатты. Әр қабатта тұрғын бөлмелер, террасалар, балкондар мен ғажайып тамаша есіктері бар - қанша талпынып-тырыссаң да, олардың бәрін сипаттап айтып беру мүмкін емес . . . Алмұрт, қара ірі тұт, қызыл шие, шиеден басқа бұл жерде басқа да ғажап жемістер өседі, әсіресе, алмалары керемет. Онда жемістердің көптігі сонша, олар барлық тілегіңді орындай алады.

Қолбасшы жаңа территорияларды жаулап, Кашмирге тереңдеп ене берді. Бірақ, отрядта аяқ астынан бүлік шығып, Хайдар Дулатидің күштерін әлсіретіп тастайды. Соның нәтижесінде ол кашмирліктермен бейбіт келісім жасауға мәжбүр болады.

1533 жылдың шілдесінде Тибетке жасаған жорығынан қайтып келе жатқан жолда Саид хан қайтыс болады. Таққа мұрагерлік жолмен оның ұлы Әбу ар-Рашид отырады. Өз бәсекелестерінің көзін жоя бастаған Әбу ар-Рашид, Саид Мұхаммед Хұсайын мен оның отбасын жауыздықпен қырып тастайды. Бұны естіген Хайдар Дулати Жаркентке қайтпауға шешім қабылдайды, өйткені өзін де дәл осындай сыбаға күтіп тұруы мүмкін еді.

Ол біршама уақыт Тибетте, Балтистанда, Ладакта тұрып, ол жақтан Бадахшанға көшіп барады да, кейін Кабулға ауысады. 1536 жылы ол Бабырдың балалары - Қамран мен Құмайынды іздеп Үндістанға сапар шегеді.

1540 жылы Хайдар Дулати Құмайынмен бірге қайтадан Кашмирге аттанады. Мырза Дулати Кашмирге билік жүргізеді, бүліктерді басып, дұшпандарының шабуылдарына тойтарыс бере отырып, өз позицияларын нығайтады. 1549 жылы ол Үлкен және Кіші Тибетке, сонымен қатар, оңтүстік Кашмирдің бүлікшіл аудандарына жорыққа шығып, бұл жерлерді бағындырады. Олар Кашмирдің құрамына кіріп, Хайдар Дулатидің үзеңгілестері осы жерлерге наменгер болады. Кашмирдың қиыр оңтүстігіндегі Бхирбал провинциясын Махмұд мырзаның немересі болып саналатын Қара Бахадүр билейді.

Мырза Дулатидың айтуынша, Мырза Махмұд - Мұхаммад Хұсайынның ағасы Саид Мұхаммадтың баласы. Яғни, Қара Бахадүр - Хайдар Дулатидың немере інісі.

Мырза Дулатидің қарсыластары оған қарсы қастықтарын жалғастыра берді. Олар Ладак пен Балтистанға, Пакли мен Раджауриге жасалған жорықтарда моғолдарға қарағанда кашмирлік сарбаздар көп өлді, ал елді, шындығында, жергілікті тұрғындарды - кашмирліктерді ығыстырып тастап, басқыншының жерлестері ғана билеп отыр деген сияқты өсек-аяң тарата бастайды. Ақырында моғолдар мен кашмирліктер арасындағы шайқас кезінде Хайдар Дулати қаза табады.

Мұхаммед Хайдар Дулати өліміне қатысты бірнеше нұсқа бар. Сол нұсқалардың бірі оның сенімді наменгері Қара Бахадүрмен байланысты. XVІ ғасырдың ортасында чактер Хайдар Дулатиге қарсы бүлік шығарып, оның әскерінің бір бөлігін Тибеттегі, бір бөлігін Паклидегі, енді бір бөлігін Раджауридегі бүлікті басуға шоғырландыру арқылы оның қуатын әлсіретеді. Бүлікшілердің басында Қожа қажы тұрды, ол кезінде Мырза Хайдардың іс басқарушысы болған, бірақ, кейін билеушісін сатып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік тағылымдары
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ҺӘМ ОНЫҢ ТАРИХ-И РАШИДИІ
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар- әйгілі тарихшы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz