Батыстағы қазақтың ұлтшыл көсемдері және батыстық елдерде атқарған қызметтері



БАТЫСТАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТШЫЛ КӨСЕМДЕРІ ЖӘНЕ БАТЫСТЫҚ ЕЛДЕРДЕ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕРІ

Түркияның Салихлы қалашығына келіп орналасқан бір топ қазақ негізінен Шығыс Түркістанның Тәңір Таулары етегіндегі Ерентау бөктерлері мен Алтай және Баркөл аймақтарынан келген қазақтар болған. Салихлыдағы қазақтардың, қазақ деген халықты алдымен түрік халқына кейін әлем жұртшылығына танытуына мұрындық болып, ол жөнінде қызмет атқарған ұлтшыл көсемдерін еске алу, тек қана батыстағы қазақтың емес, барша қазақтың тарихи міндеті саналады. Салихлыға келген қазақтарды түрік халқы мен үкіметі бауырмалдықпен қарсы алып, тегін түрде үй жаймен қамтамасыз етіп, дереу азаматтыққа қабылдаған. Бұған қосымша Түріктің жергілікті әкімшілік орындары қазақ көсемдері мен зиялыларының «өзімізді бауырлас түрік халқына таныстырайық» деген талаптарына да қолдау көрсеткен. Ата мекенінен айрылып шетке шыққан қазақтардың тек қана жан бағып жүре бермей, әлемге қазақты таныстыру идеясын алға тартулары және бір сөзбен айтқанда қазақтың ұлттық дамуын шет елде жүріп ұмытпағандықтары олардың ұлтшылдық санасының қаншама жоғары екендігін байқатады. Ұлтшылдық идеясы оларды қазақ атын жамылып, тілерсектен қан кешіп қаншама ғасырлар бойы Азия құрлығының кіндігінде орын алған кең байтақ отанды тастап шетке шығып кетулеріне себеп болса да, өз жандарын аман сақтап қалғандарына қанағаттанбай, ел мен жерлерінің қайғысын ойлап, айтып, басқаға түсіндіріп жүруден бас тартқызбаған. Олар ұдайы, қазақ халқының тәуелсіздік, еркіндікке лайық халық екенін әлемге жаюға үлес қосуға талпынған. Қазақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі шет елде жүргенде де әсте өшпеген, керісінше жана берген. Осының бір айғағы ретінде Түркияның Салихлы қалашығына барған қазақтардың көсемдері бастаған бір сыпыра жұмысты егжей.тегжейімен зерттеп ұсыну осы баяндаманың негізгі мақсаты.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Марием Хакім
Халықаралық саясат ғылымының докторы,
Чанкая университеті Анкара, (Түркия)

БАТЫСТАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТШЫЛ КӨСЕМДЕРІ ЖӘНЕ БАТЫСТЫҚ ЕЛДЕРДЕ АТҚАРҒАН
ҚЫЗМЕТТЕРІ

Түркияның Салихлы қалашығына келіп орналасқан бір топ қазақ негізінен
Шығыс Түркістанның Тәңір Таулары етегіндегі Ерентау бөктерлері мен Алтай
және Баркөл аймақтарынан келген қазақтар болған. Салихлыдағы қазақтардың,
қазақ деген халықты алдымен түрік халқына кейін әлем жұртшылығына танытуына
мұрындық болып, ол жөнінде қызмет атқарған ұлтшыл көсемдерін еске алу, тек
қана батыстағы қазақтың емес, барша қазақтың тарихи міндеті саналады.
Салихлыға келген қазақтарды түрік халқы мен үкіметі бауырмалдықпен қарсы
алып, тегін түрде үй жаймен қамтамасыз етіп, дереу азаматтыққа қабылдаған.
Бұған қосымша Түріктің жергілікті әкімшілік орындары қазақ көсемдері мен
зиялыларының өзімізді бауырлас түрік халқына таныстырайық деген
талаптарына да қолдау көрсеткен. Ата мекенінен айрылып шетке шыққан
қазақтардың тек қана жан бағып жүре бермей, әлемге қазақты таныстыру
идеясын алға тартулары және бір сөзбен айтқанда қазақтың ұлттық дамуын шет
елде жүріп ұмытпағандықтары олардың ұлтшылдық санасының қаншама жоғары
екендігін байқатады. Ұлтшылдық идеясы оларды қазақ атын жамылып,
тілерсектен қан кешіп қаншама ғасырлар бойы Азия құрлығының кіндігінде орын
алған кең байтақ отанды тастап шетке шығып кетулеріне себеп болса да, өз
жандарын аман сақтап қалғандарына қанағаттанбай, ел мен жерлерінің қайғысын
ойлап, айтып, басқаға түсіндіріп жүруден бас тартқызбаған. Олар ұдайы,
қазақ халқының тәуелсіздік, еркіндікке лайық халық екенін әлемге жаюға үлес
қосуға талпынған. Қазақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі шет елде
жүргенде де әсте өшпеген, керісінше жана берген. Осының бір айғағы ретінде
Түркияның Салихлы қалашығына барған қазақтардың көсемдері бастаған бір
сыпыра жұмысты егжей-тегжейімен зерттеп ұсыну осы баяндаманың негізгі
мақсаты.
Салихлы қалашығында жасалған алғаш қимыл әрекеттердің мезгілі ол кезде
әлем көлемінде түс берген жағдайға сай қырғиқабақ соғыстың дәуірлеген кезі
болған. Түркияға барып орналасқан қазақтың басқа түркі халықтармен
бірігулеріне тура келген кезең болғандықтан, қазақтар да өздерінің саяси
және әлеуметтік іс-әрекеттерін сол ұғымға бейімдеген болатын. Міне
сондықтан Салихлы қалашығындағы қазақтардың Мәдениет және Жәрдемдесу қоғамы
Түркістан атымен аталғанды. Тағы да бұл қоғамның аты әйгілі Мағжан Жұмабай
Түркістан – екі дүние есігі ғой деп сипаттағанындай Ұлы Түркістан деген
түріктің ежелгі отанымен аттас қойылған. Ол қоғам 1963 жылдың бас кезінде
құрылды. Оның негізін қалаушылары сол кезде белсенді жас қаламгер ретінде
атағы шыға бастаған Хасан Оралтай, өзінің Елім айлап өткен өмір атаулы
естелігінде (177 бет ) толық тізім берген.[1] Салихлы қалашығындағы бұл
қоғамның мақсаты артта қалған отанды таныту, қазақтың жадында қалған
мәдени, тарихи және әлеуметтік қазыналарды, туындыларды жинау, әлем
жұртшылығына жаю және сондай мәліметтерді жиналыстар, мүшайралар,
конферанцялар ұйымдастыру мен кітап, журнал және басқадай материалдар басып
шығару ретінде белгіленген.
Салихлы қалашығындағы бұл қоғам жергілікті әкімшілік орындарына,
жергілікті бүкіл саяси партияларға және сондағы белгілі белді адамдарға
Түркістан және қазақтар жөнінде мәлімет беріп отырған. Қазақтар жөнінде
мәлімет беруге арналған сондай бір конференция жалпы түрік әлеміне әйгілі
ғалым Зәки Валиди Тоған (Валидов) Салихлыға қонаққа шақырылған. Салихлы
қалашығының әр қандай қоғамдық ресми мерекелеріне, республика күніне
ұлттық киім киген қазақтар да қатысып, жұртшылық назарын аударып қолдауын
ала жүрген. Түркияның Егей теңізі жағалауындағы басқа қалаларда да
қазақтар Коммунизммен Соғыс және Түрікшілдер Мейрамы сияқты саяси топтармен
бірге болған. Салихлыдағы қазақтардың мәдени, әлеуметтік қоғамы жергілікті
әкімшіліктің қолдауымен қазақтардың білім алуға қаражаты тапшы болған
оқушы балалар мен студенттердің білім алуына көмек көрсетіп, ондай көмекті
Түркияның басқа қалаларына барып орналасқан қазақтарға да беруге даяр
екендіктерін көрсеткен. Осыған байланысты Салихлыдағы қазақ зиялылары
өздерінің Нігде, Аксарай, Коня, және Кайсерідегі отандастарына хат жолдап,
ол өңірлерден оқуға бала жіберулерін сұраған-ды (Елім айлап өткен өмір
178 б.). Қазақтар тек қана саяси және әлеуметтік белсенділікті ғана
қанағат тұтпай, Түркиядағы жаңа өмірлеріне, сондағы бейтаныс экономикалық
жүйеге де тез үйрену мақсатында түркістандықтар Тері өңдеу зауытын ашып,
Шағын қолөнерлері кооперативі деген кәсіптік ұйым құрды, күн көріс қамына
кіріскен-ді.
Салихлы қалашығындағы қазақтар 1963 жылдың 28 көкегінде Шығыс
Түркістанның әйгілі батыры Оспан Ісламбайұлының Қытай қолынан шахит болуын
еске алып, Оспан Батыр және Жанымхан Қажы тақырыбымен бір жиналыс
өткізген. Сонда Біздер отаннан қарнымызды ғана тойғызып, өзімізді аман
сақтап қалу үшін емес, елдің, жердің намысын бермеу үшін құрбан болғандарды
әрдайым есте сақтай отырып, қазақтығымызды жоғалтпайық деген идеядан сөз
қозғалған. Қазақтар сол кездерде әлем көлеміндегі салқын соғыс деп аталып
кеткен кезеңнің өзіндік шарттарына сай әрекет етті. Әр қандай басқосуларда
темір перденің ар жағында қалған еліміз, жеріміз, отанымыз, халқымыз
деген ұғым жиі қолданылған.
Салихлы қалашығындағы қазақтардың көсемдері бастаған осындай
әрекеттер тек қана Түркия көлеміндегі жұртшылыққа бағытталмады, орайы
келгенде олар ел намысын, жер намысын, ұлттық арпалысты әлем көлеміне
жаюға да атсалысып баққан-ды. Бұл жөнінде Батыстық елдерден, Европа мен
Америка құрлығынан келіп, қазақтар жөнінде зерттеу істеген ғалымдар,
жазушылар мен саясаткерлерге де мәлімет берілді. Осыған бір мысал ретінде:
1960 жылы Құрама Штаттарынан Вошингтон (Washington D.C.) қаласындағы George
Washington University-нен келген Ұдо Пош (Udo Posch) деген бір профессор
Салихлы қалашығындағы қазақтардың ұлттық дәстүрлерін зерттеп, киноға
(фильм) жазып алған бір документінде, Қалибек Хакім[2] қазақ түріктері
тақырыбында былай деген:
Қазақ түріктері
Бүтін дүниеге мәлім Азияның жүрегі Түркістан әлемге қаһармандығымен
(батырлығымен) танылған, Ұлы Түрік ұлтының алтын бесік ата мекені.
Түркістан көкке тиген тауларымен, шексіз жайлауларымен, жүректерді
тітіренткен үлкен шөлдерімен, жер асты, жер үсті қымбатты кендерімен,
қайтпас батыр қырық миллионның үстіндегі халқымен, 5.340.066 шаршы км
топырағымен бүгін залым каманостардың езуі астында. Мәдениет дүниесі ХХ
ғасырда ешкімге лайық болмаған, ешкім көрмеген ауыр тұрмыстарды көріп, ...
адамгершілік дұшпаны каманостардың зұлымдығын тартуда.
Түркістандықтар еркіндік, еркін сөз сөйлеу, дін еркіндігі, үй-іші
еркіндігі тұрғай, әшейін(қарапайым) бір адам болып ғазапсыз жасауға (өмір
сүруге) да зар болып тұруда.
Қолында(?) тілінде, әдет ғұрпында бір парқы болмаған Ұлы Түркістанды
Руссия-Қытай отаршылары 1884-тен бері екі бөліп алып тақпа ат қойып
отыруда. Бірақ Түркістан халқы олардың арам ниет ... басынан тартып
...тұрып, олармен үнемі күрес ... олардың отаннан қуылуы үшін қайрат етуде.
Ұлы Түркістанның иелерінен оның қорғаушыларынан болған сегіз
миллионнан артық қазақ түріктері бар. Егер қандауыр каманостар қырық жылдан
бері күнәсіз қылмаса еді бүгін ең азында он екі миллион қазақ түркі болып
еркін бір дәулет болып отырар еді. (5.340.066) Қазақтар нақ мұсылман, нақ
түрік. Қазақ деген сөз еркіндіктері үшін күрескен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш жолы
Демократиялық ұйым формаларының тарихы
«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов
Оңтүстік Қазақстан облысындағы саяси қатыныстар жүйесіндегі саяси мәдениетке тән сипаттар
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Алаштың жолы
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы мәселелерін зерттеу
Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Пәндер