Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет!»

:Армысыздар аяулы ұстаздар мен құрметті кеш қонақтары!

Кетпесін деп білім сөніп құрдымға,

Татитұғын өр еңбегі мың жылға,

Саналы ұрпақ- болашағым ертең деп,

Тер төгуде Ұстаз атты бір тұлға! - дей келе жас өреңді білім нәрімен сусындатып келе жатқан ардақты ұстаздарымыздың құрметіне арналған «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет!» атты мерекелік кешімізіді ашық деп жариялаймыз!

: « Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » дейді емес пе дана халқымыз?! Дерттің дәруін берген дәрігер, көкте қанатын жайған ұшқыш та, егеменді елін басқарған басшы да әуелі мектеп табалдырығын аттап, Ұстаздан тәлім алған. Өзгенің баласын өз баласындай көріп, бауыр етіне басып, оның тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, болашағына бағдар беру көптің қолынан келе бермейтін игі іс. Осындай ауыртпалықты жалғыз өзі еңсеріп келе жатқан Ұстазға қалай таңдай қақпаймыз, иә?!

:Иә, өте орынды. Ұстаз ісі сырттай қарапайым болғанымен- тарихтағы ең ұлы істің бірі! Мектептің жаны- Мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, рух үшін оны біздің Мұғалімдеріміз әзірлейді. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты- демекші, (тал шыбықтай мың бұралған би тобын қарсы алыңыздар) ; ендігі кезекті орындауындағы сазды әуенге береміз. , қарсы алыңыздар!

: Кешірген басып кетсек біздер шалыс,

Біз сізге шынымен де болдық қарыз.

Біліммен мамандарды даярлайтын,

Ұстаз атты ұлыларға үлкен алғыс.

1ж: Өмір толық ұстаздың сәніменен,

Тербеткен студентті нәріменен.

Мейлі қайда болсақ та, карантинде,

Сусындаттың білімнің нәріменен.

: Дүние жүзін дүр сілкіндірген індеттің біздің елімізде де кеңінен етек жайған шағында кедергіге дес бермей, шәкірті үшін аянбай тер төккен Ұстаздарымыз құрметке әбден лайықты.

: Ұстаз деген- ұлы есім . Бір ғана біліммен тоқталып қана қалмай, онымен қоса жас ұрпақты қарапайымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін мамандық иелерінің алдында біз әрқашан да қарыздармыз, және алғысымыз да аз емес. Сондықтан, бүгін біз оларға бас иіп, құттықтайтын күніміз.

: Бүгін, тамаша мереке. Бүгін, ұстаздарымыздың төл мейрамы. Мерекелеріңіз құтты болсын, Ұстаздар!

1ж: Карантин талаптарына сәйкес, қашықтан оқыту жүйесіне көшу көптің көңіліне кірбің ұялатқаны рас. Дей тұрғанмен, бұл- ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты үзе қойған жоқ. Керісінше, байланысты нығайта түскені мәлім. Көп көзіне көріне бермейтін қажырлы еңбектің алар несібесі де зор.

(сахнада хабарлаусыз әнге кезек беріледі. 1-2)

: не қарап жатсың? (сахнада 2-ші жүргізуші телефонмен сабаққа қатысып тұрғаны көрініс ретінде ұйымдастырылады)

:Онлайн сабақ қой . . .

: эхх . . .

Ұялыға телміріп уақыт өткенде,

Жүзімізді тұмшалап алды бетперде.

Байланыстар үзілді арада үнсіз,

Көлеңкеде тығылып қалды көктемде.

Кездесулер кешікті сағаттарынан,

Сенудеміз тағы да тағат барына.

: Төрт қабырға ішінде талпыныс алға,

Қорықпадық сынақтың жалтын ұстауға.

Санамыздың шырағын сөндірмеген еш,

Алғысымды айтамын алтын Ұстазға.

Бізді өзіңнен ешкімде ажырата алмас,

Білімге деген құштар, тартылыс барда. (К. Гүлжайнар)

: жә-жарайды, жүр қазір тарих сабағы. Басталып та кеткен болар, компьютерге жайғасайық. Ал, сіздер керемет биге назар аударыңыздар. Алдарыңызда , қошеметпен қарсы алайық!

: Құрметті кеш қонақтары, сіздер қаалдырған сара жол- ұстаз жолы, ұстаз жолы- ұлы жол. Өткен шаққа бір шолу жасай отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер . . .

  1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
  2. Ұстаз болу жүректің батырлығы дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
  3. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден/ЖОО-нан қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге/ЖОО-на айтар тілегіңіз . . .

: « Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»- деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!

: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқанұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы білдіру үшін ортамызға Жастар үйі жатаханасының коменданты шақырамыз.

1ж: Өзіңе жас ұрпақтар саялайды,

Шәкіртін баласындай аялайды.

Болашақ ғалымдарды оқытатын,

Ұстаздар бар білімін аямайды.

Ақталар Жаратқаннан маңдай тері,

Тартпайтын студентті ешбір кері.

Мың алғыс оқытушы ұлыларым,

Мың алғыс мол білімнің кеменгері.

: Осымен мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Зейін салып тыңдағандарыңыз үшін, көзайым болғандарыңыз үшін үлкен рахмет! Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар. Назарларыңызға рахмет!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Әбу Ханифа ұлы ғалым
Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі
ХОЖА МАХМУД АНЖИР ФАҒНАВИЙ
ЖЫР-ТОЛҒАУЛАРДАҒЫ АЛЛА СИПАТТАРЫ МЕН МАХАББАТ МӘСЕЛЕСІ
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Ләззат Бәйішқызы
Ислам діні жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz