Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы


Дәріс №1
Тақырыптың атауы: Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы.
Дәрістің мақсаты: Магистранттарға “тарих философиясы ” ұғымына түсінік бере отырып ғылым ретінде даму барысын, мақсат-міндеттерін, білімдік-тәрбиелік мәнін ашу және тарихи үрдістің құрамдас бөлігі ретінде заңдалықтарын меңгеруге негіз қалыптастыру. Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
- . Көне замандағы тарихи ойлар.
- Қайта өрлеу заманындағы тарихи ойлар.
- Жаңа замандағы тарихи ойлар.
- ХХ ғ. тарихи-философиялық ойлар, олардың өкілдері.
Антикалық дүниеден қазіргі біздің заманымызға дейінгі ұзақ тарихи кезең барысында тарих философиясының мәселелері мен мазмұнды мәнді өзгерістерге ұшырады. Тарихи үрдістерге деген айқын көріністерге көзқарастар антикалық ойшылдардың еңбектерінде де, кейінгі кезеңдегілерде де кездесетін, бірақ философиялық ілімнің жеке тарихы философия саласы ретінде қалыптасуы «Ағартушылық» деп аталған XVIII ғасырда ғана қалыптаса бастады.
Вольтер ең алғаш «тарих философиясы» деген терминді пайдаланғанда, онымен адамзат мәдениетін әмбебапты тарихи шолу түсінігін айтқысы келсе, Гердер тарих философиясын ғылым ретінде қарастырып, ол «адамдар тарихының» жалпы мәселелерін зерттейді деді.
Тарихи үрдіс пен тарихи сананы тарихи философия өз құрамында кейбір жалпы қағидаттарға, идеялар мен алғышарттарға ие болғанымен, оларға тәуелді емес. Тарихи философияның пәндік шекарасы кең және айқын емес, яғни біздің тарихи мерзімнің ерекшелігі шекарасы туралы түсінігіміздің де кеңдігі мен айқын еместігі сияқты.
Тарихи философияның сонымен қатар нақты тарихи ғылымдармен (мысалы: елдер, ұлттар, аймақтар тарихымен) де ара қатынасы күрделі болып табылады. өйткені, тарихи философия өзінің айналысатын пәні табиғаты жағынан тірі, толыққанды тарихты, құрамындағы адамдардың тіршілік ету формасы мен саналы және санасыз түрткілерді, олардың сезімін, ерік-жігері мен творчестволық еркіндігін тым «теориялық» алаңдаушылыққа ғана жатқыза алмайды. Тарих философы нақты фактілер мен фактілік пайымдаулардан бас тартпауға тиіс. Тіпті, ол көбінесе өзінің фактілік ізденістеріне жүгінуге мәжбүр.
Сонымен бірге кез келген қандай да бір беделді және терең тарихшы-фактолог, өзінің зерттеу материалдарын жинақтай келе, әйтеуір қаласа да, қаламаса да өз зерттеуінің кең түрдегі тұжырымдамасын талдап түсіндіруші ролінде көрінуге мәжбүр болады.
Сонымен қатар қайталанбас тарих уақыты қозғалысының аясында тарих философиясы адамдардың «өзін табуы» мәселесіне ерекше теориялық қызығушылық танытуымен сипатталады. Міне, бұл қызығушылық философиялық - тарихи пәннің маңызды танымдық тірегін құрайды. тарихтың субъектісі сапасында тұлға ерік-жігері, санасы мен қызметі- тұрмыстық «жағдайдың көшірмесі» емес, өмірдегі оқиғалардың әлсіз көрінісі емес, бірақ та жеке тұлға дамуының маңызды түртпектеушісі, қоғамдық өмірдің әр түрлі сласындағы қоғамдық субъектінің әрекетін сипаттайтын объективті оқиғалар мен үрдістердің әлеуметтік түрткісі қызметінің «қажетті бөлшегі» болып табылады.
Тарих философиясы алдымен ұрпақтан-ұрпаққа тағылым ретінде мұраға беріліп отыратын ой қазынасы.
Сонымен қатар тұлғаның өзіндік сана-сезімінің тарихы тарихи-философиялық зерттеу барысында аймақтар, ұлттар, таптар, субмәдениеттер тарихымен тығыз байланысты болады.
Освальд Шпенглер (1880-1936 ) - әрі философ, әрі тарихшы. Өз заманында дүр сілкіндірген “Закат Европы” деген 2 томдық кітабы 1921 - 1923 жылдары жарық көрді. Бұл еңбегінде ол тарихты түрлі мәдениеттердің алмасуы деп қарастырады. Мәдениет саласында жалпыадамзаттық мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа шығарады. Ол мәдениетті тарихи тұрғыдан сегіз түрге бөледі.
Олар:
- египеттік;
- үнділік;
- вавилондық;
- қытайлық;
- антикалық;
- исламдық;
- батыс еуропалық;
- Орталық Америкадағы майя мәдениеті.
Ол жаңа туындап қалыптасып келе жатқан мәдениет қатарына орыс - сібір мәдениетін жатқызады. Әрбір мәдениеттің өмір сүру ұзақтығын жобамен бір мың жыл деп белгілейді. Олардың арасында өзара тең, мәнді байланыс болуы мүмкін емес деп есептейді. Оның пікірінше, өмір сүруін тоқтатуға бет алған кез- келген мәдениет дамудан тоқырауға “тоқырауға”, творчестволық шырқаудан “құлдырауға”, жаннан “интеллектіге”, батырлық іс -әрекеттен “утилитарлық қызметке айналды”. Мұндай жағдай эллинизм дәуірінде (б. з. д. ) грек - рим мәдениеті өз басынан кешірген, ал өткен ғасырды бұл тарихи құбылыстың куәгері батыс еуропа мәдениеті болған.
Өркениеттің алға басып шарықтауына байланысты сауықтық мәдениет басты орынға шығады, ал көркемдік және әдеби шығармашылық өз мәнін жоя бастайды да, оның орнын руханилықтан жұрдай технизм мен спорт басады. “Закат Европы” атты еңбегінде О. Шпенглер Рим империясының құлауын мысалға келтіре отырып, Шығыстан келе жатқан революциялық күш - “варварлардың” қысымы мен батыс - еуропа қоғамы жойылды деп есептейді. Бірақ, тарих Шпенглер дің бұл пайғамбарлығын жоққа шығарады, ал “орыс - сібір” мәдениеті жүзеге аспады.
Арнольд Джозеф Тойнби (1889- 1975) ағылшын тарихшысы, социологы, 12 томдық “Исследования историй” (1934 - 1961) деп аталатын көлемді еңбектің авторы. Алғашқы кезде Тойнби Шпенглердің ықпалымен өркениет шеңберіндегі адамзат дамуын ғылыми ой елегінен өткізуге тырысып, өркениет ұғымын мәдениет ұғымына синоним ретінде қарастырды. Тойнби тарихты бір - бірімен генетикалық байланысы аз бір уақытта жүйелі түрде дамитын өркениеттердің жиынтығы деп қарастырды. Оның ойынша, бұл өркениеттер өз дамуында, яғни шарықтаудан тоқырау мен апатқа ұшырауда бірдей кезеңдерді бастан өткізеді.
Тойнби өз заманының терең ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып мәдениеттің тұрақталған 13 түріне тоқталды. Тойнби тарихтың қозғаушы күштерінің қатарына ұлы тұлғалар мен творчество адамдарын да жатқызады. “Творчестволық азшылық” белгілі бір мәдениеттің сұраныстарын, қажеттіліктерін өтеуге қабілетті болып келеді, ал бұл жағдай белгілі бір қоғамның алға қарай дамуына әсерін тигізбей қоймайды. “Творчестволық азшылық” өзінің мистикалық өмірлік ұмтылысын жүзеге асыруға дәрменсіз және тарихтың талабына жауап бере алмаса өзінің үстемдігін беделімен емес, қару күшімен мойындаттыратын үстемдік етуші элитаға айналады, ал өмірдің азабын көрген халықтың басым көпшілігі “ішкі пролетариатқа” айналады. Ол өз кезінде сыртқы жаулармен біріге отырып, онда ең алдымен рухани байлықты жетілдірумен дінге ерекше үміт артады. Өз еңбектерінде нәсіпшілдікпен “еуроорталықты” сынай отырып, Тойнби ұлт - азаттық қозғалыстарды жоқтайды, дүниежүзі халықтарының арасындағы ынтымақтастықпен өзара түсінушілікті батыл қолдайды.
Белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883 - 1969) белдеулік (осьтік) уақыт ілімі ерекше орын алады.
К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас кейде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші эсер еткен фактор - тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана «дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында» пайда болған философиялық сенім тұжырымдады. Бұл - шамамен б. э. б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыздың әр жерінде (Қытайда, Үндістанда, Персия мен Палестинада, Ежелгі Грекияда) рухани қопарылыс болып, қазіргі адам типі
қалыптасты. «Бұл уақытта, - дейді К. Ясперс одан әрі, - керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лао-цзы өмір сүрді. Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да көптеген философтар өз ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті; Иранда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында толассыз күрес жүретін әлем туралы өз ілімін уағыздады; Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар шықты; ал Грекия - бұл Гомер мен Парменид, Гераклит, Платон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты трагиктердің уақыты». К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердң пайда болуын адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзатгың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсаты» шығармасында ұсынады.
К. Ясперстің схема-кестесіне кейбір түсіндірмелер мен ескертпелер:
- Тарихқа дейінгі кезең шамамен б. з. д. 3000 жылдыққа дейінгі уақытты қамтиды. Оған дейінгі адамзат туралы жазба деректер жоқ. - Яғни тарихтың ұзақтығы 5000 жылдай. Тарихқа дейінгі кезенде өзінің қабілеттері мен ерекшеліктері жинақталған қазіргі адам қалыптасты. Ол - мәдени архетип, тіршіліктің тірегі; қаншама тарихи апаттар болғанымен, адамзат биологиялық жағынан көп өзгермеді.
- Біздің заманымыздан 4000 жылдай бұрын жердің 3 аймағында (Шумер - Вавилон - Египет - Эгей әлемі, Инд аңғарындағы арийлікке дейінгі мәдениет және Хуанхэдегі архаикалық Қытай) бір-бірімен қатар ертедегі Ұлы мәдениеттер пайда болды.
Алғашқы мәдени типтердің пайда болуына негіз салған төмендегідей факторларды айта кеткен жөн:
а) Ніл, Тигр, Евфрат, Хуанхэ және Инд аңғарларына ирригациялық жүйелерді ұйымдастыру;
j) жазуды ойлап табу, ол суреттік жазудан (пиктограмма), сыналық және иероглифтер арқылы алфавиттік (идео граммалық) жазуға ауысты;
б) ортақ мәдениеті, тілі, мифтері бар, өздерінің бірлігін пайымдайтын халықтардың пайда болуы;
в) мемлекеттер мен қалалардың қалыптасуы.
- Белдеулік уақыт адамзатты біртұтас тарих ағынына қосатын желім (фермент) болып табылады. К. Ясперстің пікірінше, белдеулік халықтарға қытайлар, үнділер, ирандар, иудейлер және гректер жатады. (Смысл и назначение истории. Москва, 1991, с. 76) .
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Тарих философиясы дегеніміз не?
- Тарих философиясы терминін ғылымға алғаш енгізген кім?
- «Закат Европы» еңбегінің авторы?
- «Белдеулік уақыт» теориясының авторы кім?
- Гегель адамзат тарихының қандай даму заңдылықтарын көрсетті?
№2 дәріс
Тақырыптың атауы: Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының тарихи көзқарастары Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1 . М. Х. Дулати «Тарихи-и-Рашиди».
- Қадырғали би Қосымұлы «Жылнамалар жинағы» қазақ ғалымдарының алғашқы тарихи еңбектері.
- Ш. Уәлихановтың тарихи және деректанулық көзқарастары.
- ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары тарихтың маңызы, орны, қажеттілігі, заңдылықтары т. б. туралы.
Мухаммед Хайдар Дулати- қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф. Хайдар Дулатидың әкесі Мухаммед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. 1509 жылы Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп турған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. 1514 жылы Хайдар Дулати Қашқар билеушілерінің бірі, сондай-ақ, аса дарынды қолбасшылардың бірі болады.
«Тарих-и Рашиди» -XV-XVI ғғ. қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сонымен қатар, Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар қамтылады. Ғалым сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғурпын, салт-санасын зор білгірлікпен қалдырған. Бул еңбектің қундылығы- Хайдар Дулатидың өз көзімен көрген оқиғаларды өзінен бурынғы және өзі өмір сүіп отырған дәуірдегі тарихи қубылыстармен шебер түрде байланыстырған.
«Тарих-и Рашиди» -XV-XVI ғғ. қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінің тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса қунды, таптырмас дерек көзі болып табылады.
Өз ултының тума деректері туралы ғылыми негізделген ой айтқан қазақ ғалымдарының алғашқысы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды. Шоқан қазақ-қырғыз халықтарының тарихына қатысты деректерді іздестіріп, оларды бір жүйеге келтіріп, орыс тіліне аудару арқылы ғылыми айналымға қосу саласында үлкен істер атқарды. Ш. Уәлихановтың тарихи деректер туралы айтқан ойлары, әр түрлі деректер тобына берген бағасы, деректерді талдауда қолданған тәсілдері, сол арқылы деректерде сақталған ақпараттардың ғылымим қундылықты деректану ғылымында бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ауызша деректер тобына жататын аңыз-әңгімелер, жыр- дастандармен қатар Ш. Уәлиханов жазба деректер туралы да өз ойын айтып, олардың деректік маңызын көрсетті. Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға арналған тарихи-географиялық шолуларының маңызы ерекше (“Жоңғар очерктерін”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Алтышаһар немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының хал-жайы туралы” (Кіші Бухара) еңбектерін айтуға болады.
Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы зерттеулері, сондай-ақ қазақ даласындағы әлеуметтік - саяси қарым-қатынастарға байланысты мақалаларының ғылыми маңызы зор. Айталық “Абылай”, “Қырғыздың ата-тегі”, “Көне дәуірдегі қырғыздардың қару-жарағы және әскери жабдықтары”, “Далалы жердегі мусылмандық туралы, “Қырғыздардағы шамандықтың нышаны”, “Қырғыздардың көші- қоны туралы” тағы басқалар.
Уәлихановтың орыстың көрнекті жазушыларымен, ғалымдарымен жазысқан хаттары қазақ әдебиетінің тарихы үшін ерекше маңызды. Уәлихановтың хаттары мен күнделіктерінен оның публицистикалық дарыны айқын аңғарылады. “Егер қырғыз халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, ол данышпан болып, өз елі әдебиетінің жаңара тууының басы болған болар еді”- деп жазады Г. Н. Потанин.
Шоқан Уәлиханов күнделіктері көркем очерк мәнерінде жазылған, кейде тіпті лирикалық шегіністермен келіп отырады. (“Қулжа сапарының күнделігі”, “Қашқария сапарының күнделігі”) . Бул күнделіктерден бір байқалатыны-табиғатты көз алдыңа әкеліп қызықты етіп бейнелей жазуы және оны халық өмірімен тығыз байланыстыра білуі; Ш. Уәлиханов ауызекі әдебиетті, сирек қолжазбалармен нумизматикалық ескерткіштерді сфрагистика, Қазақстан мен Орта Азия халықтары қолөнері үлгілерін қажымай-талмай жинаушы ретінде де кеңінен танымал. Ол туралы П. П. Семенов - Тяншанский мен Ф. Р. Остен-Сакен былай деп жазды: “Бул материалдарды жинауда Уәлиханов еңбегін де, қаржысын да аяған жоқ, өз халқының аңыз, дастан - жырларын муқият жазып алып жүрді,
Орта Азия халықтарының тілін зерттеді, көне мұралар оған қымбатқа түсті, өлімге бас тіккендей будда монастырлеріне кіріп одан сирек кездесетін қолжазбаларды алды”.
Тарихи деректердің әртүрлі топтарымен қатар Ш. Уәлиханов жеке деректерге де талдау жасап, өз бағасын берді. Қырғыз халқының ұлттық мақтанышына айналған «Манас» дастаны туралы бүтін халықтың шығармасы, Илиадасы деген бағасын береді.
Қазақстан тарихының деректану саласында өзіндік іс қалдырған Шоқан Уәлихановтан кейінгі қазақ ғалымдары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов болды. Ә. Бөкейхановтың деректану саласына қосқан үлесін негізінен үш салаға бөліп қарауға болады. XX ғасырдың басындағы, ең бір күрделі кезеңдегі қазақ халқының өмірінен мағлұмат беретін дерек көзі ретінде Әлихан Бөкейханның өз еңбектері. XX ғасырдың басындағы, қазақтар туралы бірде -бір ғылыми еңбек Әлихан Бөкейхановтың еңбектерін пайдаланбай жазылмайтындығы. Оның көтерген мәселелерінің ауқымдылығы, еңбектерде сақталған деректердің шынайылық дәрежесінің жоғары болуы, ғалымның терең білімі мен екі тілде бірдей жазу шеберлігі, өз ұлтының жағдайы мен дүниежүзілік тарихты жетік білуі, соған сәйкес терең талдаулар жасауы Әлихан Бөкейханов еңбектерінің сарқылмас қазына екенін көрсетеді.
«Ә. Бөкейханның шығармашылық мұрасы» деген мақалада «Ғылымның негізгі, басты еңбектері қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-салтына, қазақ жерлерінің отарлау тағдырына арналған. Бұл еңбектерде мың-сан деректер, цифрлар, таблицалар, сілтемелер, жер, су, адам есімдері, әртүрлі қайнарлардан алынған үзінділер, қысқасы, ұшан-теңіз материал бар»-деп әділ айтылған. Екінші саласы - деректану ғылымының талаптарына сай, тарихи құжаттарды іздеп тауып, жариялау. Ол «Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Абылайханова», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков», «Из переписки Киргизских ханов, султанов и проч» секілді құжаттар бастырған. Әлихан Бөкейхановтың тарихи деректану ғылымына қосқан үлесінің келесі бір бөлігі және ең бастысы - төл шығармаларында айтылған тарихи деректанушылық ойлары, нақты төл деректерімізді сынауға байланысты білдірген өз көзқарастары.
Ә. Бөкейханов өзінің деректанушылық ойларын, негізінен, ғасыр басында қазақ тілінде жарияланған шығармаларға жазған ғылыми рецензияларында айтқан. Мысалы, 1911 жылы жарық көрген Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»-деп аталатын кітабына арналған рецинзиясында: «мұнан бұрын қазақ шежіресі, қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің бұл кітабы - қазақ шежіресінің тұңғышы, қазақ шежіресін білмек болған аға, іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді бұдан бұлай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шәкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес»-деп бұл еңбектің қазақтың төл дерегінің бірі - шежірені жариялаудағы ерекше орнын, автордың объективтік қиыншылықтарға қарамай тындырған еңбегін жоғары бағалайды.
«Қара Қыпшақ Қобыланды» кітабына арналған әдеби сында деректану ғылымының күрделі мәселелерінің бірі деректің, сол деректе бейнеленген уақиғаның уақытын анықтауға әрекеттенеді. Әлихан Бөкейханов Тоқтамыс ханның өзінің тоғыз батырының бірі Қара Қыпшақ Қобыландыдан ақыл сұрағанын айта келе: «Тоқтамыс хан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы нәсілінен. Бұл ақсақ Темірмен соғысып, жеңіліп қашқан. Бұл Қобыландының ісі. ХІҮ ғасыр ортасы болуға лайық. Тоқтамысқа болысқан Литва князы Витофты Веркесала өзені бойында ақсақ Темірдің қолбасшысы Едіге алған. Бұл соғыс 1399 жылы болған. Бұған қарағанда Едіге Тоқтамыстан кеткен соң ақсақ Темірге қолбасшы болса керек. Мұнан көрінеді: Қобыландының Тоқтамыс, Едігелермен замандас болғаны» - деп, негізделген қорытынды жасайды.
Әрине Қобыландының өмір сүрген уақыты туралы мәселені автор толық шешті деп толық айта алмаймыз. Дегенмен бұл келтірілген мысал, Ә, Бөкейхановтың деректану
ғылымының тиімді тәсілдерінің бірін пайдаланып өмір сүрген мезгілін анықтамақ болғандығын көрсетеді. Осы еңбегінде Әлихан Бөкейханов көркем шығармалардың деректік маңызы туралы, ондаған халықтың тұрмыс-салтының бейнеленуі туралы жалпы халықтың рухани, мәдени ескерткіштерінің тарих ғылымында алатын орны туралы өз пікірін білдірген.
А. Байтұрсынұлы өз еңбектерінде кез-келген оқиға, немесе қоғамдық құбылысты ашып көрсету үшін тарихшы алдымен сол оқиғаның немесе құбылыстың тарихи алғышарттарын, объективті себептерін және оқиғаның белгілі бір бағытта дамуына эсер еткен субъективті факторларын көрсету арқылы оның ішкі мәнімен танысу қажеттігі туралы айтады. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» деп аталатын еңбегіндегі деректану проблемаларына арналған ойларын талдау, ұлттық деректердің ерекшеліктері, оларды «сыннан» өткізудің қажеттілігін нақты аргументтер келтіріп дәлелдеді. Шоқан мен Әлиханнан кейінгі өз ойларын айтқан, төл деректерімізге ғылыми талдау жасаған қазақ ғалымы еді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Мухаммед Хайдар Дулатидың Бабырға туыстығы қандай және ол «Бабыр-наме» еңбегінде Дулатидың қандай қасиеттері туралы жазады?
- «Тарихи-и Рашиди» шығармасы қай ғасырлардағы, қандай аймақтардағы аса маңызды оқиғаларды баяндайды ?
- М. Х. Дулатидың еңбегін ғылыми айналымға енгізіп, зерттеген шетелдік ғалымдарды ата?
- Ш. Уәлихановты неге қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп атаймыз?
- Деректану саласында зерттеген Шоқанның қандай еңбектерін айтуға болады?
- Ә. Бөкейханов еңбектерін неше салаға бөліп қарастыруға болады?
- «Әдебиет танытқыш» деген еңбекте кімнің деректанушылық ойлары келтірілген?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz