Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік - педагогикалық атқаратын рөлі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік-педагогикалық атқаратын рөлі
Әлеуметтік психология жалпы психологиядағы жеке тұлға анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан әлеуметтік топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды.
И.С. Кон: "Жастар - өздеріне тән жасерекшелігі, әлеуметтік жағдайы және басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттер жиынтығы негізіндегі әлеуметтік-демографиялық топ болып табылады.
Жастық - өмір циклінің белгілі бір фазасы, биологиялық тұрғыдан әмбебап, бірақ нақты жасерекшелігі шектелген, оның әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері, әлеуметтік - тарихи болмысы бар және қоғам құрылымына, мәдениетіне және әлеуметтену заңдылықтарына тәуелді болады.
Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық - саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, "әке мен бала" мәселесі.
Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.
Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.
Алғашқы әлеуметтену үрдісі - тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады.
Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды - іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.
Екінші - қарым - қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым - қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым - қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым - қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым - қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.
Әлеуметтенудің үшінші сферасы - жеке тұлғаның өзіндік сана - сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның Мен - бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның мен бейнесі бірден қалыптаспайды. Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.
Бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтену мәселерінің көздері:
1.Интеллектуалды және физикалық күштің даму сәйкессіздігі және уақыттың шектеулігі, қажеттілікті қанағаттандыруда экономикалық лимиттің шектеулігі.
2.Өмірді қадірлемеу, пессимисттік көңіл - күйдің туындауына әкеледі. Возраст бескорыстных жертв, но и разнообразных злоупотреблений.
3. Жастыққа табиғи дисгормония тән. Тілек пен талпыныс мінездің күштілігі мен еркінен бұрын дамиды.
4. Абстрактілі идеалдар және өмірлік жоспарлар.
5. Бүгінгі өмірге(ата-ананың қамқорлығынсыз) әлеуметтік және психологиялық бейімделу қиындығы және бұл қамқорлықтан тезірек құтылуға деген тілегі.
6. Ересек ұрпақ құндылықтарына қарама-қарсы және өзгеше өзінің идеалын табуға талпыныс.
7. Эгоцентризм және отарлық сезім, бір құтыда, оған қоса өзінің бірегейлігін сезіну.
8.Өзі таңдау жасауға талпыну, бірақ оған жауапкершілікті мойынға алмау.
Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қайшылықтардың туындау себептері:
1) құндылықтар жүйесінің өзгеруі (бұзылуы), оның нәтижесінде аға буын жастарды жаңа өмірге үнемі толыққанды әзірлей алмайды;
2) қоғамның әлеуметтік құрылымының түп тамырымен және өте тез өзгеруі көптеген әлеуметтік топтарға қатты соққы болды;
3) Әлеуметтену факторы ретінде формальды және формалсыз бақылаудың әлсіреуі;
Тәрбиелеу мен білім беру институттарынан өткен адамның одан әрі жетілу, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, адамның өзін-өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы орта әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда сыртқы ықпалдың деңгейі мол. Осы тұста жастардың өз уақыттарын дұрыс ұйымдастырмауы, өзін-өзі игере алмауының салдарынан түрлі орта әсерлеріне ұшырап отыр. Мәселен, субмәдениет, секталар, қылмыстық топтардың, т.б. дұрыс әлеуметтенбеген немесе маргинал жағдайдағы жастарға ықпал етіп отыр.
Педагогика теориясы мен практикасының күрделі, өзекті мәселелерінің бірі-тұлға және оның арнаулы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл мәселе көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді.
Педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуының тиімді жағдайларын анықтайды.
Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте тұлға түсінігінің мәнін, оның адам, индивид және даралық түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.
Адам түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берген анықтамалар өте көп. 1)Адам (биологиялық түсінік ретінде)-тіршілік иесі, өкілі, фило-және онтогенетикалық даму өнімі;
2)Адам-адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.
Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Отбасындағы баланың қарым - қатынас мәселесі
Мүгедектерді әлеуметтіндіру
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік-педагогикалық атқаратын рөлі
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау
Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер
Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеті
Пәндер