Психологиялық денсаулық туралы


Орындаған-Аскерова. А. Т
- Психологиялық денсаулық
... жалғасыТұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді. Адамның психологиялық денсаулығы мәселесі психология ғылымында ҧзақ уақыт бойы ӛз деңгейінде қарастырылмай келді. ХХ ғасырдағы психология ғылымы адамның психикалық ауытқулары мен тҧлғалық дағдарыстарын зерттеуге бағытталды, ал психикалық және психологиялық денсаулық назардан тыс қалып отырды. Бҧл денсаулықты ауытқулар мен науқастың болмауымен және статистикалық норма кӛрсеткіштерімен тҥсіндіруден келіп туған шектеу еді. Ғылымда беделді психоанализ бағыты адам жан-дҥниесін психикалық науқас, патология, ауытқу, тҧлғаішілік қақтығыс тҧрғысынан зерттеп қарастырды; адамдағы невроз, жҥйке кҥйзелістері, басқа да ауытқуларға істәжірибеде тиімді жҥзеге асатын теориялық сипаттамалар бергенмен, денсаулық мәселесі қозғалмады. Әйтсе де, тҧлғалық ҥйлесімділік, психикалық саулық мәселелері кӛтерілсе де философиялық, медициналық ҧстанымдардан аса алмады. Ал адам табиғаты тек ауытқулар мен кҥйзелістерден қҧралмайтыны белгілі. Тек ХХ ғасырдың екінші жартысында психологияда гуманистік және трансперсоналды бағыттарын ҧстанған Г. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс, С. Гроф және т. б. ғалымдардың еңбектерінде адам тҧлғасының толыққанды дамуының негіздерін зерттеу басталды. Оның нәтижесі адам денсаулығының әлеуметтік-мәдени және психологиялық аспектілерін зерттейтін жаңа ғылыми бағыт - денсаулық психологиясы пәнінің қалыптасуына әкелді. Сондықтан, бҥгінгі ХХІ ғасыр ғылымында тҧлға теориялары Б. С. Братусь, В. Я. Дорфман, Е. Р. Калитеевская, Ю. М. Орлов, Д. А. Леонтьев сынды ғалымдардың еңбектерінде психикалық және психологиялық саулық тҧрғысынан дамып келеді. Бҧл педагогикалық психологияда, психологиялық кеңес беру мен қызмет кӛрсетуде, психокоррекцияда тҥбегейлі ӛзгерістерге әкелді. Бiлiм беру жҥйесiндегi негiзгi мәселелердiң бiрi - ҧлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплекстi тҥсiнiк. Ол аурулар мен физикалық ауытқулардың болмауын ғана бiлдiрмейдi, сонымен қатар, тҧрғылықты жердегi экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, жанҧя жағдайларымен, тамақтану, дәрiгерлiк кӛмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жҧмысымен байланысты. Қазақстанда соңғы 10-15 жылдарда психологиялық кӛмекке сҧраныс пайда болып, қазір кҥн ӛткен сайын молаюда. Бҧл тҥсінікті де, ӛйткені ересектер ӛмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бӛлігін жҧмыспен ӛткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бӛлінбеуі соңғыларда психологиялық, психикалық, физикалық бҧзылулардың ӛсуіне әкеледі. Экологиялық фактордың физикалық денсаулыққа ғана емес, психикалық қалыпқа да қауіпті әсері еліміздің ӛндірістік, экологиялық апат аудандарында анықталып, ӛзекті мәселелердің қатарында аталады. Баланың денсаулығына бҥгінде кең етек жайған мектепке дейінгі кезеңде ерте оқытуды бастау, оқушыларды интенсивті оқытуды қолға алу да кӛп жҥк салады. Денсаулыққа қауіпті фактор ретінде ересектердің неғҧрлым кӛп білім беріп, интуицияны, қиялды, шығармашылық қабілеттерді дамытуға мән бермеуінен туған бала тҧлғасының дамуындағы тепе-теңдіктің бҧзылуын да атауға болады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр. Бҧл бағыттағы әлсіз аймақ - бастауыш сынып оқушысының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары. Осы ғылыми жҧмыс бҧл мәселені шешудің амалы болып табылады. Баланың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары негативті симптомды немесе қалыпты әлсіретуге, жоюға бағытталған емес, баланың тҧлғалық қасиетерін, адаптивті қабілеттерін кҥшейту, мобилизациялау ҥшін олардың конструктивті мҥмкіндіктерін қолдануға бағытталуы қажет. Әлеуметтiк бейiмделу және психикалық денсаулық мәселесi гуманистiк педагогика мен психология ҥшiн ӛзектi болып табылады. Жас буынды тәрбиелеуде антропоцентрикалық бағытты ҧстану философиялық (Т. де Шарден, М. Шелер), психологиялық (В. И. Слободчиков, И. Ф. Исаев), педагогикалық антропология (К. Д. Ушинский, Б. М. Бим-Бад), гуманистiк психология (К. Роджерс, А. Маслоу, А. Бандура) желiсiнен шығады. Психологиялық денсаулықтың балалардың жеке тҧлға ретiнде дамуында алатын орнына, рӛлiне және психологиялық денсаулықтың даму ерекшелiгiн анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталған кеңiстiкте И. В. Дубровина, А. В. Шувалов, В. И. Слободчиков, О. В. Хухлаева және т. б. ғылыми зерттеулерi кеңiнен таралған. Бастауыш мектеп жасы кезеңiндегi балалар тәрбиесi, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжiрибе психологиялық денсаулық мәселесiнде қиылысады. Баланың психикалық қасиеттерiн, танымдық ҥрдiстерiн, психикалық қалып-кейiптерiн тҧтас қамтитын, балалар психикасының және жеке тҧлғасының дамуындағы басты кӛрсеткiш әрi фактор болатын, әмбебап ерекшелiк - баланың психологиялық денсаулығы. Психологиялық денсаулық негiзiнде балалардың жеке басының қасиеттерi дамып, психикалық кейiптерi қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық ҥрдiстерiнiң жетiлуiн қамтамасыз ететiн бiрден-бiр фактор және жағдай болады. Балалардың ӛзiн-ӛзi дамытып, жетiлдiруiн, реттей алуын, яғни ӛзiндiк бағаның дҧрыс болуын қамтамасыз ететiн де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарымқатынасын реттейтiн психологиялық денсаулығы болып табылады. Ғылымдағы балалардың психологиялық денсаулығының мәндiлiгi әркiмге - психологтарға, педагогтарға, дәрiгерлерге, ата-аналарға аян, алайда ол әртҥрлi балалардың әлеуметтенуiне қатысты зерттеулерден белгiлi болғанымен, балалардың психологиялық денсаулығында зерттелмеген, шешiлмеген, қарастырылмаған мәселелер жеткiлiктi. Балалардың психологиялық денсаулығы генезисiндегi негiзгi заңдылықтар, яғни критерийлерi мен факторлары ӛз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетiне тiкелей байланысты. Осыған орай, қазiргi кезең жағдайында қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету, жетiлдiру мәселелерi ӛзектi болып келедi. Бастауыш сынып кезеңiндегi қазақ балаларының психологиялық денсаулығын зерттеу, сол арқылы баланың психикалық тҧрғысындағы, жеке тҧлғасындағы дамыту және тҥзету мәселелерi әлi де жҥйелi қарастырылмаған. Қазақ балаларының тәрбие, оқыту ҥрдiстерiн психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететiн мамандардың арсеналында арнайы контингентке бейiмделген зерттеу әдiстерi жоқтың қасы. Осы контексте баланың жеке басын дамыту процесінде психологиялық денсаулықты қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын қарастыру бҥгiнгi кҥнге дейiн ғылыми-зерттеу мәселесiне айналған жоқ. «Психологиялық денсаулық» терминiне қатысты екi жақты тҥсiнiк сақталады: бiрiншiден, балалардың психологиялық денсаулығы бiлiм беру жҥйесiндегi психологтардың кәсiби шеберлiгiн, психологиялық қызметтiң тиiмдiлiгiн кӛрсететiн критерий; екiншiден, психологиялық денсаулықтың ғылыми анықтамасы әлi де нақтыланбаған. Осы жағдайға байланысты адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық-пәндiк аспектiлерiн зерттеу, жас кезеңдерiне байланысты қазақ балаларының психологиялық денсаулығы ерекшелiктерiн, қамтамасыз ету амалдарын анықтау - практикалық психологиялық қызмет ҥшiн маңызды кӛкейтестi мәселе болып табылады. Ғылымда «психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық» тҥсiнiктерi қолданылады. Бiрiншiсi - медициналық категория, екiншiсi - практикалық психологиялық қызметтiң мақсаты болып табылады. Сондықтан, ӛз зерттеуiмiзде психологиялық денсаулық мәселесiн қарастырамыз. Бастауыш сынып кезеңiндегi балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелерi ӛз функцияларының тiзгiнiн босатып жiберуi, ересектердiң қоғамдық дағдарыстан әрқалай кҥй кешуi - бiр жағынан, екiншiден - экологиялық, медициналық мәселелердiң бала дамуында орын алуы, ҥшiншiден, қазақ балаларының бастауыш мектеп жасы кезеңiндегi психологиялық денсаулығы ерекшелiктерiн ескеру негiзiнде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда баланың психологиялық денсаулығын жетiлдiру жолдарының бiр жҥйеге келмеуiне әкелдi. Осыған орай, оқытудың дәстҥрлi
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz