Еңбектік құқықтық қатынастар туралы
Еңбектік құқықтық қатынастар
Қоғамдық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше маңызға ие. Құқықтық еңбек қатынастарының мынандай ерекше белгілері бар:
1) қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді;
2) қызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жүзеге асырылады;
3) қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті;
4) қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.
Еңбек құқығы құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және олармен тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына мынандай қатынастарды жатқызуға болады:
1) жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар;
2) ұйымдастыру-басқару;
3) әлеуметтік-экономикалық;
4) өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру жөніндегі;
5) тәртіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына келтіру;
6) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау жөніндегі;
7) еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар.
Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативті құжаттардың бірі жеке еңбек шарты болып табылады. Жеке еңбек шарты дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Ата-анасының бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының) келісімі жазбаша нысанда (өтініш) беріледі, бұл орайда, ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) кәмелетке толмаған адаммен бірге жеке еңбек шартына қол қояды. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті (өте қауіпті) жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді.
Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің оған тап - сырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс. Бұл талап болмаған жағ - дайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы керек. Егер сынақтың мерзімі бітіп, тараптардың ешқайсысы екінші тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрі қолданылады және оны жал - пы негіздерде ғана тоқтатуға жол беріледі.
Жеке еңбек шарты маусым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлермен де жасалады. Маусымдық қызметкерлерге бүкіл күнтізбелік жылда емес, алты айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер жатады. Мау - сымдық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Жеке еңбек шарты үй шаруашылығында жұмыс істеуге (қызмет көрсетуге) келіскен үй қызметкерлерімен де жасалады. Жұмыс берушімен өзінің материалдары мен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетіктерін пайдалана отырып, жұмысты үйінде өз еңбегімен орындайтын үйде жұмыс істейтін қызметкерлермен және вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлермен де жеке еңбек шарты жасалады.
Жеке еңбек шартының мазмұны төмендегідей жағдайлардан тұрады:
1) тараптардың реквизиттері; жұмыс беруші - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші -заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты; жұмыс берушінің (оның екілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәлан - дыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжат - тың атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамаңдық, кәсіп бойынша жұмыс;
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
12) тараптар - дың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
Жеке еңбек шартын белгіленген мерзімге жасасқанда тарап - тардың осы шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойын - ша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгізілуі мүмкін. Жұмыс беруші қызметкерден осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келісілмеген жұмыс - ты атқаруды талап етуге құқықы емес.
Жеке еңбек шарты:
1) белгісіз мерзімге;
2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге;
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзімділігіне немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына бір жылдан кем белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдай - да ол белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Егер тарап - тардың ешқайсысы еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байла - нысты бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе және еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жа - салған деп есептеледі.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана етіліп жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыстың басталу күні қызметкердің еңбек міндеттерін орыңдауының басталуы деп есептеледі. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті, ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етіледі.
Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке басының куәлігін (төлқұжатын), әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Қызметкердің бірнеше жұмыс берушімен жұмыс уақыты ұзақтығының толық болмауы көзделетін жеке еңбек шартын жасасуға құқығы бар. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншік иесі не меншік иесі уәкілдік берген адам не - месе орган ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптар - дың келісімінде белгіленген мерзімге жасасады. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу оны жасасу үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптар - дың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс. Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледі. Сынақ кезеңінде қызметкерлерге осы заңның нормалары, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады. Сынақ мерзімін үш айдан асыруға болмайды. Қызметкер дәлелді себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.
Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
Жеке еңбек шарты:
1) мерзімінің бітуі бойынша;
2) тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін;
Жеке еңбек шарты:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.
Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Қызметкер мен жұмыс берушінің жазбаша келісуі жеке еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзудың негізі болып табылады. Жеке еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен, егер бұл тарап екінші тарапқа жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкін. Бір тараптың екінші тарапқа ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір айдан кем болмауы керек.
Жеке еңбек шартын, жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың негіздері.
Жеке еңбек шарты:
1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушінің (жеке адамның) қызметі тоқтаған;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі немесе сынау мерзімі ішінде қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылған;
4) жүктілігі және бала тууы бойын - ша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа қатарынан екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны (қызметі) еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін сақталады;
5) қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан;
6) қызметкер ден - саулық жағдайы бойынша неғұрлым жеңіл басқа жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда;
7) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz