Топтық өзара әрекетті түсіну және қызметтік қатынастар психологиясы туралы зерттеулерді талдау арқылы қызметтік қатынастардың жоба - схема жасау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Реферат
Тақырыбы: « Топтық өзара әрекетті түсіну және қызметтік қатынастар психологиясы туралы зерттеулерді талдау арқылы қызметтік қатынастардың жоба-схема жасау»
Орындаған: Алматқызы П.
Тексерген: Закарьянова Ш. К.
Алматы қ., 2021
Үлкен әлеуметтік топтарға қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілі - кішілі қауымдастықтардағы қарым - қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарым - қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл - күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайларда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады-алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара - бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауында байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп - әдемі, үйлесе түседі. Көңіл - күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез - құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршендік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой - өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынас - тарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолына келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзгуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктеріне Қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін - адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.
Адамаралық қатынас дегеніміз - қарапайым да күрделі проблема Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей; жеке және қызметгік дара және топтық тең құқықты және тәуелді, қарама-қарслықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек-көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенімі мен көдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жек көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екінішсін көргісі келмейді.
Егер ара қатынастар әрбір аданның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанын, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - катынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіпр қалған адамдардың бірі екіншісіне өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі- бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның : жек көрушілік мен құрметтің қосарлана жүруі.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кім де кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне дегем бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.
Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынасғарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшелінеді.
Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғынастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілікішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар
көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттын өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлаи түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамынабара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындады.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынаста әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық ақ көңілдік, үйіршендік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік- қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте олардың бірін-бірі қабалдай алуы, түсінуі және бағалануына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі.
Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет-қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақта, адамның мінез бітістерінен, әрекет-қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын- мінез бітістері, екінші орында - адамнын сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер - адамның қажетсінулері әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алама, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ төңірегіндегі ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оған көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады не сайқы-мазаққа телиді.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызыгушылыктың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамның қалыпты өмірі үшін өзін-өзі біле ал-мастықта, аса көп білу де сиыспайтын құбылыстар.
Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім.
Іс-әрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен де жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниетсіз психологиялық бейнемен салыстыраалса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz