Аутизмі бар балаларды оқытуда кешенді əдістерді қолдану

Əрбір ата-ана баласы өмірге келгеннен кейін оның денсаулығының дұрыс болғанын қалайды. Ата-анасы баланың жасаған əрбір қимылына, оның жүзінің жадырағанын, басқан əрбір қадамын, алғашқы шығарған дыбысына, айтқан сөзіне қуанады. Əр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өз əлемінде өмір сүреді. Олар əр жаңа нəрсеге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, əлеуметтік ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Осындай белгілер арқылы балада аутизмнің немесе оның кейбір белгілерін анықтауға болады.
Елімізде аутизм туралы ақпарат аз, ал онымен күресіп жүргендер көп. Əлем бойынша 67 миллион адам аталған дертпен арпалысса, қазақстандықтардың үлес салмағы мыңнан асып жығылады. Елімізде аутизмі бар балалардың саны күрт өсуде. 2003 жылы 77 бала тіркелген болса, 3 жылдан кейін бала саны 255-ке жеткен, 2010 жылға қарай 326 бала тіркелген. Ал қазіргі таңда балалар аутизмі мың жарымға жуық балада байқалған [1].
Аутизм ми жұмысының бұзылуынан туады. Мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дəйекті дəлел жоқ. Ең алғаш аутизм туралы Э. Блейлер, Лео Каннер, О.С. Никольская, Г. Аспергер, А. Ретта, К.С. Лебединская сынды ғалымдар қарастырған. Қазіргі кезеңде аутизмді зерттеу өрісі кеңейіп отыр. Аутизм (34) бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол əлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері əсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін [2].
Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша, аутизмі бар балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың əсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті жəне туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекция- лар, тағы басқа жағдай лар барлығы да жағымсыз əсер ету мүмкіндігі бар.
Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дəлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға жəне шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін екпе салдарынан пайда болады деген болжам болған. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нəтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал, психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі ата-ананың эмоциялық салқындығы да себеп болады [3].
Себептердің 1-тобы тұқым қуалаушылықпен байланысты. Кейбір мамандардың айтуынша, аутизм тұқым қуалайды жəне ол гендік деңгейде беріліп отырады. Кей жағдайларда бұл тұжырымның растығын дəлелдейтін мысалдар да бар,
себебі аутистік белгілер бір отбасының мүшелерінен байқалып жатады. Алайда ғалымдар аутизмге жауап беретін генді əлі күнге таба алған жоқ.
Себептердің 2-тобына хромосомалық (генетикалық) мутация, зат алмасудың туабітті аурулары жатады. Кейбір генетикалық синдромдар мен зат алмасу ауруларының клиникалық симптомдарының қатарына аутистикалық белгілер де кіреді. Мұндай аурулардың қатарында сынғыш (фрагильді) Х-хромосома, Ретт, Мебиус синдромдары, сонымен қатар фенилкетонурия, мукополисахаридоз жəне басқалары бар.
Себептердің 3-тобы орталық жүйке жүйесінің түрлі себептермен зақымдалуымен байланысты.
Оған мыналар түрткі болуы мүмкін:
жүктілік жəне туу кезінде түрлі патогендік факторлардың əсер етуі: нейроинфекция, вирустық инфекция, жарақат, асфиксия жəне т.б. Мұндай жағдайда аутизмді аурудың салдарынан болған жүйке жүйесінің резидуалды-органикалық күйі деп қарастырады;
биохимиялық, нейрохимиялық жəне метаболикалық ауытқулар. Арнайы зерттеулер (жұлын сұйықтығы, қан, несеп сараптамалары) көрсеткеніндей, аутистикалық симптомдар физиологиялық тұрғыдан белсенді заттар (серотонин, катехоламин жəне дофамин) алмасуының бұзылуынан болады. Биохимиялық өзгерістер мен аутистикалық белгілердің арасындағы байланыстың бар екенін дəлелдейтін зерттеулер бар [4].
Аутизмнің алғашқы белгілеріне тоқталатын болсақ, белгілер баланың үш жасына дейін анық байқалады. Əдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, əлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала естімейтін сияқты болып көрінеді, бірақ тексеру барысында нəтижесі олай еместігін көрсетеді. Мұндайда баланың жалпы дамуы тежеледі. Мінезі тұйықтала түседі. Атын атап шақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды. Танып-білуге ұмтылмайды. Тіпті жаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бəрібір. Өз əлемінде, өзімен өзі өмір сүреді. Тəулік бойы ұйықтамай жүре беруі мүмкін. Ештеңені қажет етпейді.
Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады, күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен жəне жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншық- тың тек бір бөлігімен ғана (мəселен, тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тəртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері де төмен [5].
Аутист-балаларды оқытуда кешенді түзете-оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады. Қоғамның жəне білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуы түрлі іс-əрекеттердің интенсификациялық үрдісінің өсуіне байланысты болып келеді. Осыған орай, болашақ білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім берудің көп бөлігі жаңа технологияларға негізделетінін, қозғалмалы ойын жəне ақпараттық технологиялардан тұрады.
Тəжірибе көрсеткендей, кешенді түзете-оқыту əдістері мақсатты түрде аутист балаларды түзете оқыту жəне тəрбиелеуде пайдалану балалардың жан-жақты дамуына, түзету мен толықтыру жақтарына психологиялық-педагогикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар əр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескереді.
Түзете-оқыту үрдісінде кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктерін белсендіріп, ауытқушылықтарды жеңуге, алдын алуға мүмкіндік туғызады. Осы толықтырудың негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдаудың сақталған түрін жүзеге асыру жəне баланың психикалық функцияларын дамыту қолайлы жүзеге асады.
Ақпаратты көрнекі түрде көрсету қандай іс-əрекет болсын оның əсерлілігін жоғарылатады. Арнайы білім беруде бұл əсердің маңызы зор. Заманауи құралдарды, диагностикалық əдістерді жəне технологияларды қолдану баланың тек сол кездегі ғана функциясын анықтамай, сол кезде пайда болатын объективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тəсілмен жеңуге көмектеседі.
Аутизмі бар балалардың қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бойынша тəжірибелік-эксперименттік жұмыс Талдықорған қаласында орналасқан №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті КММ-де жүргізілді. Арнайы мекемелердің педагогикалық ұжымы біз жүргізген зерттеулік ізденіс жұмыстарға оқу-тəрбие үрдісін жетілдіру мақсатында белсенділік танытты. Арнайы мекемедегі педагог-логопед ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тəжірибесін топтастыру үшін арнайы тақырыппен жұмыс жасайды. Логопед ғылыми ізденіс тақырыптары, негізінен, аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге педагог-логопед, біздің тəжірибелік- педагогикалық жұмысымызда көрсетілгеніндей, арнайы мекемелердегі жұмыстардың болашақтағы жоспарына сəйкес аутизм диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында қатыстырылды.
Аутизмі бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізуде біз ұсынған əдістеменің тиімділігін көрсетудегі зерттеу жұмыстарының мақсаты ерекше болды. Эксперимент жүргізу үшін зерттеу жұмысы бойынша эксперименттің ұйымдастырылу кезеңдерін белгілеп алдық. Алғашқы кезеңінде тəжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты:
эксперимент жұмысының мазмұны іріктелді;
педагогикалық бірізділік анықталды;
оқу үдерісіне ендірілген бағдарламалар мен оқыту формаларының мазмұнының тиімділігі анықталды.
Эксперимент 4 бағытта жүргізілді:
аутизм диагнозы бар балалардың сөйлеу тілін, қарым-қатынасын, психикалық процестерін
Ойын технологиясы əдісі бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастыру;
глобалды оқыту əдістемесі бойынша аутизмі бар балалардың есте сақтауын дамыту;
сенсорлы интеграциялау əдісі арқылы аутизмі бар балалардың қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;
ақпараттық технологияны қолдану əдісі бойынша Дэльфа - 142,1 тренажерын қолдану арқылы аутизмі бар баланың сөйлеу тілін жан-жақты дамыту.
Эксперимент жұмыстарын жүргізу кезінде түзету кабинетінде оқытылатын 6 бала қамтылып, зерттелді. Эксперименттік жұмыс барысында қолданылған əдістер:
1. Ойын технологиясын қолдану.
Аутизмі бар баламен қарым-қатынас орнату.
Айналма ойыны.
Ойын барысы: нұсқаушы балалар арасынан барлық баламен амандасып, əр баламен қол алысып амандасатын баланы таңдайды. Сол бала айналма ортасында болатын баланы таңдайды. Барлық балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Ортадағы баламен амандасады. Ортаға балалар кезекпен тұрады. Сəлемдескен кезде мына сөздер айтылады:
Балақайлар, тұрайық;
Шеңбер құра қалайық;
Сен де менің досым;
Мен де сенің досың;
Барлығымыз доспыз.
Қарым-қатынасты дамыту.
Қуыршақпен ойна жаттығуы.
Ойын барысы: түрлі тақырыптар бойынша сюжеттік-рольдік ойындар жүргізу. Мысалы,
Дүкенге барамыз, Қонақта. Қуыршақ балаға əлеуметтік рольдерге кіруге көмектеседі.
Зейінді дамыту.
Артығын тап жаттығуы.
Ойын барысы: нұсқаушы берілген суреттердің ішінен артығын табуды тапсырады. Мысалы, қияр, асқабақ, сəбіз, алма. Артығы: алма.
Қозғалыстық ойындарын дамыту.
Достармызға үй саламыз ойыны.
Ойын барысы: нұсқаушы балаларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz