Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер



МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
2.2. Электронды оқулықты және интерактивті тақтаны пайдалану
2.3. Ақпараттық технологияны пайдалану кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби құзылығын қлыптастырудың маңызды элементі

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. КІРІСПЕ
Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез-келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндетердің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев дәстүрлі 2007 жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті. Осы бағытта қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер келешекте – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру мамандары үшін жолдаудағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше, онда «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр», - деп көрсетті.
Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамда оны бейнелеудің жаңа түрлері талап етілуде.
Қазіргі кезде кәсіптік мектептерге, кәсіптік білім беруге көп көңіл бөлініп жатыр. Осыған сәйкес, кәсіптік оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдіруде. Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқу үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты.
Ақпараттық технологиялар деп, ақпараттармен жұмыс істеуге арналған, яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі заманғы құрылғылар мен жүйелерді атайды. Демек, соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр. Ақпараттық технологиялар ғылымда және практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орнын тауып, кәсіптік мектептерде де оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда. Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері қазіргі кезде барлық дерлік саладағы информатика оқулықтарында қарастырылады.
Ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттер жетерлік. Бұл тақырыпты кеңінен зерттеп, еңбектерін арнаған көптеген ғалымдар бар. Атап айтсақ, П. Г. Захаров, А. А. Кузнецов, В. М. Монахов, В. И. Пугач, И. В. Роберт, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. Кариев, Г. Т. Жангисина, М. Мәлібекова, К. С. Әбдиев, С. А. Исаев, К. М. Беркімбеков және т,б.
Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты талаптары мен жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып саналады, сонымен қатар, одан ары зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу нысаны – бастауыш кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану үрдісі.
Зерттеу мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдаланып, кәсіптік мектеп оқушыларының білімберін кеңейту.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кәсіптік мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел басының халыққа жолдауы) 2007 ж;
2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Ел басының халыққа жолдауы, Астана – 2006 жыл;
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;
4. Бакирова Ү. Электронды оқулықты пайдалану// Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. – 2005. - №10. – 6-7 бет;
5. Бәкірова Ш. Электронды оқулықтың маңызы зор// Қазақстан мектебі. – 2004. - №11. – 9-10 бет;
6. Жапарова Г. Ә. Информатика негіздері (Мәтін): оқу құралы / Алматы: Экономика, 2006. – 296 бет;
7. Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары (Мәтін)// Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2005. - №1. – 238-241 бет;
8. Қасымова А. Х. Колледж оқушылары білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы интеграциялаудың педагогикалық шарттары (Мәтін): Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық авторефераты / А. Х. Қасымова. – Атырау, 2007. – 25 бет;
9. Медешова А. Компьютерлік жабдықтарды кешенді қолдану// Хабаршы педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2004. - №1. – 131-132 бет;
10. Нұрғалиева Г. Ақпараттандыру – білім беруді реформалаудың негізгі механизмі (Мәтін)/ Нұрғалиева Г., Тілеуова С., Таутаева Г. // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2006. - №1. – 262-264 бет;
11. Нұрмұханова Г. Жаңаша оқыту – уақыт талабы// Қазақстан мектебі. – 2004. - №10. – 53-54 бет;
12. Оқытушылардың ІV жыл сайынғы ғылыми әдістемелік конференциясының материалдары 2-4 сәуір 2008 ж. (Мәтін)/ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Семей мемлекеттік педагогикалық институты. – Семей: Семей мем.пед.институты,2008. – 190 бет;
13. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001;
14. Информационные технологии. – Москва, 2005;

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер

2. Электронды оқулықты және интерактивті тақтаны пайдалану

3. Ақпараттық технологияны пайдалану кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби
құзылығын қлыптастырудың маңызды элементі

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. КІРІСПЕ

Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет
деңгейі кез-келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің
еліміз үшін де басты міндетердің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев дәстүрлі 2007 жылғы
28-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-
мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау
үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті. Осы
бағытта қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер келешекте – Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік
туғызатыны анық. Жоғары білім беру мамандары үшін жолдаудағы он сегізінші
бағыттың маңызы ерекше, онда Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты
таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру
бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр, - деп көрсетті.

Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық
ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай,
ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен
қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық
білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика
жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты –
білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың
арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің
нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің
стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың
жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен
практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға
жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық
технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, құжат
өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы
зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің
тұрақты өсуіне орай қоғамда оны бейнелеудің жаңа түрлері талап етілуде.

Қазіргі кезде кәсіптік мектептерге, кәсіптік білім беруге көп көңіл
бөлініп жатыр. Осыған сәйкес, кәсіптік оқу үдерісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдіруде. Оқу
үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқу
үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты.

Ақпараттық технологиялар деп, ақпараттармен жұмыс істеуге арналған,
яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі заманғы құрылғылар
мен жүйелерді атайды. Демек, соңғы кездегі ғылыми және практикалық
зерттеулерде ақпараттық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық
бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр. Ақпараттық технологиялар ғылымда
және практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орнын тауып,
кәсіптік мектептерде де оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда.
Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері қазіргі кезде барлық дерлік
саладағы информатика оқулықтарында қарастырылады.

Ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру
білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін
ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттер
жетерлік. Бұл тақырыпты кеңінен зерттеп, еңбектерін арнаған көптеген
ғалымдар бар. Атап айтсақ, П. Г. Захаров, А. А. Кузнецов, В. М. Монахов,
В. И. Пугач, И. В. Роберт, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. Кариев, Г.
Т. Жангисина, М. Мәлібекова, К. С. Әбдиев, С. А. Исаев, К. М. Беркімбеков
және т,б.

Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты талаптары мен
жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере
отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің
негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық технологияларды қолдану
бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және педагогикалық
мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып саналады, сонымен қатар, одан ары
зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу нысаны – бастауыш кәсіптік білім беруде ақпараттық
технологияларды пайдалану үрдісі.

Зерттеу мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдаланып, кәсіптік
мектеп оқушыларының білімберін кеңейту.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кәсіптік мектептегі
сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына
жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық
зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру,
ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды
ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне
және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып
табылады.

1. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Жалпы жиырмасыншы ғасырдың соңы компьютерлік техниканың дамуымен
ерекшеленетіні, компьютердің есептеу, ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және
сақтау секілді мүмкіндіктері қоғамымыздағы араласпаған саласының жоқ екенін
жақсы білеміз.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін
арнайы қолданылатын тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық
және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер,
телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін
жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік,
дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Кәсіптік
мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен
модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік,
психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді
талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады: оқу үрдісінде
ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын
анықтау; оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау; мұғалімдердің ақпараттық технологияларды
меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды
пайдалануға үйрету; кәсіптік мектептің материалдық-техникалық базасын
нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге
оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау
құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды
пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші
бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік,
дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие,
сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық
технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты
құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда кәсіптік мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру
жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет.
Мәселен, кәсіптік мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны
жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс
істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының
саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары
өткізілмейді десе де болады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін
тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды
кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.
Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: оқу үрдісін
дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама
бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді; нақты әрекетке негізделген кері
байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің
білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады; материалды
меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту  құралы қызметін атқарады.
Оларға мыналар жатады: компьютерлер, электрондық оқулықтар, электрондық
анықтамалар мен энциклопедиялар, аудио және видеоматериалдар, интернет
желісі, тестілеу жүйесімен білімді бағалау, электрондық пошта,
интерактивтік тақта, т.б
Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа
электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады.
Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің,
сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер
енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға
болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды
оқулықтарды пайдалану көзделеді.Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу
үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге
электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады.
Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық
материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және
тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді.
Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға
негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен
байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді,
компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге
келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу
әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың
шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып
табылады.Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі
мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады.
Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде
қарауға болады.
4Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен
компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін
бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен
блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын
анықтауға мүмкіндік береді.
2. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ПАЙДАЛАНУ

Электронды оқулық. Білімді ақпараттандыру оқушылардың білім сапасын
арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік білімділігін күшейтуге
негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі
дәірдің телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін,
толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін
нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен
таралуы өмір бойы білім алу ұстанымынан білім барлығымыз үшін ғұмыр
бойына үзілмейтін ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіндіктерді іске асыру
үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық технологияны
дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш салу қажет. Бұл мақсаттардың
жүзеге асуы білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Аталған бағытты
жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару
қажеттілігі уақыт сұранысынан туындап отыр.

Электронды оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабілетін
дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы
жеткілікті:қисынды ойлау жүйесінің жинақылығы, жүйелігі, көркемділігі және
жылдамдығы. Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады: шұғыл
кері байланысты қамтамасыз етеді; дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет
ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; гипермәтінді
түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым
үнемдеуге мүмкіндік береді; қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді,
жобалайды, т.с.с. (мультимедиалық технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы
тура осы жерде көрінеді); әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға
мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; белгілі
бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

Электронды технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен
тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады:

✓ Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;

✓ Бақылау формалары: толықтыруды қажет ететін тесттер;

✓ Балама жауаптары бар тесттер (шешім дұрыс немесе дұрыс емес
иә, жоқ);

✓ Таңдамалы тесті (бернеше жауаптардың дұрысы таңдалынады);

✓ Диктант ретінде құрастырылған тест (мәтін арқылы оқытып
отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады);

✓ Сәйкестілік тест (өзара байланысқан фактілерді табуға
құрылған).

Электронды оқулық жаңа компьютерлік технологиялардың барлық
жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни мәтіндік
материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиялық және басқарылатын
анимацияларды пайдалануға, дыбысты қосарлап қамтуға оқушылардың білім
деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электрондық орта оқушылардың
экспериментке бейімділігін, құрылымдық ойлау қабілетін қалыптастыра алады,
мұның бәрі білім алудың шығармашылық сипатталуына бейімдейді.

Интерактивті тақта. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша
құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі
құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын
біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақтаның түрлері
бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу
жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы
іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және
ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Aктивті қалам – бұл
меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты
іске асырушы құрылғы.

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы
бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында
орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.
ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен
астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс
жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте
қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы
қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан
көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса
кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады,
жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады
ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-
ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады,
презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary
тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның
барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт
беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио
пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың
көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте
қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу
үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:Тест дайындау шеберінде ACTIVstudio
бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары
кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма
түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD
редакторларында экспорт жасауға болады

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны
сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard
және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio
программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды
құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі
кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге
және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Активті экран кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты
көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап
интерактивтік жүйе болып табылады. Активті экран бағдарламалық –
техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың
негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру
бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын
қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа
технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз
ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына
кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық
түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын
тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.
Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте
мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет
ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-
ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды
ауыстыратын арнайы қалам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Байланыс құралдары
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сезімдік қабылдауы
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
Информация туралы түсініктер
Жобалаудың теориялық негіздері
Ақпараттық модельдеу
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Пәндер