Бизнес жоспар Ерлер салонын ашу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес жоспар
" Ерлер салонын ашу"

Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және айналдыру.
Неден бастау керек? Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Мен өзім шаштараз өнерімен айналысқаным дұрыс деп шештім, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алуым қажет. Алғашында мен үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады.Осы қадам арқылы қолымды жаттықтырып, болашақ өзімнің шаштаразыма келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едім. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз.
Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген дұрыс, орташа бағадағышаштараз үшін ең жақсысы - автобус аялдамасына жақын орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға алу. Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Өжіреде (подвал) шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Толығырақ мәліметті Сіз Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын оқу арқылы ала аласыз.
Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән беріңіз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ коммуникативтіліктерін жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлуге кеңес береміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздеген жөн, баспа беттеріне, интернетке жарнама беру немесе кадрларды таңдау агенттілігіне хабарласуға да болады.Шаштараздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаштараз қызметтері
Шағын және орта бизнесті несиелендіру
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау жасаңыз
Бизнес жоспар «Beauty plaza» сән салоны
Шаштараз қызметінің сипаттамасы
Оптика дүкенінің айдентикасы
Шоко-Мокко кофеханасы
Фото жұмыстарын орындау бойынша фирманың бизнес - жоспары
Сұйық әйнек өндірісі бойынша фирманың бизнес - жоспары
Келіссөздер негіздері
Пәндер