Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты мен міндеттері


Студенттің өзіндік жұмысы №1
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе
Жоспар:
- Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты мен міндеттері;
- Физиология ғылымына үлес қосқан ғалымдар. Қазақстанда даму тарихы;
- Мектепке қойылатын гигиеналық талаптар.
1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінен типтік оқу бағдарламасы педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды.
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру. Бұл мəліметтер ғылыми негізде əр түрлі жастағы балалармен оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруға, олардың денсаулығын қорғау, дене тəрбиесі мен еңбек етуге үйретуде аса қажет. Қазіргі кезеңде оқушы баланың даму физиологиясы заман талабына лайық, бəсекелестікке қабілетті педагогикалық мамандар дайындауда ролі мен маңызы едəуір өсіп отыр. Бұл мектеп оқушыларының білімінің сапасы мен көлеміне қойылатын талаптың жоғарылауымен, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың, интернеттің жəне басқа техникалық оқыту құралдарының кеңінен қолданылуымен, инновациялық технологиялардың білім беру ісінде жаппай ендірілуімен жəне қазіргі уақытта балалардың қимыл белсенділігінің төмендеуімен байланысты. Осылардың бəрі оқушылардың денсаулығы мен организмнің функционалдық мүмкіншіліктеріне теріс əсер етуде. Қалыптасып отырған жағдайда тəрбие беру мен оқыту жұмыстарының педагогикалық тиімділігі балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері мен организмнің əр түрлі жас кезеңдерінде қызмет ету мүмкіншіліктерін ескерумен тікелей байланысты.
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнін оқып меңгеру нəтежиесінде студенттерде қалыптасатын құзіреттіліктер:
- өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға жəне шынайы бағалауға қабілетті, сондай-ақ, оқушылардың зияткерлік даму деңгейін арттыру дағдыларын игерген;
- мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерді оқыту жəне тəрбиелеу жұмыстарын ағзаның əр түрлі жас кезеңдеріне сай физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастыруға қабілетті;
- дене тəрбиесі мен шынықтыру əдістерін пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдер ағзасының қоршаған ортада бейімделу мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау мен жақсартуға үлес қосады жəне толыққанды əлеуметтік кəсіби қызметті қамтамасыз ету үшін өзінің дене мəдениетін жетілдіруге дайын;
- оқушыларда саламатты өмір сүру салтын қалыптастыруға жəне тазалық сақтау мен денсаулықты нығайту талаптарына сай сыртқы ортаның жағымсыз ықпалдарынан қорғану ережелерін ұстануға қабілетті.
2. Физиология ғылымына үлес қосқан ғалымдар. Қазақстанда даму тарихы. Физиологияның дамуына әр елдің ғалымдары зерттеулер жүргізіп, үлкен үлес қоскан. Өте ертеден-ақ әр түрлі төжірибелер жасау арқылы адам ағзасының құрылысы мен кызметін терең зерттеп білген
1. Гиппократ (б. з. б. шамамен 460-377) - көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған.
2. Клавдий Гален - (шамамен 130- 200) Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған. « Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы » атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің анатомиялык құрылымының қызметімен тығыз байланысты екенін көрсеткен. К. Галеннің аталмыш еңбегі медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып келген.
3.
Әбу Насыр әл-Фараби
- (870-950) Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттеиді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды қала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айткан, мысалы, «жүрек -табиғи жылылыктың көзі». Баска мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім тоқтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсакты 150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға қатысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
4. Тәжік дәрігері әрі философы
Әбу Әли ибн Синаның
(шамамен 980-1037) «
Анатомия мен физиологияға кіріспе
», «
Дәрігерлік ғылымның ережелері
» («
Канон врачебной науки
») еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.
5. Андреас (Андрас) Везалий (1514-1564) -ғылыми анатомияның негізін салған ғалым, Италиядағы Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке бақылаулар жүргізіп, 7 кітаптан тұратын « Адам денесінің құрылысы туралы » (1543) еңбек жазған. Бұл еңбегінде ғалым қаңқа, сіңір, бұлшықеттер, қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер, ми мен сезім мүшелерін жүйелеген. А. Везалийдің көптеген зерттеулері мен еңбектері анатомияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Сондықтан да оны анатомия ғылымының негізін салушы ғалым деп орынды атайды.
6.
Уильям Гарвей
(1578-1657) - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйык екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым.
7. Иван Михайлович Сеченовты (1829-1905) физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы « Ми рефлекстері » еңбегін жарыққа шығарды.
8. Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты
Илья Ильич Мечников
(1845-1916) лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады. Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым. Әйгілі орыс ғалымы. "Адам табиғаты туралы этюдтер"деген еңбегінде қартаю және өлу проблемаларын зерттеді.
9. Иван Петрович Павлов (1849-1936) физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген.
Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғылымның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті.
10.
Халел Досмұхамедов
(1883-1939) - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Онық негізгі еңбектері: «
Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады
» (1918, Ташкент) ; «
Табиғаттану
» (1924, Ташкент) ; «
Оқушының саулығын сақтау
» (1925, Ташкент) ; «
Адамның тән тірлігі
» (1927, Ташкент) және т. б.
X. Досмұхамедовтың әсіресе әр мүшенің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан өсиеттері өз алдына бір төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік.
«Құлағың сау болсын десең . . . - құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нәрсе тықпа; құлағыңның ішін, сыртын таза ұста . . . »
« Мұрның сау болсын десең . . . - мұрныңды әрдайым таза ұста; аузыңның тамақ жеп, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа! »
« Тынысың сау болсын десең . . . - дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген желден сақтан! »
« Көзің сау болсын десең . . . - ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде жазба, оқыма, үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе ».
Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да осы күнге дейін құндылығын жоймай қолданылып келеді.
X. Досмұхамедов анатомия, физиология, гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Мүшелердің гигиенасына тоқталмас бұрын оның құрылысы мен қызметін талдап барып, ең соңында гигиенасына тоқталады. Бұдан біз X. Досмұхамедовтың анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуына көп еңбек сіңіргендігін көреміз. Анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуы аталған ғалымдардың зерттеулерімен ғана шектелмейді.
3. Мектепке қойылатын гигиеналық талаптар.
1. Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50- 60 м;
2. Бөлменің ұзындығы 8 - 8, 2м, ені 5, 6-6, 2м аралығында болады;
3. Бөлме биіктігі 3, 5м болуы керек, себебі оқушыларға қажетті ауа көлемі осы аралықта болады;
4. Бөлме температура 17 - 21С . ылғалдығы 40-65 %, ауа қозғалысының жылдамдығы 0, 15 - 0, 25 м/сек болғаны жөн.
Сондай -ак мектепке қойылатын талаптар туралы заң бекітілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қазанда № 15893 болып тіркелді.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
Осы заң аясында оқу кабинеттеріне қойылатын талаптар:
- Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.
- Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.
- Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.
- Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады.
- Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады.
Студенттің өзіндік жұмысы №2
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы
Жоспар:
- Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен өсуі;
- Адам жасының кезеңдері;
- Өсу мен дамудың акселерация.
Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:
- Бойы - (адамның денесінің ұзындығы),
- Салмағы,
- Кеуде шеңберінің өсумен қатар организмде даму жүріп жатады.
Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар:
- Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
- мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
- Өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
- функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
- Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі;
- Өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт) .
Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді:
1. Туғаннан З жасқа дейін.
2. 3-7 жас арасында.
3. Жыныстық жетілу кезеңінде.
Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2, 5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г) . 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі - баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіңдеп дамып, 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне әсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.
Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге болады.
Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынды, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады. Яғни барлық балаларға ортақ зандылықтардан басқа өсу мен дамудың баланың жасына байланысты ерекшеліктері байқалады. Жыныстық айырмашылықты оқу-тәрбие, спорт, қара жұмысты ұйымдастырғанды еске алып, жынысына қарай мөлшерлейді. Кейбір спорт түрлерімен қыздарға шұғылдануға болмайды, айталық, ауыр атлетика т. б. олардың болашақ ана екенін естен шығармау керек. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі кажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару, өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т. с. с. ) . Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Әйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие жұмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы қағида ұсынды. Бұл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мөлшерлері көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz