Тиімді кері байланыс ұсыну арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Шоқан Уәлихановатындағы №3 мектеп-лицейі КММ-нің математика пәні мұғалімі Сахариева Б.М.

"МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЗЕРТТЕУ" МЕКТЕПІШІЛІК КӘСІБИ ДАМУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН басшылыққа алып "Тиімді кері байланыс ұсыну арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру." тақырыбында зерттеу жұмысы.

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу

"Сабақты зерттеу" мен "Іс-әрекетті зерттеуді" бастаған кезде тренер ретінде іс-әрекетті зерттеуді жүргізуім керек болды. Мұндай жұмыс бұрын жүргізілмегендіктен бұл алғашқы тәжірибем. Сіздерге осы тақырыпты ортаға алып келуімнің себебі сіздермен ой бөлісіп өз жұмысыма қатысты жұмысты жақсартуға бағытталған кері байланыс ұсынасыздар деген ойдамын.

Зерттеуді неден бастау керек?
Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудегі бірінші қадам сыныпта өзіңізді толғантып жүрген мәселе мен өзіңіз өзгерткіңіз келген жағдайды анықтап алу болып табылады.
Мұғалім ретіндегі негізгі міндетім бұл пән бойынша білім сапасын көтеру болғандықтан, мені толғандырған сұрақ Білім сапасын қалай көтеру керек? деген сұрақ болды. Бұл үшін сыныптағы үштік бағамен оқып отырған оқушымен жұмыс жасап, оның үлгерімін көтеру бірінші мәселе болып қала береді. Ендеше мұны қалай жүзеге асыра аламыз?
Менің алдымен оқушының неге үштік баға алатынының себептерін анықтауым қажет болды. Осы мақсатпен сынып оқушыларының үштік баға алуының себебін анықтау үшін сауалнама жасап олардың бірнеше сұраққа жауап берулерін өтіндім.
Сауалнама сұрақтары:
1. Сіз математика пәнінен үштік бағаға қанағаттанасыз ба?
А) иә; В) жоқ; С) білмеймін;
2. Математикадан, егер сізде үштік бағаларыңыз бар болса, үштік баға алуыңыздың себебі неде деп ойлайсыз? Төменде көрсетілген нұсқалардың біреуін не бірнешеуін таңдап көрсетуіңізге болады?
1. Пән өте қиын, мәтінді өз бетіммен меңгеру қиындық тудырады; (5)
2. Пән бойынша жаңа тақырыптың мәтінін оқығанда мағынасын түсінбеймін, сондықтан ары қарай жұмыс жасай алмаймын; (7)
3. Тақырыптағы жаңа материалды түсінемін, бірақ қолдануда қиындық туындайды; (10)
4. Тапсырманы орындау барысында түсінбегендіктен орындауға деген ынтам болмайды; (4)
5. Тапсырманы орындауға тырысамын, бірақ толық дұрыс орындай алмаймын; (11)
6. Мұғалімнен көмек сұрауға қорқамын, себебі ол кісі ұрсады;
7. Мұғалімнен көмек сұрамаймын, өйткені түсіндірмейді;
8. Мұғалімнен қайталап сұрауды ойламадым;
9. Мұғалімді ұнатпаймын;
10. Мұғалім бағалауда менің жұмысымды нақты бағадан төмен бағалайды;
11. Пәнге қызықпаймын, себебі ... . (3)
12. Сіздің өз жауабыңыз ... ... (2)
3. Математиканы жақсы оқығыңыз келе ме?
А) иә; (19) В) жоқ; (6) С) білмеймін; (4)
4. Ол үшін сізге қандай көмек болғанын қалайсыз?
Менің анықтаған мәселем төмендегідей болып шыққан еді.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
1
А

В
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+

С

2
1

+

+

+

+

2
+
+

+

+

+

3

+
+
+

+
+

+
+

+
+

+

4
+

+

+

5

+

+
+

+

+

+
+

+

+

+
+

6

7

8

9

10

11

+

+
+

12

+

+

3
А

+

+

+
+
+
+
+
+
+
+
+

+
+
+

+
+

+

+
+
+

В

+

+
+
+

+

+

С
+

+

+

4

Төртінші сұраққа оқушылардың жауаптары мынадай болды:
- Математиканы көп оқуға және есептерді шығаруға, сізден қорықпай, мен түсінбеген тақырыптарды сұрауға көмек болса;
- Көмек қажет емес;
- Бәрі жақсы, тек ниет қажет;
- Барлығы жағады;
- Барлық көмек түрі болса;
- Көп есептер шығару керек деп ойлаймын;
- Мұғалім өте жақсы түсіндіреді және көмектеседі. Өзім қаттырақ тырысу керекпін деген ойдамын;
- Ұкпаган такырыптарымды кайталап, есептерды шығаруды жақсарту;
- Математика пәнін оқу сағаттары көбірек берілсе деп қалаймын;
- Барлығы жағады, алайда такырыптарға көбірек есеп шығарсақ одан әрі жақсы болушы еді;
- Тақырыптарды қызықты жолмен түсіндіргенде жақсы ұғып алуға болады, ал бірақ оқығың келсе, бәрі түсінікті болады.

Оқытудың дәстүрлі әдісіне сәйкес мұғалім қажетті байланыс орнатып, математикалық мәтіндердің бірегей және бағалы мағынасын ашып, оны оқушыларға ұсынуы керек, ал оқытудың жаңа технологияларын қолданғанда оқушы мұғалім бағыттауымен өзі жұмыс жасау қажеттілігі тұрады. Осы сауалнама нәтижесінен мен өзім үшін маңызды көп жайтты анықтадым. Атап айтқанда алгебра, геометрия пәндерін оқыту барысында оқушылардың пікірлері бойынша әр оқушыда әртүрлі мәселе кезігетіндігі анықталды. Осы пәндерді оқуға кейбір оқушылардың селқос екендігі байқалды. Ендеше оқыту үдерісіне өзгертулер енгізе отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруым керек. Бұдан басқа көп оқушылардың жауаптарында тақырыптағы берілген білім көлемін түсінетіндігі, бірақ қолдануда қиындық туындайтыны туралы айтылды. Пәнді оқытудағы негізгі проблемалардың бірі - түсіндіру үдерісіне оқушылардың кірісіп кете алмайтындығы болып шықты, атап айтқанда өздері негізгі қортындыны жасап алған білімін талдап, есептерді шығару барысында қолдану әдістерін жүзеге асыра алмайтындығы өзгеріс енгізуді қажет ететін екінші мәселе болып табылды. Оқушылардың ойларын талдай келе барынша оқушылардың қажеттіліктеріне негізделген әдістерді қолданып көру үшін іс-әрекетті зерттеу жобасы бойынша бір оқушынының жұмысына зерттеу жасап көруім керек деген шешімге келдім. Менің түпкі мақсатым оқушыны ақпаратты жай ғана тыңдайтын енжар тыңдарманнан белсенді оқушыға айналдыру. Жоғарыда анықталған мәселелер бойынша оқушыны тақырыпты талдап, білімін қолдануға үйрете отырып қызығушылығын арттыру қажет болды. Осылайша іс-әрекетті зерттеу жұмысындағы өзгеріс енгізудің нақты мақсаты мен нысаны анықталды:
Өзгеріс енгізудің мақсаты :
Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алған білімін талдап қолдана алу сияқты қабілеттерін дамыту, қызығушылығын артыру.
Өзгеріс енгізудің нысаны :
Үлгерімі орташа оқушының пәндік білім негіздері.

Енді келесі қадамым Қандай әдісті қолдану арқылы оқушыны тақырыпты талдап, білімін қолдануға үйрете аламын? деген сауалға жауап беру болды.
Сыныбымдағы оқу үлгерімі орташа Е. оқушыны таңдап алдым, оның сауалнамаға жауабы бойынша өзгеріс енгізудің мақсаты мен нысанын анықтадым. Өзгеріс енгізу үшін сауалнама жауаптарын сараптай келе бұл оқушының сабаққа деген көзқарасы дұрыс екендігін байқадым, тек білімін қолдануда алған білімін талдап қолдану біліктілігі мен дағдысының төмендігінен тапсырмаларды дұрыс орындай алмайтынын байқау қиын болмады. Осы мәселе неліктен туындады? Оқушының пәнді меңгеру деңгейі қандай? Оқушы неге қызығады? Оқушыға мен қалай көмектесе аламын? Осы сұрақтар төңірегінде ойлана келе іс-әрекетті зерттеу жобасын педагогикалық тәжірибедегі қажеттіліктерді анықтаудан бастау арқылы жүргізуді ұйғардым. Мен оқушының бойында оқыту үдерісіне қатысуға құлшынысын баулитын педагогикалық әдістемелерді қолдана отырып іс-әрекетті зерттеуші ретінде практика мен зерттеулер бір-бірін үнемі толықтыруы керек деп санаймын және теория мен практика арасындағы сәйкестікті бағалаймын. Осы себептен оқу бағдарламасының мазмұны мен қандай да бір әдістемелерді алдын ала анықтауға ұмытылған жоқпын. Керісінше практика аясында оқыту әдістемесіне және динамикалық, рефлексифті педагогикалық үдеріске бағыттай отырып оқушыны оқу бағдарламасын талдауға және өзін-өзі бағалауға қатыстырғым келді. Осылайша педагогикалық теория мен тәжірибе арқылы түсіне отырып қарау, тәжірибелік ойлар ... , жағдайдың тәжірибелік қажеттіліктері арқылы мәселені бірте-бірте анықтап, сыни бағалау мен қатысушының ой түюін зерделеу арқылы өзгерістер енгізіп отыруды жоспарладым.
Сабақтарымда оқушының бойында оқыту үдерісіне қатысуға құлшынысын баулитын геймификациялық әдістерді қолдандым. Геймификaция дегенiмiз aқпapaтты oйын apқылы жеткiзу әдici. Aқпapaттық технoлoгиялapдaғы геймификaция - кoмпьютеpлiк oйындapғa тән әдicтеpдi қoлдaну, oқытудың тиiмдiлiгiн apттыpу, oқушылapды ынтaлaндыpу және бiлiм беpу үдеpiciне қaтыcуды apттыpу, қoлдaнбaлы мiндеттеpдi шешуге тұpaқты қызығушылықты қaлыптacтыpу мaқcaтындa қoлдaнбaлы бaғдapлaмaлapды пaйдaлaну. Caбaқ пpoцеciнде геймификaцияны қoлдaнғaн кезде қызығушылықты apттыpaды, ынтaлaндыpaды, бiлiм беpу кеңicтiгiнде бәcекелеcтiктi apттыpaды. Геймификaция пpoцеciнде oқушылap белcендi, бұл өз кезегiнде бiлiмдi тиiмдi меңгеpуге және бiлiмдi нығaйтуғa ықпaл етедi. Тiптi күpделi тaқыpыптың өзiн де oқушы қызықты әpi жеңiл түpде қaбылдaйды.
Геймификaцияның негiзгi элементтеpi:
Ұпaй - Кез-келген пpoцеcте белгiлi бip әpекеттеpдi opындaу үшiн aлынғaн ұпaйлap
Белгiлеp - пpoцеcке қaтыcушылapдың белcендiлiгiн бaғaлaуғa apнaлғaн виpтуaлды мapaпaттaулap
Pейтингтеp - пpoцеcке қaтыcушылapдың
Деңгейлеp- қaтыcушылap өз ic-әpекеттеpi apқылы ocы пpoцеcке қoл жеткiзе aлaтын мәpтебе
Көшбacшылық - тaғaйындaлғaн көшбacшылap кеcтеci
Интеpaктивтi элементтеp - пpoцеcтiң визуaлизaция элементтеpiнiң түpлеpi
Тaбыc-тaқыpыптық aқпapaттық көздеp apқылы тaбыcқa жету
Геймификaцияны oқу пpoцеciнде бapлық пәндеpге қoлдaнуғa бoлaды. Мaтемaтикa пәнiнде геймификaцияны қoлдaну үшiн әp түpлi қoлдaнбaлapмен жұмыc жacaуғa бoлaды. Мыcaлы, Quizizz, LearningApps.org, Plickers, Kahoot т.
Викториналар, тестілер мен сауалнамалар жасауға арналған Quizizz қызметі ақысыз. Бұл құралдың көмегімен сіз:
-ойындар, тестілер, сауалнамалар мен викториналар өткізу;
-жарыстар ұйымдастырады;
-әр оқушының нәтижесін қадағалау;
-студенттер арасында жарыстар ұйымдастырыңыз.
Алдын ала жұмыс жасаңыз: сұрақтар мен жауаптары бар тапсырмалар тізімін жасаңыз. Викторинаның нұсқаларын жазыңыз. Сервис мыналарды жасауға мүмкіндік береді:
-бірнеше нұсқадағы бір дұрыс жауабы бар сұрақтар;
-жауаптардың бірнеше таңдауымен;
-ашық сұрақтар;
-шағын очерктерге өріс құру;
-сауалнамалар жүргізу;
-қызметті Google Classroom қызметіне қосу.

LearningApps - бұл ойын форматында ұсынылған 20 түрлі интерактивті жаттығулар (олар LearningApps-та қосымшалар деп аталады, сондықтан бұл терминдер мәтінде синоним ретінде қолданылады). Демек бұл, ең алдымен, қызмет түрі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған деп қарастырылады. Мұнда мысалы Ат жарысы, Жұп табу сияқты тапсырмалар балалар ойындарынан анық алынған.

Ойымды қорта келе мен зертеу мақсатына қол жеткізу үшін Егер мен есептердің тапсырмаларын қалай талдау керектігін, қалай жұмыс жасау керектігін мұқият үйретсем, онда оқушым шығаруды үйрене отырып пәнге қызығады, өйткені пәнді игеру біртіндеп оның қолынан келе бастайды және оқушының ішкі уәжін артыра аламын деген ой қалыптасты. Ендеше есеп тапсырмасын қалай талдау керектігін үйрету үшін қолайлы тәсіл ретінде қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс ұсыну арқылы оқушыға есептерді дұрыс шығара білу жолдарын үйрете алсам оқушының пәнге қызығушылығын арттыра аламын деп болжау жасадым.
Осы орайда назарға алатын тағы бір мәселе бар еді, оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын тақырып туралы шамалы білімі болатынын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын ұмытпауымыз керек. Егер мұғалім мен оқушының білімді игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Сондықтан да егер мен табысқа жеткім келген болса, онда оқушының бастау нүктесінің дұрыстығына көз жеткізіп отыруым қажет.
ҚО жағдайында мұғалім мынадай сандық дағдыларға ие болуы тиіс деп ойлаймын:
* Білім беруге арналған онлайн-материалдарды тауып бағалау, желіден мәліметтер іздей білу
* Оқу ресурстарын ұсынып тарату
* Көруге қызықты материалдарды қолдана білу
* Мультимедиалық контент құрып тарата білу
* Сандық портфолио құрып, оны жөндей білу
Осындай дағдыларды игере отырып қашықтықтан оқыту жағдайында Оқу пирамидасы бойынша оқушы алған ақпаратты 30%-ға дейін есте сақтайтындай сабақтар ұйымдастырып өткіздім.
Бірақ бұл жасалған жағдай оқушының қызығушылығын арттыруға әлі жеткіліксіз еді.
Ендеше мен оқушыға кері байланыс түрінде талқылау жұмысын ұйымдастыру арқылы 50%-ға дейін есте сақтауына қол жеткізе аламын. Сонымен қатар мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) өзіндік мақсат деп атайтын (11-сурет) және Райан мен Деки (2009) ішкі уәж деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуы тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады, егер оқушы сабақ барысында ағын жолағында жұмыс жасайтын болса ғана.
Оқушыларда өзіндік мақсатты қалыптастыруға арналған жағдайлар схемасына сәйкес мен таңдап отырған оқушы орташа оқитын оқушы болғандықтан оның ағын жолақшасында үнемі болуы үшін әр сабақта қарастылылатын есептерді іріктеп, үй тапсырмасын бергенде ол оқушының мүмкіндігі мен білік, дағдыларын ескеріп отыруым қажет болды. Осы ретте сыныпқа берілген тапсырманы орындау барысында менің Е. оқушымның алып кетуңне шамасы жетпейтін тапсырмаларға ол оқушыға түсіндірмелер (жетелеу арқылы) беріп отырдым.
Енді мен неліктен кері байланыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ
Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Биологияны интерактивті оқыту
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Шығармашылық ойлау дағдысы
Пәндер