Ұлт боламын десең - бесігіңді түзе


Кайыпчаев Бекбол Сураншиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-нің директоры
Мәдениет және ұлт мәселелері.
Ұлт боламын десең- бесігіңді түзе.
Осы тақырыптың беташары етіп ең алдымен «мәдениет» және «ұлт» ұғымдарымен жіті танысып алғанымыз жөн болар. Себебі, қазіргі біздің демократиялық қоғамымызда өзім білемін, нендей сөз сөйлесем де өз еркімде деген азаматтар мен азаматшаларымыздың көбейіп кеткені бізге айтпасақта белігі, сол себептен осындай адамдар өз ұлты мен мәдениетіне нұқсан келтіретіндіктен осы егіздей болып кеткен сөзді зерттеп, саралап көрелік.
Ең алдымен «мәдениет» сөзіне тоқталсақ, бұл ұғымды араб тілінен аударатын болсақ «қала», «қалашық», ал латын тілінен аударатын болсақ «іріктеу», «сұрыптау», «талдау» деген синоним мәндес сөздерді құрайды. Ал «ұлт» сөзі болса гректің «этнос» деген сөзінен шыққан. Яғни белгілі бір аумақта тайпалық одақпен селбесіп өмір сүретін адамдар тобы. Жарайды бұл тарих және тағы басқа түрлі ғылымдар тұрғысынан алғандағы мәліметтеріміз, алайда тақырыбымызға оралатын болсақ қазіргі жастарымыздың мәдениеті, ұлтымыздың көптеген күрмеуі шешілмей тұрған мәселелері көңілімізге қаяу түсіреді. Амал не айта-айта алтайды, Жамал апам қартайды демекші қазіргі таңдағы ұлт мәселелеріне келгендегі теледидардан табылып жатқан көптеген бағдарламалар айта-айта жауыр болып кеткен мәселелердің біріндей. Бірақ, жалпы алып қарағанда қаншалықты осы мәселелеріміз көптеп қоғам болып көтеріп жатсақта шешілер түрі жоқтың қасы. Ұлт мәселесі- ұлттардың, этникалық топтардың, халықтардың арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастардың жиынтығы. Ұлт мәселесі негізінен ұлттардың дербестікке ұмтылуымен, ұлттық санасының өсуімен және олардың әлемдік экономикалық, ғылыми-техикалық, мәдени даму үрдісіне араласуға ұмтылысымен байланысты болып келеді. Ұлт мәселесі ұлт өмірі мен ұлт қозғалысының жандануы, ұлттық езгінің қандай түріне болсын қарсылық ұлттық мемлекет құру, т. б. мәселелерді қамтып, әлемдік нарыққа, саяси, экономикалық өмірге белсене араласумен сипатталады.
Осыған байланысты мәдениет пен ұлт мәселесіне талдау, зерттеу жүргізіп көрелік. Ең алдымен мәдениет және ұлт мәселелерін төмендегідей топшалап алалық:
- Қазақ мәдениетінің төмендеуінің негізгі себептері;
- Ұлтқа қатысты бірнеше мәселелер: тілі мен діні, ұлттық менталитет.
Негізінен ұлттық-этникалық қауымдастықтардың теориялық мәселелерін талдамас бұрын, ұлттық фактордың ұдайы өсуі және пікірталастарға толы ұлт жөніндегі терминологиялық проблемаларға назар аударған жөн болар. «Ұлт», «этнос» бірқатар ғалымдардың категориялық аппаратына енген ұғымдар. ХХғ. ортасына дейін ғылым мен технологияның дамуы, демократияландыру, азаматтық біртектілік этностық белгілерді бірте-бірте ығыстырады деп болжам жасалған болатын. Алайда, бұрынғы Кеңес Одағында таптық қатынастарға зор мән беріліп, этникалық фактордың маңыздылығы мойындалмағаны белгілі. Бірақ, тарихи тәжірибе этникалық құбылыстардың әлеуметтік және саяси үрдістердегі мәнін сақтап қана қоймай, күшейгендігін көрсетті. Ұлттық проблема бүгін жаһандық мәселелердің біріне айналды. Отарлау жүйесінің күйреп, тарих санасына жаңа ұлттардың пайда болуы бұл мәселеге зор мән бергізді. Бүгін ұлттық қатынастарды әлеуметтік антропология, психология, әлеуметтік философия, этнопедагогика және басқа да ғылымдар зерттеулерін жалғастыруда. Бүгінгі қауіп-қатерге толы, ұлтсыздық пен экстремизм бас көтерген заманда толеранттылық немесе төзімділік, өзгені сыйлай беру қаншалықты тиімді? Егер, мемлекеттің тілін сыйламау, меңгермеу, тіпті масқаралау, мемлекеттік рәмізді қорлаумен келісу болмайтындығы ақиқат болса да, төзімділік көрсету керек деген қағиданың солқылдақ екендігі белгілі. Толеранттылық ештеңеге араласпаушылық, селқостық, ықылассыздық, пәрменсіздік, басқаны қабылдай беру дегенді білдірмейді. Жеке адам, қоғамның басым көпшілігі қабылдамаған, мойындамаған құндылықпен келісу мүмкін емес жағдай.
Сонымен, тарихи қалыптасқан ұлттық-этникалық қауымдастықтардың тұрақтылығы, беріктігі оның адамдардың маңызды қажеттілігі, сұраныстарынан, тіпті мұқтаждықтарынан туып отырған жағдай. Ол біріншіден, ұлттық сана-сезім, психология оның мәдени және рухани құндылықтарының бейнесі, ұлттың ұлт ретінде басын біріктіріп, тұтастығына, тарихын сақтауына негіз болады. Ал, екіншіден, этникалық стереотиптер, ұстанымдар басқа ұлттарды қабылдауға, «біз» бен «оларды» салыстыруға, олармен араласып, алысып-берісіп өмір сүруге бағыт береді.
Үшіншіден болса, адамның дүниетанымы, рухани бейнесі, мәдени таңдауы, өмір салты, дәстүрі, наным-сенімі көп жағдайда этникалық тегіне байланысты. Сондықтан да, ұлттық қауымдастық конструктивистер айтқандай жасанды идея емес. Белгілі бір тарихи қажеттіліктен пайда болып адам өміріне де зор ықпалын тигізіп отырады. Сөйтіп, өзінің қалыптасқан мәдени, әлеуметтік, дәстүрлі, тілдік ортасынан бөгде ортада адам өзін-өзі әлсіз, дәрменсіз сезінеді, кейде тіпті күлкілі көрінеді. Оның іс-қимылы басқа ұлт өкілдеріне оғаш көрінуі де әбден ықтимал. Оның мәртебесі, оның қаржысымен емес, өмір сүретін ортасы, білімділігі, мәдениеті, тәрбиесімен айқындалады. Ол жеке адамды жатсынудан туған жағдай емес, керісінше өзінің басқа ортада ыңғайсыз сезінуінен туған жәйттер болып табылады.
Себебі, адамзат тарихы байлық, билік, мансап үшін таптардың, топтардың тартысы ғана емес, ұлттардың да бәсекелестігі, тәуелсіздік үшін күресі.
Бүгін жаһандану үрдісіне қарамастан, ұлттық мемлекет пен ұлттық тәуелсіздік - адамзат тіршілігінің іргелі жолы есептеледі. Бүгін ұлттық патриоттық күштердің ықпалын есепке алмай, әлемді тану, болжау мүмкін емес екендігі ақиқатқа айналып отыр. Социализм, капитализм, дейді кейбір ғалымдар, ұлт құдіретінің қасында сына қалатын жай ғана шөп сияқты деп тұжырымдамаларын жасайды.
Ал тағылымдық жағдайларымызға зер салсақ, Қазақстан тәуелсіздігі төңірегінде күні бүгінге дейін әр түрлі пікірлер айтылуда. Кейбіреулер барлық республикалар Одақтан біржола кеткеннен кейін, Қазақстан амалсыздан жариялады дегендей пікір айтса, енді біреулер Қазақстан соңғы күнге дейін жаңа үлгідегі Одаққа сенді дейді.
Қазақстанның ұлт саясатының тағы бір тағылымы егеменді елдің ұстанымында жатыр. Қазақстан Республикасы - басқа мемлекеттер сияқты, этностардың бәсекелестік алаңы, олардың орынды талаптарын қанағаттандыратын, орынсыз даулары мен дәмелерін де саралайтын кеңістік болып табылады. Ұлтаралық және ұлтішілік қатынастар ахуалы қашан да күрделі, тұжырымдар, пікірлер мен ой-толғауларға толы. Мәселелердің шешілу жолдары, сауалдары мен оған жауаптары да оңайға соқтырмайды, келіспеушіліктер де туындап жатады.
Бүгінгі ахуалымыз, Мемлекетіміз тарыдай шашыраған қазақтың басын қосуға біраз күш салды. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «шет елдерден 800 мыңнан астам отандастарымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты»- деді. Дегенмен, ел ішінің тыныштығы жайбарақат, қаперсіз, бейжай көңіл-күйге, келісімнің сылбыр, марғау, қамсыз ахуалға ұласпағаны керек. Кейде тұрақтылық төңірегінде қарабайыр, жаттанды ресми насихат халықты жалықтырады, ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін проблемаларды мүлдем біржола шешілгендей, барлығы тап бүгінгідей бола беретіндей көреміз. Экраннан әр түрлі тілде ән шырқап, би билеп жүрген ұлт өкілдерін көріп, ішіміз одан әрі жібіп, мейірленуге де болар еді. Алайда, күнделікті тұрмыс ән мен биден тұрмайтынын, кейде күрделі мәселелердің барлығын біле тұра оларды айналып өтуге тырысатынымыз өкінішті-ақ. Көңіл толмас жақтары да баршылық.
Ұлт саясатын талдағанда қазақ ұлтының мәселесі алға шығатыны бәрімізге анық. Бүгінгі ақпараттық заманда қазақтар өз мәртебесін кеңес заманымен салыстырып қана қоймайды. Сонымен қатар көптеген мемлекеттермен салыстырғанда, мемлекет құраушы қазақ ұлтының отарланған ұлт екені әлі күнге анық байқалып тұр. Оның дәлелі ретінде: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл, мәдениет әлі басымдыққа ие бола алмады; 2) азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білудің міндетті еместігі; 3) мемлекеттік тілді халыққа қызмет жасауға қолданбау; 4) сот жүйесі, құқық қорғау органдарының байырғы ұлттың тілін меңгермеуі, сондықтан байырғы ұлттың тілін қорғамауы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz