Бастауыш сыныпта Қазақ тілі пəні бойынша жаңартылған білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері


1. Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» пəні бойынша жаңартылған білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Бастауыш мектепте "Қазақ тілі" пәнін оқыту мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
"Қазақ тілі" пәнін оқыту міндеттері:
1) тіл білімі бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;
2) сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;
3) білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту және жетілдіру;
4) тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі жағдаяттарда өз ойларын сауатты және мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру;
5) түрлі мәтіндер негізінде білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру;
6) түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикетін қолдану;
7) ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту;
8) қарым-қатынас жасаудың түрлерін мақсатты түрде қолдануға, ойын жинақтауға, ауызша немесе жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
2. 1-4 сыныптарда қазақ тілі пәнінен жаңартылған білім бағдарламасын талдау
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірдеқолдану. Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта - аптасына 4 сағаттан, оқу жылында - 136 сағатты;
2) 3-сыныпта - аптасына 4 сағаттан, оқу жылында - 136 сағатты;
3) 4-сыныпта - аптасына 4 сағаттан, оқу жылында - 136 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі - әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту) ;
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді) ;
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді) ;
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою) ;
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады) .
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олардың білім алушыларының сөйлеу практикасында қолдануына бағытталған. Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі.
Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын өзі бөле алады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі Жазба жұмыстарының түрлері
2-сынып 3-сынып 4-сынып
Сөздік диктант 5-7 сөз 9-12 сөз 12-15 сөз
Диктант 25-30 сөз 35-50 сөз 55-70 сөз
Көшіру 25-30 сөз 35-50 сөз 55-70 сөз
Мазмұндама 40-60 сөз 60-80 сөз 80-100 сөз
Шығарма 25-35 сөз 35-55 сөз 65-70 сөз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz