Абай - ұрпақ жүрегінде
Абай - ұрпақ жүрегінде.
Мақсаты: Абай атамыз жайлы жалпы мағлұмат беру. Абай - ұрпақ жүрегінде атты тақырыпты ашу.
Абай өлеңдері арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, ғылым, білімді сүюге баулу, рухани құндылықтарымызды дәріптеу.
Туған жерін, оның табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Әдісі: Әдеби-сазды, поэзиялық.
Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Гетенің, А.Пушкиннің, Н.Лермонтовтың, И.Крыловтың портреттері. Кітаптардан көрме. Абай туралы слайд.
Жоспар:
1.Абай өмірі.
2.Абайдың оқуға білімге шақыру өлеңдері.
3.Абайдың табиғат туралы жазған өлеңдері.
4.Абайдың аудармаларымен танысу.
5.Ой толғау, сұрақ-жауап.
6.Абай - композитор.
7.Абайдың қара сөздері.
8.Қорытынды.
Теледидардан Абай қойылымындағы Сегіз аяқ әні орындалып тұрады.
-Балалар, мына көрініс-қойылым кім жайында деп ойлайсыңдар?(Абай атамыз)
-Балалар, мына ән сендерге таныс па? (Абай атамыздың Сегіз аяқ әні.)
Биыл, 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар басталады. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланып отыр. Балауса бөбекжайында Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына байланысты Абай күнін өткізгелі отырмыз.
Алғы сөзді Балауса бөбекжайы басшысы Кожагелдиева Меруерт Сламқызына береміз.
Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Әкесі - Құнанбай, анасы - Ұлжан, әжесі - Зере. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай ең алғаш Ескітам деген әкесінің қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Абай дін оқуымен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұламалардың шығармаларымен танысады. Орысша сауат ашады. Абай жастайынан зерек бала болады.
Абай әр түрлі тақырыптарда өлең жазады. Оның өлеңдері жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ғылым - білімді сүюге шақыратын өлеңдер. Сонымен қатар Абай атамызды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды адам өмірімен байланыстырып жырға қосады.
Ғылым таппай мақтанба.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілуін өмірін алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Интернатта оқып жүр.
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы.
Жаңа өспірім көк өрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы.
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Әсемпаз болма әрнеге.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Білімдіден шыққан сөз.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Балалар әдебиеті - эстетикалық тәрбиелеу құралы ретінде Абай зор мән бере білген. Абай жылдың төрт мезгілін табиғаттың әсем көрінісін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жас өспірімдерге тіршілік тірегі деп түсіндіреді. Адам бейнесінде суреттеп жазған өлеңдерінің кішкентай үзіндісін оқығанда ақ көз алдыңа аяз ата не адам бейнесі елестейді. Табиғатқа жан бітіре өмір тілімен суреттеген. Меңіреу тасты, қырдың қылтанағын, сарқыраған бұлақты, майда қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен сөйлете білген.
Жаз.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда.
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Қыс.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Көктем.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Күз.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Қансонарда.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz