Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қоса аласың


Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қоса аласың?
Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын. Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса -ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады». Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!»
Тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне, егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға отызға жуық жыл толып отыр. Ұлт-азаттық көтелістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық. Ел тізгінін ұстаған Елбасының сарабдал саясаты қазақ елін биіктетті. Қазақстан мелекетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік-басты қағидаларының арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, тәуелсіздік жылдары көп істер атқарылды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, қазақ халқының береке, бірлігі артты. Білім мен ғылым, технология дамыған заманында мектептер мен жоғары білім беретін университеттер, балабақшалар салынып жатыр. Сан түрлі мамандықтар ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді. Алаш арысы Мағжанның
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! - деп бүгінгі жастарға үміт артып кеткенін байқаймыз. Сондықтан мен ата-бабамыздың мұра еткен жерін одан әрі көркейту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасауға тырысамын. Осындай ғажайып мемлекетте тұрып, бейбітшілік күннің астында өмір сүргеніміз - ең үлкен бақыт. Қаншама нағыз патриот қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу - біздің парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас - мемлекеттің жарқын болуына септігін тигізер керемет сезім.
Шоқтығы биік еліміздің шоқжұлдызы Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Еліміздің өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім керек», деген үні бүкіл қазақ үшін жаңғырып тұр. Тәуелсіздікке де қолымыз жетті. Өзіміз қалаған оқу орнында да білім алудамыз. Алда енді бір ғана мақсат - еліміздің өркенуден өсуі, ел экономикасының жақсаруы, ұлттық индустриямызды жаңа серпінмен дамыту. Мен де өз елімнің азаматшасы ретінде ұлттық индустриямыздың өркендеп өсуі үшін қандай үлес қосамын деген сауал көкейімді кернеп, бүгінгі күндік ең өзекті тақырыбыма айналуда.
Біріншіден, цифрлы технологияларға екпін жасай отырып, өндірістік тізбектерді түрлендіру басты міндет деп ойлаймын. Себебі, бүгінде кез-келген елде тіпті әлемде байланыс орнау үшін технологиялар ең негізгі байланыс құралы болмақ. Ал оны түсіну үшін алдымен «Цифр» терминін біліп, үйрену негізгі мақсат. Еліміздің қолға алып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да осының айғағы болмақ. Ал мендік атқаратын негізгі міндет халқымыздың сауаттылығына жұмыс жасап, тек сапалы және пайдалы ақпартты ұсынып БАҚ құралдары арқалы халық пен өкімет арасындағы тығыз байланысты сақтау болмақ.
Екіншіден, кәсіпкерлік рөлдің өсуі ұлттық индустриямызды дамытудың басты шарты. Бұл тараптан да елімізде әр азамат үшін кез-келген мүмкіндік жасалған. Халқымызда кереметтей сөз бар: «Балық бергенше қармақ берейін» - дейді. Еліміздің әлемдік деңгейде экономикасының жоғары болуы кәсіпкерлердің біршама еншісін алары анық. Осы орайда менде жеке кәсіп бастау арқылы халқымыздың қажеттілігі үшін жұмыс жасауға әзірмін.
Үшіншіден, көрсетілген қызметтердің үлесі мен маңыздылығын арттыру және өнеркәсіптегі креативті секторлардың өсуі ұлттық индустрияның өркендеуіне жол ашары анық. Атақты өнертапқыш, бизнесмен Стив Джобстың айтқаны бар: «Мен әртүрлі қызмет атқаратын әр адамға жеке-жеке ақша төлегенше, соның бәрін атқаратын бір адамға ақы төлегенім артық» деген екен. Өнеркәсіптің жол ашары бұл бірден-бір сапалы қызмет көрсететін - қызметкерлер және олардың креативті ойлары ең үлкен қазына. Бүгінгі таңда керемет ойлау қабілетің болса ешқандай қиындық тумайды. Креативті ойлайтын қызметкерлер әр өнеркәсіп үшін ең құнды дүние болмақ. Сондықтан менде креативті ойлау арқылы өз ісімнің шебері бола аламын. Жоғары сапалы қызмет көрсету бұл - елін сүйетін әр азаматтың бойында болуы тиіс ең негізгі қаруы деп ойлаймын. Себебі бұл қасиет тікелей адамдық қасиеттермен, адамгершілікпен ұштасып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz