Қашықтықтан оқыту технологиясы және әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қашықтықтан оқыту технологиясы және әдістемесі

Қашықтан оқыту технологиясы - оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту - компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысын құрайды.
Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша жетістіктерге де ие:
:: Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
:: Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша)
:: Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
:: Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
:: Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту
есебінен);
:: Жаңа технологияларды қолдану;
:: Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен
денсаулық жағдайына қарамастан);
Барлық елдегі ақпараттық - оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
:: Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
:: Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
:: Құрылымының ашықтығы.
:: Сәйкестілігі.
:: Кеңейгіштігі..
:: Жан-жақтылығы.
:: Сенімділігі..
:: Үлестірімділігі.
:: Масштабталуы
1

:: Қолданушының ортақ интерфейсі.
:: Өңдеудің қарапайымдылығы.
:: Тасымалдануы.
:: Қауіпсіздігі.
:: Басқару қарапайымдылығы.
:: Көпмәнділігі.
:: Жұмыстың тиімділігі
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы. Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы.Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдау.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары.Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.
ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР - ның Мемлекеттік білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. ҚОЖ - де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы. ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары. Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары.ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.
9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары. Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға тез бейімделіп, оның сана - сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.
2

Қашықтан оқыту жүйесінің типтері:
Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет. Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымы:
Қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымының элементтері:
Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АКТ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс- әрекетін қалыптастыру
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Музыка сабағында қашықтықтан оқытудағы компьютерлік технологиялар
Пәндер