Жалпы географиялық шолу карталары, ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС 9
ЖАЛПЫГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ КАРТАЛАРЫ.ЖАЛПЫГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ КАРТАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалпыгеографиялық карталар табиғаттың негізгі ерекшеліктері мен территорияның әлеуметтік- экономикалық объекті туралы сипаттама береді және физикалық, экономикалық және саяси географияның басты элементін көрсетеді. Бұл карталар жер бетінің бейнесінің жалпылау сатысымен айырады және топографиялық карталарға қарағанда орналастырылған құбылыстармен қарастырылып отырған ұсақ масштабты жалпыгеографиялық карталар табиғи және әлеуметтік- экономикалық бөліктерді аз мөлшермен көрсетуге міндетті. Онда өсімдік жамылғысының толық бейнесі көрсетілмеген, шаруашылық сипаттамасы шектеулі болып келеді. Өйткені мұнда жер бетінің магниттелуі, територияның климаттық ерекшеліктері, оның геологиялық құрылуы көрсетілмеген, сонымен қатар фауна көрсетілмеген, жалпыгеографиялық термині ұсақ масштабты карталарға дәл келеді.
Табиғи ландшафт бөліктерінен жалпыгеографиялық шолу карталардың мазмұнына басты негізде су объектілерінің бейнесі және жер бедері кіреді, ал әлуметтік- экономикалық - елді мекендер, хабар беру жолдары және территорияның саяси- әкімшілік бөлінуі. Сонымен қатар өсімдік жамылғысының жеке бөліктерін (ормандар), грунттарды, тағы мәдениет және шаруашылық объектілерін көрсетеді.
Бұл карталарда бірнеше айырмашылықтар болады көрсетілетін бөліктерге қарағанда. Мысалы, тундра мен ормандардың таралуын көрсететін карталар болады (жасыл түспен көрсетілген), бұл карталарда көбінде өсімдіктер формациясы көрсетілмесе де.
Жалпыгеографиялық шолу карталары даму барысында көп кезеңдерін өткізді. Географиялық ашылулардың тарихи Атласында және зерттеуде (1959 ж.) жалпыгеографиялық карталардың көптеген үлгілері көрсетілген, әр түрлі тарихи дәуірлерде дамыған. Карталарды салыстыру мынаны көрсетеді, бейнелеу тәсілдері уақыт уақыт өтуімен өзгеріп отырғанын. Сондықтан картаны сыртқы көрініс әр дәуірде бір- бірінен өзгеше болып келеді. Барлық дәуірлерде карталарды су, құрлық бетінің үлкен пішіндері, қоныстану орындары және жолдар көрсетілген.
Мұндай мазмұнда Птолемейдің ежелгі Рим картасы, Фра- Мауроның Қайта өрлеу дәуірінің картасы (1459 ж.), Иван Грозный кезінде шыққан Мәскеу мемлекетінің Үлкен сызба картасы және басқалары. Осылай, бөліктерді жинау бойынша қазіргі жалпыгеографиялық карталар саяси- әаімшілік шекаралар мен кейбір өсімдік жамылғысының бөліктерімен ежелгі карталардан ерекшеленіп келеді.
Жалпыгеографиялық шолу карталары ең көлемдегі мағлұматтарды қосып алады. Мұндай картаны оқу көрсетілетін территорияның географиялық орналасуын және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуын көрсетеді, аудандардың қатынастарын, құрлық пен теңіз алып жатқан, және жер бетінің құрылуын, яғни жер бедерінің үлкен бөліктерінің сипаттамалары; құрлық суларының түрлері мен ерекшеліктері, сонымен қатар су мен жер бедерінің арасындағыф арақатынас.
Өзен торларының географиялық орналасуы: жиілігі мен территорияның батпақтану дәрежесі жалпыгеграфиялық карталар бойынша жер бөлігінің климаттық ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік береді.
Картаның саяси- экономикалық мазмұнын оқып білу адамдардың территория бойынша тарлуын білуге мүмкіндік береді. Сонымен, жалпыгеографиялық карталар территорияны танып білу кезінде негізгі анықтамалық мағлұмат болып келеді. Олар тақырыптық карталарды құрған кезде негізгі сипаты болып алынады.
Жалпыгеографиялық карталар көбінесе атластарда болады. Сонымен қатар стендік жалпыгеографиялық карталар шығарылады. Ерекше сипаттаманы үстелдік анықтамалық жалпыгеографиялық жеке мемлекеттер, мемлекеттер тобы және басқа территориялық картас береді.
Қазіргі заманда шыққан қатпар карталары барлық материктер мен әлем бөліктерінің барлық территориясын бейнелейді. Мұхиттар мен теңіздер картасы да болады. Бұл барлық карталар экономиканы, климатты және қалалардың планын көрсетеді. Бұларда мәтіндік анықтамалар да болады.
Жалпыгеографиялық шолу анықтамалық карталар бейнеленетін құбылыстың жинақтау сатысы мен безендіруі бойынша жай карталардан ерекшеленеді. Жалпыгеографиялық шолу оқулық карталарында көбінесе табиғат ресурстарын көрсетеді, ал анықтамалық карталарда бұл элемент болмайды. Сонымен қатар оқулық карталарында өсімдік жамылғысы көрсетілмейді, хабар беру жолдарының кейбіреулері көрсетіледі.
Су объектілерін бейнелеу.
Құрлық сулары және теңіздерін жағалау сызықтары географиялық карталардың негізгі бөлігін құрайды. Теңіз жағалаулары, өзендер мен көлдер картада елді мекендердің орналасу орнын және басқа географиялық объектілерді көрсету үшін бағдар болып келеді.
Жалпыгеографиялық карталарда әлемдік мұхитты сипаттағанда, оның жағалау сызықтарын көрсеткенде, оның жер бедерінің түбін горизонтальдық бөліктерін көрсету үшін. Көптеген жалпыгеографиялық карталарда теңіз жолдарының бағыттарын орналасуын көрсетеді, ал кейбіреулерінде - мұхиттық ағыстарды, сонымен қатар қалқып жүретін мұздардың таралу аймақтарын көрсетеді.
Теңіз түбінің жер бедерінің қазіргі жалпыгеографиялық шолу карталарында көбінде тереңдігі бойынша айырмашылығы арқылы бейнелеу тәсілімен көрсетеді. Бұл тәсіл гипсометрлік деп аталады.
Теңіз тереңдігін сатысының шекарасы болып изобата табылады. Изобата - ұзындығы бойынша тереңдігі өзгермейтін сызық. Изобатаны тереңдік белгісі бойынша құрады, горизонтальдардың биіктік белгілері салынатындай етіп. Жалпыгеографиялық ұсақ масштабты карталарда изобаталарды бөліктену тереңдік интервалыен салады, терең емес бөліктерде изобаталар арасындағы интервалды үлкен емес болады, ал қашықтаған сайын олар үлкейеді.
Стандартты тереңдік шкалалары жалпыгеографиялық шолу карталары үшін болмайды, бірақ барлық карталарды изобаталарды көрсетеді, әлемдік мұхитты жер бедерінің үлкен пішіндерін көрсететін.
200 м изобатамен материктік қайраңды сызады, 2000 м изобатамен материктер беткейі мен мұхит қолатының шекарасына сәйкес келеді, ал ең терең қолат бөлігі - терең шұңғыма - 6000 м изобатамен көрсетіледі. Изобата үшін биіктік қимасын материктің беткей бойында анықтамалық карталарда 50 немесе 100 м- мен көрсетеді, материктік беткейді 200 м- ге көбейеді, кейде көбірек болады. Үлкен тереңдікте мұхиттың қолатына сәйкес келетін қима 1000 м- ге дейін, тіпті 2000 м- ге жетуі мүмкін. Оқу карталарында биіктік интервалдары изобаттар арасында одан да үлкен болады.
Изобаттар арасында тереңдік сатысы гипсометрлік тәсілмен бейнеленгенде көк түске боялады: тереңдеген сайын көк түс қоюлана түседі. Изобаттар тереңдік бойынша шекараларды көрсетеді және түстін өзгеруін, әрбір зонада біркелкі болатын. Гипсометрлік тәсілмен теңіз түбінің жер бедерін бейнелегенде қолданылатын карталар әр түрлі өзгерістер болатынын ескеру қажет.
Осындай аудандарда аквотория нүктелерінде қарастырылып отырған карталарда тереңдік белгілерін орнатады, гипсометрлік бейнелеу тәсілі қосылатын. Белгілермен бейнелейді, мысалы, әлемдік мұхитта берілген бөліктің ең үлкен тереңдігін. Бұл карта бойынша анықтауға болады, Қара теңізде ең үлкен тереңдік 2210 м, Ботникалық шығанақ Балтық теңізінде - 124 м, Курило- Камчатка шұңғымасы Тынық мұхитта 9717 м құрайды және т.б. Көбінде тереңдік белгілерімен аз тереңдікті көрсетеді (Па- де- Кале - 36 м) және басқалары.
Жағалау сызықтарын бейнелеуге және теңіздің барлық жағалаулық зоналарын бейнелеуге үлкен көңіл береді. Теңіздің жағалаулық бөліктері өзіне көңіл аударады, теңіз шаруашылығына үлкен мән береді, өйткені көбінде теңіз жағалаулары мемлекеттердің шекаралары болып келеді. Теңіз жағалауларында табиғаттың дамуы қиын әрі динамикалық түрде болып келеді.
Ғылымда теңіз жағалауларының толық жіктелуі көрсетілген. Оларды жалпыгеографиялық шолу карталарында көрсеткен кезде жағалау құрудың дәл ерекшеліктерін беруге мүмкіндік береді. Географиялық Атласта (1980 ж.), ұсақ масштабты карталарда әр түрлі жағалауларын бейнелеуін көрсететін кесте бар. Әрбір жағалауды сипаттаған кезде жағалау сызығының пішіні үлкен роль атқарады. Аккумуляциялық жағалауларда жағалау сызығы түзу болып келеді, ол өз бағытын біркелкі өзгертеді. Абразоикалық жағалауларда, теңіз үшін бұзылатын, жағалау сызықтар Атласта көрсетілген Теңіз жағалауларының түрлері кестесінде.
Үлкен зендердің өзен жүйелері үлкен ауданды алып жатады. Сондықтан олардың балық бөлігі тек қана шолу карталарында көрсетуге болады. Ең басты өзенді үлкен қалыңдықпен сызық шартты белгімен көрсетеді.
Жалпыгеорафиялық ұсақ масштабты карталар бойынша өзен жүйелерінің ерекшеліктерін жалпы конфигурациясы бойынша көрсетуге болады, симметрлік және асимметрлік, сонымен қатар басты өзеннің жоғарғы, ортаңғы және төменгі ағыстары. Карта бойынша алаб жүйелерін құруға болады, оны өлшемі және пішіні, қоректену ауданының ерекшеліктері мен су бөліктерінің сипаттамалары. Өзеннің сызықтық белгілеуінің ұзындығы оның созылуын көрсетеді. Ұзын өзеннің бастауын табуын оңайлату үшін онда оның атауын жазады. Бірақ өлшенген кезде есте сақтау керек, ұсақ масштабты карталарда өзен ұзындығын генерализация бойынша кішірейтеді.
Өзеннің кішірею сатысын берілген картада көрсету үшін онда өлшенген өзеннің ұзындығы мен оның ұзындығымен салыстыру керек. Мысалы, Москва өзені 502 км. 1: 1,25 млн. масштабты анықтамалы картада (СССР Атлас, 1983 ж.) оның ұзындығы тек 375 км, яғни нақты ұзындықтың 75 co- ін құрайды. Осы өзеннің ұзындығы 1: 2,5 млн. Масштабты картасында 240 км- ге тең болып шықты, яғни нақты ұзындықтың жартысын құрайды.
Карта бойынша әр түрлі өзендердің ирелеңдігін және әр түрлі алқапта өзен жүйелерінің тығыздығын айыруға болады. Бірақ бұл көрсеткіштерді абсолюттік шамалары жинақтау бойынша өзендерді таңдағанда үлкен шамаларға бұрмаланады.
Өзендердің шартты белгісінің ені масштабтан тыс болады. Картада өзендерді бейнелегенде арнаның нақты енін еске алады, және жылдық ағынның мөлшерін, анықтамалық емес, сонымен қатар оқу шолу карталарында өзеннің шартты белгісінің қалыңдығын картаның масштабында көрсетпейді арнаның нақты ұзындығына қатысты алғанда.
Арнаның ерекшеліктерінен шолу карталарынан шоңғалдар мен сарқырамалардың бар болуын сағасының сипатынан білуге болады. Жалпыгеографиялық шолу карталарынан изогипсаларды және белгілерді қолданып басты өзеннің көлденең кескінін алуға болады.
Жалпыгеографиялық шолу карталарында көлдер әр түрлі болып сипатталады, бейненің көлеміне байланысты. Мысалы, Каспий теңіз - көлі шнақты көлдердің бейнесінен өзгеше болады. Карталарда үлкен көлдерді көрсеткен кезде жағалаудың түрін және көл түбінің жер бедері туралы айтуға болады. Кіші көлдерде тек қана ең терең жерін белгімен көрсетеді немесе тереңдік көрсетілмейді.
Көлдердің сипаттамаларында оның тұздылығын көрсетеді: суларды көк түспен бояйды, ал тұзды суларды - көгілдір немесе күлгін түспен бояйды.
Көлдерді карта бойынша оқыған кезде аңыздан көл бояуының түстерінің мағынасын білу керек. Көлдердің тереңдігін теңіз алабтарының тереңдігінің шкаласымен анықтағанға болмайды. Жағалауды көрсету үшін үзіліссіз сызық пен пунктир сызық қолданылады.
Жалпыгеографиялық ұсақ масштабты карталарда кіші көлемді көлдер сулары көрсетілмейді. Тек қана тығыз болып келетін жағдайда ғана оларды көрсетеді. Бірақ мұндай ауданда көрсетілген көлдердің алып жатқан аудандары, дәл пішіні көрсетілмейді.
Топырақ- өсімдік жамылғысы және грунттардың жер бедерін бейнелеу.
Құрлық жер бедерін географиялық карталарда көрсету оңай жұмыс емес: жер бетінің пішіні үлкен көлемді денелерді көрсетеді, оны жазықтықта көрсету керек.
Жалпыгеографиялық шолу карталарында жалпы қасиеттерін және жер бедерінің ерекшеліктерін үлкен ауданда көрсетеді. Осы карталар бойынша жер бедерінің үлкен пішіндерінің орналасуын көрсетеді, яғни, қандай бөліктерін жазықтық, қандайын үстірттер мен қыраттар немесе биік таулы аймақтар алып жатқанын көрсетеді. Жер бедерін картаа бейнелегенде биіктік түрін және таулы мемлекеттерді көрсетеді, сонымен қатар жер бедерінің пішініні асолютті және қатысты биіктігін берілген нүктеде алады. Жер бедерін бейнелеген кезде оның нақты түрін алуға тырысады, көбінесе олардың пішіндері пластикалық түрде алуын көрсетеді.
Картографияда жер бедерін бейнелеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Бірақ олардың ешқайсысы жоғарыда аталған шарттарға сай келмейді. Сондықтан қазіргі кезде жалпыгеографиялық шолу және тақырыптық карталарда жер бедерін бейнелегенде бірнеше тәсілдер қолданылады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - биіктік белгілері, бояудың гипсометрлік тәсілі. Қазіргі заманғы карталарда жер бедерін бейнелеуде перспективалық және басқа тәсілдер қолданылып келеді.
Гипсометрлік тәсіл (қабаттасқан бояу тәсілі, биіктік сатысы бойынша бояу). Ол горизонталь тәсіліне ұқсас болып келеді. Оның негізіне картада сызықты жүргізу жатады, топографиялық карталардың горизонтальдарына ұқсас болып келетін. Соңғыларынанан қарағанда шолу карталарында горизонтальдар толық жалпыланған және олар изогипа деп аталады. (грек изос - түзу, гипос - биіктік).
Горизонтал мен изогипса арасындағы айырмашылық мынада, жер бедерінің қиылысуы топографиялық картада тұрақты, ал ұсақ масштабты карталарда изогипсалар арасындағы интервал берілген әр түрлі биіктікте біркелкі емес болып келеді.
Ұсақ масштабты карталарда изогипсалармен құрлық жер бедерінің үлкен пішіндерін көрсетеді. Сондықтан барлық жалпыгеографиялық шолу карталарында 200 м изогипса жүргізіледі, жазықтықтарды биік аймақтардан айыру үшін, 500 м изогипса қырат пен таулы үстірттің арасында жүргізіледі, 1000 м изогипсаны аласа тауларды, 2000 м изогипсамен орта биіктікті тауларды көрсетеді.
Теңіз деңгейі мен изогипсаның арасындағы интервал 200 м анықтамалық жалпыгеографиялық карталарда жер бедерінің қиылысуы көбінесе 50 және 100 м орнатады. Өте үлкен интервалда (200- ден 1000 м- ге дейін) бұл карталарда қиылысу шамамен 100 м- ден 200 - 250 м- ге дейін көбейеді. 1000 - 2000 м арасындағы изогипсалар жер бедерінде 250 - 500 м болып келеді, ал одан биік ол үлкен шаманы қамтиды - 500 м- ден көп. Осылай, жер бедерінің қиылысуы әр түрлі биіктік бөліктерінде 10 есе өзгеруі мүмкін (50 м- ден жазықтықтан 500 м- ге биік таулы аймақтарда).
Жалпыгеографиялық (анықтамалық) шолу карталарында келесі изогипсаларды көрсетуге болады 0- 50 - 100 - 150 - 200 - 250 - 300 - 400 - 500 - 600 - 800 (немесе 750) - 1000 - 1500 - 2000 - 2500 - 3000 - 4000 және әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Алматы облысының этникалық құрамы
Географиялық карталарды топтастыру
Маштаб туралы жалпы түсінік
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Карталардың классификациялары
Пәндер