Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәні, рөлі, қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№3 семинар тақырыбы
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәні,рөлі,қызметтері

1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламалары
Бүгінгі күні жер жүзінде білім беру саласындағы ғалымдар мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындаймыз? деген мәселе.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында болып отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысуда.
Халықаралық білім беру кеңістігінің даму тенденциясының бірі оқушылардың білім нәтижелерін бағалық зерттеуді ұйымдастыру болып табылады.
Қазіргі кезде халықаралық мәртебеге ие көптеген бағалық зерттеулер бар. Олардың мақсаттары әртүрлі және осыған қарай ұйымдастыру әдістемесі, зерттеу ауқымы, тексеру құралдары және т. б. ерекшеленеді.
Басқа пайдалы шаблондарды мына жерден жүктеп алыңызОқушылардың білімінен күтілетін нәтижелеріне жетуін бағалаудың кеңінен танымал халықаралық зерттеулеріне мыналар жатады
::PISA (Programmer for International Student Assessment) оқушыларды бағалау бағдарламасы;
::TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалау бағдарламасы;
::PIRLS (Progress In International Reading Literacy Study) оқу машықтарын бағалау бағдарламасы.
Қазақстан халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа сапалы білім беру саясатын құра отырып, 2009 ж. бастап PISA салыстырмалы зерттеуіне қатысады.
PISA өзінің құралдарын оқушылардың шынайы өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу үшін білімдерін қолдану қабілеттілігін бағалайтын құрал ретінде пайдаланады. Бұл тәсіл зерттеу тапсырмаларында үлгіленеді.
Зерттеу оқушылардың қалыпты өмір үшін меңгерген дағдыларының құндылығын, іс-қимыл сауаттылығын барынша ауқымды мағынада өзектендіреді. PISA шеңберінде 15 жасар оқушылардың ересек өмірге қадам басуға дайындығы бағаланады.
Мемлекеттер PISA зерттеуіне тек ел үкіметі қабылдаған шешімнің негізінде ғана қатыса алады.
PISA бағдарламасына қатысушылар міндетті
::мақсатты топтарды анықтаудың халықаралық талаптарына сәйкес зерттеу өткізу үшін пилоттық мектептер мен оқушыларды дайындауға жауапты болуға;
::бағдарламаға қатысушы мектептерді іріктеу мен бағалауды басқару үшін өкілеттіліктері мен ресурстарын қамтамасыз етуге;
::сауалнамалардың бағалаушы буклеттерін аударуға, дайындауға және басып шығаруға мүмкіндік жасауға;
::сауалнамаларды жіберу мен оларды ары қарай өңдеуге мүмкіндік жасауға.
PISA бағалауы үш бағыт бойынша өткізіледі:
::оқудағы сауаттылық;
::математикадағы сауаттылық;
::жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық.

Жоба оқушылардың оқудағы жетістіктерін сыни бағалаудың бірегей үлгісін ұсынады. Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша білім негізіндегі машықтар мен дағдылар жүйесіне нақты талаптар белгіленді. Әр үш бағытқа сәйкес ұпай саны беріледі.

PISA бағалауы 3 жылда бір рет өткізіледі. Бағалаудың әр циклі негізінен үш бағыттың біріне баса назар аударады.
Математикалық сауаттылық - адамның математика саласындағы білімін әртүрлі шынайы өмірлік жағдайларды шешудегі жеке таңдауын негіздеу үшін қолдану қабілеті.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық - физика және астрономия, география, биология және химия саласынан алған білімдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда компьютерлік оқыту және бақылау бағдарламаларының рөлін анықтау
Білімді бақылау формасы
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Информатиканың теориялық негіздері
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Критериалды бағалаудың құрылымы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы
Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясы
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Пәндер