Қашықтан оқытуға арналған веб - сервистік платформалар


Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформалар
Мақсаты: Студенттерге қашықтан және онлайн оқыту түсінігі мен айырмашылығын жеткізу; Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформаларға түсіндірме беру және олармен жұмыс жасау.

- Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері - мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:
- ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер) ;
- ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер
Синхронды және асинхронды оқытудың айырмашылығы төмендегі кестеде берілген.


Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформалар:
- Daryn. online -Еліміздегі жастар ресурсын әлеуметтік жағдайы мен қашыққа қарамай сапалы біліммен қамтамасыз ететін платформа (1-сурет) . Ата-ана баласына қосымша сапалы білім алу үшін оқытушы-репетитор немесе білім беретін орталықтар іздеп уақыттарын жоғалтпайды. Платформамен жұмыс жасау үшін балаға интернет желісі және компьютер болса жеткілікті. Еліміздегі білікті ұстаздардан тәулік бойы білім алуға мүмкіндік жасалған. Яғни, ата-ана баласына тәжірибелі, білікті ұстаздардан онлайн білім алуға жағдай жасай алады.
1-сурет. Daryn. online платформасының негізгі беті
- IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы- қазіргі заманауи технологиялар мен білім беруді ұштастыру арқылы ұстазға бен балаға тиімді көмекші құрал. Платформада бастауыш мектеп бағдарламасын толықтай қамтитын танымдық анимациялық сабақтар мен оны бекітуге көмектесетін жүздеген ойын түріндегі тапсырмалары бар. Бұл оқыту кешені бастауыш мектеп бағдарламасында оқытылатын негізгі 8 пән бойынша (2-сурет) толықтай анимацияланған сабақ үлгілерін ұсынатын, 170-тен аса тақырып қамтылған. Курстар интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы фунцияланған классификациялау жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс жасайды. iMektep-ке тіркелген аккаунтпен BilimLand және iTestсайттарын да пайдалана алады.
2-сурет. IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы
BilimLand - бұл электрондық оқыту бойынша цифрлық білім беру платформасы. Бұл - заманауи білім беру контентінің ірі цифрлық кітапханасы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде барлық пәндерді қамтыған 30 мыңға жуық электронды сабақ, тренажер, интерактивтік жаттығулар, оқытуға арналған видео, анимациялық фильмдермен қамтылған кешен (3-сурет) .
Қызықты электронды сабақтар балаларға дайындалуға көмектеседі әрі бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылықтарын оятады. Сондай-ақ, математика, физика, химия, биология және басқа да мектеп пәндері бойынша ең күрделі тақырыптарды қарапайым және қолжетімді тәсілмен түсіндіреді.
3-сурет. BilimLandцифрлық білім беру платформасы.
- OPIQ. KZ -Отандықэлектрондық оқулықтар платформасы. Бүгінде порталда бірнеше баспаның («Aлматыкітап баспасы», «АрманПВ» және «Edu Stream») қазақ және орыс тілдеріндегі 75 оқулығы пайдалануға дайын (4-сурет) .
4-сурет . OPIQ. KZ электрондық оқулықтар платформасы
- Google Classroomонлайн қызмет түрлерін ұсынатын веб-сервис. Оқу үрдісін басқару жүйесінемесе оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекеттестігі үшін Google қолданбаларын қолдануға болатын LMS.
Ерекшеліктері:
- Кез келген құрылғылар арқылы қашықтықтан басқару
- Арнай программаны жүктеп орнатуды қажет етпейді
- Веб-сервис түрлерінің ақысыз берілуі (Google Диск15 ГБ көлемді ақысыз орын беріледі)
- Google Classroom ұсынатын веб-сервис түрлері: Google Drive, Google Docs, Google Hangouts, Google Calendar, Gmail
Аталған веб-сервисті ашу. Кез-келген браузердің мекен-жай қатарына Classroom. google. com теріп немесе https://edu. google. com/products/classroom/?modal_active=none сілтемесі арқылы өтуге болады (google chrome браузерін кеңес береміз) . Егер Сізде Gmаil. cоm электронды почта болса онда сол почта арқылы кіруге болады, жоқ болған жағдайда жаңа аккаунт ашу қажет (5-сурет) .
5-сурет. Google-ға тіркелу жолы



6-сурет. Қажетті тілге ауыстыру. Тіркеуден өтпес бұрын қолдану тілді таңдауға болады.
Аталған веб-сервиске тіркелу үшін жеке Аккаунт ашу қажет.

7-сурет. Google Classroom веб-сервисін таңдау

9-сурет. Тіркеуден өту үшін телефон номерін енгізіп барлық функцияларды толтыру
11-сурет. Алғашқы Google Classroom терезесі. «Жалғастыру» батырмасын басу арқылы келесіге өту.
12-сурет. «Өз рөліңді таңда» деген терезесінде «Оқытушы немесе студент» рөлдерді таңдау қажет
13-сурет. Ашылатын жаңа курс (пән) бойынша барлық талаптармен танысып «Жалғастыру» батырмасын басу

15-сурет. Курс (пән) терезесімен жұмыс
1. Мәзір қатары; 2. Курстың (пәннің) жұмыс жасау функциялары; 3. Курсты (пәнді) баптау және қосымша қызмет түрлері; 4. Курстың (пәннің) коды
Тіркелген соң, пәннің коды білім алушыларға жіберіледі. Білім алушы пәннің кодын жазып, сол пәнге тіркеледі. Білім алушының Google Classroom терезесінен «Присоединиться» батырмасы арқылы Оқытушы пәніне қосыла алады. Сондай-ақ, оқытушы тапсырма түрлеріне қарай жаңа тапсырма құруына болады (16-сурет) .
16-сурет. Жаңа тапсырмалар қосу.
Тапсырма құруда қосымша файлдарды 17-суреттегі түрлері бойынша жүктеуге болады. Сонымен қатар, тапсырма Кім үшін жасалып жатқанын бақылап отыра алады. Ол үшін алдын-ала оқытушы барлық қатысушыларды тіркейді. Тапсырма бойынша бағалау критеийлері де қарастырылған.
17-сурет. Қосымша файлдарды жіктеу
Тапсырма бойынша бағалау критерийлерін құруға болады. Оқушыға бағалар көріну/көрінбеуін баптау терезесінде өңделеді (18-сурет) . Бағалау критерийлерін бағалап болған соң «Сақтау» батырмасын басыңыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz