Бақыт - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені. .



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бақыт - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені...
Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат... Әл-Фараби
Бақыт... бұл ұғымға әр адамның өзінше анықтама берері анық. Әлдекім бақытты - отбасы, денсаулық, жақындарының амандығы деп білсе, біреулер бақытты байлықтан, мансаптан іздеуі мүмкін. Бақыт - ол шектеулі мағына, бұлжымас теория емес. Бақыт - ережені ескермейтін, жүректен ғана орын алатын, аясы кең ұғым. Мен үшін бақыт ол - Алланың нәсіп еткен әрбір күні, үлкенді-кішілі әрбір нығметі, тосыннан топ етіп бұйырта салар тосын сыйы, сонымен қатар, құлаған сайын қайратымды тасытып, шыдамымды шыңдай түсетін әрбір сынағы... Мен үшін бақыт - денсаулық, отбасы, мамандық, ақша деген сықылды жаттанды сөздерден аулақпын. Әрине, атап өткен бұл құндылықтардың баршасын бағалаймын, қадірлеймін. Алайда, менің балаң санамдағы бақыт ұғымы бір ғана мағынаға байланбаған. Бақыт - ол әрбір күн. Және сол күнде орын алған әрбір сәт, әрбір нығмет. Сұңғыла ойлардың хас шебері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы, - дейтін тамаша сөзі бар. Демек, бақытты бір ғана нәрседен іздеу, өмір бойы сол бір нәрсеге жұмыс жасау - қателік. Бақытты жан - жақты қарастырып, түрлі тұрғыда сезіне білу керек. Ал енді бір сәт ойланып қараңызшы, Сұлтекең тілге тиек еткен ең ұлы қасиет сіздің бойыңызда бар ма? Бақытты болуға талпынасыз ба? Бақыттысыз ба? Хош, бақыт ұғымына талдау жасап көрейікші. Бұл тұста біз міндетті түрде ат басын Әл-Фарабидің бақыт жайындағы толғамдарына бұрамыз. Ұлы ұстаздың қаламынан туған Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу атты тамаша туындыларын жанымызға серік етеміз. Ұстаз Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу атты еңбеутерінің негізгі түпкі ойы- бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында сөз қозғайды. Бақытқа жету- философияның алдыңғы шарттарының бірі деп есептейді. Бұл еңбекте ғұлама бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, жабырқауы осының бәрі адамның жан дүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқып іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетелейді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысына қол жеткізеді деген сөз. Сондай-ақ, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3.Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды. Әл-Фарабидің философиялық еңбектері мен Аристотельдің еңбектерін салыстырып көрейікші, Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттары мен Аристотельдің Жан туралы еңбегінде бақыт түсінігінің қарама- қайшы келетін тұстарын байқаймыз. Бірінде бақыт таза теориялық түрде берсе, екіншісінде, бақыт теориялық және практикалық түрде берілген. Енді, Әл-Фарабидің бақыт тұрғысында қозғаған нақты тұжырымдарына көз жүгіртсек, бақытқа жету жолындағы күресінде адам үш түрлі жағдайды басынан өткереді. Олар: 1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды. Осы үшеудің ішіндегі ақыл-парасат - адамдардың бақытты болуы үшін Алланың сыйлаған сыйы. Адам нақ осы ақыл арқылы адам болған...; Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш, - деген пайым айтады. Сөйте келе, ақылды, парасатты болу үшін адам өмір бойы оқумен, оқығандарын бойына тоқумен, жақсылардан үйренумен өтеді: Үйрету дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз. Жақсы тәрбиемен дұрыс бағытта берілген білім адамды кемелдікке, даналыққа қарай бастайды. Даналықтың ерекшелігі - әрбір түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі болса және адам өмірінің мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Бақыт жолын сілтеу , Қайырымды қала трактатының негізгі желісін баяндау
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби
Әл-Фараби қала мемлекеттердiң екi түрi және оның билеушiлерi туралы
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Адам табиғаттың тамаша туындысы
Бақыт туралы кітап
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тіл білімі
Пәндер