Медиапедагогикалық тұжырымдамалар: талдау, даму перспективалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақ 5-6. Медиапедагогикалық тұжырымдамалар: талдау, даму перспективалары

Медиабілім беруді дамытудың негізгі бағыттары. Қазіргі заманғы оқу орындарында білім берудің жаңа технологияларына артып отыр. Ол тұлғаның оқу-танымдық әрекеттерінің мотивациясын артуына ықпал етері сөзсіз: - медиабілім берудің белгілі салаларын тереңдетіп оқыту үшін факультативтер ұйымдастыру («Медиа мәдениет негіздері»), «Компьютерлік графика, дизаин» т. б. ; - оқыту мақсатында түрлі медиа - ресурстарды пайдалану, жаңа ақпараттық мәдениетті құру және дамыту; - информатика кабинеттерін компьютерлендіру, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернетке қосу үдерістері жүзеге асырылуы тиіс; - оқу орындағы баспасыны - видео, веб - парақ, сайтын құру; Біздіңше, медиабілім беру дегеніміз - қазіргі заманға сай бұхаралық қатынас құралдарын меңгертуге бағытталған теориялық және тәжірибелік білім - біліктерді меңгерту. «Медиабілім беру» термині 1970 жылдардың басында пайда болды, сонымен бірге «визуалді сауаттылық» тұжырымдамасы қалыптасты. Тұжырымдама авторлары тұлғаның бойында кешенді біліктіліктерді қалыптастыру қажет деп есептеді, оған келесі біліктіліктерді жатқызуға болады: түрлі әдебиеттерден қажетті ақпаратты табу, ақпаратты сыни тұрғыдан саралау, негізгі мәнін түсіну, ақпараттың бағыты мен мақсатиын түсіну; берілген белгілері бойынша ақпаратты жүйелеу. Оқу пәні мен “сыртқы” ақпарат ағындары арасындағы байланыстарды тауып, нақтылы берілген оқу материалына сәйкес келетін есептерді шығару керек. Медиатекаға тоқталатын болсақ, аталмыш терминнің нақтылы және ортақ анықтамасы жоқ.

Медиатеканың құрамдас бөліктері: - кітапхана - мәтіндер сақтау орны ; - фонотека - механикалық, сөйлеу, магнитафондық және электрондық- оптикалық дыбыс жазбалары ; - фильмотека - бейнетаспалар; - ойын (игротека) - ойын залдары, ойындар, автоматтар. Медиатека бірінші кезекте көпсалалы кеңістікті «орналастыру» міндеттерін іс жүзінде шешу үнін қажет. Медиабілім беруді енгізу үшін мектепке не қажет? 1990 жылдардың басында мектептерге медиатека қажет болды, сол жылдардың соңында мектептерде медиаорталықтар құрылды, ал XX ғасырдың басында мектептердің өзінің арнайы құрылымдық бөлімшелері - 67 ақпараттық және мультимедиалық технологиялар қызметін қалыптастыру қажеттілігі туындады, яғни кітапхананы, медиатеканы, радио, тораптарды, т. б дамыту мектептерде бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құруды қажет етті. Білім беру үрдісіне қатысушылардың атқаратын қызметтерінің түрлері мынадай: педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер туралы ақпараттар алады, оқытуға арналған интернет - ресурстар; білім беру жобаларына, сайыстарға, викториналарға қатысуда мектептің жұмысын ұйымдастырады; виртуалдік МББ аясында оқыту әдістемесі бойынша ақпарат алмасады; веб - парақтар, сайттар құрады және басқа аймақтардан қол жетімді жаңаша білім беру ресурстарын алады, педагогикалық интернет - бірлестіктің жұмысына қатысады.

Адам кәсібилігінің қажетті құрамдас бөлігі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Кәсіби құзыреттілік мәселесі отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарында қарастырылады. Кәсіби құзыреттіліктің заманауи бағыттары және түсіндірмелері тіптен әртүрлі. Қазіргі кезде шетел әдебиеттерінде бар кәсіби құзыреттілік анықтамалары, яғни «терең білім», «тапсырманы адекватты орындау күйі», «қызметті актуальды орындау қабілеттері» және басқалары бұл ұғымның мазмұнын толық нақты түсіндіре алмайды. Және де отандық ғалымдармен кәсіби құзыреттілік мәселесі белсенді зерттелуде. Көп жағдайда бұл ұғым біліктіліктің жоғары деңгейін және кәсібилікті айқындау үшін ішкі оймен пайдаланылады. Кәсіби құзыреттілік маманның дайындық сапасының сипаттамасы, еңбек қызметінің тиімділік әлеуеті ретінде қарастырылады. Педагогикада бұл категория «жалпы мәдени құзыреттіліктен» туындаған өнімді компонент ретінде немесе «маманның білімділік деңгейі» ретінде қарастырылады. Егер кәсіби шеберлік деңгейлер жүйесінде құзыреттілік орнын анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. Төменде біз педагогикалық зерттеулерде педагогтің кәсіби құзыреттіліктің тұлғалық қасиеттерге, кәсіби іс-әрекеттің мазмұндық және процессуалдық компоненттерден тұратынын айқындайды.

Кәсібилік дегенде біздер әр түрлі жағдайларда күрделі қызметті адамдардың жүйелі, тиімді және сенімді орындауының ерекше өзгешелігі деп түсінеміз. «Кәсібилік» ұғымында қоғамда бар стандарттар мен объективті талаптарға сәйкес кәсіби қызметте адамның психологиялық құрылымын игеру деңгейі бейнеленеді. Кәсібилікті игеру үшін сәйкес келетін қабілеттер, ниет және мінездеме, үнемі оқуға және өз шеберлігін жетілдіруге дайын болуы керек. Кәсібилік ұғымы жоғары білікті еңбек сипаттамасымен шектелмейді, бұл және адамның ерекше дүниетанымы.

Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.

1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.

3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.

Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және де оны тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды. Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін педагогтың кәсібилігін бағалау міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз.

Педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделі қызығушылық туындатып отыр, онда әр келесі блок келесі компоненттердің «өсуіне» арналған платформа» құра отырып, алдыңғысына сүйенеді. Блоктың құрамдас моделі педагогикалық құзыреттіліктің алты түрін ұсынады: білімдік, қызметтік, қарым-қатынастық, эмоционалдық, жеке, шығармашылық. Педагогты оқыту процесінде оның құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше мәні атап көрсетіледі. Мәтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кәсіби құзыреттілік мәселесі бойынша зерттеулерді талдауды ескере отырып, педагогикалық бейіндегі мамандарға қатысты қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пәндік сала және педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі енгізіледі.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т. б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.

Мотивациялық-еріктік (мотивация - себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.

Функционалдық (лат. functio - орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.

Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico - байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Стратегиялық және оперативті контроллинг
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Қазақстанның сақтандыру компаниялары инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
STEM-ПӘНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНЫП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ИДЕЯСЫНА НЕГІЗДЕУ
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Оқыту процесіндегі жаңа технологиялар
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz