Қазақ би - шешендері туралы
Майқы би,Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие құралы . Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ққтамберді, Үмбетей, Бұхар, Көтеш, Шал т.б. ақын-жыраулар шешендігі
Қазақ би-шешендері сөз өнерін барлық өнерден жоғары қойып, Өнер алды -- қызыл тіл, Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ, Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, хас шешендер сөз табар, Тілі мірдің оғындай сияқты көптеген қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді, сөз оралымдарымен тұрақты теңеулерді тілдік қолданысқа кеңінен енгізіп, келер ұрпаққа шешендік өнердің мол асыл мұрасын қалдырды.
Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында би мен шешен атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мəселен, би шешен дегендегі би сөзінің өзінің беретін мəні, атқаратын қызметі ерекше болған.
Би атанған адам қандай болуы шарт? Би сайланбалы қызмет емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам болған; би жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет.
Ертедегі ділмəр шешендердің көсем де, шешен сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны əр түрлі жағдайларда жүзеге асқан. Би-шешендердің құнды ойлары тегіннен тегін айтыла салмаған, орынды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. Мəселен, келелі мəселелер үлкен жиын-топтарды, тіпті отбасы, ошақ қасын да қамтыған. Онда тез арада шешімін табуы тиіс мəселелер дидактикалық ақыл-өсиетке толы философиялық ой-түйіндер де молынан кездеседі.
Қазақтың би-шешендері ғасырлар бойы ұрпақтарды сөйлеу мəдениетін игеруге қалыптастырды. Шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған асыл мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарды бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған.
Қазақ халқы - сөз қадірін өз қадірім деп білген,кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғыза білген халық."Өнер алды - қызыл тіл" демекші,сөздердің ең асылы - шешендік сөз болған.Шешендік сөзбен шешімін таппас дауды шешіп қана қоймай,соғыста қарсыласты жеңген.Қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдеріне:Майқы би,Жиренше,Асанқайғы,Саққұлақ шешен,Ақтайлақ шешен,Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және т.б. жатады.Осындай би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.
Қазақтың тұңғыш биі атанған Майқы би -- ұлттық, шешендік өнеріміздің атасы. Халқымыздың аңыз-əңгімелері бойынша, Майқы əділ бітім айтып, шешім шығарған парасатты, ақылды би болған. Майқы халқына адал болып, оның бейбіт өмірін жақтаған адам. Түгел сөздің түбі -- бір, түп атасы Майқы би деген халық даналығы осыдан шыққан. Семей жеріндегі Шыңғыстауда Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан сайлағанда Майқы би батасын берген:
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады.
Асылдан асыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады.
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады.
Мылжыңнан езбе туады.
Қыдырмадан кезбе туады.
Майқы бидің ұлы дарыны оны елдің сөз ұстаған ұлағатты биік мəртебеге көтерді. Оның көп тебіреністері қоғам дамуына, ел тірлігіне арналады. Ел мүддесі, мемлекеттік бірлік пен береке туралы Майқы би өз толғамдарымен ұрпаққа өшпес өсиет сөз қалдырды. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уəлиханов Ұлы қырғыз-қайсақ ордасының аңыз, əпсаналары атты еңбегінде Майқы би туралы толымды түсінік берген. Шоқанның тарихи тұжырымын Абай жазған сөздермен байланыстырса, Майқы бидің елдік, мемлекеттік рухының ғылыми байыбы дəйектеле түседі.
Береке түбі -- бірлік, Бірлік түбі -- тірлік, Жеңіс түбі -- ерлік!
Майқы би айтқан ой талай-талай ғасырлардан бері қазақ халқының, түркі жұртының дəстүрлі қағидасы, аталы сөзі болып келеді.
Қазақ ауыз əдебиетінде Төле би туралы аңыз-əңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың көпшілігінде Төле ақылды, əділ, шешен жəне халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында да, Төле ХVII - XVIII ғасырларда өмір сүрген, өз заманының ақылды, білімді, парасатты азаматы болған. Төле бидің туған əкесі -- Əлібек. Дəстүр бойынша Төлені халық Үйсін Төле би деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыз бойынша, Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған, Əулиеата (қазіргі Жамбыл) төңірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент төңірегінде Жиделібайсын жерінде, Сырдың бойында көшіп жүрген. Көп тұрған жері -- Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Төле көп жасаған адам. Оған дəлел, Ұлы жүз Төле би мен Кіші жүз Əйтеке би бірігіп, Орта жүзден Қасқа көл деген көлді даулайды, бірақ Орта жүздің бас биі Орманбет оларға:
Екі би, айтқан сөзің жарасады,
Еншіге əркімдер-ақ таласады...
Қасқа көл Орта жүздің көлі еді ғой,
Айтқандарың қиянатқа жанасады, -- деп көлді бермейді. Кейін Орманбеттің анасы көндіріп, көлді үш жүздің рулары бірге жайлайтын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне разы болып былай депті:
Қасқа көлді алам деп келіп едім,
Орманбет бермеген соң өліп едім.
Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып,
Мəңгіге тірілместей болып едім...
Төле -- Тəуке ханның жеті жарғы, бас биінің бірі. Əз Тəуке тұсында Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы жағдайының бірсыдырғы нығайғаны белгілі.
Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бəтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен
Өзен бойын жағалар, -- деп сөз бастай бергенінде:
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без, -- деуші еді. Мына бала кім өзі?, -- дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап тұрып:
-- О, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінəлімін бе келіп қалсам он беске!
Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға лайық па?
О, игі асқар тауымыз,
Əділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда
Жасырынып жауымыз? -- дейді. Сонда төрдегі би:
-- Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса, сақа қой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға ғой, -- деген екен.
Балам, ағалық билікті саған бердім, -- дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз,Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, -- деп билік айтады. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
-- Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол! -- деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші, бүтінші болған батыл елші, парасатты мəмлегер ретінде мəлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек (он төрт жасында делінеді) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтəжіге барып, батылдығымен əрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап əкеткен адамдарын, айдап əкеткен малдарын қайырып алып қайтады. Осы жолы Қазыбек Қаз дауысты Қазыбек деген құрметті атаққа ие болады. Қаз дауысты Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уəлиханов та естіген. Ол ХVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар дейтін мақаласында былай дейді: Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз? деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып алған Қаракесек Қазыбек жəне тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісəлі. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған.
Қазыбек биге бір адам:
Кім жақын, не қымбат? -деген сұраққа жауап беріңізші, -- деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты боса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын -- қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың -- шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен,
Бəрінен де əйелің жақын.
* * *
Алтын ұяң -- Отан қымбат,
Құт берекең -- атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың -- əкең қымбат.
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Артына аталы сөзі қалаған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі -- Əйтеке.Шоқан Уəлиханов белгілі билердің бірі ретінде Əйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды.
Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған жəне туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тəуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Əйтеке болған. Сайып келгенде, Əйтеке шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.Əйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мəлім. Бір аңызда Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек ертеректе өлген бір кісінің құнын даулап Кіші жүзге келеді, дау бірнеше күнге созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік жақта отырған бір жігіт:
Асқар тау, сенде бір мін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz