Математиканы оқытудағы саралау және даралау тәсілдерінің ұғымдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Математиканы оқытудың саралау мәселесіне арналған әдістемелік жұмыстарды зерттеу

Математиканы оқытудағы "саралау" және "даралау" тәсілдерінің ұғымдары

Алдымен саралап оқыту деген ұғымға анықтама бере кетсем.

Негізінен саралау білім беру мазмұнын білікті үйренуге, оқушының қабілетін ары қарай дамуты үшін барынша жақсы білім беру ортасын қалыптастыру.

Оқытудағы саралаудың негізгі мәні білім алушының оқудағы жеке айырмашылықтарын ескере отырып, олардың әрқайсысына пайдасын беретін жұмыс түрін анықтай білу.

Оқытуды саралау деп - білім алушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай әрқалай сыныптар, топтар, мектептер үшін білім алу ортасын қалыптастыру жіне әртүрлі топтарда оқытуды қастамасыз ететін әдістемелік, психо-педагогикалық және ұйымдастырушылық іс-шара кешені.

Ал енді саралап оқыту деген ұғымға тоқтала кетсек, бір ақпаратты барлық білім алушы басқа оқыту әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқыту деп ұғына аламыз. Сонымен қатар, оқытушы әрбір білім алушының оқу қабілетіне қарай тапсырмаларлы деңгейлеріне қарай жіктеп, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.

Саралап оқыту:

  • Мұғалім ерекшеліктерне қарап топ болып құрылған оқушылар тобымен жүргізілетін жұмыс түрі;
  • Сабақ барысын оқушылардың деңгейлеріне қарай құрылған дидактикалық тапсырмалар бөлігі;
  • Білім алушылардың оқу мақсаттарына сай сабақ барысын дұрыс жүргізу;
  • Білім алушылардың тиімді білім алуына мүмкіншілік беретін шағын, аз қадамдардан үлкенге өзгерту;
  • Сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізу. Білімділікті, түсіністік пен дағдыны әр түрлі тапсырмалар берудің түрлі тәсілдері бар екенін көрсету;
  • Білім алушылардың өзіндің ерекшелірн ескере отырып, жоспар құру;
  • Олардың білімдерін арттыру мақсатында қабілеттеріне сай әр түрлі қосымша тапсырмалар беру.

Зерттеу нәтижесіне қарасақ саралаудың сыртқы және ішкі екі түрін атап көрсетті.

Сыртқы саралау деп - білім алушылардың қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай тұрақты түрде топқа бөлу.

Ішкі саралау - оқушылардың кездейсоқ белгілері бойынша өзіндік ерекшеліктері арқылы құрылған тұрақты тобын айтады.

«Не себепті саралаймыз?» деген сұраққа жауап берсек:

  • Әр оқушы әртүрлі;
  • Әр оқушының үйренуі әртүрлі;
  • Бір оқушыға ұнаған жер екінші балаға ұнамауы мүмкін.

«Бұл ерекшеліктерді қалай, қайдан білдік?» :

  • Өткен білімдері арқылы;
  • Өткен тәжірибелері арқылы;
  • Мәдени құнды қасиеттері арқылы;
  • Биологиялық таным көкжиектерінен;
  • Жетілу деңгейлерінен;
  • Білім алуды мәдени қабылдауынан.

Сынып ішінде де өзара бөлінетін саралаудың мына түрлерін атап айтсақ болады: оқушылардың өзіндік қабілеттері бойынша, деңгейлік және қызығушылықтары бойынша саралау .

Саралау тәсілдері:

  • Тапсырма
  • Дереккөздер
  • Қарқын
  • Жіктеу
  • Бағалау
  • Диалог және қолдау көрсету
  • Қорытынды

Оқыту кезіндегі «тапсырмада» саралаудың орны ерекше

  • құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді;
  • оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау;
  • күрделілігіне қарай алға ілгеріленіп отыратын тапсырмалары бар карточка пайдалану.

Негізгі тапсырмалар кейінгі тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, сыныптағы кей оқушлар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Кейінгі тапсырмалар күрделі болғанымен, негізгі тапсырманы нәтижелі орындаған оқушылар үшін қиындық келтірмеуі мүмкін.

Тапсырмаларды оқушының өзіне таңдап орындалуына мүмкіндік жасаңыз!

Математикадан бір мысал:

Белгілі бір қатаң шектеулі тапсырмалар нәтижесі даралықты көрсетпейді. Таңдаудың көп болуы кеңейтілген жаттығулардағы проблемалар оқушыға қызығушылық тудыра алатындай болуы керек. Мысалы: 65×2= . . . Бұның жауабы кейбір оқушылар үшін қызықсыз болуы мүмкін. Сондықтан да сыныптағы қабілетті оқушыңыздың қажеттілігін ескеруіңіз қажет.

Бұл есепті кеңейтілген түрде құрастырып, өздерінің таңдауына мүмкіндік беріңіз:

65×2= . . .

(60×2) + (5×2) = . . .

(60+5) × 2 = . . .

((6×2) ×10+(5×2) ) = . . .

Есепті кеңейтілген түрде беруде оқушылардың таңдауына мүмкіндік болады. Тапсырмаларды кеңейтіп бере отыра, оқушылардың алаңдауын, мазасыздануын алдын-алып, қызығушылықтарын арттыруға болады және де нәтижесінде жұмыс сапасы да артады.

Сыныптағы жұмыстарды кейбір оқушылар жылдам , ал кейбіреуі баяу істейді. Яғни, қарқын ұғымы:

  • кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді;
  • қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады;
  • негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Қорытындылай келе, білім беру барысында саралауды балаларға деңгейлері бойынша тапсырма орындауда көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл іс-әрекет әрбір оқушының өзіне деген сенімділігі мен ынтасын арттырады. Саралаудың әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану мұғалімге де, оқушыға да өзіндік пайдасы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқшауланған математика
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері
Математика пәннің оқыту әдістемесі
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
Математиканың бастауыш курсындығы алгебралық материалдардың мазмұны
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫНДА АЛГЕБРАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математикалық есептерді шығаруды оқытудыңмәселелері
Математикалық мазмұн ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz