Этнос және ұлт әлеуметтануы


Т. Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
Доклад
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: “Этнос және ұлт әлеуметтануы”
Орындаған: Карабатыр Жания
Тексерген : Жумагулов М. О.
Алматы, 2021
. Этнос және ұлт.
2. Ұлт этностық жоғары типі.
3. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.
4. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.
5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.
.
1. Этнос және ұлт.
Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениеті және тіл белгілері бар, мінез-құлық, қоғам жане басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа беріетін мәдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі-мәдени құндылық. Этнос дегеніміз бір мемілекет территориясында өмір сүретін адамдардың тұрақты өзара әрекеті. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. б. білігі жатады. Олар жиынтығында белгілі этникалықмәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік нагізінде құрылады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ-ұлттық топтасу. Ұлт дегенімізтерритория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көріетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдық, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт - капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісі, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т. б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.
2. Ұлт этностың жоғары типі.
Ұлт этностың жоғарғы типі - ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші сал - дәстүрлері мен діңі бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ эконмикасы, сол ұлт өкілдерінің біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт және этнос» ұғымдары біріне - бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерде қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси - әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жер шарында 2 мыңнан астам ұлттармен этностар бар. Олар 5 мыңнан астам диалектілерде сөйлейді 330 - ға жуық этностың 1 млн. және одан коп өкілдері бар. Ал қалған 1700 - ден астамы 1 млн-ға жетпейтің адамы бар аз саңды этностар қатарына жатады. Осыншама көп саңды ұлттар мен этностар әлемде 200- ден астам мемлекеттерге біріккен. Соңдықтан әлемдегі мемлекеттердің 90 % - ы көп ұлтты немесе көп этносты мемлекет болып табылады. Көптеген көп миллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Ұлттық өмір мен ұлтаралық қатынастардың өте күрделі екндігін осы деректерден - ақ көруге болады. Олардың арасында жерге, қазба байлықтарына, билікке, тілге байланысты этностық қайшылықтар тоқтаусыз жүріп жатады. Мысалы Таяу Шығыстағы еврилер мен арабтардың жер үшін таласы, Испаниядағы, Ресейдегі, Солтүстік Ирландиядағы т. б. елдердегі этно қайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда. 19 - 20 ғасырларда азсанды этностық топтар аса жылдам ассиммляциялана бастады. Мысалы 1939 ж өткен халық санағында Кеңес Одағында
193 этнос, ал 1959 ж 135 ұлт
пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60 - қа жуық саны аз этностық топтар жойылып
,
ассимиляцияланып кеткен.
3. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.
Республикамызда әрбір адамзаттың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсетуге немесе көрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстанда қазір 130 - ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілірі келеді, өздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет - ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, заңды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемістпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі - қазақ халқы республикамыздағы басқа халықтардың басын қосып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандық», «жалпы қазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.
Республикамыздың гүлденуі оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми - техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Сонда оның әрбір адамы да ауқытты, жақсы тұрады. Сондықтан мұнда тұрған әр халықтың өкілі жалпы Қазақстанның, әр облыс, аудан, елді мекеннің табысына қуанып, соған қажырлы еңбегімен аянбай - талмай үлес қосу керектігін сезіну тиіс. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.
Сайып келгенде, біз құрып жатқан құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам. Мұнда оның қай ұлт - ұлысқа, дінге жататыны есептелмейді. Біздің міндетіміз - этникалық өзіндік өзгешіліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық - мәдени алуан түрлігін сақтау. Сонда ғана еліміз ұлтаралық келісімі жарасқан, қоғамдық - саяси ахуалы тұрақты аймақ болып, әлемде беделі артпақ. .
4. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.
Біздің көп ұлтты республикамыздың саяси өмірінде ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Қоғамда таптар, әлеуметтік топтармен қатар этникалық құрылымдар: ру, тайпа, халық, ұлт деген ұғымдар бар. Осы күнгі дүниеде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Ұлтаралық қатынас күрделі әлеуметтік - саяси проблема. Осы тұрғыдан келгенде, ұлтаралық қатынаста саясат шешуші, негізгі, басты орын алады. Саясат тұрғыдан қарағанда ол проблемалар: ұлтаралық қатынас, ұлттық және интернационалдық мүдделердің арақатынасы, ұлттық мәдениет және ұлттық тілдердің ерікті түрде жүргізілуі және дамуы, басшылыққа ұлттық кадрлардың қатысуы. Осы саяси мәселелерді шешу үшін ұлттың тарихи дәстүрін, әлеуметтік көңіл күйін тағы көптеген факторлармен санасу керек. Ұлт мәселесі барлық уақытта нақтылы - тарихи мазмұнда болады.
5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.
Ұлт мәселесін шешудегі кейбір саяси принциптер. Ең алдымен ұлттардың өзін - өзі билеу құқығы. Ол мәселе қазіргі уақытта нақтылы, ашық, тікелей қойылуының нәтижесінде республикалар өздерінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялады, соның нәтижесінде
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz