Майкене - жоғары майлы өсімдік


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Майкене»
Орындаған:
Тобы:
Тараз 2021
Жоспары:
1. Май кене жайлы анықтама.
2. Май кене қасиеттері.
Майкене - жоғары майлы өсімдік. Тұқымында жалпы 47-50% кеппейтін май болады, ал ядросында 64-71% болса, жаңа сорттар құрамындағы майдың мөлшері 73-74% жетеді.
Майкене тұқымында өте улы зат - рицин болады және оның құрамында циан тобы мен рицинин (алкалоид) кіреді.
Өсімдік майы өзінің жабысқақтылығымен және төменгі температурада (-160С дейін) қатаймайтын қасиеттерімен құнды. Сондықтан, оны машиналардың тез қозғалатын бөліктерін майлауға пайдаланады. Майкене майы соңғы кезде авацияда және космонавтикада сұранысқа ие. Сонымен қатар, тұқымын ыстықтай сығымдау немесе еріткіш қосып экстракциялау арқылы майкене майын өндіреді, оны тері илеу, мақта-мата, лак-бояу, сабын қайнату және өндірістің басқа салаларында кеңінен пайдаланады, ал суықтай сығымдау арқылы медицинада қолданылатын кастор майы алынады. Екі тәсілмен алынған майлардың айырмашылығы, егер майкене майында аздаған мөлшерде улы зат сақталса, ол кастор майында кездеспейді.
Күнжарасынан казеин желімін алады және тыңайтқыш ретінде пайдаланады, себебі оның құрамында 7, 5% азот болады.
Соңғы жылдары май сығу зауыттарында майкене күнжарасын залалсыздандырып, малға азық ретінде қолданады. 100 кг күнжарасында 92 азықтық өлшем және 2, 6 кг қортырмалы протеин бар.
Жапырағын жібек құрттарын қоректендіруге пайдаланады, сабағынан арқан, жіп есіледі.
Майкененің отаны - Африка елдері, атап айтқанда Эфиопия мемлекеті. Оны ертеректе Египетте өсірген, одан Азияға, Америкаға содан кейін Европаға таралған.
Дүние жүзілік егіс көлемі 1, 5 млн гектарға жуық. Ең көп егісі Индия, Бразилия және Қытайда. ТМД елдерінде Солтүстік Кавказда, Украинада және Ресейдің Кубань, Ростов облыстарында және Орта Азияда өсіріледі.
Егіс көлемі 100 мың гектарға жуық, ал Қазақстанда мүлдем жоқтың қасы, тек қана жабайы түрлері кездеседі. Стратегиялық маңызды дақыл бола тұра, қажетті деңгейде өсірілмеу себебі, тұқымын жинау қиыншылығы, яғни арнайы комбаиндардың болмауы кедергі болуда.
Тұқымның орташа өнімділігі 8-10 ц/га, ал суармалы жерлерде 15-20 ц/га түсім жинауға болады.
Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Майкене Ricinus туыстығына, сүттіген тұқымдастығына жатады. Тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, ал біздің елімізде бір жылдық өсімдік ретінде өсіріледі, себебі қыстың суығына шыдамайды.
Сурет 40 . Майкене. 1, 2 - өсімдіктің егін көгі және гүлдеуі; 3 - сабақ бөлігі мен жапырақтары және гүлшоғыры; 4 - аталық гүл; 5 - аналық гүл; 6, 7 - майкененің ал-қызыл жемісі мен тұқымы; 8, 9 - парсы май кенесінің жемісі мен тұқымы.
Майкене атауы латынша «Ricinus» - кене деген сөзден шыққан, себебі дақыл тұқымының пішіні кене пішініне ұқсас. Кәдімгі майкененің бірнеше түрлері бар, олар майлы (касторник), дәрілік (рицина) және жабайы рай ағашы.
Кәдімгі майкене төрт түртармаққа бөлінеді: қан-қызыл, маньчжуриялық, занзибарлық және персиялық. ТМД елдерінде персиялық және қан-қызыл түртармақтары таралған.
Майкене өсімдігі - кіндік тамырлы, тамыр жүйесі жақсы жетілген, топырақтың 3-4 м тереңдігіне және жан-жағына 1, 5-2 м жайылып тарайды. Сабағы тік, ортасы қуыс, күшті бұтақтанған, биіктігі 1-3 м жетеді, ал көпжылдық жабайы түрлері 10 м дейін барады. Сабағының түсі жасыл немесе қызыл-қоңыр. Жапырақтары ірі, ұзын сағақты, ұзыннан тілінген 7-11 бөліктерден тұрады. Негізгі сабақта 5-20 аралығында ірі жапырақтар болады, сағағының ұзындығы 20-60 см. Жапырақтары кездесіп орналасады, алақаны тықыр, қалқан тәрізді, ені 30-80 см.
Гүл шоғыры - шашақгүл ұзындығы 60-80 см. Бір өсімдікте 2-12 дейін гүлшоғырлар болады. Шашақгүлдің жоғарғы жағында аналық гүлдер, ал төменгі бөлігінде аталық гүлдері жиналған. Біздің елімізде бір өсімдікте тек қана 3-5 шашақгүл ғана пісіп жетіледі, ал отанында 100-150 дейін піседі.
Әрбір шашақгүлдерде 50-200 дана гүлдер бар. Гүлдері ұсақ, жай бес ескекті гүл серігінен тұрады, дара жынысты. Аталық гүлдерде аталықтар көп, ал аналық - үш ұялы жатын, үш қос ескекті тозаңдардан тұрады. Майкене- айқас тозаңданатын өсімдік. Жемісі - үш ұялы шар тәріздес қауашақ, әрбір ұяда бір-бірден тұқым орналасады. Сырты тегіс, кейде тікенді. Алдымен орталық шашақгүлдегі қауашақтар піседі, содан соң бүйіріндегілері, піскен кезде қан-қызыл түртармақтың қауашақтары жарылып тұқымдары шашылады, ал персиялық түр-тармақ қауашағы жарылмайды. Тұқымы - сопақша жұмыртқа пішінді, қабығы әлсіз. Тұқымның сырты ала, түсі сұрдан - қара қоңырға дейін. 1000 тұқым салмағы 200-500 г.
Майкене - жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы 12-130С өне бастайды, көгі жаппай 16-180С пайда болады. өсіп-жетілуіне қолайлы температура 25-300С. Өсімдік барлық өсу кезеңдерінде аз уақыттағы үсіктерден (-20С) зардап шегеді.
Вегетация кезеңінің ұзақтығы 110-150 күн және өсу дәуіріндегі қажетті белсенді температуралар жиынтығы (100С жоғары) - 2500-32000С тең.
Ылғалға талабы жоғары. Жоғары өнімді ылғалды жылдары немесе суармалы жерлерде береді. Қуаңшыл жылдары өсімдіктің жапырақтары түсіп, гүлдері мен қауашақтары жетілмейді. Ылғалдың жетіспеуі өнімділікпен май шығымдылығына да кері әсерін тигізеді.
Жарық сүйгіш өсімдік. Топырақ құнарлылығына қатаң талаптар қояды. Ең жақсы топырақ типтері - қоректік заттарға бай қара және сұр топырақты жерлер. Топырақ ертіндісінің қолайлы реакциясы 6, 0-7, 3. Майкене үшін қолайсыз ауыр сазды, бастапқы және тұзданған жерлер.
Сорттары: Донская крупнокистная, ВНИИМК 165 улучшенная, Херсонская 10, Краснодарская 3, Хортицская және т. б.
Өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Майкенені күздік бидайдан, жүгеріден және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастыру керек. Майкененің өзі де жаздық астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады. Фузариоз ауруымен залалдану қаупін ескере отыра, майкенені бастапқы орнына 8 жылдан кейін ғана қайтаруға болады.
Майкененің қоректік заттарға да талабы жоғары. Ол 1 ц тұқым қалыптастыру үшін топырақтан 7, 2 кг азот, 1, 7 кг фосфор және 5, 0 кг калий жұмсайды. Дақыл үшін жақсы тыңайтқыш болып көң саналады және оны 20 т/га мөлшерінде шашу тұқым өнімділікті 20-25% жоғарылатады. Бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми зерттеу институтының деректері бойынша, майкене плантациясына N60-90Р90К30 кг әсерлі затпен минералды тыңайтқыштар беру тұқым өнімділігін 16-20% көтереді.
Топырақ өңдеу.
Майкене өсірілетін танапты күзде алғы дақылды жинағаннан кейін сыдыра жыотып, содан соң 25-27 см тереңдікке сүдігер тартады. Ерте көктемде танап тырмаланып және қажетсінше культивацияланады.
Дақылды индустриальды технологиямен өсіруде арамшөптермен күресу үшін тиімділігі жоғары топырақ гербицидін трефланды (6-8 кг/га) себер алдындағы культивацияға салады.
Егістік материалға қатаң талаптар қойылады. Себуге ірі және біркелкі сортқа тән тұқым іріктеп алынады. Тұқымдық материалдың тазалығы 98% және өнгіштігі 85% төмен болмау керек. Себер алдында тұқымдық материалды ауруларға қарсы дәріленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz