Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешім әзірлеу және қабылдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ.Жұбанов атындағы Актөбе өңірлік мемлекеттік университеті
"Экономика және құқық факультеті"
СӨЖ
Тақырыбы: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешім әзірлеу және қабылдау
Орындаған:Бисалиева.С.
Тексерген: Сайымова М.Д.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешім әзірлеу және қабылдау
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу- мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет ұғымына әртүрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, "кім басқаруға тиіс" деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек леп есептейді.
Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін -өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектілері: 1)мемлекеттік билік түрі бойынша,
2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай, 3)қызмет саласына қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай бөлінеді.
Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың заңдарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелеренің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Заңдардың әрекеттілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы:Үкімет заңдарды орындауға, сонымен қатар нақты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.
Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.
Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты анықталады.
Қызмет саласына қарай - экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш деңгей субъектілері.
Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып бөлінеді.
Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы,заң шығарушы билік органы) және жеке (басқарушы тұлғалар) субъектілер болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен сипатталады: а) заңмен реттеледі,ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге асады; б) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі қызмет түріне құқығы бар; в)субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да бір күштердің әсерінен тәуелсіз.
Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар (заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-да конституциялық билік пен басқару органдарынан басқа үш негізгі конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік институттары бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік жүйесінде әміршілдік-стратегиялық қызмет атқарады. Сонымен бірге теледидар мен радионың, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өткен жөн.
Лауазымды қызмет субъектісі- мемлекеттік қызметтің лауазымды тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты. Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік басқарудың біріңғай субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған - мемлекеттік орган өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық органның қызметінің нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі.
Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез келген лауазымды тұлғаның бір-жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтіе жағдай.
Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады:дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады.Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін - заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында қолдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін ұжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байланысты. Осыған орай М.Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың қызмет атқаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған жеке мүддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.
Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема.Объектінің шегін анықтау - пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылық ықпалы бүкіл қоғамға тарай ма, оның белгілі бір шегі бар ма деген сұрақ туындайды. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан, азаматтардың мемлекеттік емес бірлестіктерінен бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды.
Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.
Мемлекеттің басқару объектісін түсінудің басқа жолы - этатизм концепциясы. Осы концепция бойынша мемлекеттік басқару барлық қоғамға таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні - қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы мәселелерінің жасанды түрде алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.
Кейбір теоретиктердің пайымдауынша әміршілдік-әкімшілік жүйеде мемлекет халықтан талап етті, бақылады, концлагерлер мен абақтыларға отырғызды, тыйым салды және тағы басқа да қалың көпшілікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасады.Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым болды, ал қоғам өз кезегінде мемлекетке мүлтіксіз бағынды. Осының нәтижесінде халық мемлекетті адамдардан оқшау тұратын және тәуелсіз болатын билік жүргізу машинасы деп түсінді.
Қазіргі заманғы саяси ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәдени функцияларына мемлекеттің реттеушілік және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде нарық заңдары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.
2.3. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жөн. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялардың жиынтығы. Әдістеме - бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.
Қазіргі саяси ғылымда нақты саяси жағдайды талдаудың әр түрлі әдістемелік тұжырымдамалары бар. Мемлекеттік басқарудың отандық әдебиеттерінде де тұжырымдамалардың әр алуандығы орын алады. Олардың ішінен жалпыфилософиялық диалектикалық-материалистік әдістемені, талдаудың жүйелік және құрылымдық- функционалдық, кибернетикалық әдістері сияқты саяси-әлеуметтік түрлерін атап өтуге болады. Аталмыш әдістемелер дүниетанымдық негіздерінің сәйкес келмеуіне қарамастан нақты дүниені әр қырынан және әр алуан ғылыми-танымдық көзқарастар тұрғысынан болса да біршама объективті бейнелеуге бағытталған. Саяси-әлеуметтік өмірді объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылыс жасау берілген әдістемелік тұжырымдамаларды өзара байланыста, кешенді түрде қарастыруға мүкіндік береді.
Мемлекеттік басқару теориясында диалектикалық-материалистік әдістеменің қолданылуы мемлекеттің қызметін зерттеу барысында ең болмағанда үш негізгі талаптардың орындалуын: біріншіден, мемлекетті әлеуметтік жүйе ретінде және оның басқарушылық қызметін әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастыруды; екіншіден, мемлекеттік басқаруды объективті саналы (тиімді) қызмет ретінде, яғни саяси-әлеуметтік өмірдің әртүрлі нысандарында, ұйымдық-басқарушылық құрылымдарда, саяси-құқықтық актілерде, орталық мемлекеттік билік пен партиялар, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа мекемелер арасындағы нақты басқарушылық қатынастарда жүзеге асатын қызмет ретінде түсінуді; үшіншіден, мемлекеттік басқаруға нақты-тарихи тұрғыдан теориялық талдау жасауды білдіреді. Бұл даму идеясын және мемлекеттік басқарудың нақты-тарихи ерекшелігін білдіреді.
Нақты-тарихи, материалистік көзқарастар қоғамда таптық мүдделер тобы орын алып және олар басқарушылық шешімдер қабылдауға өздерінің ықпалын тигізген жағдайда ғана таптық тұрғыдан талдауды ұсынады. Мемлекеттік саясатты талдау мен мемлекеттік басқару стратегиясын әзірлеуде таптық көзқарасты жоққа шығару асығыстық. Қоғамның әлеуметтік- таптық жіктерінің артуы жағдайында оны таптық тұрғыдан қарастырмау объективтіліктен алшақтағандық болар еді. Осы жағдайда әлеуметтік-саяси талдаудағы кез-келген таптық көзқарас субъективизмді білдіретінін ескерген жөн. Алайда ол таптық мәселеге баса мән бермейтін әдістемемен жоққа шығарылуы мүмкін. Аталған жалпыфилософиялық диалектикалық-матеиралистік әдістеме жүйелік талдау әдістемесімен нақтыланады. Қоғамдық процестерді зерттеудің осы жүйелік әдісін К.Маркс өзінің белгілі "Капитал" еңбегінде алғаш рет қолданған болатын. Бұл әдістеме қазіргі әлеуметтік - саяси ғылымдарда Т.Парсон (АҚШ,1951ж.) және Д.Истонның еңбектерінде теориялық негізін тапты. Д.Истонның жүйелік үлгісі "жалпы жүйелік теориясының саяси талдауда қолданылуын" білдіреді. Саяси ғылымға "саяси жүйе", "тұрақтылық", "тепе-теңдік", "функция", "кері байланыс" және т.б. тәрізді жүйелер теориясының негізгі түсініктері енгізілді. Мемлекеттік басқару теориясындағы жүйелік әдіс- бұл мемлекеттік басқаруда біртұтастықты құрайтын іштей өзара байланыс сипатының орын алуына негізделген талдау.
Құрылымдық-функционалдық әдіс те мемлекеттік басқаруды жүйе ретінде зерттейді. Құрылымдық-функционалдық әдіс жүйенің өмір сүруі мен қызмет етуіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Қазіргі кездегі басқару теориясында құрылымдық-функциналдық талдау Н.Мысиннің айтуынша екі аспектіден тұрады. Құрылымдық аспект:а) осы жүйені құрайтын компонеттерді анықтау; б) осы компонеттердің заңды байланыстарын анықтау. Функционалдық аспект - жүйе элементтері қызметінің ішкі механизмін, сонымен бірге жүйенің сыртқы қызметін - жүйенің сыртқы ортамен арақатынасы зерттеу.
Әрбір қоғамдық жүйені сыртқы ортаның әсерін қабылдап, оған қарсы жауап қайтаратын кибернетикалық модель ретінде қарастыруға болады. Айталық, саяси жүйеге қоғам мүшелерінің қоятын талаптары және белгілі бір қоғамдық күштердің қолдау көрсетуі - сыртқы ортадан туындаса, шешім қабылдау және іс-әрекет жасау - қойылған талап пен қолдау көрсетуге жауап қайтару болып табылады.
Мемлекеттің басқарушылық қызметі қоғамдық ортақ және жеке мүдделер арасындағы қоғамдық қайшылықтар мен шиеленістерді шешуге және реттеуге бағытталған. Мемлекеттік - қоғамдық жүйелерге даму, дағдарыс, басқарушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz