Ə. Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Ə.Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі
(Баяндама)
Қазбаева Айгүл Сатбайқызы
2021-2022 оқу жыл

Мұхит атындағы ЖОББМ тарих пәні мұғалімі
aigul_kazbaeva@mail.ru
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білімді қазақ интеллигенциясының жарқын өкілдерінің бірі -- Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Ол қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, мəдениетін, шаруашылығын, əлеуметтік- экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалым, зерттеуші. Əлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерінен қазақ халқының экономикасына, тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына қатысты түрлі деректерді, сандық мəліметтерді, кестелерді жəне тағы басқа көптеген материалдарды кездестіруге болады [1].
1903 жылы Санк-Петербургте жарық көрген Қырғыз өлкесінің мәдениеті мен жетістіктері атты монографиясында Қазақстан аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштердің толық сипаттамасы, өлкені ежелден бері мекендеген түрлі халықтардың өмірі, тұрмысы мен шаруашылық түрлеріне сипаттама берілген. Археологиялық қазба жұмыстарының мəліметтеріне, өзі жүргізген зерттеулерге сүйене отырып, ол өлкедегі бұрын өмір сүрген тайпалар жайлы айта келіп, табылған археологиялық ескерткіштердің соларға тəн екендігіне тоқталады. Автор грек, қытай, ұйғыр деректеріне сүйене отырып, қазақ жерінде өмір сүрген ғұн, үйсін, арғын, найман, керей, алшын тайпаларының тарихына шолу жасап, олардың пайда болуының сипаттайды, монғол, жоңғар шапқыншылығы, Қазақ хандығының құрылуын, отарлау кезеңдерін ерекше баяндайды. Онда қазақ ұлты мен мемлекеттілігінің қалыптасуының негізі болған тайпалардың тарих сахнасына шығуы туралы құнды мәліметтер берілген.
1910 жылы Санкт-Петербургтен басылып шыққан Киргизы атты еңбегінде демографиялық, статистикалық мəліметтер басым. 1985 жылы бұл еңбекті Оксфорд университетінің Орта Азияны зерттеу қоғамы Казахи о русских до 1917 года деген атпен қайта басып шығарды. Шетелдік ғалымдардың бұл еңбекке деген қызығушылықтары тегін емес. Еңбекте қазақ этносының шығуы туралы, қазақ халқының саны, шаруашылығының толық сипаттамасы, далалық өлкенің əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне саяси өмірі туралы сараптамалық ақпараттар беріледі. Бұл еңбегінде қазақтардағы жерді пайдалану тəртібі жөнінде кеңінен жазып, ғылыми тілде айналымға енгізген қыстау, жайлау, күзеу, шаңырақ меншігі жəне т.б қазақша ұғымдарға анықтама беріп, экономикалық категорияларға жіктейді. Ол туралы: Барлық қырғыздар жылына 8 - 10 ай бойы бір орында отырып тіршілік етеді. Қырғыздардың мекені қыстау деп аталады, бұл қыс -- зима, тау -- горы сөздерінен алынған. Бұрынғы уақытта қырғыздар қыста киіз үйлерде қыстап шыққанда, олар қысқы уақыт үшін таулы жерлерден ықтасын болатын орын таңдаған, осыдан олардың қоныстары қыстау аталған ... Қыстаудың мөлшері уездің табиғи тарихи жағдайларына тəуелді, оның көлемі жайылым мен топырақ өнімділігіне байланысты. Қай жерде шөп шабудан мол өнім алу мүмкіндігі болса, соғұрлым малға азық көлемі дайындалады да, қыстау көлемі өседі. Қырғыз қыстауы шаруа селолық қауымы тəрізді қарапайым жер бірлігін көрсетеді... пайдалануында болыстардағы қыстаудың мұндай тобы статистикалық əдебиетте қауымдық-ауылдық деп аталады, яғни, қыстау мағынасында қырғыз тұрмыстарындағы жер бірлігін көрсетеді, -- деп баяндайды [2; 68,69].
Ə.Бөкейханов қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы еңбектері де қазіргі уақытты құндылығын жойған жоқ. Ə.Бөкейханов ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы ретінде Кенесары Қасымұлы тұлғасына, оның жетекшілігімен болған көтеріліске үлкен қызығыушылық танытты. К.Қасымовты ұлт-азаттық қозғалыстың негізін салушы ретінде құрметтеп, өзіне үлгі тұтқан. Оны қарулы көтеріліс арқылы қазақ халқына тəуелсіздікті қайтарғысы келген тұлға, күрескер ретінде дəріптейді. Кенесары қозғалысына ғалым өзінің Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи атты еңбегінде: Өздерінің орыс үкіметіне тəуелді екендіктерін мойындаған қазақтар, бұл жағдайға бірден мойынсұнбады, тіпті өздерінің тəуелсіздіктерін қайтарғысы келді, бірақ бұл ұмтылыстары сəтсіздікке ұшырады деп қысқаша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz