Бастауыш сыныптар бойынша белгіленген лексикалық минимумдарды меңгерту жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныптар бойынша белгіленген лексикалық минимумдарды меңгерту жолдары

Ж.Б. Қажығалиева,
Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде лексикалық минимумды меңгерту - оқу үдерісіндегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сөздік қордағы тілдік бірліктердің қолданылу жиілігі, соған орай олардың белсенділігі бірдей емес болғандықтан, тіл үйренушінің күнделікті қарапайым қолданысына ең қажетті белсенді лексиканы таңдау қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, екінші тілді оқытудың сапасын арттыру мақсатында 2017 жылы еліміздің жетекші ғалымдары мен тәжірибелі ұстаздары Қазақтілді емес сыныптарда қазақ тілін тілін оқытуға арналған лексикалық-грамматикалық минимум әзірледі. ЛГМ БҒМ-інің 2017 жылдың 10 мамырындағы №199 бұйрығымен бекітіліп, оқу бағдарламасына нормативтік құжат ретінде қосымшы тіркелді. ЛГМ нормативтік құжат болғандықтан, оны заң тұрғысынан жүзеге асыру - қазақ тілі мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі.
Өзге ұлттың қазақ тілін меңгеруінің екі қазығы: лексикалық минимум мен грамматикалық минимум. Олар қазақ тілін меңгерудің іргетасы болып табылады. Лексикалық-грамматикалық минимум қазақ тілін оқыту мазмұны мен технологиясын жаңартуға және тілді меңгеру сапасын арттыруға ықпал етеді. Әр деңгей бойынша сараланған лексикалық-грамматикалық минимум оқытудың мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға, оқытудың түпкі нәтижелері мен оны анықтаудың дискрипторларын жүйелеуге, нәтижеге бағытталған жаңа мазмұндағы білім беруді бағалауға, пәнаралық байланысты (әдебиет, тарих) ортақ мақсаттарға ықпалдастыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептегі Қазақ тілі Т2 пәні деңгейлік жүйемен оқытылады. Деңгейлік жүйе бойынша оқушының білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті (CEFR) деңгейлерін (А1, А2) негізге алып айқындалған. Деңгей бойынша оқытудың ең негізгі бағыты - сөйлеудің ең қарапайым түрінен күрделіге жету жолдары, яғни, дайын үлгідегі жекелеген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ойын айтудан бастап, өзі мәтін құрып, өз сөзімен белгілі бір тақырыпты кеңейтіп, дамытып айтуға жеткізу [1].
Оқушыға ұсынылатын оқу материалдарының көлемін белгілеу үшін және тілдік дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау үшін арнайы нормативтер болуы қажет. Бұр нормативтердің оқушының жұмысын бағалау үшін де маңызы зор. Тілдік дағдылардың өлшемдері оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін жүйелі түрде бақылау жасауға және мұғалімнің одан әрі жұмыс жасау бағытын айқындауына мүмкіндік береді.
Лексикалық минимум - оқу материалы бойынша белгілі бір уақыт аралығында оқушылардың меңгерулері тиіс лексикалық бірліктер. Оның сандық және сапалық құрамы оқу мақсаты мен кезеңдеріне байланысты. Статистикалық тұрғыдан негізгі критерийлерінің бірі- қолданылу жиілігі. Сондай-ақ лексикалық-гарамматикалық минимумның құрылымы қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымына сүйенеді.
Лексика қаншалықты маңызды? Атақты лингвист Дэвид Уилкинс Грамматикасыз қолданбай аз нәрсе жеткізуге болады, бірақ сөздік қорсыз ештеңе жеткізе алмайсың деп сөздік қордың маңыздылығын атап айтқан. Грамматиканы жаттай бергеннен гөрі сөздер мен сөз орамдарын көбірек үйрену жақсы нәтиже беретініне тоқталған [2]. Көптеген жағдайларда белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жеткізуде қажетті сөздерді таба алмай, кедергіге ұшырайды. Сол себепті қарым-қатынас жасау үшін, сөздік қордың алуандығы қажет. Бұл тіл үйренушілермен жүйелі, мақсатты жүргізілген жағдайда ғана нәтижелі болатыны белгілі.
ЛГМ-ды меңгертуде берілген сөз түрлі грамматикалық формада қолданылады. Мұғалім сөздерді баяу, анық айтады және оның грамматикалық формаларына екпін түсіреді. Мұғалім әр лексикалық минимумның тілдік және грамматикалық дағдылар аясында кем дегенде 6-7 рет қайталануын қамтамасыз етуі керек. Алайда грамматикалық формаларға арнайы тоқталудың қажеті жоқ. Әсіресе, грамматикалық терминдерді қолданбау керек.
Өзім сабақ беретін бастауыш сыныптарда әр бөлім бойынша ұсынылған лексикалық минимумды қалай меңгертіп жүрмін?
Лексикалық минимумның қатысым әрекетінің барлық түрлерінде (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым, сөйлесім), әртүрлі коммуникативтік жағдаятта белсенді қолданылуына көңіл бөлемін. Жалпы, тәжірибемде бөлімнің сабақтарын алдын-ала жоспарлаймын. Әр сабаққа тақырып қойып, сол сабақта меңгерілетін 2-3 сөзді анықтаймын. Сондай-ақ бөлім барысында сөздік қордың ауысып ұшырасу жиілігін және меңгертілетін грамматиканы қарастырамын. Сабақты лексикалық минумдарды түрлі жолдармен меңгертуден бастаймын. Ең басты талап- сөздің аудармасын айтпау. Іс-тәжірибемде жиі қолданатын және оң нәтиже беріп жүрген тәсілдер: суретті сөздік, мағыналас сөздерді қолдану, қарама-қарсы мағыналарын қатар айту, қимыл,ым-ишара арқылы жеткізу. Жаңа сөздің мағынасын білетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Жалпы білім беру пәндер циклы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қатысым әдісін қолданылу
Пәндер