Вексель және вексель айналымы



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1. Бағалы қағаздар нарығының теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Бағалы қағаздар нарығы . қаржы нарығының
құрамдас бөлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының,
вексельдің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының және
қазыналық вексельдердің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2. Вексель және вексель айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1. Вексельдің экономикалық мәні және вексель нарығының қызметі.19
2.2. Вексельдің түрлері және олардың пайдаланылуы ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Вексель айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Вексель және вексель айналымы

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Бағалы қағаздар нарығының теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының
құрамдас бөлігі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5
1.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының,
вексельдің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының және
қазыналық вексельдердің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 17

2. Вексель және вексель
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Вексельдің экономикалық мәні және вексель нарығының қызметі.19
2.2. Вексельдің түрлері және олардың
пайдаланылуы ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3. Вексель
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің
төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвестолардың санын азайтады.
Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың
қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының
тапшылығы қысқа мерзімде кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық
мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың
табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай
табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси
тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің
экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол
не бұл кәсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның
мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып
алу ықыласын шектейді.
Вексель – заңда көрсетілген нысанда жасалған және өз иесіне
міндеттеме берген тұрғыдан мерзім аяқталар алдында онда жазылған ақша
сомасын төлеуін талап етуге сөзсіз құқық беретін жазбаша міндеттеме. Ол
беру жазбасы арқылы қолма – қол ақшаның міндетін атқара отырып, тұлғалардың
шектелмеген тобы арасында айналып жүре алады.
Бұл жұмыстың актуалдылығы қазіргі таңдағы іскерлік белесенділіктің
қарқынды артуы жағдайында отандық компаниялардың өз вексельдерін
қазақстандық нарықпен қатар шетелдік қор биржаларында ашық (InitiaI PubIic
Offering IPO) орналастыру ниеті жаңа әрі тиімді қаржыландыру көздерін
іздестіру, инвестицияларды тарту мәселесінен туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – вексельдің экономикалық мәнін ашу және
вексель айналымына сипаттама беру, вексельдерді отандық бағалы қағаздар
нарығында орналастыруға талдау жасау болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеті:
- бағалы қағаздар нарығы және оның қызметін;
- бағалы қағаздар нарығы дамуының шетелдік тәжірибесін;
- вексельдің түрлері мен олардың экономикалық сипаттмасын;
- Қазасьтандағы вексель айналымының қалыптасуы мен даму жағдайын;
- Қазақстандағы бағалы қағзадардың негізгі мәселелері мен оны шешу
жолдарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық базасы ретінде батыстың жетекші экономист-
практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-экономистердің
пікірлері мен еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық актілері,
үкімдері мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің нормативтік актілері негіз
болады.
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының ресми статистика
мәліметтерін, ағымдық баспасөз беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын,
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқу құралдарын
пайдаланбақпын.

1. Бағалы қағаздар нарығының теориялық аспектілері
1.1. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының
құрамдас бөлігі

Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі

жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін
экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз
ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды
мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның
инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер,
биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын
мемлекет айырықша құқықпен (монопольно) өзіне қаратып, барлық кіріс
көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды.
Оған дәлел мынадай мысал, ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының
34 бөлігі өндірістік құрал-жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға
жұмсалған. Негізгі құрал-жабдықтар соғыс-өнеркәсіп кешеніие
жұмсалғандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде "ұзаққа
созылған тапшылық экономикасы" қалыптасып, ол тек тұрмыстық
игіліктің өткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани
кемшілікті де тудырды. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны
басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірбиесі дәлелдегең

ақиқат шындық. Ал Қазақстан
Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту - тек ашық
нарыққа өту ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық саясаттағы
субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық едістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін
пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының
жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің
сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста
болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі
мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал
Қазақстан Республикасының ңарықтық, экономикаға өтпелі кезеңіңде оның қаржы
нарығының қоры мол, өз өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы
ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен
түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына пара–пар
категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік
практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі
меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен несес тиісті бағалы
қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырлуы мүмкін.

Сурет 1 – Қаржы нарығының құрылымы
Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып
тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
Біріншіден, айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша
қызметін атқаратын қысқа мсрзімді төлем құралдары (вексельдер,
чектер және с.с.) жатады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
қазіргі кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануынан инфляцияға
ұшырауда. Егер жалпы ұлттық өнім жылына 5%-ке, ал айналымдағы ақша - 6-7%-
ке өссе, онда жалпы ұлттық өнімді сату да оңайға түседі. Онда
экономикада жағынды өзгерістерді аңғаруға болады. Егер де жалпы
ұлттық өнім жылына сол 5%-ке, ал айналымдағы ақша 10-20%-ке жөне одан да
көп өссе, онда қарқынды инфляция болып, экономика құлдырап төмен
кетеді. Қазіргі кезде біздің мемлекеттің экономикасы дағдарыста.
Екіншіден, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ
мерзімді банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер (олардың
саны 71) қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары
проценттік өсіммен береді. Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ
кәсіпорындар алуына мәжбұр. Негізгі қорларды құруға және оларды жаңартуға
проценттік есімі өзгеріп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие
беріледі. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән;
Үшіншіден, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтык кейбір белгілері КСРО-
да қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай
өсу белгісі болған жоқ. Ал 90-шы жылдардың басында ТМД елдерінде, оның
ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу
үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және
мемлекет пен жергілікті басқару органдарыньщ қаржы саясатын өзгертуден
басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру
және мемлекеттік кәсіпорыңдарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде
егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы
үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына
мемлекеттік бағалы қағаздарды4 бірі - қысқа мерзімді мемлекеттік
вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да
дәл осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне
ақша қорын алуына жол ашуда, Мысалы, акция шығарып осы қорды
үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал
облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл
айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік
емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы
жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет
етуі мумкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктең акционерлік меншікке
өткенде бүкіл табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде
болады. Кәсіпорындар осы уақытша бос қаржысына
коммерциялық банктердің төлейтін процеттік мөлшері нарық деңгейіне сай
келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық
әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы
қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің
болуының кепілі.

1.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының, вексельдің
құқықтық негіздері

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе
жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтык нормаларды
шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған.
Халық шаруашылығын дамытудың "кеңестік" үлгісінен экономиканың еркін
өркендеуінің нарыктық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбегейлі
реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды
қажет өтті. Әлбетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты - осы түрғыда тіпті
жаңа заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей империясы мен Кеңес
мемлекетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық
институттарды қалпына келтіру еді. Сонымен бірге нарықтық
үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания,
Жапония, және т. б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын
реттеуге бейімдендіру керек. Соның ішінде, Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін құқықтық ережелерді
қайта дамыту қажет.
Бағалы кағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету
деген мемлекеттік органдардың бағалы кағаздар айналымы тиімді және мағналы
болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын зандар шығару. Және сол сандардың
мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарық
қатынастарына бет алған қоғамның объективті экономикалық
заңдарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның
мемлекеттік зандарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі шыққан
заңдар, Президентгің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен
қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттык комиссияның құқықтық
актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтык
ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің
айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-
құкықгық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен
олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Айтылып отырған бағалы қағаздар
нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шықкан зандарда көрсетілген
ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ
азаматтық құқық қатынастарымен расталғанымен кейбір бағалы қағаздар бағалы
қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мысалы, Қазақстан зандары бекіткен -
ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру
құжаттары тауарлар нарығында, яғни тауар биржасында айналымға түседі. Ал
бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы
нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан
құралатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарыктың құқықтық қамтамасыз
етілуі сөз болады.
Бағалы кағаздар туралы Қазақстан зандары орыстың азаматгық (саудалық)
құқықтарына негізделіп шығарылады. Қазіргі кезде заң шығару біраз кезеңнен
өтті.
1917 жылғы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір
бөлігі болғандықган XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және
сауда қатынастары орыстың саудалық құқықтық ережелерімен реттелді.
Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінін алғашқы онжылдықтарында аталған
қатынастар РСФСР-дың азаматтық зандарымен жүргізілді. Сол кезде бағшіы
қағаздардың айналуына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа
экономикалық саясатқа байланысты шығарылған зандар болды. Атап айтқанда,
ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары
сауда келісімінде кеңінен қолданылды,
Сол уақытта, яғни 1922 жылы РСФСР-дың Азаматтық кодексі төмендегі
ережелерді біріктірді:
• 1937 жылы 7 тамызда Ресей Федеративтік республикасының Орталық
атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі бекіткен "Аудармалы және жай
вексель туралы" ереже;
• 1929 жылы 6 қарашада Ресей Федеративтік

республикасының Орталық атқару
комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі бекіткен "Чектер туралы ереже' және
сол сиякты заң күшіндегі актілер.
Ол кезде вексельдер және чектермен қатар тауарларды
сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық,
кепілдік куәліктер және т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде
бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздар
бағалы қағаздар нарығын құрай алған жоқ. Себебі айтылған бағалы
қағаздардың ұлттық экономиканы дамыту мақсатында өндірісті, ұйымдастыру
үшін қаражат жинауына мүмкіндігі жок. Ал инвестициялык бағалы қағаздарды,
яғни акциялар, занды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және оларды
айналымға түсіретін механизм тіпті болған жоқ. Қор биржалары мен
бағалы қағаздар нарығының кәсіпкер делдалдары (дилерлер мен брокерлер)
жұмыс істейтін құқыктық негізі болмады. Себебі делдалдар социализм
және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.
Заң шығарудың келесі кезеңінің негізі - 1977 жылы шыққан КСРО
Конституциясы мен 1962 жылы шыққан КСРО және Одақтас республикалардың
азаматтық зандарының негіздері КСРО-да, оның ішінде
Қазақстанда, жаллы "ішкі нарықта" қандай болса да бағалы кағаздар
айналымын тоқтатты. КСРО Конституциясында жеке меншік, еркін
кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмағандыктан айналымға акциялар,
облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық қоғамдары
мен серіктестіктер құру туралы құқық болған жоқ.
Мемлекеттің "өз ішінде" айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар
шығарылды. Олар бағалы қағаздар деп аталды. Мемлекетке облигация сатып,
ақша тарту тиімді болса, ал халыкқа облигацияны сатып алып, аз болса да не
проценттік өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-
қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен "ойын"
ұйымдастыратын қызығушылык ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың
негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті тұрде
күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде
вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.
Оған дәлел 1936 жылы Кеңес Одағы 1930 жылы Халықаралық конвенция бекіткен
аудармалы және жай вексельдер туралы біркелкі занға қосылып, 1937 жылы
"Аудармалы және жай вексельдер туралы Ережені енгізу туралы", жоғарыда
айтылған, қаулы қабылдады. Ол Ереже Кеңес Одағы ыдырағанша пайдаланылды.
Қазірде оны пайдаланбау туралы ешбір шешім қабылданған жоқ. Ал чектер,
жоғарыда көрсетілген, 1929 жылғы "Чектер туралы ереже" бойынша қазірде де
пайдаланылуда.
Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін
табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен
шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу
керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19
маусымындағы шешімі "Бағалы қағаздар туралы Ережені" бекітті, одан кейін
1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағының және Одақтас республикалардың жаңа
Азаматтық зандарының Негіздері қабылданды. Оның толық бір тарауы бағалы
кағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы кағаздарды
басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар
туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 каңтарында Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінін

Қаулысы "Экономикалық реформа жүргізу кезіңде азаматтық құқық қатынастарын
реттеу туралы" және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін
қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шытарып және оларды
кейбір нарықта сатуға мүмкіндік беретін бірсыпыра құқықтық негіздер
құрылды. Олар:
• Жоғарыда айтылған Азаматтық зандардың Негіздері;
• 1991 жылдың 21 маусымындағы "Шаруашылық серіктестіктері және
акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Бұл заң акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру
үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
• 1991 жылдың 11 маусымындағы "Бағалы қағаздар айналымы және қор
биржасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл заң бағалы
қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы
делдалдық кызметті лицензиялауға, қор биржасын кұруға және оның жұмыс
істеуіне рұқсат беретін заң;
• 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер
Кабинетінің қаулысы бекіткен "Бағалы қағаздар туралы Ереже". Ол
ереже шығарылатын бағалы кағаздардың түрлерін және
олардың әрқайсысында жазылатын міндетті мағлұматтарды белгіледі;
• жоғарыда аталған зандар негізінде шығарылған басқа ережелер
жиынтығы. Олар да мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, занды тұлғалар
шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекетгік тіркеу және басқа да
құжаттарды шығару тәртібі белгіленген;
• мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы
акцияландыру, сол сияқты инвестициялық жекеменшіктендіру

қорларынын жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен заң күші бар
ережелер;
• вексельдер, банктік (депозиттік) сертификаттарды шығаруды және
оларды айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді реттейтін
Қазақстан Ұлттық банкісінін ережелері.
Сол жылдары акционерлік қоғамдар, оның ішінде жекеменшіктендірілген
қоғамдар, акциялар шығарыи, оларды айналымға түсірді. Сонымен бірге қор
биржалары, ия болмаса тауарлы-қор биржалары құрылды. Жергілікті мемлекеттік
басқару органдары бағалы қағаздар шығаруға талаптанды. Бағалы қағаздар
нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады. Қазақстандағы бағалы
қағаздар туралы бұрынғы шығарылған зандардың жетілмегендігіне қарамастан
оларды қолданудың нәтижесінде Қазақстанда бағалы қағаздар нарытын
қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде өз
тәжірбиемізді жинақтап және онын мәнін түсінуге мүміндік туды.
Өз тәжірбиеміз бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын релін
көрсетті. Бір уақытта ол әрі бағалы қағаздар эмитенті, әрі инвестор, әрі
бағалы қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақылаушы субъект
ретінде қатынасады. Бұнда мемлекет өзінің әртүрлі органдары ретінде
қатынасадьт. Себебі бір мемлекеттік орган басқа жақпен әрі "ойынға"
қатысушы, әрі өзіне де ойынга басқа катынасушыларға да ойынның ережесін
шығаруына болмайды.
Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызында Республика Президентінін "Бағалы
қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы" жалығы шықты. Бұл бағалы
қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен ол туралы зандар шығарудың келесі
кезеңі еді. Осы жарлық бағалы

қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және

бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның Ережесін бекітті.
Жарлық шыққан күннен бастап 1991 жылғы Кдзақстанның екі
заңы: "Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы" және "Бағалы
қағаздар туралы Ереже" өз күшін жойды. 1994 жылдың алты айы бойы
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген
жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер
Кабинетінің қаулысымен "Бағалы қағаздарды шығару, оны ,
айналымға түсіру және қор биржасы туралы уақытша ереже" және "Бағалы
қағаздар туралы уақытша ереже" бекітілді. Уақытша ережелер Қазақстан бағалы
қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздері ретінде 1995 жылдын сәуіріне
дейін пайдаланылды. 1995 жылдық қаңтарында Республика Президенті
бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттык комиссияның төрағасы мен онын төрт
мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы
бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл
осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді
атқаруға кірісті.

1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың
және оның құқықтық негіздерін қалаудын қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде
негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында
салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.

1.3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының және қазыналық
вексельдердің пайда болуы

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементгері 20-шы жылдары КСРО-да
жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда
бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы зандарының
негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін

оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
• сұраныс пен ұсыныс;
• делдалдар мен басқа қатысушылар;
• нарыктық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор
биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
• нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып
болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды терендету
жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру
Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері
-акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды
бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму
деңгейі көп жағдайда халықтың ол-ауқатына байланысты. Себебі бағалы
қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың
табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы
қағаздардың өтімдісі кандай? Республикада қалыптасқан жағдай
сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі
мемелекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері
нарығының ерекшелігі оған катысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы
Мигтистрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк - оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті
(уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен,
бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды
шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар. Мемлекеттік
бағалы қағаздар:
• мемлекеттік қазыналық вексельдер;
• мемлекеттік қазыналық облигациялар;
• Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;
• жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық
облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті
қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді
ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын
толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.

Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған

мемлекетгік кәсіпорындарды
жекеменшіктендіруге пайдаланылды,

ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында
осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей
тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар
оны иемденушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре койған жоқ.
2. ВЕКСЕЛЬ және вексель айналымы
2.1. Вексельдің экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
«Банктің вексельдермен операциялары және есебі»
ВЕКСЕЛЬДЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Қаржы және несие
Ақша. Ақша түрлері және олардың дамуы
ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Ақша айналымының құрылысы
Вексельдің экономикалық мәні, түрлері және вексельдің қолданылуы
Несие ақшалар және олардың экономикалық маңызы
Пәндер
since 2008 © stud.kz Stud.kz | 0.007