Оқушыға әсер ететін психологиялық кеңестер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жас ұстазға 10 кеңес. Оқушыға әсер ететін психологиялық кеңестер
26.09.2016
Біз ұстазбыз. Ұстаз сабырлы да, салмақты болуы керек.Алдына келген әр бір баланың жүрегіне жол таба алуымыз керек.Ұстаз шәкіртінің жүрегіне жол тапса,оның еңбегі ешқашан бос кетпейді.Бала көңілі өте нәзік.Сол нәзік көңілдеріне қаяу салмай, бар білгенімді балаларға уйретуге көмектесіп келген өзімнің 10 психологиялық әдістерім туралы сөз еткім келеді.Бұл менің 30 жылдық еңбек жолымда жасаған зерттеулерім арқылы келіп шыққан әдістер.
1. Өтініш жасау
Бір сыныпта 25 бала болса соның барлығының көңілін табуымыз керек. Барлығының көңілін табу үшін сол баланы жан жақты зерттеу керек. Оның нені жаман көретінін біліп,сол жаман көңіл-күйін жаулап алуға әрекет ету керек. Мысалы, бала қолына қалам ұстап дәптерге жазғысы келмейді. Сол баланың жанына барып жылы жүзбен оның каламын немесе дәптерін беріп тұруын өтінеміз. Сұрағанымызды қолымызға алған соң рахмет айтамыз. Қаламының әдемі екендігін,онымен жазған жазу әдемі шығатындығын айтып мақтаймыз. Сабақ кезінде ауыз ашбай отырған бала мынадай мақтауларды есітіп бұл қалам дәптерді қайдан,қалай және кім сатып алып бергендігін әңгімелеп береді. Қалам дәптерін өзіне қайтарып жазып көруін өтінеміз. Бала сіздің өтінішіңізді жерге тастамай жазып көреді. Сонда сіз баланың еңбегіне суйсініп, оны жылы сөздермен марапаттаңыз. Бұл әрекеттерді әр сабақ сайын қайталай беріңіз. Өйткені өзін мақтап тұрған ұстазын оқушыда ұятқа қалдырғысы келмейді. Нәтіжесінде сіз өтініш арқылы оқушыңыздың жүрегіне жол табасыз,олда сіздің жүрегіңізден орын алуға тырысады.
2. Көп талап ету
Бұл әдіс негізінде қаталдау көрінседе өз нәтижесін береді. Баладан өзіңіз қалағаныңыздан көп нәрсені талап етіңіз. Кейде ережеге қайшы келетін кейбір нәрселерді талап етіңіз. Сізге көмектесуін талап етіңіз.Бала өзіңіз білгендей сіздің талабыңызды орындаудан бас тартады. Сіз батылдық танытып сол талабыңызды орындауды қайта-қайта талап етіңіз. Сонда ол бала сіздің талабыңызды орындауға әрекет жасап көреді. Ал сіз оның әрекетін марапаттап өзіне тағыда талап қойыңыз. Сіздің марапатыңызды алған бала,алғашқы талабыңызды уақтында орындамағанына өзіні кінәлі сезініп, сіздің келесі қойған талабыңызды орындауды өзінің міндеті деп біледі.
3. Баланы өз атымен атау
Америкалық психолог Дейл Карнеги әр бір адамды өз атымен атау өте қажет деп санайды. Адамның өз аты-әрбір адам өмірінде естіген ең әдемі дыбыстар болып саналады.Адамның өз аты-оның өмірінің бір бөлшегі. Сондықтан оны өзі атымен атау қажет. Адамды өз атымен атау оның осы қоғамда өмір сүріп жатқандығының дәлелі болып саналады. Баланы өз атымен атаудың да турлі әсерлері бар. Егер сіз оның атын өте жағымды дауыспен атасаңыз олда сізге солай жауап береді. Өйткені ол сіздің дауыс ырғағыңыздан өзіне деген достық сезімді байқайды. Егер сіз оның атын атаған кезде қатал дауыс көтерсеңіз ол сізге "Менің атымды осынша қатал дауыспен атайтындай не жазып қойдым?" деген сұрақ қойуы мүмкін. Сондықтан баланың атын атағанда өте мұқыят болған жөн.
4. Балала мінезін парақтаңыз
Алғашқыда бұл әдіс сізге оңай болып көрінгенмен,оның да өзіне жараса қиындықтары көп. Егер шындап зерттесеңіз бұл әдіс бала тәрбиесінді сізге өте көп пайдасын тигізері анық. Менің зерттеу барысымда,кейде баланың ойы мінезіне сай келсе,кейде сай келмейтінін байқадым. Егер сіз балаға оның ойы өзінің мінезіне сай екендігін өзі бағалайтындай дәрежеде жеткізе алсаңыз,ол сіздің пікіріңізді құрметпен қарсы алады. Өйткені бұл оның өз ойымен сәйкес екендігін сезеді. Ал баланың мінезі өте нашар болса сізге теріс мінез көрсетуге тырысады. Өйткені ол өзін барлық балалардан төмен сізінуі мүмкін. Бұл дегеніміз ол баланы кемсіту емес. Кемсітумен сіз ол баланың жүрегіне жол таба алмайсыз. Бар өнеріңізді іске қосып ол баланың мінезідегі жақсы парақшаларын өзіне ашып танытуға әрекет жасаңыз. Өз ойына өз мнезін сәйкестендіруді уйретіңіз.
5. Өзін өзіне таныту
Балаға өзін өзі тануға көмектесіңіз. Бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
Оқытуға қабілетсіз балаларды анықтау жолдары
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Бастауыш сыныпта оқушылардың отбасымен жұмыстың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz