Халықаралық қатынастар тарихындағы мемлекет рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мұхтар Аружан

Халықаралық қатынастар факультеті, 1курс

Халықаралық қатынастар тарихындағы мемлекет рөлі.

«Мемлекет» және «егемендік» тұжырымдамаларына шолу жасай отырып, халықаралық қатынастар тарихындағы рөліне көз жүгіртер болсақ, қазіргі уақытта маңызды жүйелерден өтіп, мемлекет мәні заңдылықтары мен әлеуметтік даму оның функциялары арқылы жүзеге асып, мемлекет ішінде және халықаралық арена бойынша қызмет мәнін айқындап отыр. Ендігі кезекте мемлекет функциясына жалпылама түсінік бере отыра, біз мемлекеттің нақты функцияларына тұжырымдама ала аламыз. Негізінен, «Функция» ұғымы заң шығару функциясы, басқару функциясы, сот функциясы, салық функциясы, билік жүргізу функциясы жəне т. б. мағыналарда қолданыста бола алады. Қоса айтар болсақ, әлеуметтік құбылыстарға қатысты қолданыла отырып, мемлекетке ықпалды болады. Ал авторлардың мемлекет функциясына берген анықтамалын назарға алсақ, М. И. Байтин «Социалистік мемлекеттің функциялары дегеніміз -бұл оның таптық мəні, атқаратын рөлі, міндеттері мен мақсаттары, социализм мен коммунизмге барар жолдағы даму заңдылықтары өз көрінісін табатын жəне нақтыланатын қызметінің бағыттары» деген түсінік аламыз.

Саяси-құқық ғылымының нақты назар аудара отыра зерттейтін нышаны - мемлекет. Мемлекет көптеген жылдарға созылған тарихын айтар болсақ, мыңдаған жылдар бойы мемлекет даму үдерісі көптеген саяхатшылар мен саяси қайраткерлер тарапынан бағаланып, түрлі көзқарастар қалыптасып келген. Осы тарапта, ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен əділеттілік əкелуі керек», -деп есептеді. Оның түсінігінше : «Жақсы басқарылатын мемлекет -үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бəрі де болады -бəрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бəрі де құлайды» (Democrit, 1954) . Ал қазіргі таңдағы философтар мен саясаттанушылар түсінігінде, мемлекет- қоғам басқарудың және оны қорғаудың негізі.

Мемлекет белгілерін атап кетсек олар:

  • мемлекеттің орталық жəне жергілікті билік органдар жүйесі

болады, оған заң шығарушы, атқарушы жəне сот органдары, əскер, полиция

жатады;

  • мемлекеттің тұрғындары əкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, . . . ) бөлінеді (ол бірліктер əр елде түрліше аталады) ;
  • мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады;
  • мемлекеттің ең маңызды белгісі -тəуелсіздігі, егемендігінің болуы;
  • мемлекет əскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
  • мемлекет заңдар жəне басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тəртіп орнатады.

Мемлекет мәні функция арқылы көрініс таба алмайды, сол арқылы нақтыланып, мемлекет функциялары жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметпен байланыстылығы-функцияның белгісі ретінде қабылдасақ болады. Себебі, оның тығыздығын «мемлекет функциясы» жəне «мемлекеттік қызмет» ұғымдарының тығыз әрі ұқсастығынан көре аламыз .

«Мемлекеттің сыртқы функцияларын əлемдік экономикамен интеграциялану, қорғаныс функциясы, əлемдік тəртіпті қолдау жəне əртүрлі салаларда өзге мемлекеттермен əріптестік функциясы» деп орыс авторы Л. А . Морозова көрсетіп кеткендей, бұл жағдайда Ресей БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше, ядролық қаруы бар держава екендігін басшылыққа алып, мемлекеттің сыртқы функцияларының қатарына əлемдік тəртіпті қолдау функциясын жатқызуы, сыртқы функция түріне осы функцияны қосқаны артықтау болғанын айта аламыз. Өйткені, біз айтып кеткендей мемлекет функциясын уйымдастыру соған пара -пар тетікті құрумен сәйкес келеді. Біздің пайымдауымызша, әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуде, мемлекеттің жүргізетін іс шаралары, халықаралық тұрғыдағы маңызы бар мəселелерді шешуге атсалысу функциясының мазмұнын кеңейтіп, маңызын аша түсер еді. Сонымен түсіндіре кетер жайт, мемлекеттің халықарасындағы аренада немесе басқа мемлекеттер қауымдастықтар арасындағы іс шаралардағы үлесі немесе ортақ бір мақсатта іс -шараларды жүзеге асыру -мемлекеттің халықаралық маңызы бар мəселелерді шешуге атсалысу функциясына бере кететін пайымдама.

XX ғасырда мемлекет қандайда бір ауыспалы ұғым ретінде келді, яғни нақты тәртіптік саланың сақталуы болмады. Осы тұрғыда Кеннет Вальц өзіндік тұжырымдама ұсынған болатын. Бұл негізінде мемлекеттік -бағытталған беделге ие болған жүйелік теория, халықаралық қатынастар тұрақты жəне сенімді жүйе деп болжаған теория ұсынылған болатын. «Халықаралық саясаттың тұрақсыз анархиялық сипаты мыңдаған жылдар бойы ұлтаралық өмір ретінде керемет ұқсастықты түсіндіреді, ол кең мақұлдаумен орын алады» деп Вальц өзі айтқан болатын.

Мемлекеттің негізгі белгілері жайлы сөз айтар болсақ, мемлекеттің белгілерінің бірі ол -мемлекеттік басқару болып табылады. Мемлекеттік басқарудың өзіндік ерекшелігі болады. Оларды айтар болсақ:

  • мемлекеттік басқаруда өкілетті мемлекет органдары, басқару органдары берген уәкілетті жүзеге асырады ;
  • мемлекет басқарудағы міндет немесе маңыздылық -атқару және жарлық

шығару қызметі ;

  • мемлекеттік өктем сипаттағы қызмет, мемлекеттік басқару болып табылады.

Мемлекеттік басқару негізі- ұйымдастыруда деп айтсақ қателеспейміз. Мемлекет басқару негізінде, мемлекет міндеттері мен функцияларды орындауда, алдағы бағдар -мақсаттарға жумылдырылған басқару объектісі бар. Мемлекеттік басқару әр түрлі бөлімдерден құралған:буындар және қатынастар жүйесі. Басқару объектісі негізделген бағытымен бағдарымен және маңызымен ерекшеленеді.

Ендігі кезекте мемлекеттік басқару функцияларына көңіл бөле кетсек. Мемлекеттік басқаруда келесі функциялар орын алады. Басқару функцилары бойынша бізде пікірталас көп. Сол бойынша, В. Г. Афанасьев Ю. М. Козлов И. Л. Бачило көбінесе басқару процесіне тəн функцияларды бірқатар жағдайларда лауазымды адамдар мен нақты басқару органдары атқаратын функцияларымен шатастырады (Keohane, 1984) . Ал негізінен басқарудың келесідей функцияларын келтіре аламыз:

●ішкі функциялар, мемлекет жүйесіндегі басқарудың ішкі бағдарламасын біліреді. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы əрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;

●сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық

процестерге ықпал ету процесі.

●жалпы функциялар (ішкі жəне сыртқы), бұлар мемлекеттік

басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді.

Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады.

Ендігі, әлеуметтік басқару түсінігі қоғам байланыстарын уйымдастыру, деп ойымды аяқтағым келіп тұр. Көптеген елдер заңдарында, ғылыми әдебиеттерде енді қолданылып келе жатқан «мемлекеттік басқару» басқару түрінің элементі және де мемлекеттік қызметтердің арнайы түрі болып табылады.

Келесә кезекте фильм жайлы айтып кетсек.

«Отель Руанда»

Фильмде екі халықтың арасындағы жергілікті қақтығыс туралы баяндайдалады, олардың бірі хуту, тутси халқына нағыз геноцид жасайды. Миллионнан астам адам аяусыз қырылады. Шетелдіктерге арналған орталық қонақүйдің менеджерінің арқасында 1200-ден астам халық қашып келіп «Руанда» қонақүйінде жазықсыз адамдар құтқарылады. Фильмдегі басты кейіпкер Поул, екі баланың әкесі және тутси халқынан болып шыққан әйелін құтқару жолында бірнеш рет өлім ауызнда болады. Өзінің отбасысын қорғау барысында көптеген жолдарға, қолынан келетіннің барлығын жасайды . Ол тек өзінің отбасының өмірі ғана емес, сонымен қатар бұрынғы көршілерінің, достарының және тіпті оған бейтаныс адамдардың мыңдаған қудаланған адамдардың өміріне жауап алады. Яғни, адамдарды өз қанатына алды. Әркімнің қолынан мұндай ерлік келе бермейді деп ойлаймын. Сонымен қатар фильмда біз шет елдер тарапынан сатқындықты көре аламыз . Фильм -өте күрделі . Геноцид тақырыбында көптеген бейнежазбалар түсірілген, кейбір қанды оқиғалар туралы айтылады, ал телеарналар қорқынышты репортаждарға толы болды. Бұл оқиғаны шын өмірде кешкен адамдарды ойлар болсам, денемді үрей бойлайды. Фильм 1994 жылғы болған оқиғаны толығымен жеткізіп бере отыра, бойымызда қорқыныш сезімін қалыптастырады . Фильм көптеген себептер бойынша қарауға тұрарлық. Ең мағыздысы кино шынайы оқиғаға негізделген. Көре отырып, сіз әлемде қанша қатыгез адамдар бар екенін және қанша жазықсыз адамдар өліп жатқанын түсіне бастайсыз. Кино ең қиын жағдайларда да берілмеуге үйретеді. Соңында айта кеткім келгені, бұндай оқиға қайтадан қайталанбаса деймін . Барлығымыз бейбіт өмір сұргенімізді қалаймын. Жәнеде барлық адамдарға бейбітшілік пен жақсылық тілегім келеді!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Қоғамдағы саяси газет
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz