1965 ж. экономикалық реформалар: себебі, мазмұны және нәтижесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫП. ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ Қазақстан (1965-1985 жж.).

9.1 1965ж. экономикалық реформалар: себебі, мазмұны және нәтижесі
50-жж. аяғы - 60-жж. бас кезіндегі экономикадағы реформалар мен қайта құрулар жеткілікті нәтиже берген жоқ. Экономикалық даму қарқыны төмендеді. Осыған байланысты елдің жаңа басшылығы экономикалық реформаларды жалғастыру қажеттігін жақсы түсінді.
Қайта құрулар ең алдымен ауыл шаруашылығын қамтыды. КОКП ОК 1965 ж. наурыз пленумында ауыл шаруашылығы саласында орын алып отырған кемшіліктерді жою шаралары белгіленді. Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау, жоспарлауды жақсарту, колхоздар мен совхоздарды шаруашылық есепке енгізу, еңбектің материалдық және моральдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды. Егістіктерді тиімді пайдалану жүйесі енгізіліп, ауыл шарушылығының материалдық-техникалық базасын нығайту міндеті қойылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алудың алдын-ала нақты жоспарлары белгіленді. Астық және мал өнімдерін дайындау бағасы өсті. Колхозшылар кепілді жалақы ала бастады. Жоспардан тыс сатып алған өнім үшін үстеме ақы төлеу белгіленді. Колхоздардан табыс салығын алу шарттары өзгертілді. 1966-1970 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5 млрд сом қаржы бөлінді.
1965 ж. күзінде өнеркәсіп саласында экономикалық реформалар басталды. Кәсіпорындарда шаруашылық есеп енгізіле бастады. Жоспарлау мен ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша жоғарыдан белгіленетін жоспарлық көрсеткіштер саны азайды, кәсіпорындардың табысы есебінен арнайы ынталандыру қорлары құрылды. Қабылданған реформа бойынша кәсіпорынның жұмысының басты көрсеткештерінің бірі ретінде өткізілген өнімінің сапасына баса назар аударыла бастады. Экономиканы басқару жүйесіне де өзгерістер енгізілді :халық щаруашылық кеңестері таратылып, салалық министрліктер қалпына келтірілді.
1965 ж. экономикалық реформаны жүргізудің тағы бір тиімді жағы - бұл реформа 1965-1967 жж. тәжірибе ретінде еліміздің кәсіпорындарының бір бөлігінде ғана жүзеге асырылды. Оның барысында реформаның тиімді жақтары анықталды, толықтырылды. Тек содан кейін ғана бүкіл ел көлемінде жүзеге асырыла бастады.
Реформа экономикалық дамуға белгілі бір дәрежеде серпін берді.1966-1971 жж. сегізінші бесжылдық (алтын бесжылдық) жоспар негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 пайызға артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі бір дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымның шеңберінен шығуына жол бермеді.
70 жж. басында реформа жүргізу тоқтатылды. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси салада демократияландыру үрдісінің тежелуі болды. Қоғамның саяси құрылысына, меншік қатынасына өзгерістер енгізген жоқ. Мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтап қалды. Сол кездегі мемлекет басшылығы экономикалық реформаның тереңдеуіне жол бермеді, өйткені олар әкімшіл-әміршіл жүйені сақтап қалуға тырысты.
Реформадан бас тартудың көптеген зардаптары болды. Ең бастысы экономиканың дамуын бұрынғыша экстенсивті факторлар белгіледі.Теріс құбылыстар көбейді.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

Қазақстан тоқырау жылдарында

"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары

өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.
Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші - 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды.
Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді.
Өндірістің теңестірілмеуі, әкімшілік арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді.
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965

жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік- экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына ІХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайлы қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.
Осы жылдарда ауыл шаруашылығында келеңсіз жағдайлар қалыптаса бастады. Мал аурулары көбейіп, нәтижесінде мал саны азайып кетті. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алып отырды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі сұранысты қанағаттандырмады. Көліктің, элеваторлардың, қоймалардың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20%-тен 40%-ке дейінгісі ысырап болды. Ауыл тұрғындарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды.
ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді.
Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-ші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады.
Қазақстанда экологиялық жағдай нашарлай түсті. Бұл өнеркәсіптің шексіз өсуінің, ғылыми, әскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай пайдаланудың ел аумағына әскери полигондпрды орналастырудың нәтижесінде болды.
Кеңестік дәуірдегі ирригациялық жүйе мен жерді ешбір агротехникалық шараларды сақтамай, есеспсіз игеру тәсілдері Арал теңізін жоға жеткізді. КСРО Су шаруашылығы министрлігінің кінәсінен Арал аймағы өлі аймаққа айналды. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды.

Теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғады, оның жағалауы 70-150 шақырымға кейін шегініп, тұздылығы 4-5 есеге артып, 1 л судың құрамы 20-30 грамға дейін тұз құрайтын болды. Егер 1950 жылы балықтың 24 түрі өсіріліп, балықаулау жылына 500 тоннаға жетсе, 80-жылдардың соңына қарай балықтың 20 түрі мүлдем жойылып кетті, балық шаруашылығы маңызын жоғалтты. Жұмыссыздар саны өсіп, кеме жасау зауыттары өз жұмысын тоқтатты. Теңіздің кепкен табаны тұз жиналатын ас алып ошаққа айналды. Тұзды дауылдар қоршаған ортаға өзінің залалын тигізе бастады. Арал өңірі экоогиялық апат аймағына айналды.
Республикада 1985 жылға дейін әскери өнеркәсіпті қамтитын 43 ірі кәсіпорын орналасты. Олар экологиялық жағынанхалықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізді. Қазақстан аумағында атом т.б. қаруларды сынау үшін Семей ядролық, Орал, Сарышағандағы полигондар жұмыс істеді. 80-жылдары әр түрлі әскери объектілер республиканың 18 млн га жерін алып жатты.
Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "қалдықтық принциптері" қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді.
Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Өнеркәсіптің даму қарқыны
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
60-жылдардың екінші жартысында қазақстан дамуында болған өзгерістер
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының дамуы
ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
Пәндер