Азаттықты аңсаған Исатай Тайманұлы
Азаттықты аңсаған Исатай Тайманұлы
Тәуелсіздік туралы толғанғанда алдымен елін, жерін қорғаған батыр бабалардың өшпес өнегесі ойға оралады. Қазақ халқының азаттығын аңсаған сондай біртуар перзенттің бірегейі - Исатай батыр Тайманұлы.
Исатай батырдың кіндік қаны 1791 жылы Қызылқоға ауданындағы Тай - сой - ған құмында тамған. Қазір бұл жер Тайман жалы деп аталады. Әкесі Тайман Бегәліұлының отбасы 1808 жылы Махамбет ауылынан 13 шақырым жоға - рыдағы Шой (Бақсай) өзегі тұсынан Жайық өзенінің оң жағалауына, ішкі орда - да отырған Бөкей сұлтанның қара - м - ағына өткен.
Ел ішіндегі есті қариялардан жеткен әңгімелерге қарағанда, Бөкей сұлтан мен Тайман әрі дос, әрі сырлас болған. Жалтыр көлінің жағасында отырғанда шешесінің жылдық асын берген Бөкей жиналғандар алдында Тайманмен достығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, балаларына даритынына сендіріпті. Исатайдың старшын болуына осы жайт әсер етсе керек. Данагөй қариялар оның 1837 жылы қазан айында хан ордасын шаппауын батырдың әкесі Тайман мен Бөкейдің арасындағы достықты бұзғысы келмегенімен топшылайды.
Исатай Тайманұлы шыншылдығымен, парасаттылығымен, батылдығымен, ақылдылығымен ішкі ордаға кеңінен танымал болды. Жасынан алымды, сөзге шешен, өжет, қара қылды қан жаратын Исатай 21 жасында старшын болып тағайындалып, ел басқару ісіне аралас - ты. Бөкей хан оның басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын берді. Осылайша ордадағы беделді адамдардың біріне айналды. Хан тапсырмасымен Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін қарсы алып, Астраханға дейін қасына ерген. Орынбор шекара комиссиясының басшысы, генерал Генстің ішкі ордаға келген сапарында қасында болған. Дегенмен, сол тұста Исатайды көре ал - мау - шылар көбейе түскен еді. Солар - дың жалған жаласымен 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалды. Ал 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орын - бор түрмесіне жабылды. Бірақ оған тағылған кінәлар дәлелденбей, түр - ме - ден босатылды. Ол ішкі ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын талай рет әш - ке - реледі. Сөйтіп ішкі ордада патша өкі - ме - тінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына қарсы күресті.
Жәңгір ханмен келіспеушілігі ХІХ ғасырдың 30-жылдарының орта кезінен басталды. 1833 жылдың маусым айын - да Жәңгір хан осыған дейін Исатай басқарған Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол бес аралды Қарауылқожа Бабажановтың билігіне берді. Ал Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударады. Алайда бұл Исатай Тайманұлы мен оның қоластындағы халықтың Жәңгір ханға деген наразылығын туғызды.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде-ақ оның көсемдік тұлғасы анық байқалды. Ол хандық билік үшін күрескен жоқ. Халық мұңын жақтаушы болды. Сондықтан қазақ шаруалары Исатай батырдың айналасына көптеп жиналды. Өйткені олар Исатайды өз - де - рін бай-феодалдардың езгісінен құт - қарар тұлға деп есептеді.
Исатай Тайманұлы бастап, Махамбет Өтемісұлы қостаған көтеріліс екі кезеңге ұласты. Бірінші кезең - 1836-1837 жылдарда Бөкей ордасында болған көтеріліс. Екінші кезеңдегі көтеріліс 1838 жылдың алғашқы жартысында Кіші жүз жерінің батыс бөлігінде өрістеді. Бөкей ордасында 1836-1837 жылдарда болған халық көтерілісі Исатайдың басқаруындағы Каспий теңізінің солтүстік жағалауында басталып, Бөкей ордасына тарады. Ал 1837 жылдың қазан айында көтеріліс ішкі орданы толық қамтыды деуге болады. Бұл кезде көтерілісшілер көсемі Исатай батырдың қол астына екі мыңнан аса адам бірікті. Олар қара - пайым қазақ шаруаларын езіп-жан - шыған бай-феодалдардың ауылдарын шауып, олардың мал-мүліктерін кедей шаруаларға бөліп берді. Қазақ шаруаларының Исатайдың қол астына жиналуының басты себебі де осында жатыр.
Жалпы, Исатайдың маңайына Бөкей ордасындағы старшындар мен жау - жүрек батырлар топталды. Оның қата - рын - да ақын Махамбеттен басқа Үбі Үсаұлын, Сарт Еділұлын, Қабыланбай Қалды - байұлын және басқаларды ерек - ше айтуға болады. Қабыланбай Қалды - байұының көтеріліс кезіндегі қаһармандығын патша өкіметі жазалаушы әскерлерінің басшысы, подполковник Гекенің өзінің мойындағанын айтқан жөн.
Ақылды, байсалды, ұстамды Исатай батыр Жәңгір ханның патша өкіметінің әскерін шақыртуы мүмкін екенін, егер патша әскері ханға көмекке келсе, көтерілісшілердің оларға қарсы тұрар әскері де, қару-жарағы да жоғын ескерді. Өйткені патша әскері бала-шағаға, қарияға қарамай, бейбіт, қарусыз отырған елді қырып-жойып, барын тартып әкететіні даусыз еді. Сол себептен ханға халық талабын тек айбармен, қысыммен орындатар әрекетке көшеді. Исатай батыр ханға 10 күн мұрсат беріп, негізгі талаптарын орындатуға, соның ішінде елге патша әскерін шақыртпауды мақсат етіп, келіссөз жүргізуге бел байлады. Оның Жәңгір ханмен келіссөз жүргізуінің басты себебі бар. Бұл - уақытты созып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz