Еркіндігім қасиетім


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Еркіндігім қасиетім

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! - деп ақын Қалқаман Сарин айтқандай тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді. Теңдік пен татулықты, елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған» тәуелсіздік таңына жетті. Ең бірінші ел болу үшін тілі, екінші діні, үшінші дінін сақтап қалуы тиіс.

«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі биыл 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Қазақ халқы әрдайым қонақжай халық. Халқымыз өзге ұлтты менсінбеу, оларды жамандауды білмейтін халық. Қазақ елін шын сүйетін азаматтар мен азаматшылар өте көп. Мен де елімді сүйетін қазақтың азаматымын. Мен қазақ болғаныма мақтанамын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері, сол мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлттың ауызбіршілігін, қадағалауға үлесін тигізген бастық ағаларға алғысым шексіз, бәрі де сол кісілердің арқасында. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білемін.

Халқымыз өлшеусіз табиғат байлығымен қатар, ең бастысы сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекшеленетінін ұмытпаған жөн. Бүгінгі шуақты күндерді баСондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Ойымды М. Қаниевтің өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,

Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.

Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып

Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде . . .

ғалай біліп, жаңа белестерге ұмтылу - біздің ұрпақтың бағыты болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік күні
Тіл - ел қазынасы
Философиясының ірі өкілі Г.Ф.Гегель
Солақайлықтың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Ұлтым деп асқақтаған ұланым
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар
Курс жұмысының зерттеу әдістері
АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы - сұрақнама
Cизиф туралы аңыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz