Магнит өрісі. Био-Савар Лаплас заңы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Магнит өрісі. Био-Савар Лаплас заңы.

Орындаған: Такир Аида
Тобы: Тф-23
Тексерген: Балабеков К. Н
Магнит өрісі. Электромагниттік индукция.

Кез-келген электр тогының немесе қозғалыстағы зарядталған бөлшектердің айналасында магнит өрісі болады. Магнит өрісін сандық сипаттау үшін физикалық векторлық шама магнит өрісінің индукция векторы енгізілген. Магнит өрісінің индукция векторы магнит өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады. Өлшем бірлігі
Бағыты мен шамасы өзгермейтін магнит өрісін біртекті магнит өрісі деп атайды.

Магнит өрісін көрнекті түрде бейнелеу үшін магнит өрісінің күш сызықтары немесе индукция сызықтары енгізілген. Әрбір нүктесіне жүргізілген жанама сол нүктедегі индукция векторының бағытымен сәйкес келетіндей магнит өрісінде жүргізілген сызықтарды магнит өрісінің күш сызықтары деп атайды.
Күш сызықтарының жиілігі - магнит өрісінің шамасына тура пропорционал.
Магнит өрісінің индукция векторының бағыты бұрғы ережесімен анықталады.
Магнит өрісінің күш сызықтары -

тұйықталған сызықтар, яғни магнит өрісі - құйынды өріс болып табылады. Тұрақты магнитте екі полюс болады. Оның солтүстік полюсін - N, оңтүстік полюсін - S деп белгілейді. Тұрақты магниттің магнит өрісі оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай бағытталады.

Био - Савар - Лаплас заңы
Кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі Био-Савар-Лаплас заңымен анықталады.
Суреттегі А нүктесіндегі токтың элементі тудыратын магнит өрісінің индукциясы Био - Савар - Лаплас заңымен анықталады. Био - Савар - Лаплас заңын векторлық немесе скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:
- векторлық түрде жазылған Био - Савар - Лаплас заңы,
- скалярлық түрде жазылған Био - Савар - Лаплас заңы.
мұндағы: - магнит тұрақтысы.

Токтың тудыратын толық магнит өрісінің индукциясы магнит өрісінің суперпозиция приципімен анықталады.
Магнит өрісінің суперпозиция принципі бойынша:

Магнит өрісін сипаттау үшін индукция векторымен қатар магнит өрісінің кернеулік векторы енгізілген. Магнит өрісінің кернеулігі ортаның қасиеттеріне байланыссыз, ол магнит өрісін туғызатын токтың шамасына тікелей байланысты болады.
Кернеулік векторының өлшем бірлігі Магнит өрісінің кернеулік векторы арқылы жазылған Био - Савар - Лаплас заңы: векторлық түрі - скаляр түрі -
Вакуумдегі магнит өрісінің индукция векторы мен кернеулік векторы арасындағы байланыс келесі түрде жазылады:
.
1) Ұзындығы -ға тең тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы мен кернеулігін анықтайық.
Био - Савар - Лаплас заңы бойынша

мұндағы:

Сонымен ұзындығы -ге тең тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы мен кернеулігі келесі формулалармен анықталады:

2) Шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы және кернеулігін анықтайық. Егер өткізгіш шексіз ұзын болса, онда
Бұл жағдайда шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:

3) Тогы бар орамның центріндегі магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:

4) Соленоидтың осіндегі магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:

мұндағы: - соленоидтың бірлік ұзындығындағы орам саны.
5) Қозғалыстағы зарядтың тудыратын магнит өрісірің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:

Лоренц күші. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды.
- Лоренц күшінің формуласының векторлық түрі.
- Лоренц күшінің формуласының скаляр түрі.
Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады.
Лоренц күші қозғалыстағы зарядталған бөлшектің тек қана қозғалыс бағытын өзгертеді. Ал оның жылдамдығын және кинетикалық энергиясын өзгертпейді. Электр және магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсер ететін Лоренц күші келесі өрнекпен анықталады:

Ампер заңы. Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды.
Магнит өрісі біртекті болған жағдайда тогы бар өткзгішке әсер ететін Ампер күші келесі өрнекпен анықталады:

Ампер күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады. Сол қолдың төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттас етіп бағыттап, индукция векторы алақанды тесіп өтетін болса, 900-қа қайырылған басбармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Ампер түзу токтардың өзара әсерінен келесі заңдылықтар ашты:
1. Бағыттас параллель токтар бір-біріне тартылады;
2. Бағыттары қарама-қарсы токтар бір-бірімен тебіледі;
3. Параллель емес токтар бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.
Бір бірінен қашықтықта орналасқан екі түзу шексіз ұзын тогы бар өткізгіштердің әрбір бірлік ұзындықтарына келетін өзара әсерлесу күші

1 Ампер ток күші деп вакуумде бір-бірінен 1 метр ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын параллель екі өткізгіштен ток өткенде, олардың арасында әрбір 1 метр ұзындықтарына магнит өрісі тарапынан 2.10-7 Ньютонға тең күш әсерін туғызатындай ток күшін айтады.

Магнит өрісіне енгізілген моменті келесі формуламен анықталады тогы бар контурдың магниттік:

.

Магнит индукция векторының ағыны және циркуляциясы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр тогының магнит өрісі
Заттардың магниттік қасиеттері туралы
Магнит өрісі туралы
Магнит өрісін оқытудың әдістемесі
Токтың әсері
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Электромагниттік толқынның шкаласы
MATHCAD-қа электрондық оқулық
МАГНЙТ ӨРІСІ - қозгалыстағы электр заряды мен магниттік моменті бар денелерге, олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз әсер ететін күштік өріс
Электр және магнит өрістерінде зарядталған бөлшектің динамикасын зерттеу
Пәндер