Тұлға теориялары және олардың басқару қызметіндегі мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және география институты

СӨЖ тақырыбы: Тұлға теориялары және олардың басқару қызметіндегі мәні

Орындаған:Қындыбаева С.Б.
Мамандығы:География
1 курс студенті

Тексерген: а.о Тажибаев Т.Б.

Алматы 2021

Тұлға түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне адам, жеке адам, даралық түсініктері жақын. Адам - динамикалық алға ұмтылған жарқыраған энергетикалық жүйе -- деп Э.Берн адамның анықтамасын жақсы келтірген. (Э.Берн. Адам дегеніміз не? Батысеуропа және америка психологиясында жеке тұлға теориясы. Самара,1996.С.46 )
Е. В. Шорохова адамды анық сойлей алатын, ойлауға қабілетті, жоғарғы психикалық функцияларды игере алатын (абстрактты-логикалық пайымдау, логикалық еске сақтау және т.б ), еңбек құралдарын жасап және оны еңбек процессінде қолдана алатын жаратылыс иесі ретінде анықтады. Адамның бұл ерекшеліктері және қасиеттері (тіл, ойлау қабілеті,еңбектену және басқалары) адамдарға биологиялық жолмен берілмейді, бұл қасиеттер алдыңғы ұрпақпен жасалған мәдениетті ұғыну барысында қалыптасады.
Ешбір адамның жеке тәжірибесі оның ойлау қабілетінің өздігінен қалыптасуына, түсінік жүйесінің құралуына әкелмеген. Ол үшін мыңдаған өмір қажет етіледі. Әрбір адам ұрпағы өмірін алдыңғы ұрпақ қалдырып кеткен құбылыстар мен заттардың қоршауында бастайды. Олар еңбекке және қоғамдық өмірге араласа келе қазіргі адамдарға тән адамдық ерекшеліктерді дамытты.
Адамның өмірі мен әрекеті биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірігуі мен біржақты әсер етуіне, әсіресе әлеуметтік фактордың басқарушы роль атқаруына негізделген. Ойлау қабілеті мен тіл адамдарға биологиялық жолмен беріліп өмір сүру барысында қалыптасатындықтан - қасиеттердің жалпы генотипті биологиялық жолмен берілетін биологиялық ағза ретінде жеке адам түсінігін ( жеке адам болып туыламыз), адамның қоғамда өзін ұстау мен ойлау қабілетін қоғамдық - тарихи тәжірибе нәтижесінде қалыптастыруының әлеуметтік - психологиялық жаратылысын тұлға түсінігін қалыптастырды (тұлға болып біз қоғамдық өмір әсерінен, тәрбиеден, оқудан, сөйлесуден, әрекеттен қалыптасамыз).
Әлеуметтану тұлғаны белгілі бір әлеуметтік топтың мүшесі ретінде, әлеуметтік тип ретінде, қоғамдық қатынастар нәтижесі ретінде қарастырады. Бірақ психология тұлғаны әлеуметтік әсерге ұшырайтын қоғамдық қатынастар нәтижесі ғана санамай, оны өзгертіп, уақыт өте келе тұлға қоғамның сыртқы әсерін көрсететін ішкі шарттардың жиынтығы ретінде зерттейді. Бұл ішкі шарттар алдыңғы әлеуметтік әрекеттердің ықпалынан қалыптасқан мұрагерлік - биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік қалыптасқан қасиеттердің құрылымы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы барысында ішкі шарттар тереңдей бередіде, нәтижесінде бірдей сыртқы жағдайлар әр түрлі адамдарға әр түрлі әсер етеді. Сондықтан тұлға қоғамдық қатынастардың нәтижесі және объект қана емес, сөйлесудің, ойлаудың, өзін - өзі түсінудің, әреккеттенудің белсенді субъектісі ретінде көрсетіледі.
Тұлға әлеуметтік түсінік, ол адамдағы табиғаттан тыс, тарихи құбылыстарын білдіреді. Тұлға туылмайды, ол мәдени және әлеуметтік жетілу барысында туындайды. Ерекше және басқаларға ұқсамайтын тұлға өзінің физикалық және жан дүниесі қасиеттерінің толықтырылуын даралық түсінігімен сипаттайды. Даралық тәжірибенің, білімнің, пікірдің, сендірудің, мінездің әртүрлілігімен қызуқандылығымен көрсетіледі және біз даралығымызды дәлелдейміз. Тұлғаның анықтамасы көп. Олардың тұлғаның мәселелерінің әр қырынан көрсетуіне қарамастан келесілері мейілінше дұрыс болып ұсынылады:
Б. Г. Ананьев : тұлға - еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.
И. С. Кон: тұлға - бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.
А. Г. Ковалев: тұлға - бұл қоғамда өзіндік орыны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам.
Адам еңбектің барлық түрінде, тіптен конвейерде жұмыс істей жүріпте функциональды бірлік бола тұра және белгілі бір сапалы қырларымен және басқару процессінде жеке тіл табу қабілетімен өзін көрсете алады. Ол жеке тұлғалық әлуетке қалай келеді? Ең бірінші тұлғаны толық түзілуші ретінде қабылдау керек. Толық, бірақ құрылымсыз. Көптеген психологтар тұлғаның құрылымына дәлелді сипаттаулар берген ( З. Фрейд, Э. Берн, К. Юнг, В. А. Ядов және басқалары). Осылардың ішінде нақтысы әрі әдістемелік тұрғыдан зерттеуге жайлысы К. К. Платоновтың тұлға құрылысына берген анықтамасы болып саналады.
Платонов тұлғаның құрылымында 4 негізгі және 2 қосымша құрылымшаны ерекше көрсетеді. Оларды қарастырып көрейік:
1. Тұлғаның бағыты құрылымшасы. Ол қажетті себептерден ( қажеттіліктер, қызығушылықтар, нанымдар, армандар, дүниеге көзқарастар ) және қажетсіз себептерден ( қызықтырушылық пен орнатулардан) тұрады. Бұл құрылымша өмір сүру кезеңінде тәрбиенің көмегімен қалыптасады.
2. Тәжірибе құрылымшасы. Бұл өмір сүре келе білім алу барысында ұстаным, дағдылар мен әдеттерден қалыптасады.
3. Шағылысу үлгілері құрылымшасы. Ол тұлғаның шағылысу үлгілерінің қырлары ретінде психикалық процесстерді ( сезіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау), көңіл бөлуді, эмоцианальды - ерікті шеңберді көрсетеді. Бұл құрылымша негізінен туа біткен болып саналады, бірақ өмір сүру барысында дамып оотырады.
4. Биологиялық кесімді құрылымша. Ол тұлғаның қызуқандылық қасиетін, жыныстық, жас ерекшелігін және патологиялық өзгерістерін қамтиды. Бұл құрылымша да уақыт өте келе тұлғаның денсаулығына және өмір сүру ерекшелігіне байланысты өзгеріске ұшырайды.
Осы төрт құрылымшаға мінез және қабілеттер құрылымшасы болып саналатын екі қосымша құрылымша кіреді.
В. Н. Князев тұлға құрылымы бір мезетте екі принципқа негізделген бір - бірімен тығыз байланысты әлеуметтік қасиеттердің жиынтығынан құралған деп түйіндейді. Біріншісі тұлғаның ең жалпы, ең қиын әлеуметтік қасиеттері өзіне ең қарапайым, жекеше қасиеттерді жинайды. Екінші принцип бойынша қасиеттердің байланысы әрқайсының бір- бірінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді ( бұл адамдардың еңбек ортасындағы күйін көрсетеді: олардың жұмыс мақсаты бір, ал әр адам өз тарапынан жұмысты бітіруге өз мүддесін ұсына алады).
Тұлғаның осы күрделі құрылымы түйсік құрылымына әсер етіп, қоршаған ортаны қабылдаудың қажетті және қажетсіз компоненттерін, өзін - өзі тану , өзін - өзі сезіну және өз - өзіне қатынасы қасиеттерін қамтиды.
Тұлға дегеніміз тек қана талапшыл жүйе ғана емес, сонымен қатар өздігінен ұйымдасушы жүйе. Тұлға болу дегеніміз өзін - өзі және басқаларды әрдайым қадағалап отыру, сонымен қатар өз тәртібін өзіне бағындыру үшін әдіс - тәсілдердің көптеген түрлеріне иелік ету. Тұлға болу дегеніміз - таңдау еркіне ие болу және соның салдарын тарту. Осының бәрін іске асыру үшін жеке тұлға дүние және өз дүниесін танудың концепциясын құруы тиіс. Бұндай жекеше философия Мен- концепциямын деген атауға ие.
Мен - концепциясы субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. Мен - концепциясы өзін - өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.
Өзін - өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
* Меннің негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну (Мен әрекет етуші субъект);
* Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну (Шындықты Мен және Мінсіз Мен);
* Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру (Мен бақылаушы объект ретінде)
* Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптастыру
Осылайша өзін - өзі сезіну қамтиды:
* Өзін - өзі тану (өзіне - өзі деген интелектуалды қатынас)
* Өзіне қатынас (өзіне - өзі деген эмоциялы қатынас)
Өзін - өзі сезінуді талдау кезінде ағымдағы Мен және тұлғалы Мен екі түсінікті қолданады. Ағымдағы Мен түсінігінде ағымдағы уакыт аралығында өзін - өзі сезінудің нақты пішіндерін, яғни өзін - өзі сезінудің әрекеттер процесстерін көрсетеді. Тұлғалы Мен -- бұл өзіне деген қатынастың тұрақты құрылымды сызбасы, ағымдағы Мен ұғымының ядросы. Өзін - өзі сезінудің әр актысында өзін - өзі танудың және өзіне деген қатынастың элементтері байқалады.
Дамыған тұлға өзінің өмір сүруінің мағынасын анықтауды қажет етеді. М. К. Мамрдашвили өзін - өзі сезіну адамның тұлғасы оның алған білімінің нәтижесін ғана емес, тұрмыс әрекеті мен іске асқан ойларының нәтижесін көрсетеді деп тұжырымдайды.
В. В. Столинның берген анықтамасында адамның Мен ұғымы өзінің жеке сапасы менен қасиеттері, субъект мақсаттары мен армандарының өзінің тереңіне бойлауы мен субъект әрекеттерінің бірігуінің, субъектттің қажеттіліктерінің басқа қажеттіліктен туындаған мақсаттарымен қақтығысуы салдарынан адам бойында ерік - жігер, такаппарлық сияқты адами қасиетттердің қалыптасуымен суреттеледі.
Бұл қатынастар позитивті ( Мен -- өз - өзін жасаушы шарт), негативті (Мен -- өзін - өзі жасауға қарсы шарт) және шиеленісті (Мен -- бір мезгілде өзін - өзі жасауға қарсы да, қолдаушы да шарт) болып келеді.
Т. Галкина өз - өзіне қатынастың өзін ұстаудың басты себебі болып табылады деп есептейді. Адамның әлеуметтік белсенділігі оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің әр түрлі ортада әсер етеді деп көрсетеді. Мысал ретінде өз бағасын төмен санаушы адамды алуға болады. Ол өзіне деген қатынастардан кемшілікті, жетіспеушілікті көріп өте әлсіз әрі көңілшек болып келеді. Олар алдына мақсат қоя тұра да сәттілікке үміт артпайды.
А. А. Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа адамдарға қатынас жасаудың негізінде көрінеді.
Бұл жерде негізгі мінез қатарына белсенділік ( өз қызметтеріміздің аумағын үлкейтуге тырысу), бағыттылық (себепердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, сендірудің) және әлеуметтік топтардың ортақ әрекеттеріне қатысу сияқты белгілер кіреді.
Белсенділік тұлғаның маңызды қасиеттерінің біріне жатады және ол қажеттіліктерден туындаған мақсатқа жетіге бағытталып, оларды қанағаттандыруға жұмсалады.
Адам өз қалауымен өмір сүрмейді, ол қоғамда әр түрлі топтар ықпалымен түзіліп, әрекеттеріне қарай қабілеттілігі мен ерік - жігер бағыты айқындалады.
Топтың мүшелерінің әр түрлі қатынастары қызметтік, жеке қатынастармен көрсетіледі. Тұлға қатынастар жүйесінде белгілі бір орында болады, оның атағы, даңқы басқаарына әр түрлі деңгейде әсер етіп қиындыққа әкеледі. Қиындық адамның барлық әрекеттерінің анық еместігінде, яғни пайымдаудың шегіне жатпайтын психикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мотивация дегеніміз не?
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Персоналды басқару және қызметкерлерді ынталандыру әдістері
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Кәсіпорын табысы мен шығыстары
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Топаралық қайшылық
Мотивация және оның қызметтік басқарудағы орны
Пәндер