Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы

Мазмұны
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытуды пайымдау
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Осы заманғы тиімді мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару құрылымын құру ел Президентінің Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі - 2020 Стратегиялық жоспар) шешуші міндет ретінде айқындалған.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында:
мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың бірыңғай саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың қызметін халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсынуға бағдарлау;
мемлекеттік аппарат қызметінің айқындылғы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласында қоғамның қажеттіліктерін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған бірыңғай, сындарлы саясат жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы Тұжырымдамада тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару реформаларының қорытындылары талданады, ағымдағы ахуалды талдау нәтижесінде түйінді проблемалар айқындалды, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі белгіленген.
Мемлекеттiк басқару жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттiк басқаруды реформалаудың негізгі мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мемлекеттiк басқарудың жаңа сапалы моделін құру арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын барынша іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте, 2020 - Стратегиялық жоспарында көзделген мемлекеттiк секторды реформалаудың негізгі бес бағыты шеңберiнде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді дәйекті шешу көзделеді:
1) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету;
2) мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту;
3) лицензиялық - рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру;
4) мемлекеттік активтерді басқару тиімділін арттыру және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;
5) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру;
6) мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту.
Тұжырымдаманы iске асыру кезеңі
Тиiмдiлігі жоғары мемлекеттiк аппарат индустриялық-инновациялық экономикаға өту және тұтастай Қазақстанның 2020 жылға дейiнгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін негiз болу тиіс екендігін ескере отырып мемлекеттiк сектордағы негiзгi жүйелiк қайта құрулар 2011-2015 жылдар iшiнде жүргізілуі тиіс.
Мемлекеттiк басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі міндеттерді iске асыру мерзiмдерi мынадай:
2012 жылдың соңына дейiн - тиiстi нормативтiк құқықтық актілердi дайындау;
2015 жылға қарай - осы Тұжырымдамада көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу.
Күтілетін нәтижелер
Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру нәтижесінде
2015 жылға қарай мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделі жасалатын болады.
1. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өту қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде:
жоспарлау сапасы және әзірленетін саясатты іске асыру жақсарады;
нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді одан әрі енгізу қамтамасыз етіледі.
2. Қол жетімді және сапалы қызметтер көрсету қамтамасыз етілетін болады, атап айтқанда:
мемлекеттік сектор мемлекеттік қызметерді алушылардың қажеттілігін қанағатандыруға бағдарланатын болады;
мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері, кедергілер және уақыты қысқартылатын болады.
3. Бизнес-климат жақсарады, рұқсат беру құжаттарының санын, мемлекеттік органдардың тексеру және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту есебінен кәсіпкерлікке әкімшілік қысым азаятын болады.
4. Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру және оның қызметінің ашықтығы мен тиімділігін, олар көрсететін қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
5. Кәсіби мемлекеттік қызмет қалыптастырылатын болады:
мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқару сапасы жақсартылады;
мемлекеттік қызметшілер түпкі нәтижеге бағдарланатын болады;
мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі артады;
мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің қызметі реттеледі.
6. Мемлекеттік секторды реформалаудың бірыңғай саясатын қалыптастыру мәселелерінде, реформаның қазіргі жай-күйін мониторингілеу және бағалау мәселелерінде үйлестірудің пәрменді жүйесі енгізілетін болады. Бұл ретте, шеңберінде мемлекеттік басқару саласындағы реформалардың ағымдағы жай-күйі мен нәтижелері туралы ел басшылығына да, сондай-ақ қатардағы азаматтарға да тұрақты есеп берілетін мониторингілеудің толыққанды жаңа жүйесі жұмыс істейтін болады.
Мемлекеттiк басқару жүйесін мен жаңғыртудың тиімді стратегиясын
әзірлеудің халықаралық тәжiрибесін шолу
Іс жүзінде барлық мемлекеттердiң үкiметтерi құрылымы мен орындайтын функциялары бойынша оңтайлы, аса үлкен емес, сапалы шешiм қабылдауға қабiлеттi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесін құруға ерекше назар аударады.
Әлемдік тәжiрибенi талдау әлеуметтік байланыс жүйесінде және осы замандағы қоғамның технологиялық ұйымдастырылуы мемлекеттiк сектордың реформаларын жүргізудің негізгі себетері болып табылатының растап отыр.
Технологиялық және әлеуметтік өілгерілу бәрінен бұрын мемлекеттік басқару құралдарының өзгеруімен байланысты. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде қоғамның күнделікті тәжірибесінде ақпараттық инфрақұрылымның қалыптасуы негізінде бүкіл әлемде мемлекеттердің Үкіметтері азаматтық қоғаммен байланыстың жаңа моделін құруға талпынуда.
Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік басқару реформаларының түпкілікті мақсаты қазіргі әлемде мемлекеттің функцияларын іске асыру тетіктерінің барынша өзгеруі болып табылады.
ХХ ғасырдың 80 және 90 жылдары көптеген елдерде мемлекеттік басқару жүйесін реформалауда кең ауқымды және кешенді бағдарламаларды табысты іске асыруда мемлекеттік басқарудың жаңа (New Public Management) теориясы негізгі тренд болды.
Белсенді мемлекет тұжырымдамасы бұл модель бойынша мемлекеттік басқаруды реформалау философиясының негізі болды. Бұл тұжырымдама мемлекет және азаматтар (қамқоршылықтан әріптестік қатынастарға көшу) арасындағы қатынастарда жаңаша анықтайды, яғни мемлекеттің міндеті қоғамдық пікірсайыста анықталады, қоғам мен мемлекет арасында ынтымақтастық дамиды және жауапкершілік бөлінеді.
Мемлекет қоғамдық мәселелерді шешу үрдісіне бастамашылық жасайды және делдал рөлін атқарады, азаматтардың жауапкершілік аясын белгілейді. Осылайша, бастамашылық жасау, белсенділік және ынталандыру мемлекеттің аса маңызды функциясына айналады.
Мемлекеттік басқару жаңа теориясы бойынша мемлекеттік қызметті реформалаудың мәні, бұрын мемлекет жүзеге асырған бірқатар функцияларды нарықтық құрылымдарға беру; коммерциялық қызметті мемлекеттік басқару саласына қолдануды болжайтын мемлекеттік басқарудың кең ауқымды маркетингеу болып табылады.
Осылайша, осы модель бойынша мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту мыналарды көздейді:
мемлекеттік аппараттың жұмыс қағидаттарына нарықтық санатты (пайда, шығын, бәсекелестік, шығындарды есептеу және т.б.) енгізу;
бұрын мемлекет атқарған функцияларды орындауға ынталы қоғамдық ұйымдарды тарту.
Бұл модельге сәйкес мемлекеттік басқаруды реформалаудың мақсаты тиімділікті, икемділікті
ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті тұтынушы азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылды.
Жаңа мемлекеттік басқарудың негізгі идеясы мемлекетті азаматтарға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйым ретінде көрсететін сервистік тәсілді енгізу болып табылады. Яғни стратегиялық функциялар мемлекеттік аппаратта қалады, ал бұрын мемлекет жүзеге асырған қызмет көрсетуге байланысты басқа функциялар коммерциялық құрылымдарға беріледі.
Жаңа мемлекеттік басқару теориясының практикада қолданылуының кемшіліктері болғанын атап көрсету керек.
Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесінде жаңа мемлекеттік басқарудың 2 әлсіп тұсын бөліп көрсетуге болады:
- мемлекеттік қызметтің нарықтық емес табиғаты мен оны нарықтық негізде қайта ұйымдастыру арасындағы қарама-қайшылығы;
- заңдылықтың әлсіреуі және жалпы мемлекеттік қызмет беделінің түсуі, мемлекеттік сектордан білікті кадрлардың кетуі.
Соңғы уақытта жүргізілген зерттеулер мемлекеттік секторға қоғамдық сенім дәрежесі және оның нарықтық реформалау қағидаттарына бағытталуы Аргентина, Бразилия, Чили, Мексика, Бангладеш, Корея, Филиппины, Непал, Пәкістан, Үндістан, Шри Ланка сияқты елдерде өте төмен деңгейде екеніндігін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет пен бизнестің этикалық қағидаттарының бір-біріне жақындауы мемлекеттік қызметшілердің моральдық сапасы мен ынтасына жақсы әсер етпейді. Көптеген адамдарға тән бизнесте емес, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мақтанышы мемлекеттік мекемелердің этикасы коммерциялық қағидаттармен кіруіне байланысты жойылып кетеді, нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер халық қызметшісі деген қоғамдық пайдаға бағдарланған емес, пайда табуға бағдарланған бизнесмендерді еске түсіреді.
Расында,мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметкерлердің этикасына кері әсері индустриялық Австралия, Канада, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ сияқты дамыған елдерде байқалды.
Көптеген бұрынғы социалистік елдердегі сияқты мемлекеттік басқару қазақстандық моделі көбіне төмен тұрған ұйымдардың міндеттемелерді орындап, жоғары тұрған ұйымдарға басқару үшін ақпарат беруге бағытталған модельдің қағидаттары бойынша тарихи түрде қалыптасқан. Осы күнге дейін Қазақстанда тұтынушыға байланыссыз мемлекеттік органда жұмыс істеудің өзіндік құндылығы басым түрде қарастырылатын, бұл мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды іске асыру сияқты мақсаттарының тұжырымдамасынан анық көрінеді.
Соңғы уақытта Қазақстан тұтынушыға бағдарланған (Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Нидерланды, Канада, Үндістан, Австралия және т.б) жаңа мемлекеттік басқаруды енгізуге өтуде, ол бойынша мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты - құқықтар мен мүдделерді қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа және нарық субъектілеріне жағдай жасау.
Тиісінше, негізгі трендті ұстану біздің еліміздің ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ жаңа мемлекеттік басқару қағидаттарын енгізген елдердің проблемаларын ескере отырып қажет болады.
Қазақстанда мемлекеттік сектор қызметінің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бағытталуын сақтай отырып, мемлекеттік қызметті тікелей алушылар ретінде азаматтардың қажеттілігіне бағдарлануының негізі қағидатын енгізу ұсынылады.
Азаматтар мен бизнестің барынша жоғары қанағаттандыру кезінде мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік қызметтің патриоттық құрымдас бөлігін сақтау қажет.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін
дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Мемлекеттік басқардың жаңа моделі мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
соңғы нәтижеге бағдарлау және мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (аз ресурстар шығындармен берілген нәтижелерге қол жеткізу);
басқару жүйесінде (әкімшілік рәсімдер ұйымдастыру және басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде) барынша ікемділікті пайдалану және жаңа, оның ішінде, түлкі комуникациялық технологияларды енгізу;
қызметте жоғарылауды байланыстыру, мақсаттарға қол жеткізу және тиімділікті көтеру жөніндегі нәтижелер деңгейелі бірге ресурстар мен сыйақыларды бөлумен;
мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарын ескере отырып қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік аппарат қызметiнiң ашықтығы (айқындылғы).
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша
реформаларды тереңдету
Мемлекеттік басқару әдістерінің, тәсілдерінің және рәсімдерінің сапалы өзгеруіне нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және келешекте бюджеттеу жүйелерін енгізу және дамыту ықпал ететін болады.
Алға қойылған мақсаттарды сәтті іске асырудың негізгі факторы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің, мониторингілеу мен іске асыруды бағалаудың барабар нормативтік құқықтық негізі болып табылады.
Осыған байланысты, басталған өзгерістерді іске асыру және әдіснамалық тәсілдерді жетілдіру бойынша жұмыстар мынадай бағыттар бойынша жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарына, міндеттері мен индикаторларына талдау жүргізетін болады және мемлекеттік органдарға бекітін беру нақты нысаналы индикаторлар мен міндеттер көрсеткіштерін анықтау және оларды жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.
Жекелеген мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеуінің орындылығы қаралатын болады.
Стратегиялық құжаттардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының құрылымы мен баяндалу тәсілдері жетілдіріледі. Стратегиялық жоспарлар сыртқы пайдаланушыларға түсінікті форматта әзірленеді, шынайы және қолдануға ыңғайлы болады.
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың нақты өзара байланысын орнату, нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу үшін макроэкономикалық көрсеткіштері, бюджеттік параметрлері, ағымдағы шығыстары мен даму шығыстарының басым бағыттары бар салалар мен сфералар бойынша экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын байланыстыру қамтамасыз етілетін, уәкілетті органдардың мемлекеттік жоспарлау және жоспарлау, бюджетті орындау бойынша өзара іс қимылы күшейтілетін болады.
Осыған байланысты бюджетті қалыптастыру әдіснамасы өзгертіледі.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын айқындау мақсатында Бірыңғай бюджеттік сыныптама жетілдірілетін болады.
Бюджеттік өтінімнің форматы оның мазмұны өтінім жасалатын шығыстардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне нақты түсінік беретіндей түрде қайта қарастырылатын болады.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында оларды қаржыландырудың оңтайлы нұсқаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану есебінен жобаларға алдын ала кезеңде салыстырмалы талдау және бағалау жүргізу негізінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау тәсілдері жетілдірілетін болады.
Бұл қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттің қаржылық та, сондай-ақ еңбек және уақыт ресурстарын да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджетаралық қатынастар жүйесін одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Бюджеттік есепке алу мен қаржылық есептілікті одан әрі реформалау мақсатында:
- 2013 жылдан бастап барлық мемлекеттік мекемелерде МСФООС сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі енгізілетін болады;
- бюджеттің атқарылуы есебінің кассалық әдісінен ақы төлеу уақытына қоланастан жасалу фактілері бойынша операциялардың нәтижелерін тану қағидатына негізделген есептеуді есепке алу әдісіне көшкен елдердің тәжірибесі зерделенетін болады;
- нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы бюджеттік есепке алу жүйесінде есептеу әдісін енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Тиісінше нәтижеге бағдарланған бюджетті бағалаудың қажетті және жеткілікті тетіктері мен құралдарын жасау мақсатында бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті, мониторинг пен бақылау жүйесін жетілдіру қажет болады.
Ішкі бақылау органдарының жұмысында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен бақылау іс-шараларын жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.
Жергілікті бюджеттердің атқылуын бақылау күшейтілетін болады.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде қызметкерлерді нәтижелер бойынша басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістеріне оқыту, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлаудың белгіленген рәсімдерін қолдану қабілеттерін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Нәтижеге бағдарланған басқару жүйесін енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың елдің жалпы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі өзара іс-қимылын жетілдірудің маңызы кем емес.
2011 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің әдіснамалық базасын пысықтау аяқталатын болады.
2011 жылдан бастап 26 орталық және барлық жергілікті атқарушы органның қызметіне бағалау жүргізіледі. Мемлекеттік органдар қызметін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып, мемлекеттік органдар өз қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады.
Экономика салаларының дамуына әсер ететін факторларға терең талдау жүргізу үшін тұрақты негізде экономика салаларына талдау мен зерделеу жүргізуде ғылыми зерттеулердің негізінде экономика салаларының дамуына әсер ететін нақты факторларды (іс-шараларды), сондай-ақ олардың әсер ету деңгейлерін (үлестерін) айқындауда мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми және зерттеу ұйымдарын тарту мен бағдарлауды және модельдеу негізінде осы факторларды реттеу жүйесін енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Тұжырымдамада көзделген әкімшілік реформаның өзара байланысты шаралар кешенін сәтті іске асыру нәтижеге бағдарланған басқару жүйесіне толық өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, нәтижеге бағдарланған басқару тәсілдері және барлық мемлекеттік секторды қамтуы және бюджет саласының барлық ұйымдарында бірдей енгізілуі тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мыналарға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады:
мемлекеттік қызметтің толық тізбесін қалыптастыру;
мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және жетілдіру арқылы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, әкімшілік үдерістер мен рәсімдерді жаңғырту;
азаматтар мен бизнестің электронды үкімет қызметіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жобалау және жетілдіру, үдерістерін реттеуге және жүйелеуге бағытталған іс-шаралар кешені ретінде жаңа электронды үкіметтің архитектурасын дамыту;
мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды электронды түрде алу мүмкіндіктерін кеңейту;
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын жаңғырту;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін енгізу;
қызметтер көрсетуге тартылған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін және клиенттік бағдарының деңгейін арттыру.
Мемлекеттік қызметтердің толық тізбесін қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар функцияларын түгендеу және талдау жүзеге асырылатын болады.
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде ескерілмеген негізінен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтерді анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді түгендеу заңнамалық актілердің тұрақты мониторингі арқылы жүргізілетін болады.
Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы процестің формалдылығына және қолданыстағы бизнес-процестердің реинжинирингсіз автоматтандырылуына жол бермей оларды көрсету стандарттары жөніндегі жұмысқа көшуін жалғастыру қажет.
Мемлекеттік органдар мен мекемелердегі Бизнес-үдерісті жақсарту үшін олар ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланатын болады, бұл мемлекеттік органдар басшыларының шешімдер қабылдаудағы субъективизмін болдырмауға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, шешімдер қабылдау және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерінің мәнін түзету кезінде алынған ақпаратты пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушылармен кері байланыс жүйесін құру жұмысы жалғасатын болады.
Электронды үкіметті дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіру және келісу электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің санын ұлағайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оларды көрсету мерзімдерін қысқартуға, қажетті құжаттардың тізбесін жеңілдетуге ықпал етеді.
Осымен бір мезгілде ақпараттық жүйелерді біріктіру және жетілдіру үдерістерінің жүйелілік үйлестірілуі қамтамасыз етілетді және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру деңгейі мен ақпараттық жүйелерді енгізу нәтижесіндегі қызметтер сапасын айқындауға мүмкіндік беретін енгізілетін ақпараттық жүйелерді бағалаудың пәрменді тетігі енгізілетін болады. Бұл тетік электронды үкіметті енгізу жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіруге және келісуге мүмкіндік береді.
Осы кезеңде негізгі міндет қажетті ақпаратты берумен байланысты азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына өтініштерінің санын төмендету және бір терезе қағидатын негізге ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қималының жеделдігін арттыру есебінен күту уақытын қысқарту болып табылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша кешенді шараларды әзірлеу және іске асыру, біріншіден, тұтынушылардың пікірі мен мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады, бұл халықтың қанағаттанушылығын арттыруға және әлеуметтік ширығуды төмендетуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, негізгі күш мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын қолдану, құжаттардың саны мен мемлкеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жеке барудың сапардың санын қысқарту есебінен халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы деңгейін арттыруға бағытталады.
Тұтастай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құруды екі бағытта жүзеге асыру қажет. Біріншіден, қызметтер көрсетуге қатысатын әрбір қызметкердің жұмысын бағалаумен байланысты мемлекеттік орган көрсететін қызметтің сапасын бағалаудың пәрменді тетіктерін әзірлеу. Екіншіден, қызметтер көрсетуге жауапты әрбір мемлекеттік органда ішкі бақылау қызметін құру және дамытуды қамтамасыз ету.
Қызметшілер жұмысының бағдарын тұтынушылардың мұқтажына қарай қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруға және көрсетуге жауапты қызметкерлерді арнайы даярлау, қайта даярлау жүйесі енгізілетін болады. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер сапасын тұрақты арттыруға уәждеуді және ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қызметтер көрсетудегі үздік жетістіктері үшін арнайы жалпыұлттық Сапа белгісі сыйлығын тағайындау мүмкіндігі қарастырылады, ол конкурстық негізде берілетін болады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды нормативтік қамтамасыз ету үшін Әкімшілік рәсімдер туралы, Мемлекеттік қызмет туралы заңдарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдардың регламенттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Тұтастай алғанда, аталған шараларды іске асыру:
* мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, оларды азаматтар мен ұйымдар үшін қолжетімді етуге;
* атқарушы билік органдарының қызметін тұтынушылар мүддесіне бағыттауға;
* атқарушы билік органдарындағы әкімшілік-басқару үдерістерінің сапасы мен тиімділігін арттыруға;
* қандай да бір қызмет көрсетуге арналған бюджет шығыстарын оңтайландыруға;
* қызмет көрсету сапасына халық пен бизнес-құрылымдардың қанағаттанын арттыруға;
сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және мемлекеттік органдардың
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысын реттеу:
Мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге бағдарлай мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі кәсібилендіру қажет.
Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметтердің тұтынушысы ретінде халыққа бағдарлауын болжайды.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру мемлекеттік қызметте адами капиталды басқарудың қолданыстағы тетіктерін жаңғырту және жаңаларын құруға бағытталатын болады.
Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін және мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру кадрлардың сапала жаңа деңгейге үздіксіз кәсіби өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың пәрменді құралы болады және жұмыс нәтижелері негізінде барынша кәсіби және құзыретті қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілер тәртібінің этикалық нормалары әрбір мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін ескеруге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әкелетін жағдайлардың туындауын алдын алуға мүмкіндік бере отырып, анық және нақтыланған болады.
Мемлекеттік қызмет құрылымында үш корпус белгіленетін болады:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын және мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын саяси мемлекеттік қызметшілердің корпусы;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін және саяси шешімдерді қабылдау мен олардың тікелей орындалуы арасында байланыстыратын буын болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің А басқару корпусы;
3) мемлекеттік саясатты іске асыратын және орындау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің А басқару корпусы.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының жаңа тізілімі мен корпустарын, кадрлық резервті қалыптастыру тетіктері мен ротация, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу тетіктерін қалыптастыру тиісті нормативтік құқықтық актілерде анықталатын болады.
Мемлекеттік қызметке орналасудың қолданыстағы конкурстық тәртібі едәуі жаңғыртылатын болады.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру үшін қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай сатылас жүйесі құрылатын болады, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың қазіргі заманға білім технологиялары мен қағидатына негізделетін оқыту бағдарламаларының мазмұнды бөлімі сапалы жаңғыртылатын болады.
Жаңа моделде түпкілікті нәтижеге бағдарланатын және уәждеу жәненемесе бліктілікті арттыруға негіз болатын мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау енгізіледі. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде сондай-ақ аттестаттау тетіктері, уәждеу жүйесі және мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы жетілдіріледі, мансаптық жоспарлау жүйесі қалыптастырылатын болады.
Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай сатылас жүйе құру және жаңа кадрлық саясатты тиімді жүргізу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарға әдіснамалық бағынатын болады. Тұтастай, жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру Қазақстан Республикасының 2020 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz