МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Осы ретте химия пәнін ағылшын тілімен ұштастыра оқыту қажеттілік болып отыр және жұмыстың көкейтестілігі де осында. Сондықтан да, қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту - білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр. Ел президенті Қ. К. Тоқаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі - ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен [1] .
Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, бүгінгі таңда полимәдениеттілік білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр. Осыған орай Қазақстан үш тілде оқытылатын мектеп ашылуда. Соның негізі ретінде жаратылыстану-математика бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқыту болып табылады.
Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын жылжыту, оқушыларды өмірге даярлау - жаңа әлемде нақты қос не көптілділік болып табылады.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу - тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды[2] .
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі - Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс - диалогтық әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді:
Дипломдық зерттеудің мақсаты: Орта мектепте химия пәнін ағылшын тілінде оқыту арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру, пәнге деген белсенділігін арттыру және оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу.
Дипломдық зерттеудің міндеттері:
- Химияны оқытуда ағылшын тілімен оқыту арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Химияны оқытуда ағылшын тілін пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және химия саласына байланысты тілдік қорын дамыту;
- Химия пәнін ағылшын тілі пәнімен кіріктіре өткізу тиімділігі;
- Химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу;
- Химия пәнінен ағылшын тілінде оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу.
Жобаның ғылыми-жаңалығы:
- Химия пәнін оқытуда үш тілде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімділігін анықтау;
- Орта мектепте химия пәнін оқытудың белсенді әдістері мен оқушыларға ағылшын, орыс тілдерінде оқытудың әр түрлі деңгейлеріне сәйкес ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктерін ұсыну;
- Химияны орта мектепте оқыту жағдайында аудио, бейне кешенін-оқушылардың ауызша, жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;
- Химияны оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс-тәсілдері, комуникативті бағыттағы оқыту элементтері кең қолдану, тілге байланысты жүйелі жетілдіру жұмыстарды жүргізуге ұмтылдыру.
Практикалық маңыздылығы:
Химия пәнін үш тілді үндестіре отырып оқыту - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетіні белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс тілінің жаһандану экономикасындағы ғылыми ақпарат алудағы желісін кеңейту.
Елімізде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көптілділік - заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқалармен салыстыру арқылы ған, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлтық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді оқыту -жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани адамгершілігін артыру үшін, бүгініг тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етіп жан-жақты өмір болу қажет. Заман ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елеміздің өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын елемездің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатынрухани дүниесі бай білімді, білікті болуы шарт. [3]
Зерттелу деңгейі: Орта мектепте көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген көптілді шәкірттерді шыңдау мақсатында химия пәнін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыру.
Зерттеу әдістері: химия пәнін оқытуда ағылшын тілімен білім беруді қарастыру; химия пәнін оқытуда ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құру тиімділігі мен маңыздылығын көрсету; орта мектепте химия пәнін ағылшын тілімен пәнаралық байланыстыра оқыту тәжірибесін зерделеу, сауалнама жүргізу; оқушылардың химия ұғымдарын өзге тілде меңгеруін бақылау, тілдік қиындықтары мен ерекшеліктерін анықтау, өзін-өзі бақылау әдістері; педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент өткізу; оны сапалық және сандық талдау; алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі : Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден, жалпы 61 беттен тұрады.
- ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУ ЖҰМЫСЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІКөптілді оқыту - жас ұрпақтың өз қабілетін танытуына
мүмкіншілік беретін басты қажеттілік
Жаһанданудың қазіргі үдерісі, отандық білім берудің әлемдік білім кеңістігіне енуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жеке тұлғаның жалпы коммуникативті мәдениеті болашақ маманның шет тілінде коммуникативті құзырлығының қалыптасуы білімнің халықаралық дәрежесінің жоғарылауына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықта жедел қарқынмен даму кезеңінде әлемдік экономикаға жан-жақты ену кезеңінде, шет тілін терең меңгерген, күнделікті және кәсіби салада оны тиімді пайдалана алатын мамандарға деген сұраныс көбеюде.
Қазақстан Республикасының тіл саясатының концепциясында орыс тілі ғылым мен техниканың әр түрлі саласында негізгі ақпарат көзі, алыс және жақын шет елдермен қатынас құралы ретінде айқындалады. Алайда, әлем тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін білмей тұрып әлеуметтік экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Осыған байланысты ағылшын тілін жедел қарқынмен оқыту Қазақстанда қоғамдағы тіл мәселесіндегі көп тілділік деп қарауға болады. Мемлекеттегі тіл туралы осы мәселелерді шешудегі білім беру жүйесінің ролі де осы құжаттарда қарастырылады. Бұл рольдің мәні жоғары деңгейдегі сапаға, халықаралық стандарттарға негізделген, ең маңызды элементтерінің бірі тілдік дайындық болып табылатын білім беру үдерісіндегі үздіксіздік принципі болып табылады. Олай болса орта мектепте өтетін п
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан - Жаңа әлемде» атты жолдауында атап көрсетілгеніндей, тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады. Жобада елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру ұсынылған. Бұл жобаға сәйкес үш тілді дамыту дегеніміз мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға кіру тілі ретінде ағылшын тілдерін оқытуды дамыту қарастырылған. Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білу - өмір талабы (Сурет 1) .
«Тілдердің үштұғырлылығы»мәдени
жобасын жүзеге асыру
орта мектепте үш тілде білімді дамытудың
басым бағыттарының бірі
қоғамды экономиклалық және әлеуметтік жағынан модернизациялаудың басты факторы
жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,
әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына
мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік
Сурет 1. Тілдердің үштұғырлығы
«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру елімізде, орта мектепте үш тілде білімді дамытудың басым бағыттарының бірі. Осыған орай Қазақстанда көп тілді білім беруді дамыту қолға алынуда. Жоғарыда аталған жағдайларды жүзеге асыру көп тілді білімді дамытуға, қоғамды экономиклаық және әлеуметтік жағынан модернизациялаудың басты факторы ретінде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік [4] .
Қоғам дамуының бастаушы тенденциялары: адамгершiлiк болмысының эпицентрiнде әртүрлi мәдениеттердiң араласуы, әртүрлі мәдениеттердің өз ара белсенді қарым-қатынаста болуы, барша мәдениетке ортақ коммуникациялық мағыналы өрiстiң пайда болуы адамның бесенділігіне әсер етеді. Осы орайда бұл тенденциялар адамнан көптілді қоғамда өзара әрекеттесуi үшiн қажеттi мәдениеттi құзыреттiлiктi талап етеді.
Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.
Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміз саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді.
Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.
Тілдерді дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу - ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Қазақ елін әлемдегі көп тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі -жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі - ағылшын тілі болуы тиіс.
Қазіргі уақытта өмірдің барлық салаларында қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр. Осы ретте қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті барлық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға аса көңіл бөліну керек. Меніңше, әрбір қазақстандықтың қазақ тілінің тек қазақтардың ана тілі ғана емес, әрқайсысымыздың мемлекеттік тіліміз, мемлекетіміздің мемлекеттілігінің негізгі белгісінің бірі, болашағымыздың тілі. Елімізде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көптілділік - заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады . Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт.
1. 2. Химия пәнін ағылшын тілдері пәндерімен пәнаралық байланыс құра оқытудың тәсілдері
Білім алушылар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын меңгерiп қана қоймауға тиiс. Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. [5]
Сондықтан осындай талаптарға сай студенттерге білім беру еліміздің мемлекеттік білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
ҚР Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның мұғалімі - кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», - деп көрсетілген. Осыған орай, өмірде өз орнын тауып, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті бар, проблемалық жағдайлардан шығудың жол-жобаларын таба білетін, істің нәтижесін алдын ала болжай алатын жастарды оқытып-тәрбиелеу мақсатына жету үшін мына жағдайлар ескерілуге тиіс:
- білім беру барысында ғасырлар бойы жиналған жалпы адамзаттық құндылықтарды психология-педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру тәсілдерін кеңінен пайдалану;
- қазіргі кездегі ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, пәндерді кіріктіре оқыту арқылы студенттердің құзыреттілігін арттырып, оларды шығармашылық дербестікке жеткізу;
- оқушылардың қатынастық (коммуникативтік) мәдениетін қалыптастыру, көптілді білім алуын және пәнді үш тілде меңгеруін қамтамасыз ету.
- пән бойынша теориялық - практикалық негізгі білімді үш тілде оқытуды қарастыру.
Білім беру саласында пәндерді кіріктіре оқыту тәсілі қазақстан мектептерінде жиі қолдынылады. Бұл оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді бірдей меңгеруіне көмегін тигізбек. Нақтырақ айтсақ кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді. [3]
Еліміздегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі кіріктіру, кіріктіре оқыту республикамызда А. А. Бейсенбаева, Қ. А. Аймағамбетова, Ә. Мұханбетжанова, Ә. Түркменбаев және өзге де ғалымдардың еңбектерінің зерттеу объектісі болып табылады.
Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнын кіріктіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселесін шешумен ұштастыруды керек етіп отыр. Өйткені, ақпараттандыру - бүгінде қоғамдық өмірдің өзге салаларындағыдай білім берудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс(Сурет 2) .
химия пәнін ағылшын тілі пәндерімен
ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқыту
химия пәнінде қолданылатын негізгі терминдердің
ағылшын тіліндегі аудармаларымен
бірге үйрету
глоссариймен жұмыс істеу; ақпарат көздерін пайдалану,
ондағы мәліметтерді екі тілде пайдалану;
пәндерді кіріктіруде мазмұндық-құрылымдық
тетіктерді пайдалану негізінде қолдану;
пәнаралық кіріктіру, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып
химия мен ағылшын тілінің үндесуін қамтамасыз ету;
Сурет 2. Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Осы ретте химия пәнін ағылшын тілі пәнімен ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқыту тиімді:
- химия пәнінде қолданылатын негізгі терминдердің ағылшын тіліндегі аудармаларымен бірге үйрету, глоссариймен жұмыс істеу;
- ақпарат көздерін пайдалану, ондағы мәліметтерді екі тілде пайдалану;
- пәндерді кіріктіруде мазмұндық-құрылымдық тетіктерді пайдалануға негіздеп қолдану;
- пәнаралық кіріктіру, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып химия мен ағылшын тілінің үндесуін қамтамасыз ету; [13]
Қазіргі кезде қазақстан мектептерінде математика, физика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бір жағынан қиын болғанымен, қажеттілікен туындап отыр. Ал егер сабақ барысында ағылшын тілімен байланыстыра өткізетін болсақ, осы бастамаға қолдау жасап, азғантай болса да көмегімізді тигізген болар едік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz