Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .: 1 ХИМИЯ КУРСЫНДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Химияны оқытуда эксперименттік жұмыстарды жүргізу әдістемесінің қалыптасуы және дамуы . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Қазіргі заманғы орта мектептегі оқыту практикасындағы химиялық эксперимент… . . .
3: 15
КІРІСПЕ. . .: 1. 3 Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі . . .
3: 22
КІРІСПЕ. . .: 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ВИРТУАЛЬДЫ-МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ . . .
3: 49
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 «Тұздар гидролизі» тақырыбына сабақ жоспары . . .
3: 50
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 «Аммиактың алынуы және оның химиялық қасиеттері» тақырыбына виртуалдық әдіс түріндегі практикалық сабақ . . .
3: 58
КІРІСПЕ. . .: 2. 3 Алынған нәтижелерді сараптау . . .
3: 65
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 71
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ . . .
3: 73

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі : Тәуелсіз еліміздің ертеңі, ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұрпақтың ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жүргізіліп жатқан талпыныстар барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Қазіргі таңдағы мектептегі білім берудің даму кезеңдерінің ерекшелігі оқушы тұлғасының бет бұрыуы, олардың белсенді оқу танымдық жұмыстарының негізінде жан-жақты дамуы болып табылады. Бұл ойдың іске асырылуы мектептердегі жаңаша түрдегі өзгерістерге байланысты, оқу технологиясы мен білім беру мазмұнының модернизациялануы, ал мектептегі білім берудің өзі тоқтаусыз білім алудың баспалдағы ретінде қарастырылып отыр. Бұл ауысым баулуға бағытталған білім беру жағдайында ғана және атқарушылық, жақын келу негізінде ұйымдастырылған жағдайда мүмкін.

Осы уақыттағы мектеп өзінің дамуының дәл қазіргі кезеңінде оқытудың альтернативті жоспары негізі ретінде химия жайындағы теориялық білімнің дамуында анағұрлым елеулі қадамдар жасады, әрине ол оқушының өзіндік орындау жайында болса мұны химиялық эксперименттің қойылуы және ұйымдастырылуына байланысты білім жайлы деп айта алмаймыз. Соңғысының химия жайындағы жаңа білімді игеруі үшін үлкен маңызы бар. Ал эксперименттің берілген функциясының ұйымдастырылуы қазіргі кездегі зертханалық-практикалық жұмыстардың жүргізілуі әдістемесінде анағұрлым қиындатылған.

Педагогикалық зерттеулердің біркелкі нәтижелері ол өз кезінде бірнеше түрлі деңгейдегі орта мектептерде жүргізілген, оқушылардың білімдерінің қалыптасуы әлдеқайда жоғары емес деңгейін көрсетті. Бұл деңгей химиялық эксперименттерді жүргізуге байланысты, бұл өз кезінде химиядан бағдарлама бойынша эксперименттік жұмыстардың сапасының төмендеуіне және химиялық білімнің игерілуін анағұрлым төмендеуіне алып келді.

Қазіргі таңдағы оқушыларға орта мектептердегі химия курсын меңгеруге ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сонымен қатар экспериментттік жұмыстарды жүргізу анализі, олардың негізгі қызметі оқушыларды ғылымның негізі жайлы біліммен қамту, сонымен қатар түрлі дағды мен қабілеттерді игеру білімімен қамту керектігін көрсетеді.

Химия пәнінен оқулықтардағы зертханалық - практикалық жұмыстар негізінен репродуктивті-көшірмелік ыңғайда болып келеді. Бірақта осы іспеттес әдістемелермен қатар оқу процесіне ізденушілік жұмыстарды да қосу қажеттігі белгілі. Осы себепті оқушылар мектеп бағдарламасында берілген эксперименттік жұмыстарды орындау барысында жасалынған іс-тәжірибелердің нәтижелерін талқылау мүмкіндігінен, өзіндік тұжырымдарын ұсынып оларды тәжірибе жүзінде тексеруден қол үзеді, сонымен қатар оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін аңғаруды қиындатады. Мұның барлығы химия пәнінен зертханалық - практикалық жұмыстарды жүргізу әдістемесінің мазмұнын әрі қарай дамыту керектігін көрсетеді, бұл өз кезінде орта жалпы білім беретін оқу мекемелерінде химия курсын меңгерудің негізі болып қоймай, сонымен қатар теориялық білімді алу және меңгерудің бірден-бір тәсілі болып саналады.

Зерттеу тұжырымдамасы болып егер химиядан зертханалық - практикалық сабақтар жүргізу әдістемесінің негізіне оқушылардың өзіндік танымдық іскерліктерін ұйымдастыру және құрылымдық мазмұнымен білінетін, ізденушілік қалыптағы проблемалық тәжірибелер мен тапсырмаларды орындау және жүйелік пен іскерлікке жақын келу идеясын қосса, ондай жағдайда химиядан зертханалық - практикалық сабақтар химиялық білімді меңгерудің сапасын арттырады.

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезеңінде ақпараттар ағынынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, екшеп пайдалана білуі - бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың санасын сан алуан ақпараттармен улап, ой-өрісінің дамуын дүбара күйде қалдырмаудың басты шарттарының бірі. Осыдан келіп туындайтын мәселелердің бірі - жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беретін орта мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру; оқытудың жаңа технологияларын іздестіру; оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық, мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.

Тақырыптың зерттеліну деңгейі . Педагогикада оқу - тәрбие процесінде оқушылардың белсенділігін жоғарылатудың жолдары үздіксіз түрде жүргізілетіндігі көрсетіледі. Оқу үдерісінде оқушылардың өз бетінше және белсенділік принципі атақты дидакт М. Н. Скаткиннің жұмыстарында ұсыныл-ды. Кейін ол М. И. Махмутова, Т. И. Шамова, Н. А. Половникова, Д. В. Вилькеева, И. Я. Лернер зерттеулерінде дамыды. Бірақтан да алдыңғы ғасырдың 80-жылдарына дейін бұл бағытты зерттеу оқытуды ұйымдастырудың бір түрі-тек сабақта ғана жүргізілді. Сабақтың әр кезеңдерінде оқушыларды белсенділігін арттырудың тәсілдері қарастырылды. Зерттеушілер оқу процесінде әрбір оқушының белсенділігін арттыруда оқу әрекетін жекешелендіру мүмкіндіктерін қарастырды.

Диплом жұмысының мақсаты: Жаңа химиялық білімді қалыптастыру үшін химия пәнінен зертханалық-практикалық сабақтарды жүргізудің әдістемесін оқу барысында іскерлікке жақын келу негізінде әрі қарай дамыту.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • Химиялық эксперименттің пайда болу кезеңдері және оның жіктелуін, сонымен қатар орта оқу мекемелерінің оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерттеу негізінде қазіргі кездегі орта мектептердегі химиядан зертханалық - практикалық жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыру проблемасының жағдайын жалпылау және анализдеу;
  • «Тұздар гидролизі» тақырыбындағы сабаққа әдістемелік нұсқау жасау;
  • «Аммиактың алынуы және оның химиялық қасиеттері» тақырыбындағы практикалық жұмысты виртуалды әдіс түрінде әдістемелік тұрғыдан сипаттау және жүргізу;
  • Зертханалық - практикалық сабақтарды жүргізу жайындағы ұсынылып отырған әдістемелердің оқушылар білімінің сапасына оңтайлы әсер етуін тексеру және сараптау.

Зерттеудiң ғылыми әдiстерi : Зерттеу бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; оқушылар-мен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; оқу үрдісіне енгізу жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі: Бейорганикалық химия курсында зертханалық-практикалық жұмыстарды ұйымдастыру.

Зерттеу пәні: Бейорганикалық химия курсында зертханалық-практикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырудың әдістемелік негізі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Орта мектепте бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту әдісі пайдаланылса, онда оқушылардың білім көрсеткіштері жоғарылап, химия пәніне деген қызығушылықтары оянып, танымдық белсенділіктері артады және сабаққа деген ынтасы жақсарады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 74 беттен тұрады.

1 ХИМИЯ КУРСЫНДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Химияны оқытуда экспериментальдық жұмыстарды жүргізу

әдістемесінің қалыптасуы және дамуы

Орта мектептерде химия негіздерін оқыту, мектеп химия эксперименті әдістемесінің және қажетті ұйымдастырылуының орындалуы және дамуынсыз мүмкін емес.

Химиялық эксперимент бұл - оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін активтендіру, пәнге тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу, ғылыми көзқарасты қалыптастыру сонымен қатар химиялық білімді практикада қолдану жайындағы танымның маңызды шарты болып табылады.

Мектеп курсындағы химияда эксперимент өзіндік зерттеу объектісі, зерттеу әдістемесі, химиялық зат пен реакция жайындағы жаңа білімді алудың құралы және қайнар көзі болып табылады.

Егер химиялық эксперимент жеке өзіндік жұмыс ретінде болса, ол білім беру әдістемесі болып табылатыны мәлім (яғни зертханалық - практикалық, эксперименттік тапсырмаларды шешуде) .

Химияны оқытудың әдістемесінің даму тарихында ең маңызды роль оқытудың әдістемесінің проблемасына беріледі. Химиялық эксперимент оңтайлы оқыту әдістемесі ретінде пайда болғалы өшпей келеді.

Эксперименттік жұмыстардың барысындағы химиялық білімнің құрылу және даму әдістемесі өзінің тарихи бастауын, орта білімнің қалыптасуының революциясы алдындағы ширектен алады. Химия жалпы білім беретін орта мектептердің оқу пәндерінің қатарына толық қанды мүше ретінде тек XX ғасырдың басында кірді. Революция алдындағы орта мектептерде химия пәні мүлде болған жоқ немесе онда елеусіз орын алды.

1900 жыл мен Қазан революциясы арасындағы ширекте негізгі жалпы білім беретін мектептер ретінде, бастауыш мектептерді есепке алмағанда келесілер болды: қалалық училищелер (1912 жылдан жоғарғы бастауыш оқу орны болып түрленген) ; ерлер және әйелдер гимназиялары; нақты оқу орны.

Қалалық және жоғарғы бастапқы орындарының жоспарында химия мүлде болмаған.

Көптеген химия жайындағы мәліметтер физика курстарында және жаратылыстану курсының тірі емес табиғат бөлімінде беріліп отырған. Берілген пәндер бойынша сабақтар демонстрациялық тәжірибелермен үнемі бірлесіп отырған.

Жаратылыстану пәндерінде оқушылар сабақтарда практикалық - зертханалық жұмыстар атқарған. Қызықтысы, сол кездің өзінде ақ осы оқу мекемелерінде практикалық сабақтарда қатысушылардың санын азайту сұрағы тұрған екен.

Нақты училищелерде оқыту үрдісі басқаша қойылған болатын, яғни химия өзіндік оқытылатын пән ретінде енгізілген. Бұл мекемелердің химия зертханаларындағы практикалық сабақтардың оқушыларға химиялық анализ аумағында білім беру мақсаты болды. Оқу барысы сапалы анализде бастау алды (ерітінділердегі жекелеген реакцияларды зерттеуден ) . Содан кейін оқушылар барлық негізгі сандық анализ әдістемесімен танысты және салмақты әрі көлемді (алколиметриямен, тотығу-тотықсыздану процестерімен) материалдарымен танысты. Курс соңы түрлі химиялық өндірістерге арналған шикізат үлгісінің техникалық анализімен және де түрлі препараттарды дайындаумен аяқталды. Сондықтан нақты училищелерде біркелкі білім жүйесі берілмеді, тек практикалық мақсатпен жүрген өндіріске орта басқарушы құрам даярлап шығару. Практикалық сабақтарды жүргізуге арнайы оқу құралдары қолданылған. Мысалы, Д. Влахомурованың оқу құралы «Нағыз және коммерциялық училищелердің оқушыларының химия зертханаларында практикалық сабақтарға арналған аналитикалық химия » , мұнда қолданбалы нақыштағы 50 зертханалық тапсырмалар болған [1] .

Сонымен қатар Киевтегі политехникалық институтының оқытушысы И. М. Кукулесконың оқулығы «Химияның элементарлы курсы», бұл өз кезінде нақты училищелерде кеңінен таралған. Бұл оқулықтың авторы химия мен мақсатты түрде таныстырудың тәсілі ретінде оқушылардың өздігінен тәжірибелер жасауы және ондағы құбылыстарды өзінің бақылауы деп санаған. Сондықтан оқулық соңында тәжірибе жасаудың жобалы тізімі берілген (ол 24 тақырыпты қамтыды, оның әр қайсысы 5-7 тәжірибеден тұрды) [2] .

Химияны жеке ғылым ретінде оқыту сонымен қатар коммерциялық училищелерде және кадет корпустарында қолға алынды. Училищелердің оқу жоспарында химияға 6 сағат қарастырылған. Практикалық сабақтар негізінен курспен қатар жүрген тек кейбір жағдайлар да бір жыл кейінге қалдырылған.

Санкт-Петербургтегі Тенишев атындағы училищесінде химияны оқыту ерекше жақсы қолданылған. Бұл оқу орнында оқушылар практикалық сабақтарда органикалық заттарды тазалау әдісімен танысқан және маңызды физикалық тұрақтыларды анықтауға дағдыланған. Мысал ретінде олар қарапайым және сұйықтың фракциялық айдауын өндірген, заттарды қайта кристалдаумен тазалаған, заттардың қайнау және балқу темпертураларын анықтау олардың ара салмағын анықтаған және басқада қиынырақ әрекеттерді жасаған.

Тенишев училищесінде С. И. Созонов сабақ берген және бұл жерден педагог әрі әдіскер В. Н. Верховский тәлім алған.

Училищенің атқарып отырған жұмыстарының тізімі, өзінің ойластырылуымен және нақтылығымен таң қалдырады. Химияны зерттеудің бас кезіндегі жұмыстардың сандық көптігі өзіне көңіл аударады. Практикалық сабақтар арнайы құрылған зертханаларда жүргізілді, бұл зертханалар өз кезінде су және газбен жабдықталған. Жұмыстар негізінен жекеленген түрде жүргізілген. Жұмыстың соңында оқушылардан міндетті түрде жасалынған жұмыстары жөнінде суреттерімен сызулары бар қорытындылар сұралған.

Айта кету керек, орта мектептер С. И. Созоновқа химиядан оқушылар экспериментін практикалық сабақтарға нақты формада енгізгені үшін қарыздар. Оқушылар экспериментінің осы түрінің үлкен жақтаушысы бола тұра С. И. Созонов оқушылардың демонстрациялық тәжірибелерін құптады, бірақ оны әлі жеткіліксіз деп есептеді [3] .

Ол ең бір экспериментальді құрылған тәжірибелі ғылыми оқытудың өзі көздеген мақсатына ешқашан жете алмайды, оқушының өзіндік қасиеттері мен сезімі ешқалай дами алмайды егер оған тәжірибелерді өздігімен жасауға мүмкіндік бермесе деп пікір айтты.

С. И. Созоновтың практикалық жұмыстарды ендіру арқылы қол жеткізер педагогикалық бағалы сәттер төмендегілерге байланысты:

1. Практикалық сабақтар сыртқы сезімдердің дамуына әсерін тигізеді, ол өз кезінде шындықты тура әрі нақты түрде қабылдауға қажет.

2. Жеңіл түрдегі практикалық сабақтар оқушыладың нақты құбылыстарды қабылдап және анализ жасауға үйретуші, бәріненде орта жастағы оқушылардың ақыл - ойының қалыптасуына жауап береді.

3. Практикалық сабақтар оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырады.

4. Практикалық сабақтар ғылыми әдісті меңгеруге септігін тигізеді.

5. Жүйелі түрдегі практикалық сабақтардың соңында оқушы мектептен өзі жасаған тәжірибелердің нәтижесі мен қорытындысына сенім артып кетуі тиіс.

6. Практикалық сабақтар ең соңында жоғары сыныптар мен жоғарғы оқу орындарында оқитын тәлімгерлерге оқу пәндерін меңгеру үшін үлкен маңызға ие.

Жоғарғы сыныптармен жоғарғы оқу орындарындағы химия курсының үлесі туралы С. И. Созонов өте қызықты ойлар айтты, бұлар негізінен практикалық дағды мен қабілеттің бір-бірімен байланысты әрі орынбасушылықтың қажеттілігі жайлы болды.

Орта мектептерде химия курсын оқыту жайындағы көптеген мақалаларымен баяндамалары мен қатар С. И. Созонов химиядан бірнеше оқу нұсқаулықтарын жазған, бұл нұсқаулықтарды құрастыруға өзінің қызметкері В. Н. Верховский де жұмылдырылған болатын.

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналып жасалынған алғашқы «Химияның элементарлы курсы» атты нұсқаулығы 1911 жылы жарық көрді. Оқулықтың дұрыс қасиеттерінің қатарына келесілерді енгізуге болады:

1. Зерттеліп жатқан химиялық құбылыстар көп жағдайда қарапайым өмірдегі дәлелдемелермен, өндірістегі тәжірибелермен, табиғат өмірінен және т. б өрнектелді. Себебі, біріншіден оқушы өзінің ойына келген көптеген сұрақтарға өзі жауап табуына ықпалжасай алуы, екіншіден оқушының ойында химиялық құбылыстар тек зертханалардағы сынып парталарында орындалып қана қойылады деген кері ой қалыптаспауы керек.

2. Курс әркез сыныптағы тәжірибелер түрінде, оқытушының өзі көрсеткен тәжірибелер мен зертханаларда оқушылардың өздері жасаған эксперименттерге сүйене отырған.

Осы оқулыққа қосымша ретінде С. И. Созонов және В. Н. Верховский «Химиядан алғашқы еңбектер» деген шағын кітап шығарды, бұл нұсқаулық практикалық жұмыстарға арналған және оқулықпен қатар жүрді. Кітап 10 бөлімнен тұрады және өз кезінде өте үлкен сұранысқа ие болған.

Химияны оқытудың әдістемесі ретінде атақты ғылыми әдіскер В. Н. Верховскийдің жұмыстары үлкен қызығушылық туғызды.

1911 жылы осы автордың «Химиялық тәжірибелердің қойылу техникасы» атты оқулық шықты, ол орта мектептермен жоғары оқу орындарының оқытушыларының сұраныстарынан туындаған. Мұнда В. Н. Верховский, оқытушылардың эксперименттік жұмыстарды қоюдағы барлық бөлшектерін көрсетіп өтті, ол оқытушылар жұмысын анағұрлым жеңілдетуі тиіс еді. Қажетті болып қалуы мүмкін кішкене бір мәліметті өткізіп алудан гөрі эксперимент техникасы жайындағы сұрақтарға нақты дәлелдер көрсеткен дұрыс деп санады.

Берілген оқу құралы кейін келе «Мектепте химиялық эксперименттің техникасы мен әдістемесі» - деген атпен жарық көрді және ол оқытушыларға үстел кітабы болса, химия-әдіскерлері және әрбір химиялық экспериментпен шұғылданатын орта және жоғарғы мектеп тәлімгерлері үшін таптырмайтын құрал болды.

В. Н. Верховский химиялық эксперименттердің әдістемесі мен техникасына арналған нұсқаулықтарды құрастырумен қатар, басқада әдістемелердің қатарына дұрыс көз қарасты қалыптастыру сонымен қатар химия негіздерін меңгеруде эксперименттің маңызын оқушылар санасында дұрыс қалыптасуымен, терең түсініктің пайда болуына септігін тигізді. Бұл бағдарламаның дұрыстығын көбірек дәлелдеу мақсатында В. Н. Верховскийдің жұмысынан бірнеше үзінді келтірейік. «Біз химия курсында эксперимент көмегімен тек жеке элементтерді, байланыстар мен реакцияларды, заттарды алу тәсілімен ғана шектеле алмаймыз. Эксперимент оқушыларға химияның ең негізгі заңдылықтарын түсінуге алып келуі қажет. Заң ол үшін жаттап алатын құрылым ғана болмай, оқушыны бұл құрылымға эксперимент көмегімен нақты дәлелдер арқылы алып келуі тиіс» [4] .

Кадет корпусындағы химияны оқыту тәжірибесі химияның орта жалпы білім беретін мектептерде оқу пәні ретінде қалыптасуына үлкен маңызды роль атқарды. Бұл мекемелердегі физико-химиялық ғылымның қойылуы білім беру министрлігінің орта оқу мекемелеріне қарағанда ешбір бәсекелессіз тұғырда тұрды. Оқытудың эксперименттік жағы өте байсалды түрде орындалған болатын. Химия пәні оқытушыларына түрлі демонстрациялық тәжірибелер жүктелген. Жаратылыс тарихы физика және химия пәндеріне арнайы зертханалар құрылған болатын.

Зертханалық жұмыстардың мақсаты болып, мүмкіндігінше әрбір оқушы табиғат құбылыстары жайында жалпылама бақылаудан тәуір білім алуы керек болатын. Мұндай өзіндік бақылау мен эксперименттер әрбір сыныпқа олардың жас ерекшеліктеріне және даму деңгейіне қарай жинақталған.

Практикалық сабақтар оқушылардың оқу құралының едәуір бөлігін өткеннен кейін ғана жүргізілген. Оқушылар оларға берілген уақытты тиімді жұмсау үшін және нәтижелі болуы үшін алдын ала берілген сабақтар бойынша дайындықтар жүргізуі тиіс болған. Жұмыстар оқытушы құрастырған нұсқаулар бойынша үлкен емес топтарда жүргізілді. Құрылымы бойынша бұл сол кезден ақ химиялық тәжірибелер болатын.

Жалпы білім беру мекемелерінде химиядан практикалық сабақтарды жүргізу әдістемесі мен ұйымдастырылуы туралы сұрақтар білім беру министрлігінің отырыстарында кеңінен талқыға салынды. Техникалық және әуесқой оқыту жүйесінің III-съезінде орта оқыту мекемелерінде практикалық жұмыстарды жүргізу туралы сұрақтарға қатысты екі өте қызықты баяндамалар тыңдалды

С. И. Созонов өзінің баяндамасында Тенишев училищесінде практикалық сабақтардың қойылуы туралы тәжірибесімен бөлісті және берілген сабақтардың мақсатын нақты құрылымдап берді:

1. Химиялық түсінік пен заңдылықты тұғырлы және берік түрде меңгерілуіне ықпал жасау;

2. Анағұрлым маңызды заттар мен қосылыстардың қасиеті және түрленуімен жақын танысуына қол жеткізу;

3. Оқушылардың ғылыми эксперименттік ізденістің әдістемесімен таныстыру;

А. В. Новицкий «Мәскеу практикалық академиясының коммерциялық ғылымы» баяндамасында практикалық сабақтың пайдалылығын атап өтті.

А. В. Новицкий - оқытудың эвристикалық әдісін пайдаланушы әдіскер. Практикалық сабақты жүргізу әдістемесінің мақсаты берілген заттардан жаңа заттардың түзілуі, қоспа туралы ұғымын қалыптастырып, химиялық қосылыстардың құрам тұрақтылық заңын түсіндіру болып табылады. Практикалық жұмысты жүргізу үшін екі оқушыдан құралған әрбір топқа екі заттан беріледі: мысалы, күкірт пен темір, күкірт пен мыс, күкірт пен сынап, күкірт пен қорғасын және т. б. Бұл жұмыстың тапсырмасы берілген әрбір заттың сыртқы көрінісі бойынша сипаттама беру және бұл берілген заттардың қыздырғанда, сумен әсер еткенде, сұйытылған қышқылдармен әрекеттескенде қандай өгерістер болатындығын түсіндіру. Одан соң оқушылар осы екі затты бір-бірінен ажырату әдісін көрсетуі тиіс. Ары қарай заттардың қосылуы жүргізіледі де, заттарды бір-бірінен ажырату әдісі табылады. Оқушылар түзілген заттың сандық құрамын анықтау әдістемесін ойлап табуы тиіс және сол әдіспен оны анықтауы керек.

Ары қарай тапсырма одан да күрделеніледі де, сандық анықтау әдісін пайдалануды қажет етеді. Әрине, мұндай еңбекті көп талап ететін жұмыс кез-келген оқушының күші жетпейді.

А. В. Новицкий өзінің баяндамасында келесі мәселелер ескерілуі керектілігі атап өтілді, яғни әрбір топтың қызығушылығы, жұмысқа деген қабілеттілігі, дайындығы ескеріліп, сарапталғаннан соң ғана оларға әртүрлі тапсырмалар берілуі керек. Осылайша, С. И. Созонова және А. В. Новицкийдің баяндамаларынан, қазіргі таңдағы кейбір орта білім беру мектептерінде практикалық сабақтар жеткілікті жоғары дәрежеде еместігімен қорытындыланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары
Арнайы химиялық тек химияны оқыту кезінде
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химиялық тәжірибелерді жүргізу дағдысын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz