ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
2. 1 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптарын қорытындылау» тақырыбына тәжірибелік есептерді шығарудың әдістемесі . . . 47
2. 2 «Оттегі топшасы» тақырыбына тәжірибелік есептерді шығарудың оқу-әдістемесі . . . 51
2. 3 «Мыс және оның қосылыстарының қасиеттері» тақырыбына зертханалық жұмыстың оқу-әдістемесі . . . 62
2. 4 Алынған нәтижелерді сараптау . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . 69
ҚОСЫМША . . . 71
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасы қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық және рухани даму деңгейіне енді. Қазақстандық қоғамға жоғарғы білімді, әртүрлі жағдайларда таңдау жасай алатын, ұтқырлы, жауапкершілік сезімі дамыған мамандар қажет.
Елімізде болып жатқан өзгерістер адамдарды өмір бойы үздіксіз білім алуға бағыттайды. Осыған байланысты алдыңғы қатарға білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мәселесі шығады. Бұл заманауи біліммен ғана қаруланып қоймай, сонымен қатар, өмірде қолдана алатын танымдық белсенділігін арттыру деген сөз. Ол әрқашан өзін қоршаған әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік-мәдени жағдайда қолдану мақсатында инновациялық танымдық ізденісте болады. Бұл қажеттіліктер білім беруде көрініс табуы керек, әсіресе, мектеп курсын оқытуда, себебі жалпы білім беретін мектеп оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуы тиіс [1] .
Танымдық белсенділікті дамыту қажеттілігін өз жұмыстарында көптеген педагогтар атап кеткен. Мысалы, И. Г. Песталоцци, А. Коменский, А. Я. Герд, К. Д. Ушинский. Танымдық белсенділікті зерттеу мәселесінің теориялық негіздері Л. С Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьева сияқты ғалымдардың жұмыстарында көрсетілген. Тұлғалық сапада танымдық белсенділік Л. М. Фридман, Л. И. Божович, Д. Б. Богоявленская, Н. С. Лейтес В. А. Петровский, A. M. Матюшкин және басқа зерттеушілердің жұмыстарында қарастырылған. Танымдық үрдісте балалардың белсенділігін арттыру П. П. Блонский, Б. П. Есипов, Г. М. Лебедьев, Г. И. Щукина, Н. Д. Хмель және т. б. еңбектеріне енген [2] .
Танымдық белсенділіктердің қалыптасу деңгейлерін С. В. Гальперин қарастырған. Қазақстандық зерттеуші Н. А. Дарханов оқушылардың танымдық қызметтерін белсендіруді үш бағытта жүргізуге болады дейді: оқушылардың көрнекі-образды, нақты-әрекетті және абстракты-логикалық ойлауы. Р. К. Касенова танымдық қызығушылықтың құрылымын қарастырған. Б. Т. Набиева оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс уақытта және сабақта қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеген. Студенттердің ғылыми білімінің қалыптасуына ойын әдістерінің әсерін А. Р. Нұрахметованың зерттеу жұмысында қарастырылған [3] .
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде (В. И. Андреев, Е. И. Барчук, О. С. Зайцев, В. М. Коликова, В. Л. Пестерева, М. Б. Раджабов, З. А. Хайретдинова, Г. К. Мукушева және т. б. ) қарастырылған зерттеу біліктері оқушылардың танымдық белсенділіктерінің нәтижесі ретінде қарастырылған. Зерттеушілер бұның астарында өзбетімен шынайылықты танитын кіріктірілген біліктердің жүйесі (танымдық, жобалау-ұйымдастырушылық, тасымалдаушы-коммуникативті, рефлексті-бағалау білігі) бар деп түсіндіреді [4] .
Ғылыми әдебиеттерді қарастыру көрсеткендей көптеген зерттеушілер оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруды тізбекті түрде жүргізу қажет деген ой білдірген.
Зерттеудің мақсаты - мектепте химия сабақтарында қызықты тәжірибелерді жүргізу арқылы оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың әдістерін анықтау.
Зерттеу нысаны - орта мектептегі химия курсын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні - орта мектептегі химия курсы.
Зерттеу міндеттері :
- орта мектепте химия курсында білік пен дағдыны қалыптастырудың теориялық негізін анықтау;
- мектепте химия курсын оқыту процесінде қызықты тәжірибелік жұмыстарды орындау жолдарының көкейкесті мәселелерін айқындау, теориялық және әдістемелік негіздерін тұжырымдау;
- химияны оқыту барысында қызықты тәжірибелік есептерді шығару әдістемесін жасау;
- ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін тәжірибе жүзінде анықтау;
- нашар оқитын оқушының ой-өрісін дамытуға көмектесетін тәжірибелік есептердің аса маңыздыларының бірі екендігін ашу;
- зерттеу бойынша берілген негізгі ұсыныстар мен әдістерді педагогикалық экспериментке қою және оның нәтижесін анықтау.
Зерттеудiң ғылыми әдiстерi . Педагогикалық эксперимент жүргізу, арнайы бақылау, мұғалімдермен, оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама, педа-гогикалық эксперимент нәтижелерін сұрыптау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Орта мектеп химия курсында бей-органикалық химиядан тәжірибелік есептерді шығаруға, оқушылардың білігі мен дағдысын қалыптастыруға негізделген.
Қарастырылған мәселелер : химиялық эксперимент жүргізу арқылы оқушылардың танымдық әрекетін әрекетін тірек жазбалар пайдалану арқылы қалыптастырудың теориялық негізі және әдістемелік мүмкіндіктері анықталды.
Теориялық құндылығы: оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастыруда оқушы экспериментінің рөлі негізделді. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық түрлері үйлестірілген сабақтарда оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастырудың теориялық негізі жасалды.
Жұмыстың сарамандық құндылығы : зерттеуде ойын, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, химиялық экспериментті қою және шығармашылық жобалау әрекеті енген сабақтардың жүйесі жасалды.
Зерттеу базасы: Жетісай ауданындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар
- Химиялық эксперимент қою арқылы оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру білім мен тәрбие беру жолдары
- Химияны оқытуда оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың тиімділігін көрсететін педагогикалық эксперименттің нәтижелері.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
1. 1 Қазіргі кездегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру мәселелері және оқушыларға химиялық тәжірибе туралы білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері
Химияны оқыту процесінде химиялық тәжірибе - оқу процесінің негізгі бөлігін құрайды.
Орта мектепте оқушыларға білім беру, танымдық-қызығушылық әрекетін дамыту міндеттері оқу жұмысын ұйымдастырудың сан алуан формаларында түрлі әдістер мен оқу құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Химияны оқыту барысында оқушылардың таным әрекетін қалыптастыру мәселесі ғалым-әдіскерлер еңбектерінде біршама зерттелген. Айталық, химиялық эксперименттерді орындау техникасын игерту, есептерді шығаруға үйрету кезінде жүзеге асатын оқушының іс-әрекеті өз шешімін тапқан. Химияны оқыту барысында қалыптасатын практикалық икемділіктер нақтыланған.
Химияны оқыту барысында оқушылардың пәндік икемділіктерін қалыптастыру арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі де болса оқыту үрдісінде пәндік икемділікті дамыту әдістемесі шешімін тапқан жоқ, олардың зерделік ұйымдастыру - таным икемділіктің қалыптасқанын анықтайтын көрсеткіштер толық емес. Сондықтан химияны оқыту үрдісінде пәндік икемділікті жетілдіріп қана қоймай, дамыту мәселесіне де көңіл бөлу керек. Өйткені дамыту нәтижесінде ғана оқушылар олардың құрамына кіретін істерді өз бетінше әр түрлі байланыста түрліше жағдайда алған біліммен сабақтастыра пайдаланатын болады [1, 17-18б] .
Химияның тәжірибелік сипаты алдымен, әрбір ғылыми түсінік алға қойылған мәселеден логикалық ой түрінде шығады және ол практикаға негізделеді. Нақты заттарды, құбылыстарды, процестерді, фактілерді түйсіктеу және қабылдаудан кейін тану басталады да, одан соң жинақталып, абстракцияланады. Химиялық ұғым бұл - химиялық құбылыс және процестердің көзге көрінетін белгілерін жинақтайтын білім, оларды қабылдау негізінде қалыптасады. Олардың анализі затты сипаттайтын маңызды мәліметтерді береді және осының негізінде химиялық заңдылықтар құралады. Оқытушы әртүрлі химиялық экспериментті қолдана отырып, оқушыны теориялық білімдерін нақтыландыруға үйретеді[2, 47б] . Химиялық эксперимент оқушының өздігінен жұмыс жасауын дамытып, химияға қызығушылығын арттырады. Яғни химиялық экспериментті жүргізу барысында оқушы эксперименттің жұмыстың практикалық мағынасына ғана көз жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге өзінің білімін шығармашылық тұрғыда пайдалана алады. Химиялық эксперимент оқушының ойлауын дамытып, ақыл-ой белсенділігін арттырады. Оны алынған нәтижелердің дұрыс критерийлері ретінде қарастыруға болады. Көбінесе, эксперимент қалыптасатын ұғымның негізі, оларсыз ойлау қызметінің өнімдері шығуы мүмкін емес. Ақыл-ойдың дамуы үшін теория маңызды рөл атқарады, бірақ эксперимент және практикамен бірге болуы керек. Химия пәнінен эксперименттерді жүйелі түрде жүргізгенде, оқушылар соған жаттығып, үлгерімі артады. Орта оқу орнында алған білім мен білікті оқушы сол сабақтарда ғана қолданбай, мектепті бітіргеннен кейін де өздігінен білім алуына көмектеседі.
Химиялық тәжірибе бірнеше кезеңде жүргізіледі:
- бірінші - тәжірибенің қондырғыларын жинау;
- екінші - жоспарлау және тәжірибені жүргізу;
- үшінші - алынған нәтижелерді бағалау.
Экспериментті тек бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып жасауға болады. Эксперименттің жүргізілуі негізінен жорамалды зерттеуге байланысты. Бұл жұмысқа оқушыларды қызықтыру арқылы, олардың ойлау қабілеті артады, өздерінде бар білімдерін гипотезаны талдауға пайдаланады, оны тексеру нәтижесінде оқушы жаңа білім алады.
Бұдан, эксперимент оқушының ойлау қабілетінің дамуына оң әсер етеді. Ал, оқытушы білімді игеру, оқыту және ойлау процестерін басқаратын мүмкіндікке ие болады.
Химиялық тәжірибелердің даму тарихы
В. Н. Верховскийдің (Тенишевтік коммерциялық училищесінің химия пәнінің мұғалімі 1914 ж. ) пікірі бойынша XIX ғасырда мектептерде химия оқу пәні ретінде алдыңғы қатарда болмады. Оны тек физика, минерология пәндерінен кейін екінші орынға қойса, ал кейде тіпті бірінші орынға шығып кетіп отырды. Яғни химия саласының дәрежесі бір қалыпты болмады. Бұған қарамастан химияны оқыту әдістемесі мүлдем қиын халде емес еді. 20 жыл ішінде химияны оқыту әдістемесі өз бетінше әдістемелік мәселелерді шеше білді. Химиялық тәжірибелерді жүргізудің әдістемесі, техникасы, мазмұны анықтала бастады. 1899ж. физика ғылымының профессоры Н. А. Умовтың басшылығымен өткен Москвалық орта білім беру орындарының физика-химия пәндерінің мұғалімдерінің съезінде химияны оқытудағы маңызды құрал ретінде - тәжірибені пайдалану екені туралы маңызды шешім қабылданған. Кейінірек эксперименттерді жүргізу оқушының бойында теория мен практиканың сабақтастығын қамтамасыз ететіні айтылды. Жеке оқу пәні ретінде химия совет үкіметі кезеңінде қалыптасып, дами бастады. ХІХ ғасырдың әдіскелердің идеялары ХХ ғасырдың басында белсенді түрде пайдаланылып, дамытылып және оқу процесіне ендіріле бастады. Әсіресе, химияны оқытудың маңызды әдісінің бірі - химилық тәжірибелер[3] .
1983 жылы Гардец Карлов қаласында (ЧССР) әдіскерлердің химияны оқыту туралы әдістемелік еңбегі дүниеге келді. Бұл әдістемеде әдіскерлер В. П. Гаркунов пен Р. Г. Иванова химиялық тәжірибені көрнекі түрде көрсетілуінің маңызын жазған болатын. Эксперимент оқыту әдісі ретінде білім берумен қатар дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін атқарады, ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Химиялық эксперимент дидактиканың үш міндетін (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) оқытудың мазмұнын, техникасы мен әдістерін дұрыс жүргізу арқылы жүзеге асырады. Химиялық тәжірибелерді мектеп курсының бағдарламасына іріктеп алу жүздеген жылдар бойы жүзеге асты. Әсіресе заңдарды, теориялар мен құбылыстарды дәлелдейтін тәжірибелерді іріктеу аса қиын болды. Әлемдегі әртүрлі елдердің химия оқулықтарында әртүрлі тәжірибелер жазылған.
а) H 2 , O 2 , N 2 , Cl 2 , HСl, H 2 S, NH 3 , SO 2 , SO 3 , NО, NO 2 , CO, CO 2 , H 2 SO 4 , HNO 3 , CH 4 , C 2 H 6 , C 2 H 2 алу және қасиеттерін зерттеу тәжірибелері және т. б. Химия курсының әрбір тақырыбында бір немесе бірнеше тәжірибелер келтірілген. Оқушылар тәжірибенің мазмұнын, жұмысты жасау барысын, нәтижелерін есте сақтау қажет.
б) Тарихи тәжірибелер:ауаның құрамы, заттар массасының сақталу заңы, анилин т. б алу.
в) Өндіріс химизімін көрсететін тәжірибелер:
H 2 + Cl 2 = 2НСІ
NaCl + H 2 SO 4 → ? → SO 2 →SO 3
N 2 + 3H 2 → 2NH 3 → HNO 3 ,
Al + Fe 2 O 3 → ?
Спирттік ашу, крахмалдың гидролизі және т. б.
г) Электр тогын пайдалану арқылы жүретін тәжірибелер: метанның, этанның айырылуы, натрий ацетаты, натрий хлориді т. б ерітінділердің электролизі. Пәнаралық байланысты қалыптастыратын тәжірибелер, политехнизм принципі.
д) Сандық тәжірибелер: салыстырмалы атомдық массаны анықтау (Mr(CO 2 ) ), массалық үлес, электролиз, титрлеу және т. б. тәжірибелер «химия - нақты ғылым» екендігін дәлелдейтін тәжірибелер.
Химия ғылымының дамуына байланысты бір тәжірибелер екіншісімен ауысып отырды. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында Ресейде «а» және «в» топтарындағы химиялық эксперименттер әсіресе «б, г» топтарындағы тәжірибелер азайып кетті. Ал «д» тобындағы эксперименттер мүлдем жойылды. Революцияға дейінгі совет елдерінде (1917-1933 жылдары) және шетел мектептерінде «д» тобындағы тәжірибелерді көп пайдаланылатын еді (1930-1950жж АҚШ-та 34%) [4] .
Химияны оқытуда тәжірибелердің маңыздылығын 1900ж. М. И. Коноваловтың «Химияны оқыту туралы» баяндамасынан келесі сөйлемді оқуға болады: «Химияны оқыту кезінде бір минут уақыт ішінде жасалатын ең қарапайым тәжірибені, ұзақ уақыт бойы түсіндірілетін сөйлем тіркестері орнын баса алмайды» [5] .
Химиялық тәжірибелерді көрнекі көрсету техникасы бұрыннан бері өңделіп, сипатталып және зерттеле бастаған. Тәжірибелерді көрнекі түрде көрсетудің негізін қалаған А. И. Герцен атындағы ЛГПУ, педагогика ғылымы-ның докторы В. Н. Верховский болды. В. Н. Верховскийдің «Мектептегі тәжіри-белердің әдістемесі мен техникасы» атты ең құнды еңбегі жарыққа шықты (М. : Учпедгиз, 1959, 1960; М. : Просвещение, 1973, 1975 (А. Д. Смирновпен жетінші қайта баспасы) ) . Бұл кітап өте жоғары әдістемелік деңгейде жазылған. В. Н. Верховскийдің кітабы ұзақ уақыт бойы Ресейде және шетелдерде танымал болып, кең пайдаланылды. «Jornal of Chemical Education» басылымы оң пікір білдірген.
Егер кез келген оқушы тәжірибені көрсе, иісін сезсе, өзгерістерді аңғара білсе, онда экспериментті сәтті өтті деуге болады. Бақылау эксперименті оқушыларға тәжірибеден соң анализ жасауға, қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 1899 жылы физика ғылымының профессоры Н. А. Умовтың басшылығымен өткен Москвалық орта білім беру орындарының физика-химия пәндерінің мұғалімдерінің съезінде: «Тек қана бір эффект беретін тәжірибелерді көрсетуге болмайды» делінген. 1940 жылы академик И. А. Каблуков «Тәжірибеге сиқырға қарағандай емес табиғат құбылысын зерттеп жатқандай қарауы тиіс» - деген. Бақылау эксперименті қондырғыларға және химия кабинетіне байланысты болады.
Химиялық тәжірибелер жүргізу барысында мұғалім: «Химиялық экспериментке күрделі хирургиялық операция жасап жатқандай қарау керек. Оның әрбір қондырғысы, медикаменттері, заттары дайын болуы қажет. Ондай болмаған жағдайда операцияны сәтті өтті деуге болмайды». Бұл жазбаларды профессор С. Г. Крапивина, оқытушы Н. Д. Зелинскийдің 1929жылы жарық көрген «химияны оқыту әдістемесі» атты еңбегінде көруге болады.
1911жылы «Химиялық тәжірибелер жүргізу техникасы» атты моногра-фиялық еңбегінің алғы сөзінде Верховский: «Мен дәрістік тәжірибе жүргізумен университетті бітіргеннен соң емес, ғылыми және техникалық зертханада 6 жыл жұмыс істегеннен соң жолықтым. Соған қарамастан көптеген қиыншылықтарға тап болдым».
Көптеген қиындықтар тәжірибені жүргізу практикумдарында тәжірибенің барысы өз деңгейінде жазылмағандықтан туады. Авторлардың басым бөлігі қондырғыларды, демонстрация жасаушының іс-әрекетін бір реттілігін, заттардың саны мен сапасын, салқындату мен қыздырудың дәл уақытын сипаттайды, ал кейбір еңбектерде қатты заттың массасын, ерітіндінің концентрациясын, қыздыру мен салқындату барысының уақытын жазбағандықтан эксперимент сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан бір эксперимент жүргізудің бірнеше үлгісін қарауға тура келеді. Верховскийдің пікірі бойынша негізгі қолдануға болатын еңбектерге мыналар жатады:
1) В. С. Полосин Мектеп курсының бейорганикалық химия практикумы. М. :Просвещение, 1970ж; 2) Л. А. Цветков Органикалық химия бойынша экс-перименттер. М. : Просвещение, 1977 және басқа басылымдар; 3) Т. С. Назарова., А. А. Грабецкий., В. Н. Лаврова Мектептегі химиялық эксперимент. М: Просвещение, 1987; 4) В. С. Полосин., В. Г. Прокопенко Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. М. :Просвещение, 1989ж; 5) Г. Фоулз Химиядан лекциялық тәжірибелер. М. :Учпедгиз, 1962; 6) К. Я. Парменов Орта мектеп химиясында электр тогымен тәжірибелер М. :Учпедгиз, 1944ж.
Демонстрациялық тәжірибенің бір түрін таңдай отырып оның жұмыс жүргізу техникасының қарапайымдылығына, қауіпсіздігіне, тиімділігіне, ақпараттылығына, дәлдігіне назар аудару керек. Бұл талаптарды мыңдағагн жылдар бойы қаралып келеді. Верховскийдің «Орта мектепте химияны оқыту әдістемесі» ( М., Л. :Учпедгиз, 1934, 1936) еңбегінде осы талаптарға баса назар аударған. Сонымен қатар К. Я. Парменов «Орта мектепте химиялық эксперимент жүргізу» ( М. :Из-во АПН РСФСР, 1959ж. ) атты еңбегінде 300 беттің 70-ін осы талаптарға арнаған болатын [6] .
Орта мектептегі химия бағдарламасындағы тәжірибелердің түрлері
Химиялық тәжірибелер химияны оқыту барысында маңызды рөл атқарады. Химиялық тәжірибелердің мынадай түрлері бар:
1) Демонстрациялық тәжірибе
2) Зертханалық жұмыс
3) Практикалық жұмыс
4) Тәжірибелік есептер
1. Демонстрациялық тәжірибе демонстрациялық столда мұғалім экспериментті көрнекі түрде көрсетеді, ал оқушы экспериментінде оқушы өзінің жұмыс орнында практикалық жұмыстарды, зертханалық тәжірибелерді және тәжірибелік есептерді шығарады.
Демонстрациялық тәжірибелер оқушылар ойында химиялық заттар, құбылыстар туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Демонстрациялық тәжірибе аз уақыт ішінде химиялық заңдылықтар мен ережелерді түсінікті етеді және зерханалық тәжірибелерді орындауға үйретеді. Бұл кезде оқушылардың назары тәжірибені орындауға және оның нәтижелерін талқылауға бағытталған. Егер мұғалім тәжірибені түсіндіре отырып, көрнекі түрде демонстрацияласа онда оқушылар тәжірибеге селқос қарамайды, керісінше жаңа материалды игеруге тырысады. Зертханалық жұмысқа қарағанда демонстрациялық тәжірибелер ұйымдастырылған түрде өткізіледі, бірақ демонстрациялық тәжірибелер оқушы бойында қажетті эксперименттік дағды мен шеберлік қалыптастырмайды. Сондықтан да химияны оқыту процесіне, зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстар және тәжірибелік есептермен толықтырылуы қажет.
Демонстрациялық тәжірибе келесі жағдайларда жүргізіледі.
- оқушылардың барлығына қажетті мөлшерде қондырғылар және химиялық реактивтермен қамтамасыз ете алмаған жағдайда;
- тәжірибе күрделі, сондықтан оқушылардың өздері жасай алмайтын кездері;
- тәжірибені жүргізу үшін оқушы тәжірибені жүргізу техникасын білмеген жағдайда;
- қауіпті тәжірибелер (сілтілік металдармен жұмыс, жоғары кернеуі бар электр токтары мен жұмыс) ;
- жаңа материалды оқушылар ұғымына тез игерту мақсатында.
Әрбір демонстрациялық тәжірибенің нақты оқу-тәрбиелік мақсаты мен зерттелетін құбылыстың сипатына байланысты өзіндік бір ерекшелігі болады.
Демонстрациялық тәжірибе келесі шарттарды орындауы керек:
- көрнекі түрде көрсетілуі керек (демонстрациялық столда жасалатын тәжірибелер барлық оқушыға жақсы көрінуі қажет) ;
- тәжірибені жүргізу техникасы бойынша қарапайым, бәріне түсінікті болуы керек;
- тәжірибе үзіліссіз, нәтижелі, жақсы өтуі керек;
- оқушылар материалды жеңіл меңгеру үшін мұғалім алдын ала дайындалу қажет;
- қауіпсіз болуы керек.
Химиялық тәжірибелердің сипаттамалары:
- тәжірибенің ақпараттылығы. Эксперимент арқылы заңдар, теорияларды дәлелдеу барысында оқушылар жан-жақты ақпарат алуы керек.
-тәжірибенің эффективтілігі, яғни бұл эксперименттің айқындылығын, дәлдігін көрсетеді. Егер әр түрлі фактілер, заңдар, теориялар мен құбылыстар эксперимент барысында дәлелденсе, онда бұл экспериметті эффективті деуге негіз бар. Дәлел жүргізудің түрі көп, ол оқушылардың теориялық біліміне, қондырғылардың дәлдігіне, мектептің материалдық базасына, мұғалімге тікелей байланысты;
-тәжірибенің аз уақыт алуы. Эксперимент сабақ барысында көп уақытты алмауы керек. Өзінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне аз уақыт ішінде қол жеткізуі керек.
Тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар:
-тәжірибенің қарапайымдылығы - тәжірибені жүргізу барысы, қондырғылар қарапайым болуы керек;
-тәжірибенің сәтті өту мүмкіндігінің жоғарылығы - тәжірибе сәтті өтуі туралы профессор Созонов былай деген: «Мұғалім демонстрациялық эксперимент жүргізуі барысында тіпті аздаған болмашы нәрсеге де көңіл бөлуі тиіс» тәжірибенің сәтсіздікке ұшырауы қондырғылардың дұрыс жұмыс істемеуінен, дұрыс жиналмауынан т. б. себептерден болуы мүмкін;
-тәжірибенің қауіпсіздігі - эксперимент оқытушы мен оқушыға қауіпсіз болуы керек. Оқытушы оқушының өміріне, денсаулығына жауапты болады. сондықтан нормативтік құжаттарды, «Техника қауіпсіздік ережесін» өз деңдейінде білуі шарт;
-тәжірибенің арзан болуы;
-тәжірибенің анықтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz