Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ХИМИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 6

1. 1 Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы . . . 6

1. 2 Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы танымдық сипатын күшейту . . . 20

1. 3 Оқытудың жаңа технология әдістері . . . 36

1. 4 Химия пәнін оқытудың тиімді әдістері . . . 42

2 ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 46

2. 1 Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаттары мен

міндеттері . . . 46

2. 2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері . . . 47

2. 3 Химиядан өткізілетін факультатив сабақтардың оқу-тәрбиелік мәні . . . 51

2. 4 «Химия ғажайыптары» тақырыбында жасалған сыныптан тыс

жұмысты жүргізу әдістемесі . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . “Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Осындай күрделі мақсаттың жүзеге асуы білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету жағдайына байланыстылығын да көрсетті. Республикада бұл міндеттердің шешу жолы білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады. Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім -тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының педагогикалық ой -пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне айнал-дыруды көздейді [1] .

Заманауи мектептің басты мақсаттарының біріне әрбір баланың жеке дамуына арналған қажетті толық құнды шарттарды жасау және оқу процесінде әрбір оқушының белсенді позиция қалыптастыруы жатады. Сондықтан оқытудың белсенді түрлерін қолдану оқушының танымдық жете білушілігінің дамуының негізі болып табылады. Белсенді танымдық қабілет-тіліктер танымдық қызмет барысында дамиды және қалыптасады. Бала тыңдаушы ғана емес, сонымен қатар танымдық процеске белсенді қатысушы, өз білімдерін еңбекпен табатын кезде, мұндай білімдер берік болады. Нақ белсенді оқытудың түрі бұл әуестікке жалын жағушы бірінші ұшқын. Демократиялық ізденістік творчестволық оқудың пайдасына мұғалім автори-тарлық оқыту сипатынан бас тартады. Негізгі даусыз артықшылықтар ретінде: дербестіктің, ынталылықтың биік дәрежесі, әлеуметтік дағды-лардың дамуы, білімдерді табуға деген іскерліктерінің қалыптасуы, твор-честволық қабілеттіліктердің дамуын келтіруге болады. Таңдау бостандығы сезімі оқуды саналы, өнімді және нәтижелірек етеді. Оқыту-тәрбиелік процесс түрлерінің біріне тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылатын химиядан сыныптан тыс жұмыстар жатады. Мектепте дұрыс жолға қойылған сыныптан тыс жұмыстың үлкен білім беруші және тәрбиелік мағынасы болады. Ол сабақта алынған білімдерді тереңдетеді және кеңейтеді, көптеген пайдалы дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді, ал демек, оқу мен тәрбиелеуді өмірге жақындатады. Сабақтан тыс жұмыс оқушыларға жеке дара жақын келуді жеңілдетеді, олардың дербестігінің дамуына арналған қолайлы шарттар жасайды. Сабақтар уақытында оқушылардың барлық сұрақтарын қанағаттандыру мүмкін емес. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысымен өзара байланыста білімдерді іздеуде оқушы белсенділігін мобилизациялайтын әсерлі құрал ретінде қызмет етеді және оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға көмектеседі. Химиядан сыныптан тыс жұмыс түрлерінің әр алуан түрі болуы мектеп бағдарламасымен органикалық байланыста болуы тиісті, сонымен қатар оның шектерінен сыртқа шығып, толықтыруы тиіс, яғни оқу және сыныптан тыс жұмыстар-дың арасында өзара байланыстар бар болуы тиіс

Тақырыптың зерттеліну деңгейі . Көрнекі ғалым А. А. Леонтьевтің оқыту әдістемесі: біріншіден- оқыту мен мазмұнын; екіншіден жалпы адам психикасының табиғаты мен сөйлеу механизмін; үшіншіден- тілдің маңызы мен ерекшілігін түсінуге тиіс деген пікірі материалдарды меңгеруде психология-педагогика соңғы жаңалықтарын басшылыққа алғанда ғана нәтижеге жетуге болатынын ашық айтады [2] .

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйелі білім жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып, педагогика теория-сы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты беру парадиг-масы өзгеріп, білм берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, оқыту технологиясын жеделдетудің психологиялық-педа-гогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
  • оқушыға орташа деңгейде беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.

Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруда, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің сапалығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді. Оқыту технологиясы оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-құрал түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Оқыту технологиясын-да мамұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнда, тиімді әдістер мен құралдарды, бағ-дарлама мен алға қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу .

Мектептегі дәстүрлі оқытуда оқушылардың бар назары негізінен білім, білік және дағдырларды қалыптастыруға аударылады да, ал ғылыми- білімдердің логика- операциялық жағынан көңіл бөлінбейді. Нәтижеде жеке тұлғаға ең қажетті қасиеттер: бақылампаздық пен ойлау заңдылықтарын талап деңгейінде меңгермейді.

Химияны оқытудың күрделі жүйесіндегі оқулық пен дидактикалық оқу құралдары аса маңызды орын алады. Кейбір әдіскерлер мен дидактиктер оларды оқыту құралдарына жатқызады, бірақ олардың ролі кесте, экранды құралдар, приборлар және тағы басқаларға қарағанда әлде қайда жоғары. Оқулықта химиялық білім мазмұны мектепке білім беру көлемінде беріледі. Л. С. Выготский ойынның мынандай педагогикалық мәнін ашып жазды:ойын үстінде бала өз көңіліне ұнаған іс- әрекетті жүзеге асыратын тәрізді болып көрінгенмен, ол шын мәнінде белгілі бір ережелермен алдын-ала ойластырған шарттылыққа бағынады. Ойын баланың оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға көмек береді. Химия пәні мұндай ойынға өте бай материал береді.

Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз, шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетілдіруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.

Диплом жұмысының мақсаты:

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие және білім берудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға білім берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
  2. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға білім берудің мүмкіндіктерін айқындау;
  3. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға білім берудің әдіс тәсілдерін анықтау.

Зерттеу обьектісі. Мектеп химия курсында оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарды оқыту.

Зерттеу пәні. Бейорганикалық химия сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық пікірлеу, шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

- химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру маңыздылығының әдістемелік негіздері айқындалды;

- оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін біріктіру шарттары көрсетілді;

- «Химия ғажайыптары» тақырыбында дайындалған сыныптан тыс жұмысты жүргізудің әдістемесі жасалды.

Зерттеудiң ғылыми әдiстерi . Зерттеу проблемасына байланысты әдiсте-мелiк әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау; химия пәнiнiң оқулық-тарын, әдiстемелiк құралдарын талдау; оқушылармен әңгiмелесу, байқау, сауалнама, тест жүргiзу, эксперимент жүргiзу; оқушылардың бiлiмдерi мен шығармашылық қабiлеттерiнiң деңгейiн тексеру, олардың қорытындыларын талдау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХИМИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы

Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Мұның өзі химияның тұрмыстағы және халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. өзінің атынан көрініп тұрғандай бұ жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Олардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді, мектептің жағдайына, оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл кеңесін беріп, бағыттап отырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.

Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері . Химиядан жүргізілетін тыс жұмыстар көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.

Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар, т. б.

Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары. Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т. б.

Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстар . Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде кеңінен таралғандары жас химиктер қоғамы және химиялық кештер.

Сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушылардың саны көп, олардың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін ірі мектептерде жас химиктер қоғамы ұйымдастырылады. Қоғам арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалған. Жарғыда қоғамның мақсаты, құрамы, мүшенің хұқы мен міндеттері, басқару органдары және ұйымдық құрылысы, кітапхана және баспа істері нақтылы көрсетіледі. Жас химиктер қоғамына, әдетте, бір ғалымның аты беріліп, оның жұмысы әуесқойлық, бәсеке, жарыс түрінде ұйымдастырылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздыларының бірі химиялық кештер, оған оқушылардың көпшілігі қамтылады. Ол танымдық әсерінің күштілігімен ерекшеленеді. Химиялық кештер мазмұнына қарай тақырыптық, тарихи, мерейтоп, қызықты, т. б. кештер деп жіктеледі, сабақта өтілген материал-дармен тығыз байланыста жүргізіледі.

Сыныптан тыс топтық және жеке жұмыстар . Сыныптан тыс топтық жұмыстардың ең маңыздысы химиялық үйірмелер. Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме ұйымдастырудан басталады. Ол жүйелі түрде жүргізіледі, еркімен келген оқушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жұмысын біріктіретін жалпы тақрыбының болуы химия үйірмесінің ұйымдастырылады. 1970жылы жеке сыныптарда химиядан жүргізілетін үйір-ме жұмыстарының шамамен алынған бағдарламасы ұсынылды. Онда зерт-ханалық техниканың негіздері, препараттар әзірлеу, электрохимия, химиялық технология, геохимия, органикалық химия, аналитикалық химия үйірме-лерінің тақырыптары, бағдарламасы берілген, әдебиеттердің тізімі көрсетілген. Бұл құжат бағыт бағдар беру үшін ғана жарияланады, үйірме жұмыстарының факультативтерден айырмасы олардың мазмұны бағдарлама арқылы қатаң шектелмейді, оқушылардың дара ерекшеліктерін, икемділіктерін ескеріп жүргізіледі[3] .

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіңдігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдық маманы жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатьш, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі -жоғары білімде. Өйткені жоғары білім -үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке түлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдай-ындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құр-ылым жүйесіне көшу.

Бір үйірмеге қатысатын оқушылар саны 10-12-ден аспайды. Бірінші жылы (VIII сынып) оқушылар зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен толығырақ танысады. Заттарды тазарту, ерітінділер дайындау, химия зертханасына қажетті кейбір заттарды алумен шұғылданады, сарамандық біліктер мен дағдыларды игереді. Химияның тұрмыста қолданылуына байланысты тәжірибелер жасайды, киімдегі дақты, ыдысқа жұққан кір мен жабысқан қақты кетіру жолдарымен танысады.

Химияның тарихымен шұғылданатын үйірменің мүшелері химиялық элементтердің ашылу тарихымен, көрнекті ғалымдардың өмірі және еңбегімен танысады, музейлерге, көрмелерге, өндіріс орындарына топсеруенге барады.

Қазіргі студент болашақтағы әр мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер тірегі. Осыған орай бүгінгі таңда оқытушылардың алдында үлкен міндет тұр. Ол міндет қазіргі студент жастарды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеумен қатар, оқу жүйесіне керекті күрделі техникалық құралдардың сырын үйрету, яғни ең сапалы білім беру. Сапалы білім беру үшін, сабақта қазіргі заманның ең үздік оқыту әдіс тәсілдерін қолдану керек.

Студенттердің көпшілігі мақсат дегеніміз-философиялық немесе психо-логиялық теорияларды білу деп ойлайды және де олардан емтиханда оқытушының дәрісбаянда баяндалған немесе ғылыми еңбектер мен оқулықтарда айтылған бағдарламадағы материалды айтып беру деп есептейді. Жауабы анық сияқты болып көрінеді: адамдарды жақсырақ білу үшін, оқу-тәрбие және басқару-ұйымдастыру жұмысында оларға ықпал ету. Алайда, онда студенттерді әдістемелік ұйымдастыру мен педагогикалық бағыттағы тәжірибе жүзіндегі жүйелі нұсқаулармен қаруландырған дұрыс болар ма еді? Қарапайым сауалдар болып көрінгенімен, оларға берілетін жауаптар бәріне бірдей белгілі емес. Оқудағы жасандылық, көбнесе студенттің оқу іс-әрекетінің сапасын оның жадында сақталып қалған білімі бойынша бағаланатындығынан байқалады. Студенттің бұл ілімді меңгеруінің шынайы деңгейі қандай, яғни оның бұл білімді күнделікті өмірде шығармашылық тұрғыдан қолдануы қаншалықты? Істің бұл маңызды жағын көбнесе болашақ практикаға қалдырады: өмір талап қойған кезде жоғары оқу орнының студенті өзінің алған білімін пайдалану біліктілігін көрсетеді дейді. Оқу барысында есте сақтау қабілеттілігі ғана қадағаланады.

Мұның бәрі көбнесе тұжырымның белгісіздігі салдарынан болады- теориялық білімдерін пайдалану іскерлігі. Осыдан көпшілік үшін, психологиялық теорияны іс жүзінде қолдана білу талабы нақтылы емес, бұлыңғыр болып қалады. Сонда да теорияны іс жүзінде пайдалана білу іскерлігі ақыл-ой біліктілігі болып табылады және де бұл ойлау теориясы арқылы ғана түсінікті болады да, студенттердің ойлау біліктілігі мен қабілеттілігінің дамуы барысында қалыптасады.

Қазіргі таңда интерактивті әдістер бірлесу әдістемесін жүзеге асырады және де оқыту барысындағы тәрбиелеу мәселелерінің тиімді шешімдерін қарастырады. Оқыту барысында интерактивті әдістердің пайдаланылуы дамыта және тәрбиелей отырып оқытудың алғы шарттары болып табылады.

Бұл жағдайдағы оқытушының рөлі оқыту барысында студентті тікелей оқытып үйрететін адамның емес, оны оқыту іс-әрекетін ұйымдас-тырушысының рөліне айналуы. Оқытушы студенттің оқу іс-әрекетін ол оқытушының оқу материалының мәтінін енжар қабылдап, жай ғана сіңіруін емес, осындай және басқа білім көзі арқылы қажетті ғылыми ақпаратты ала отырып, белсенді түрде ойлануын ұйымдастырады. Сондықтан оқытушы дәрісбаян барысында да, өзіндік жұмысы барысында да, практикалық және зертханалық жұмыстар кезінде де студенттің оқу іс-әрекетін қйымдастырушысы болып саналады. Осындай ұйымдастырудың арқасында студент ақпаратты енжар тұтынушы емес, оны белсенді «табушысы» және «өндірушісі» болып қалыптасады. Іскерлік ойын әдісі алғаш рет білім беру жүйесінде емес, іс жүзіндегі басқару саласында пайда болды. Қазіргі кезде іскерлік ойындар тәжірибе жүзінде түрлі салада қолданылады: зеттеу жұмыстарында, жоба үрдістерінде, шынайы өндірістік жағдайларда, соның ішінде әскери істерде қолданылатын ұжымдық шешімдерді жасауда пайдаланылады.

Әр түрлі мамандық даярлайтын жоғары оқу орындарындағы іскерлік ойындар басқару іс-әрекетін оқытуда жиі пайдаланылады. Кейде бұл оқыту әдісін «Басқарудың іскерлік ойындары» деп те атайды. Іскерлік ойындар маманының бірі Е. А. Хруцкий былай деп жазады: «Егер іскерлік ойынға анықтама беретін болсақ, бқл дегеніміз ойынға қатынасушылардың өздері жасайтын ережелер бойынша немесе берілген ережелер бойынша әртүрлі ойын жағдайларындағы басқару шешімінің қабылдануын білдіреді». Мұндай анықтама оқытушыларға арналған оқу құралдарында берілетін болғандықтан, шынайы басқару шешім жайлы емес, студенттерді басқаруға үйретудің оқыту әдісі ретіндегі іскерлік ойын.

Біздің пікіріміз бойынша, іскерлік ойынның мағынасы мынада: келешек мамандарды белгілі бір кәсіби қызметке үйрету мақсатында студенттерді шынайы объектілердің көмегімен емес, олардың үлгілеррі арқылы оқыту. Сондай-ақ, студенттер әр түрлі рөлдерді атқаруы мүмкін: мұғалімнің, әдіскердің, білім беру департаменті инспекторының, студент практиканттың және тіпті оқушының. Мұндай іскерлік ойын алдын ала жоспарланып практикалық сабақ барысында жүргізілуі мүмкін.

«Іскерлік ойын» студентті шынайы іс-әрекет жағдайына кірістіріп, оның шынайы әрекет жасаушы ретінде ұйымдастырылып, оның нақтылы ойланып, мақсатқа ұмтылуына себеп жасайтын болғандықтан нәтижелі болады. Бқл жағдай оқушының зер салуын жоғарлатады, мақсат жайлы ойлануына мүмкіндік береді, яғни оның материалды жақсырақ меңгеруін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда интерактивті оқытудың жаңа әдістерінің бірі болып тренинг саналады. Бұл әдістің жаңаша болып саналуының мағынасы мынада: біріншіден ол Батыста шағын топ ішінде арнайы ұйымдастырылатын психокоррекциялық әдіс ретінде кең таралғанымен, бізде белгісіз болды. Екіншіден, ол студенттерді оқытуда кең таралмаған әдістердің бірі. Дегенмен де, кейбір оқу орындарында әлеуметтік психологияны оқыту барысында, іс-әрекет кезіндегі тұлғааралық қатынастардың үлгісін қалыптастыру мақсатында, оқу топтарындағы практикалық сабақ ретінде қолданылуда. Тренинг тобындағы пайда болатын алуан түрлі жағдайлар оқулық сипатында және шартты ойындар ретінде болып, оқушы үшін өз әрекетіне жауап-кершілікпен қарайтын шынайы жағдайлар түрінде болады. әрекет үшін жауапкершіліктің бұл жердегі маңызы зор: жеке оқу барысындағы сияқты өз алдындағы да жауапкершілік қана емес, сондай -ақ топтағы серіктері алдындағы да жауапкершілігі орын алады, өйткені әркімнің нәтижелі әрекеті бұл барлық топ іс-әрекетінің нәтижесінің кепілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Сыныптан тыс оқытудың маңызы
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz