МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
... ... ... ... ... .
1.1 12 жылдық білім беру жүйесінің негізі – бейіндік 6
оқыту ... ... ... ... ... ...
1.2 Бейіндік мектепте химиядан элективті курстарды жүргізу 19
әдістемесі...
2 МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ
ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
2.1 Химиядан 11 - сынып оқушыларына арналған Тұрмыстағы химия 33
элективті курсының
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
2.2 Тұрмыстағы химия элективті курсының дәрістері мен лабораториялық37
жұмыстарының
жиынтығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
2.3 Алынған нәтижелерді сараптау 77
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ 83
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы білім берудің негізгі мақсаты –
мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайының қазіргі заман талаптары мен
оның дамуының негізгі бағыттарына сай келетін жаңа сапаға жету болып
табылады. Ал экономика мен қоғамдық өмірдегі өзгерістердің дамуы білім беру
жүйесінің мәнісі мен негізі болатын тұлғаға жаңа талаптар қояды. Сол
талаптардың ішінде негізгілері мыналар: талапкерлік, жауапкершілік, өзгеріп
жатқан жағдайларға бейімделушілік, болашақ мамандықты түсінушілікпен таңдау
қабілетінің болуы және оған дайын болу.
Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін реформалау
білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру
мектебінің жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр. Жалпы орта білім
беру құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12
жылдық мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді
көздейтін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру
ұйымдарымен икемді байланысын шыңдауға бағытталған.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразиялық ұлттық университетте 2006 жылғы 27 мамырда оқыған Инновация
және білім арқылы экономиканы білу атты дәрісінде: Әлемнің бәсекеге
анағұрлым қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіру міндеті
тек мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық
экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжірибелері бар, ғылыми
технологиялар білімін игерген жоғары білікті мамандар өндіретін болса, -
деп атап өтті [1].
Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Бейінді оқыту және бейіналды дайындық
мәселесімен отандық педагог-ғалымдарымыз, М.Ж.Жадрина, Е.А.Ушуров,
Р.С.Омарова, К.У.Қонақова, С.Д.Мұқанова, М. Р.Көпжасарова С.А.Тәжібаева
және т.б. айналысуда.
Оқыту үрдісіне элективті курстарды ендіру мәселелерінде А.А.Кузнецов,
Е.Я.Аршанский, О.С.Габриелян, А.Г.Каспржак, В.А.Орлов Д.С.Ермаков,
Г.Д.Петрова, К.А.Сарманова, Д.М.Қазақбаева С.Д.Муканова, А.Е.Касенова,
А.С.Звягин және т.б. еңбектерінің маңызы зор.
Аталған авторлардың еңбектерінің және негізгі мектеп химиясы бойынша
ұйымдастыру ерекшеліктеріне арналған бірқатар зерттеулерді талдау
нәтижесінде, бейіналды дайындық мәселесінің кең аспектілі және көп жоспарлы
екендігі байқалды. Бірақ, вариативті компоненттің оқу курстары қазіргі
заман ғылыми зерттеулер өрісінен тыс қалып отыр, сонымен қатар негізгі
пәндермен салыстырғанда олардың арнайы бағыттылығы ескерілмеген. Бұл
сұрақтың теориялық тұрғыдан жеткіліксіз жасақталуы мектептің білім беру
практикасында элективті курстарының оқушыларға бағдар беру нәтижелерінің
жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Соның салдарынан оқу жоспарына элективті
курстарды ендіріп, оның мазмұны мен құрылымын химия пәнімен тығыз
байланысты қарастыру мәселесі туындап отыр.
Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын химияны қолданып, кейбір
табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Бірақ
ол кезде химияның сырлары әлі құпия болатын, ол өз алдына ғылым болып
қалыптаспаған.
Бүгінде химия халық шаруашылығының барлық салаларында, күнделікті
тұрмысымызға кеңінен қолданылып отыр. Соңғы кезде жедел қарқынмен дами
бастаған өндіріс салаларының бірі – тұрмыс химиясы. Қазіргі кезде дүние
жүзі бойынша 40 млн. тоннадан астам тұрмыс химиясының өнімдері шығарылады,
ал үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдары ол көрсеткіш 3-4 есеге дейін өсуі
ықтимал.
Осыған қарамастан, мектептің химия курсында тұрмыстық химия тақырыбының
төңірегінде ешқандай сабақтар немесе курстар өтілмейді. Осы тұрғыдан
алғанда жоғарғы орта жалпы білім беретін мектеп оқушыларына тұрмыстық
химиялық заттар, олардың маңызы, қолданылуы туралы бағыт беруді күшейту
керектігі айқын мәселенің бірі. Зерттеуімізді осы мәселеге бағыттау
барысында бірнеше қайшылықтарды байқадық:
1. Орта мектептің жоғары сатысындағы оқу бейінін таңдау қажеттігі мен
оқушыларды бағдар алуға жеткілікті түрде дайындықтың ғылыми
негіздегі элективті курстың жасалмауы арасында қайшылық туып отыр.
2. Негізгі мектепте химиядан бейінді оқытуды іске асыру қажеттігі мен
қазіргі кезде орындауда ғылыми әдістемелік нұсқаудың болмауының
арасындағы қарама-қайшылық.
3. Қазақстанның отандық тұрмыстық химиялық товарларды арзан бағада
шығаратын өндіріс орындарын салуы болашақ жастарды оған баулу керек
екендігі мен бұның төңірегіндегі элективті курстың болмауы да
дипломдық жұмысты жазуға әсер етті.
Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары мен
әдістерін іздестіру мақсатымен дипломдық жұмыс тақырыбын Бейіндік
мектептерде химия пәнін оқытуда элективті курстың маңызы деп таңдадық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Орта мектепте химия курсын оқытуда
элективті курстың маңыздылығын анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- элективті курстар арқылы химияны тереңдете оқыту негізінде
оқушылардың бейіндік бағдарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- химияның бейінді элективті курстарына қойылатын талаптарды,
бағдарламалық мазмұнын және жүйесін анықтау;
- Тұрмыстық химия элективті курсының бағдарламасын, күнтізбелік-
тақырыптық жоспарын және осы пәнді жүргізуге арналған дәрістер мен
лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқауын даярлау;
- элективті курстың әдістемесін педагогикалық эксперимент арқылы
тексеру.
Зерттеу объектісі. Негізгі мектепте химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Негізгі мектеп химиясын элективті курстар арқылы жетілді-
ре отыру үрдісі.
Дипломдық жұмысты жүргізудің практикалық базасы
Жетісай қаласындағы №2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің,
11сыныбында жүргізілді.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Негізі мектеп химиясы бойынша
элективті курстардың мазмұнын жасау шарттары анықталып, ғылыми тұрғыдан
негізделді.
Зерттеудің ғылыми әдістері. Педагогикалық эксперимент жүргізу, арнайы
бақылау, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу,
педагогикалық эксперимент нәтижелерін сұрыптау.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 12 жылдық білім беру жүйесінің негізі – бейіндеп оқыту
Жаңа мың жылдықтың басында мектепте білім беруді тағы да бір жылға
ұзарту жөніндегі сұрақтар талқылана бастады. Дамыған елдердің, АҚШ, Канада,
Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай елдерінің білім беру
жүйелері модельдерін алып қарайтын болсақ, бұл елдерде негізінен 5 немесе 6
жылдық бастауыш білім, 3 немесе 4 жылдық орта білім және 3 жылдық бағдарлы
немесе кәсіптік білім беру моделі қабылданған. Орта білім берудің осындай
модельдерінде 6 жастан мектепке баратын балалардың психологиялық-
физиологиялық өсу ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, 9 жылда жалпы орта
білім беруді аяқтауға болатындығы ойластырылып және соңғы 3 жылда заман
талабына сай жақсы кәсіптік-техникалық білім беріп, 18 жасқа толған
жастардың еңбекке еркін араласуларына, яғни олардың қалаған кәсіптерін
толық игеріп, өз беттерінше еңбек ету мүмкіндіктеріне ие болуларына жағдай
жасау қажеттілігі негізінде қабылданған. Сонымен бірге, жастардың келешекте
өз білімдерін жалғастыруларына мүмкіндіктерінің болуы да ойластырылған. Ал
тек терең университеттік білім алғысы келетін жастарға, сол ғылым бағыты
бойынша соңғы 3 жылда жақсы бағдарлы білім берілуі керектігі ескеріліп,
жүзеге асырылған.
12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік
талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына
мүмкіндік береді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу;
оқушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына,
өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік
білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы
таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге
дағдыландыратын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының
одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді. Оқытуды даралау мен
саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының
қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-
өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай
жасау.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және отандық 12 жылдық білім беру
тұжырымдамасында бейінді оқытудың үш бағыты анықталған: оның біріншісі,
жаратылыстану-математикалық, екіншісі, әлеуметтік-гуманитарлық, үшіншісі,
технологиялық. Бұл бағыттардың мазмұны арнаулы бейіндік курстар жиынтығынан
тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушысының өз білім жолын таңдауына,
жергілікті мектеп желісінің ерекшеліктеріне және кадрлық құрамына қарай
білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар [2].
12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық – баланың тек қана
білім алып ғана қоймай, бейіні мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына
қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11-12 сыныптардағы
білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім
мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен
ықпалдастыққа негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына,
құндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының
қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының танымдық қабілетінің
деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін арттырып, ақпаратты қабылдап қана қоймай,
оны талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын дәрежеге қол жеткізеді. Бұл үрдіс
12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар,
оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкеледі. Әрине, бұл құнды идеялардан
туындайтын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етері сөзсіз. Дегенмен
әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология
сияқты, бұл да өз шешімін береді деген үміт үлкен.
12 жылдық мектептің 11-12 сыныптарында бағдарлы және кәсіптік білім
беру қарастырылған. Бірақ бұл жан-жақты ойластырылмаған, өте күрделі
мәселе.
12 жылдық мектептің мазмұны бойынша білім берудің басқа барлық
сатыларының, тіпті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны да
міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Бұл жұмысты атқару үшін ғылыми және
білім беру мекемелері, оқытушылар мен әдіскерлер жұмылдырылады.
Жалпы 12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің бірқатар себептері болды.
1. Оқушылардың денсаулығын сақтау. XX ғ. соңғы онжылдығында оқу уақытының
ұзақтығы қатысушылардың денсаулығына біршама ауырлықтар әкелді. Содан
оқу материалының бұрынғы көлемін сақтап, пән бойынша оқу сағатының
санын азайту, үйге берілетін тапсырмалардың көбейіп, оқушылардың тез
шаршауына әкеліп соқтырды.
Концепция авторларының пікірінше міндетті 10-жылдық және толық 12-
жылдық орта мектепке көшу, резервті пайда болған уақытты рационалды
қолдану, оқу материалының көлемін қысқарту, сонымен қатар денсаулықты
сақтау технологиясын қолдану жолымен күнделікті оқу ауырлығының төмендеуіне
шарт жасайды.
2. Жалпы білім сапасын жоғарылату.
3. Жалпы білім беруді жалғастырудың халықаралық стандарты. Халықаралық
практикада мектепте 12-жылдық білім беруге қол жеткізеді. Көптеген
дамыған елдерде жалпы орта білім 12-14 жылда қамтылады. 12-жылдық
жалпы білім беру жүйесі барлық Орталық және Батыс Еуропа елдерінде,
сонымен қатар Балтық, Молдовия, Украина, Белоруссия, Өзбекстан
елдерінде жүргізілген.
4. Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар. 2001 жылы 10
жылдан кейін қатысушылар санының 21 млн-нан 13-14 млн-ға күрт
төмендеуі әлеуметтік-экономикалық құлдырауға әкеп соқтыруы мүмкін,
әсіресе, біріншіден білім сферасында. 12-жылдық мектепке көшу
демографиялық құлдыраудың алдын алады.
Мектептегі білім беру түрін үш деңгейлі етіп қалдыру ұсынылды.
Бірінші баспалдақ – бастауыш білім (міндетті), 1-4-ші сыныптар.
Екінші баспалдақ – негізгі жалпы білім (міндетті), 5-10-шы сыныптар.
Дәл осы баспалдақта ұйымдастырушылардың ойынша толықтыратын оқу жылы
енгізіледі.
Он жылдық негізгі мектеп білім алуда базалық болып табылатын орта
(толық) білім беретін немесе арнайы кәсіптік мектепке қатысты толық
аяқталған білім болып саналады, оқушылардың белгілі бір бейін түріне
бағытталуына жағдай жасайды.
Үшінші баспалдақ – орта (толық) жалпы білім, 11-12-ші сыныптар.
Мектептің үшінші баспалдағында (жоғарғы) білім беруді бейінді жіктеу
негізінде құру жоспарланды (мысалы, келесі бейін түрлері бойынша: жараты-
лыстану-ғылыми, гуманитарлық, физика-математикалық, көркем-эстетикалық және
т.б.).
Осындай жолмен, 12-жылдық орта мектептің педогогикалық қызметі қазіргі
модельдерден толыққандылығымен, вариациялық, деңгейлі, бейінді жік-
темесімен, аймақтық, индивидуализациялық бағыттылығымен ерекшеленер еді.
12-жылдық мектепте орта (толық) білім берудің құрылысы мен мазмұны
концепциясымен бірге он екі жылдық білім берудің пәндік концепциялары да
жарық көрді.
Концепцияда 12-жылдық мектепте химияны оқытудың үш сатысы белгіленген:
пропедевтикалық, негізгі және бейіндік.
Пропедевтикалық сатыда концепция авторларының пайымдауынша, химиялық
білім он жылдық негізгі мектептің 1-ші және 7-ші сыныптары аралығында
беріледі. Бұл сатыда қатысушылар химия төңірегінен алғашқы білімді
Табиғаттану, Қоршаған орта, Жаратылыстану сияқты интеграциялық
курстарды және биологиядан, химиядан, физикадан жүйелі курстарды оқу
барысында алады.
Негізгі сатыда химияны он жылдық мектептің 8-10 сыныптарында өтеді. Осы
сатыдағы химиялық білім барлық құқықтық-ұйымдық форманың барлығындағы
мемлекеттік жалпы білім беру мекемелеріне міндетті болып табылатын химия
курсын оқу барысында нақтыланады. Негізгі мектепте мектептің жоғарғы
сатысында пәнді бейінді оқуды жалғастыру үшін негіз қалыптастыру қажет. Он
жылдық негізгі мектепте химияны меңгеруге аптасына 2 сағаттан үш жыл
бөлінеді.
Бейіндік сатыда химияны меңгеру мектептің жоғарғы сатысында 11-12-ші
сыныптарда жүргізіледі.
Пәнді оқыту дифференциалды түрде екі вариантта жүргізіледі – базалық
және бейіндік деңгейде [3].
Бейінді оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы
Қазіргі таңдағы оқушыларды бейіндеп оқытудың жағдайын талдай отырып,
олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді
тереңдетіп оқыту; саралай оқыту, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен
қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі
әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен
қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлеуметтендіру, оларды
кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау; жалпы және кәсіби
білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары
кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері
бойынша: базалық жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы
курстар және таңдау бойынша курстарынан (элективтер) әртүрлі комбинациялар
жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті таңдау курстары
мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби
сынақтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.
Қазіргі таңда білім беру кеңістігіндегі инновациялық үрдістердің
бағыттарының бірі – мектептің жоғары сатысын бейінді оқытуға көшіру болып
табылады. Ол өз алдына оқушылардың қызығушылықтарын, икемдері мен
қабілеттерін толығырақ ескеретін білім беру үрдісінің құрылымы, мазмұны
және ұйымдастырудағы өзгерістері негізінде саралай және даралай оқытуды
қарастырады. Бейінді оқытудың негізгі идеясы – оқушыларға таңдау
мүмкіндігін беру болып табылады. Негізгі мектеп бітірушісі жоғары
сыныптардағы бейінді оқыту жағдайында оқу бағытын таңдауға мүмкіндік алады.
Бұл таңдауды оқушылар өздігінен және саналы түрде жасаған кезде ғана
бейінді оқыту өз мақсаттарына жетеді. Оқушы өзінің іс-әрекетінің бейінін
таңдауға дайын болу қажет, бұл жағдайда негізгі мектептегі бейіналды
дайындықтың маңызы зор. 12 жылдық мектепке бейіндік білім беруді енгізудің
басты мақсаты - оқытылушылардың кәсіби бағыт алуын және өз жолын табуын
қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіптік таңдауды, саналы түрде жүзеге асыруы
үшін оларға қажетті ресурстарды қалыптастыру мүмкіншілігін беру [4].
Бейіндік білім беруге көшу кезінде келесі міндеттер іске асырылуы
қажет:
- түлектердің еңбек және білім рыноктарына кіру процестеріне
мектептің назарын күшейту арқылы жалпы орта білім берудің әлеуметтік-
экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың жекелеген пәндерді таңдап алу бейімі бойынша жалпы
орта білім беру көлемінде тереңдеп оқу мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
- мектептегі білім беру процесінің вариативтілігін және жеке адамға
бағыт алуын қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу әрекетінің ынталық
деңгейін арттыру;
- оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі курстарды таңдауға және икемді
жеке білім бағдарламаларын құруға мүмкіндік беру;
- білім мазмұнын жетілдіру негізінде білім беру процесін іс жүзінде
бағыттауды және оның әрекеттік құраушысын (жобалау- зерттеу және
коммуникативтік қабілеттерді игеру) күшейтуді іске асыру;
оқушыларды әлеуметтендіру мүмкіншіліктерін кеңейту, жалпы және
кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп
түлектерін кәсіби жоғары білім бағдарламаларын игеруге анағұрлым тиімді
дайындау.
Бейіндік оқытудың моделі: кез келген модель өзінің құрамына инвариантты
құраушы – бейіналды даярлықты қамтиды (Сурет 1). Бейіналды оқыту – бір-
бірімен тығыз байланысты екі құрылыммен сипатталады: химиядан негізгі жалпы
білім беру (I концентр, 8-10-шы сыныптар) және элективті курс пәндері
бойынша бейналды даярлық (10-шы сынып). Бірінші концентрдің білім беру
бағытының мақсаты: негізгі мектептегі білім алушылардың өзін-өзі
анықтауына жағдай жасау.
Бейінді оқытудың моделі өзіне химиядан бейіналды даярлықты (8-10-шы
сыныптар) және сонымен қатар жалпы орта білім (11-12-ші сыныптар, II
концентр) мен элективті бейіндік курстарды (11-12 сыныптардың бейіндік
дайындығы) қамтиды.
II Бейіндік оқыту
(11-12 сыныптар)
I Бейіналды даярлық
(8-10 сыныптар)
Сурет 1. Бейіндік оқытудың моделі
Бейіналды даярлықтың мақсаты Оқушыларды бейіналды даярлау және жоғары
сыныптағыларды бейіндік оқыту тұжырымдамасында көрсетілген. Окушыға өзін-
өзі анықтай алуына жағдай жасау, жалпы білім беру мектебінің сыныптарында,
кәсіби мамандандырылған мекемелерде де бейіндік оқуды таңдауларын
қамтамасыз ету мәселесі де тұжырымдамада айтылады. Соған сәйкес оқушының
бейіналды даярлығына келесі талаптар қойылады: түрлі бейіндік оқуды
таңдаудағы өзінің қабілетін объективті түрде бағалай алуы; қызығушылығы мен
қабілеттілігіне сәйкес бейіндік оқуды таңдай алуы; таңдаған бейін бойынша
оқу мотивациясының жоғарғы деңгейінің қалыптасуы. Жоғарыда айтылған
мәселелерді шешу үшін бейіналды дайындықты іске асыру моделі жасалды
(Сызбанұсқа 1). Бейіналды дайындықты іске асыру үшін келесі міндеттер
қойылады: бейіналды дайындықты психологиялық-педагогикалық; теориялық-
әдіснамалық; ғылыми-әдістемелік; құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз
ету.
1-сызбаның жалғасы
Сызбанұсқа 1. Бейіналды дайындықты іске асырудың моделі
Бірінші ұстаным бойынша бейіналды дайындықты психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін, психологтың оқушымен ғана жұмыс
істеуімен тынбай, оқу-тәрбиелеу үрдісіне мұғалімдер мен ата-аналарды
қатыстыра отырып, жұмысты ұйымдастыру талабы туындайды.
Екінші ұстанымда бейіналды оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне
сүйенудің қажеттігі көрсетіледі. Бұл мәселеге орай, бүгінгі күні оқушыларды
бейіналды даярлау және жоғарғы сыныптағыларды бейіндеп оқыту тұжырымдамасы
жасалып отыр. Үшінші ұстанымда бейіналды дайындықты ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз ету көзделеді. Оған мұғалімнің әдістемелік даярлығын
жетілдіру (тақырыптық семинарларға қатысу, тәжірибе алмасу), өзіндік білім
алуы; бейіналды даярлықты тиімді іске асыру үшін оқушылардың танымдық
қызығушылықтарына негізделген элективті курстарды іріктеп алу немесе оларды
оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен икемдерін, аймақ
ерекшеліктерін ескере отырып, модификациялау; өздігінен курс
бағдарламаларын жасау кіреді. Төртінші ұстаным бойынша бейіналды
дайындықтың құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз етілуі бірқатар
құжаттармен белгіленеді.
Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде
негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкін-
шіліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін
тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның
шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан
қалыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас
адамның қандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім
алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді. Бейіндік білім беру
жүйесі - жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық
мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне
және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін
ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы.
Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру
мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды
арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.
Тұтас жүйе ретінде бейіндік білім беру мыналарды қамтамасыз етеді:
- оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындау мазмұнының кәсіби
біліммен сабақтастығы;
- бейіндік пәндер бойынша дайындықтың терендігі.
Көптеген дамыған елдерде сол елдердің мәдени және тарихи дәстүр-леріне
тән ерекшеліктері, сондай-ақ жалпыға ортақ қасиеттері бар жалпы орта
білім беру аясындағы бейіндік білім беру жүйелерінің қалыптасқанына көп
болған, әрі табысты түрде жұмыс істеуде.
Бейіндік оқыту жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясаты-ның
негізін құрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған.
Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады:
оқу орындарын әртүрлі типтер бойынша бөлу;
бір оқу орнының ішінде бейіндерге және ағымдарға бөлу;
- сыныптарды бейіндік топтарға бөлу.
Көбіне бейіндік аға мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі
ретінде ерекшеленеді: мысалы Францияда-лицей, Германияда - гимназия, АҚШ-та
- жоғарғы мектеп.
Оқу орнының ішінде оқытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген
елдерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің 1-сыныбынан
бастап 6-сыныбы бойынша барлық оқушылар жалпы түрде бірдей дайындық
алады, 7-сыныптан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды.
Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғас-тырудың екі нұсқасы
ұсынылады: жоғарғы білімге жол ашатын академия-лық және көбіне
қолданбалы және бейіндік пәндерден тұратын жеңілдетілген оқу жоспары
бойынша оқыту жүргізілетін кәсіби.
Бөлшектеп саралау және әр тараптандыру идеялары топтық оқытуды
ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойын-ша
ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (АҚШ); оқушыларды қабілет-тері,
мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу бағдарламалары-ның
деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және т.б.
Бейіндік дайындықты ұйымдастыру білім алушының жеке оқу
жоспарын қалыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу
курстарының қатаң тізімінен бастап (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде
ұсынылатын көптеген курстарды жинақтау мүмкіншілігіне дейін (Англия,
Шотландия, АҚШ және т.б.). Әдетте, мектеп оқушылары (кредиттердің) ұзақтығы
бір семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс.
Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курс-тарының) саны негізгі
мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде
оқытылуы мүмкін. АҚШ-та, Жапонияда аға мектепте оқу бағдарламаларының
екі типі қолданыста: жалпы және арнайы білім беру. Германияда ПРОА жүйесі
қолданыста, оның шеңберінде оқу пәндері П – кәсіби курс, Р - кеңейтілген
курс, О - негізгі курс, А - бейімделген курс түрінде ұсынылған. Бұл ретте
міндетті және таңдап алынған бейіндік пәндердің көбісі жоғары деңгейде
оқытылады.
Жоғары бейіндік мектепті аяқтағаны туралы дипломдар (куәліктер),
әдетте, жоғары оқу орындарына (медициналық және әскериден басқа) емти-
хансыз түсу үшін негіз болып табылады және оқушылар игерген бағдарла-
маларға және олардың академиялық нәтижелеріне байланысты әртүрлі дең-гейлік
болып табылады.
Бейіндік оқытудың шетелдік жүйелеріне жүргізілген талдау бейіндік
оқытудан өткен , мектеп оқушыларының үлесі жылдан - жылға өсіп келе
жатқанын көрсетіп отыр (қазіргі уақытта кемінде 70%), ал ол өз кезегінде
бұл жүйенің қажеттілігін және оның оқушылардың сұраныстарына сай келетінін
көрсетіп отыр [5].
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жағдайында орта білім
беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға
бағытталған жүйені кұрудың орасан зор мәні бар.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (1991ж.) мемлекет-тік
саясаттын бірқатар ең негізгі принциптерін белгіледі, оның ішінде: жалпы
орта білім берудің вариативтілігі, оқытылушылардың; кәсіби бағыт алуы,
оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген және
кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта білім
беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар,
колледждер) құру.
1992 жылдан бастап Қазақстанда мектептік білім беруді реформалау
басталды, оның жетекші идеясы оқушыларды вариативтік жалпы орта білім
беруге дайындау үшін бірегей білім беру кеңістігін сақтай отырып, жағ-
дайлар жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.
Кеңестік мектептің біркелкілігінен алшақтай отырып, білім берудің
мазмұнын жаңарту жолдарын іздеу. Қазақстан Республикасының жалпыға
міндетті білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ережеде, Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру мектебін дамыту тұжырымдамасында және
жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты.
Бұл құжаттарда мектепті гуманитарлық және жеке даралық білім беруге
бұру, оқушылардың ынталарын ескере отырып, оқытуды жаратылыстану-
математика, гуманитарлық-эстетикалық, кәсіби-техника-лық бағыттар бойынша
бөлшектей отырып ұйымдастыру жарияланған, бұл барлық міндетті пәндер
бойынша білім беру стандарттарының және оқу бағдарламаларының бірінші
варианттарында (1996, 1998, 2000 ж.) жүзеге асырылды.
Жалпы орта білім берудің Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті
мемлекеттік стандартында (ҚР 2.003-2002 МЖБС) жалпы білім беру мектебінің
жоғарғы сатысындағы білім беруді ұйымдастырудың принциптері ары қарай
дамуда. Қазақстандағы мектептік білім беру реформасын жүзеге асыру аясында
ҚР МЖБС - 2002 ережелеріне сәйкес 20062007 оқу жылынан бастап 10-11
сыныптарда қоғамтану – гуманитар-лық, жаратылыстану - математика бағыттары
бойынша оқушыларды бейіндік оқыту енгізілді. Стандарт негізінде оқытудың
екі бағыты бойынша пәндік бағдарламалар әзірленген. Стандартты енгізу
тәжірибелік сынақтан өткен әрі жалпы білім беру мектептерінің 10-
сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бейіндік оқулықтарды және УМК-ны
жасаумен нығайтылған.
Мектептік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру жылдарында
республикада әртүрлі инновациялық оқу орындары құрылды әрі мектептің
жоғарғы сатысында оқушыларды бейіндік және жеке оқытуды ұйымдас-тыру
бойынша белгілі бір тәжірибе жинақталды.
Сонымен бірге оқытудың жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу белгілі
проблемалардың пайда болуымен қоса жүруде.
Мектептердің басым бөлігінде бейіндік пәндердің икемді емес жиынтығынан
құралған бейіндік оқу жоспарларының қатаң варианттары бекітілген. Кішігірім
ауыл мектептерінде бейіндік сыныптардың құрылуына байланысты да проблемалар
пайда болуда. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың
жетіспеушілігіне байланысты бірқатар мектептер тиімділігі аз ішінара
бейіндікті енгізуде (мысалы, бір пәнді тереңдетіп оқыту). Бейіндік оқыту
принциптерін іс жүзінде жүзеге асыра алатын мұғалімдерді дайындау және
қайта даярлау мәселесі өте өткір тұр.
Сонымен Қазақстан Республикасындағы мектептік білім беруді
реформалаудың бейіндік оқытуды енгізу дайындығының қазіргі сатысында
бағыттар және бейіндіктер бойынша оқытуды ұйымдастыруда жеткілікті іс-
тәжірибе жинақталды.
Бейіндік оқытудың отандық және шетелдік тәжірибелері
Бейіндік оқыту және бейіналды дайындық мәселесімен отандық педагог-
ғалымдарымыз, М.Ж.Жадрина, Е.А.Ушуров, Р.С.Омарова, К.У.Қонақова,
С.Д.Мұқанова, М. Р.Көпжасарова С.А.Тәжібаева және т.б. айналысуда.

Е.Я.Аршанский, О.С.Габриелян, В.А.Орлов, Д.С.Ермаков, Г.Д.Петрова,
К.А.Сарманова, Д.М.Қазақбаева, С.Д.Муканова, А.Е.Касенова, А.С.Звягин және
т.б. еңбектерінің маңызы зор.
Оқыту үрдісінің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен А.Е.Голмшток,
Е.А.Климов, Л.И.Божович, Е.П.Ильин және т.б. айналысты.
Еліміздегі оқытудың дифференцияциялану және тұлғаға бағытталу
көзқарастары А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Ж.А.Қараев және т.б.
еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
Химия пәні бойынша мектептегі білім беру үрдісін жаңа қөзқарас
тұрғысынан Қ.А.Аймағамбетова қарастырса, химиялық білім мен тәрбие беру
мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік талдауды
И.Н.Нұғыманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, У.М.Маканов, С.Ж.Жайлау, жасады. Оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын арттыру мәселесінде Н.К.Ахметовтың, ал бейінді
оқыту жағдайларындағы мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты
анықтауда К.А.Сарманова, К.О.Шайхеслямова еңбектерінің маңызы зор.

Қазақстанда тәжірибе эксперимент жұмысы Алматы қаласының Жаңа Ғасыр
№175 мектеп-гимназиясында, Көкшетау қаласының №17 мектебінде, Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Мерей лицейінде, Көкшетау
университетінің жанындағы лицейде, Ақмола облысының Зеренді ауданына
қатысты Шағалалы орта мектебінде жүргізілген. Экспериментке 454 оқушы
қатысып, солардың ішінде элективті курс таңдағандары 229 оқушы болған.
Қазіргі таңда білім реформасы әлемнің көптеген дамыған елдерінде
жүргізіліп жатыр. Мұнда басты назар білім берудің бейінді жіктеу
проблемасына аударылады [6].
Көптеген Еуропа елдерінде (Францияда, Голландияда, Шотландияда,
Англияда, Швецияда, Финляндияда, Норвегияда, Данияда және т.б.) негізгі
жалпы білім беретін мектептегі барлық қатысушылар 6-сыныпқа дейін тең
дәрежеде білім алады. Ал оқудың 7-жылында оқушы өзінің ары қарайғы жолына
таңдау жасауы қажет. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды
жалғастырудың екі түрлі нұсқасы ұсынылады: академиялық, келешекте жоғары
дәрежеде білім алуға жол ашатын және профессионалдық, жай және бейінді
дисциплина негізінде қарапайым оқу жоспарымен оқытады. Сондықтан еуропа
елдерінің көптеген оқымысты-педагогтары негізгі мектептегі мұндай бағытты
дұрыс деп санамайды.
АҚШ-да бейінді оқыту оқудың соңғы екі немесе үш жылында жүзеге
асырылады. Қатысушылар бейіннің үш түрін таңдай алады: академиялық, жалпы
және алдын - ала арнайы бағытта дайындайтын профессионалдық. Ондағы білім
беру вариативтілігі түрлі таңдамалы оқыту курстары аумағында жүзеге асады.
Сондықтан ең алдымен өз балаларына бейіндік бағытта жоспар құрған ата-
аналардың ұсыныстары есепке алынады.
Шет ел тәжірибелерінің анализдері елдердегі жоғарғы сатытағы жалпы
білім беру мекемелерінде мынадай белгілерді атап көрсетуге мүмкіндік
береді:
1. Барлық дамыған елдердегі мектептің жоғарғы сатысындағы жалпы білім
бейіндік болып табылады.
2. Ережеге сай, бейінді оқыту мектептегі оқу жылының соңғы үш, кейде екі
жылын қамтиды.
3. Бейінді мектепте оқуын жалғастырып жатқан қатысушылардың саны барлық
елдерде өсіп келеді және қазіргі уақытта 70% кем емес.
4. Жіктелу бағытының мөлшері онша үлкен емес. Мысалы, ағылшын тілді
елдерде екеуі (академиялық және академиялық емес), Францияда үшеуі
(жаратылыстану-ғылыми, филологиялық, әлеуметтік-экономикалық)
және Германияда үшеуі (тіл-әдебиет-өнер, әлеуметтік ғылымдар,
математика-нақты ғылымдар-технология).
5. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курстардың) саны негізгімен
салыстырғанда аз. Олардың арасында міндетті қатарда жаратылыстану
ғылымдары, шет ел тілдері, математика, дене шынықтыру орын алады.
6. Ережеге сай, жоғарғы бейінді мектеп білім беру орталығының жеке түрі
ретінде белгіленеді: Францияда – лицей, Германияда – гимназия, АҚШ –
жоғарғы мектеп.
7. Жоғарғы бейіндік мектепті бітіргені туралы аттестат беріледі. Оның
иегері қосымша бір жыл оқығаннан кейін ғана жоғары оқу орнына түсе
алады. Жоғарғы дәрежелі оқу мекемелерінде құқықты кейбір шектер қою
арқылы береді, мысалы, Францияда медициналық және әскери вуздарға
арнайы емтиханнан өту негізінде қабылданады
Ресейлік мектеп қатысушыларды дифференциалды оқыту жөнінде аз тәжірибе
жиған жоқ. Мектепте алғаш дифференциациялы оқытуға 1864 жылы қадам басылды.
Бұйрық жеті сыныпты гимназияның екі типін қарастырды: классикалық (мақсаты
– жоғарғы оқу орнына дайындау) және реалды (мақсаты – арнайыланған оқыту
орындарына дайындық).
Бейіндеп оқыту идеясы жаңарту Министрі П.Н.Игнатьевтің басқаруымен 1915-
1916 жылдардағы білім беру реформасы процесіне дайындық кезінде жаңа
импульс алды. Ұсынылған құрылыс бойынша 4-7 сыныптар үш топқа бөлінді: жаңа
гуманитарлық, гуманитарлы-классикалық, реалды. 1918 жылы білім беруші
жұмысшылардың Бүкілроссиялық съезі болды және мектептің жоғарғы сатысындағы
бейіндік оқытудың құрылысын қарастыратын біріңғай еңбек мектебінің орны
жасалынды. Орта мектептің жоғарғы сыныбында үш бағыт анықталды:
гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық [7]. 1957 жылы
Педагогикалық білім академиясы физика-математикалық және техникалық;
биолого-агрономиялық; әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық деп үш
бағытта жіктемені жүргізуді ұсынған экспериментті жүргізу инициаторы
ретінде қатысты. 1966 жылы орта жалпы білім беретін мектептің жұмысын ары
қарай жақсарту мақсатында оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, білім
беру құрылысын жіктеудің екі түрлі формасы келтірілді: 8-10 сыныптарда
факультативті сабақтар және осы уақытқы дейін дамып сақталып келген пәнді
тереңдетіп оқытатын сыныптар. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың аяғында
Ресейде ары қарай білімін жоғары оқу орнында жалғастыру мақсатымен
оқушылардың таңдаған білім аясында тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін
орындардың жаңа түрлері (лицей, гимназия) пайда болды. Сонымен қатар
көптеген жылдар бойы арнайыландырылған көркемөнер, музыкалық, спорттық және
т.б. мектептер өмір сүріп, дамып жатты.
Бейіндік мектептің құрылымы
Бейіндік оқыту жекелей – бағдарлы оқу процесінің жағдайына бағытталған.
Мектептің жоғарғы сатысында білімді жаппай қайта құру, оқушы білімінің
барынша индивидуалды, функционалды және әсерлі болуына негізделген және де
15-16 жылдарға қарай жасөспірімдерде болашақ мамандықтары төңірегінде негіз
қалыптасады. Сонымен қатар әлеуметтік зерттеулер жоғарғы сынып оқушыларының
басым көпшілігі басты сабақтардың тек негізін ғана, ал болашақ мамандықтары
үшін қажет сабақтарды тереңдетіп оқығысы келетіндігін көрсетіп отыр. Мұны
көптеген дамыған алдыңғы қатарлы елдердегі білімді тәжірибелеу реформасы
дәлелдеп отыр. Бұл елдерде жоғарғы сыныптардағы оқу түрі бейінді. Басты
назар оқытудың бейінді дифференциясы проблемасына аударылады. Бейінді
оқытуға өтудің бастапқы сатысындағы ең маңыздысы бейінді оқыту ұйымының
үлгісін, оның құрылысы мен профилактикалық бағытын анықтау. Бейінді оқытуды
жоспарлау мен жүргізуде ең негізгісі болып, бейінді оқыту пәндері мен
элективті курстарды, оқытылатын оқулықтарды, оларға әдістемелік
нұсқаулықтарды дұрыс таңдау мен бейінді мектептерге болашақ мұғалімдерді
дайындау болып табылады. Бейінді оқытатын мектептерде жұмыс істейтін
мұғалімдер міндетті түрде соған сай білімдерін жоғарылатып, сәйкесінше
сертификат алулары тиіс. Сонымен бейіналды пәндер мен элективті курстарды
өтетін мұғалімдер ең жоғарғы дәрежелі аттестациядан өтулері қажет (мысалы
15-ші).
Құрылымы мен белгілі бір профилактикалық бағытын анықтаудан басқа
бейінді оқытуды ұйымдастарудағы басты мәселе, инвариантты және бейінді
оқыту мен элективті курстардың (таңдау бойынша курстар) мазмұнын анықтау
болып табылады, себебі, қатысушылардың лимит шамасы санитарлы нормалармен
шектелген және әрі қарай олардың көлемін кеңейтудің қажеті болмай тұр.
Мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқытудың қолайлы жүйесіне жағдай жасау
үшін түрлі оқу пәндерінің комбинациясы қарастырылады. Жүйе құрамына
келесідей оқу типтері кіреді:
1) базалық жалпы білім беру курсы;
2) бейінді оқыту курсы;
3) элективті курстар (таңдаулы курстар).
Базалық жалпы білім беру курстары барлық қатысушыларға міндетті болып
саналытынын ескеру қажет. Олар әрбір профильдің инвариантты компонентін
құрайды. Математика, орыс тілі, шет ел тілдері, дене шынықтыру, сонымен
қатар интеграциялық курстар: қоғамтану – жаратылыстану-ғылыми,
технологиялық профильдер үшін, жаратылыстану – гуманитарлық және әлеуметтік-
экономикалық профильдер үшін.
Бейінді жалпы оқыту курстары – ол әрбір нақты профильді оқытудың бағыты
мен олардың мазмұнының деңгейін анықтайтын пәндер. Мысалы жаратылыстану-
ғылыми профиліндегі бейінді пәндер – физика, химия, биология, гуманитарлы
бағытта - әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі және шет ел тілдері, әлеуметтік-
экономикалық профильде – құқық, экономика, тарих пәндері болып табылады.
Нақты оқыту профилін таңдаған оқушылар үшін бейінді оқыту пәндері міндетті
болып келетінін ескеру қажет.
Жалпы білім және бейіндік пәндерге білім стандарттарының талаптарының
орындалуы Ұлттық біріңғай тестілеудің нәтижесімен анықталады.
Элективті курстар (таңдау курстары) – таңдау арқылы оқытылады, сондай-
ақ бейіндік мектеп оқушыларына қатысуға міндетті болып табылады. Элективті
курстар вариативті компоненттердің базистік оқу жоспары негізінде құрылады.
Элективті курстарға (таңдау курстарына) БҰТ жүргізілмейді [8].
1.2 Бейіндік мектепте химиядан элективті курстарды жүргізу әдістемесі
Оқушылардың бейіналды және бейінді даярлығының негізгі формасы ре-тінде
таңдау бойынша курстары – элективті курстарды атауға болады. Бейіналды
оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі мектеп оқушыларының мектептің
жоғары сатысында болашақ бейін бағытын саналы түрде таңдап алуға көмек
көрсетуші және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін
құрал болып табылады.
Элективті курс (латын тілінен аударғанда electus - таңдамалы) – бұл
оқушылардың тілегі бойынша таңдап алынған, мектеп оқушыларының жеке
білімдік ынталарына сай келетін, мазмұны оқушылардың танымдық қызы-
ғушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білім-нің
кеңеюіне, терендеуіне жағдай жасайтын міндетті оқу курстары. Элек-тивті
курстарды оқып үйрену, қолданбалы білімді, дағдыларды және өмір-дің
белгілі бір саласына қажет, таңдап алынған бейіндік пән қолданылатын
қызметті игеруге бағытталған [9].
Мұндай курстар қазіргі заманғы білім беру тәжірибесінде, бейіндік
оқытудағы 8-9 сыныптарда өтілген және 10-11 сыныптарда да сыннан өткен.
10-11 сыныптар үшін элективті курстар әр бейіндік оқыту түрлерінде оқу
жоспарында бекітілген элективті курстардың жиынтығын мектеп өзі анықтайды.
Элективті курстар келесі функцияларды атқарады:
1) бейіндік оқыту пәнінің қондырмасы, яғни ол пәнді толық тереңдетіп
оқытуға дайындау.
2) жалпы білім беру жүйесіндегі ең төмен деңгейде оқытылатын базалық
пәндердің бірінің мазмұнын жетілдіру. Бұл бейіндік оқытуда немесе біріңғай
мемлекеттік емтиханға таңдалған пән бойынша бейіндік деңгейде дайындалуға
аралас оқу пәндерінің оқытылуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
3) жеке тұлғаның шығармашылығындағы танымдық қызығушылықтарын
қанағаттандыру.
Элективті курстарды сипаттауға келетін болсақ, оқушы курстар
жиынтығынан өзіне қажеттісін және қызықтысын таңдап ала алады. Бұл таңдауды
жасай салысымен, сол курс нормативті деп саналып, оқушы оған міндетті түрде
қатысуы керек. Бейіндік мектептегі элективті курстар қысқа мерзімді болып
келеді, бірақ сағат көлемі бойынша (максимум 72 сағат) тоғызыншы сыныптарға
ұсынылатын таңдамалы курстардың мөлшерінен үлкен (максимум 35 сағат).
Жоғарғы сыныптардағы элективті курстар, оқушылар бейін түрін таңдап
қойған соң және нақты бір бейін түрін оқуға кіріскен кезде ол курстар
жүйелі болуы тиіс (аптасына 1-2 рет), ұзақ (36 сағат), және ең маңыздысы ол
9-сыныптағы бейіналды дайындық курсындағыдай емес, алдына мүлде басқа
мақсат қоюы тиіс. 10-11 (11-12) сыныптардағы элективті курстардың маңызы
мақсаттары ретінде білімді тереңдету, арнайы таным мен дағдыны
қалыптастыру, таңдаған бейін түрі бойынша жаңа білім және ғылым
облыстарымен танысу т.б. айтуға болады.
Бұл 9-сынып пен 10-11 сынып аралығындағы таңдамалы курстардың басты
айырмашылықтары болып табылады, ал олардың жоспары және безендірілуіне
байланысты қойылатын шарттары ұқсас болып келеді.
Орта мектептің элективті курстарының жоспарын жасағанда, оқушылардың
оқу сарынын, олардың таңдауларын ескере отырып жасаған жөн. Бұл біріңғай
мемлекеттік емтиханға оқу пәні бойынша дайындық, базалық деңгейде
оқытылатын пәндер бойынша білім мен біліктілікке ие болу, практикалық
есептердің шешімін табу, табысты карьераның бастауы болуы мүмкін.
Элективті курстар (таңдау курстары) сондай - ақ бейіндік мектеп
оқушыларына қатысуға міндетті болып табылады. Элективті курстар вариативті
компоненттердің базистік оқу жоспары негізінде құрылады. Элективті
курстарға (таңдау курстарына) БҰТ жүргізілмейді. Элективті курстар қысқа
мерзімді болады және әртүрлі бағыттағы қосымша білім бағдарламаларына
негізделеді. Мектеп немесе басқа білім беру ұйымдары ұсынатын элективтік
курстардың саны оқушы таңдауға тиіс курстардың санынан артық болуы тиіс.
Элективті курстар негізгі бейіндік пәндерді игеруге көмек беріп,
толықтырады, бейіндік стандарттарға жетуге септігін тигізеді.
Мысалы, Математикалық статистика экономика профиліндегі элективті
курсы экономика профильдік пәнін игеруге көмек береді. Химиялық
технологиялар, Практикалық химия, Ауылшаруашылығындағы химия,
Өсімдікті өсірудегі химия, Мал шаруашылығындағы химия, Күнделікті
өмірдегі химиялық заттар, Химиялық заттар - құрылыс материалдары, Химия
және қоршаған орта, Экология элективті курстары ішкі бейіндік
мамандықтарды оқытуға қызмет етеді және жаратылыстану ғылымы бейініне
ұсынылуы мүмкін. Элективті курстар саны бейін құрамында білім алушылармен
анықталады және оқушылар таңдайтын курстардың үлкен болуы тиіс. Жобамен
базалық білім алу, бейіндік пәндердің және элективті курстардың оқу
жоспарындағы қатынасы 50:30:20 болып келеді.
Оқушы түрлі жалпы білім алу, бейіндік пәндер мен элективті курстардың
жиынтығын таңдай отырып, өзіндік жеке тұлғалық білім алу траекториясын
құрады, профессионалды түрде өзіндік анықталады.
Элективті курстар өзінде әлеуметтік және тұлғалық маңыздылықты және
актуалдық қажет, ол профессионалды білім мен тұлғалық дамуға қажет. Олар
базалық және бейіндік пәндерді қолқалап, игеру аймағын кеңейтуі қажет, ішкі
бейіндік мамандықтарға жағдай жасауы қажет. Таңдау курстары дамытушылық
потенциалын иемденуі қажет, әсіресе базалық жалпы білім пәндеріндегі алатын
білімдерін кеңейту мақсатында әмбебап бейінді таңдаған оқушыларға тиісті.
Сонымен қатар элективті курстар жалпы оқыту, интеллектуалды және
профессионалды қабілеттерінің және негізгі хабардарлық білімдерінің дамуына
септігін тигізуі қажет. Элективті курстардың мазмұнын таңдауда жоғарыда
келтірілген талаптар негізгі болып табылады.
Элективті курстардың мазмұнын таңдауда олардың пәндік мазмұны базалық
және бейіндік курстардың мазмұнымен бірлесуін есепке алу қажет. Сонымен
қатар, элективті курстардың мазмұні ішкі бейіндік мамандықтарды оқытуға
және болашақ мамандық үшін қабілет пен білімдердің қалыптасу ерекшеліктерін
білдіреді.
Элективті курстардың оқыту әдістері мен түрлерін таңдау кезінде
тәртіптік ара-қатынастарға көп көңіл бөлінуі тиіс, ол өз кезінде жан-жақты
білімнің қалыптасуына септігін тигізеді.
Білім беру барысында проблемалық іздену және ғылыми сипаттарға көңіл
бөлу қажет, ол оқушылардың белсенділігін арттырады, түрлі оқу-ақпараттық
қайнар көздермен өзіндік жұмыс жасау үлесі көп болуы тиіс.
Элективті курстарды зерттеуден күтілетін нәтиже болып келесі сұрақтарға
жауап беру болып табылады:
а) мектепте тұлғалық білім траекториясын құруға және болашақтағы
жемісті профессионалдық мәнсаптың болуына қандай білім, дағды, тәжірибе
алынады;
б) қандай қызмет түрлері игерілуі тиіс, қабылдау үшін қандай бағалықтар
ұсынылады.
Әрбір курста білім алу нәтижесін анықтау қажет, олар мына түрде құрылуы
мүмкін: Оқушы білуі тиіс (хабардар болуы), дағдылануы, тәжірибелі болу.
Әрбір элективті курстардың бағдарламасында оқушылардың жетістіктерінің
деңгейін көрсету тиіс, және де жетістіктер деңгейін бақылайтын жүйе
ойластыру қажет. Қатысушылардың қорытынды сынақ жұмыстарына бағалар балл
бойынша да, сонымен қатар сынақталды не сынақталмады түрінде қойылуы
мүмкін. Сонымен қатар элективті курстардағы жетістіктер параметрлері
базалық пәндер талаптарымен сәйкестендірілуі маңызды.
Бейіндік оқыту жүйесінде элективті курстарды өткізу үшін оқыту-
методикалық жинақ даярлау қажет, ол өзінде келесі элементтерді қамтуы тиіс:
аннотация, бағдарлама, оқытушыларға методикалық ұсыныстар (сабақты
құрастыру, хрестоматия), тақырыптық жоспар, қатысушыларға өзіндік жұмыс
жасауға тапсырмалар. Бейіндік оқытуда методикалық қызметтің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz