Галогендердің сутекті қосылыстары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
2. 2 Жеке топтық жұмыс формасы . . . 48
2. 3 Ұжымдық технологиясы бойынша оқыту . . . 51
2. 4 Алынған нәтижелерді сараптау . . . 56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны жеке сала ретінде қабылдау қажет, оның бірінші кезектегі міндеті - жоғары білікті мамандарды даярлау, икемділік пен білімділік болуға тиісті», - деп атап көрсетілгендей, жаңа оқыту технологиясын меңгеру мен сапа менеджіментіне көшуге байланысты болашақ мұғалімдердің іскерлік пен шеберліктерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарау керектігі туындайды.
Химия пәні бойынша жаңа бағдарламаны енгізуде химия пәнінің мұғалімінен келесі талаптарды қажет етті: оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру түрін жетілдіру және оны тиімді жағдайда пайдалану. Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасында қарастырылған келесі «Оқу үрдісінің негізгі түрі сабақпен бірге - лекция, семинарлар, сұқбаттасу және оқытудың басқа түрлері кең көлемде қолданылуы қажет», - деп қарастырылған мәселесі кездейсоқтық емес.
Бұдан, қазіргі заманғы білім берудің мақсаты - оқыту материалын, қабілеттілін дамыту, қоршаған ортаның өзгергіштік шартында бағдарлай алу шеберлігін қалыптастыруда, танымдық процесін белсендіру үшін оқушыларға тиімді жағдай жасап ұсыну.
Мұндай мәселені жоспарланған және әртүлі оқыту әдістері мен тәсілдері қарастырылған, белсенді түрде ұйымдастырылған оқу үрдісі арқылы шешу қажет. Міне, сондықтан да мұғалім - оқушы үшін қызықты тұлға болып, әрбір сабақта өзінің шығармашылығын көрсетіп және химия пәні - жаратылыстану ғылымының патшайымы екенін дәлелдеу қажет.
Тақырыптың зерттеліну деңгейі . Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдай-ындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Қазіргі білім беру саласында маман даярлауда білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін қолдану, оқу әрекетіне қажетті әдіс-тәсіл, дидак-тикалық жүйе, психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешен ретінде пайдаланылады.
Қазіргі педагогикалық теорияда «білім беру технологиясы», «педгогикалық технология», «оқыту технологиясы» ұғымдары ғылыми айналымға енуде. Қарастырылып отырған мәселені зерттеуде Б. Т. Беспалько, С. Сполдинг, В. В. Сериков, Н. Н. Хан, В. М. Монахов, В. М. Кларин, И. Я. Лернер, П. И. Пидкасистый, В. В. Гузеев, Н. Д. Хмель тағы басқа ғалымдар үлес қосуда. Техникалық прогресс пен экономикалық дамудың деңгейіне ғана тәуелді емес, ең бастысы ол адам үшін және оның игілігі үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге дайын, кәсіби құзыреттілігі жоғары, өзінің кәсіби қызметі саласында бәсекеге қабілетті, еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына экономикалық маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, дегдарлық жоғары біліммен қаруланған маманмен анықталады.
Ал ондай мамандарды дайындаудың түп-тамыры, бастамасы орта мектептің жоғары буынынан бастау алады. Сондықтан, бұл жұмыстың өзектілігі орта мектепте оқушыларға заман талабына сай сапалы білім беру, әрбір оқушының бойындағы талаптың көзін ашу, өмірге дұрыс жолдама беру процесінде мұғалім мамандығы маңызды орын алатындығына көз жеткізу.
Химия пәнінің мұғалімін дайындау жүйесіндегі қазіргі оқыту техноло-гиясы пәнінің кәсіби шеберліктер мен іскерліктер арқылы еркін бағдарлай білетін; өзін-өзі дамытуға өз бетінше жаңааша ойлауға, адамгершілік тұрғысынан нақты шешімдер қабылдауға және бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби педагогикалық шеберлігін арттыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан да, диплом жұмыста «Галогендер топшасын инновациялық әдіспен оқытудың ерекшелігі» қарастырылған.
Диплом жұмысының мақсаты :
- галогендер топшасын тиімді оқытудың әдістемесін жасау.
Диплом жұмысының міндеттері :
-галогендер топшасын оқытудың әдістемелеріне әдеби шолу жасау;
-оқыту әдістемесінде бар әдістемелермен танысу;
-белгілі әдістемелерге сараптама және талдау жүргізу;
-галогендер топшасын оқытудың осы уақыттағы заман талабына сай оқыту технологияларына сәйкес жаңа әдістемелер жасау;
Эксперимент барысында оқу материалын жүйелеп, бейне жоспар арқылы түсіндіру. Барлық оқушыға тең мүмкіндіктер жасап, топпен жұмыс істей білу мен шешім қабылдай алуға үйретуді көзделді.
Зерттеу обьектісі. Негізгі мектепте химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні.
Орта мектеп химия курсында оқушыларға галогендер топша-сын оқыту.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
1. Негізі мектеп химиясы бойынша галогендер топшасының қасиеттері анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.
2. Химия пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдетіп, қызығушылы-ғын арттыра отырып, мектептің жоғары сатысында дұрыс бағдар таңдауға негіз болатындығы сараланды.
Зерттеудiң ғылыми әдiстерi .
Педагогикалық эксперимент жүргізу, арнайы бақылау, мұғалімдермен, оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама, педагогикалық эксперимент нәтижелерін сұрыптау.
Дипломдық жұмысты жүргізудің практикалық базасы
Жетісай қаласындағы №3 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің, 11сыныбы.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 VII ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Галогендер топшасына жалпы сипаттама
Галогендер топшасын оқып-үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, галогендердің табиғи тобы периодтық заң және периодтық жүйені өтер алдында қарастырылып, физикалық, сондай-ақ химиялық қасиеттеріндегі, маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары және айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының қасиеттері және тұздары оқушыларға белгілі.
Екінші ерекшелігі - бұл периодтық заңдылық пен зат құрылысы теорияларының негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом құрылысының заңдылықтары оқушылардың таным әрекетін жандандыру үшін барынша толық пайдаланылады, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибелік жұмыстарына жол ашылады.
Оқушылар галогендердің жалпы сипаттамаларымен өздігінен істейтін жұмыстар арқылы танысады. Оқушыларға үш тапсырма беріледі.
1-ші тапсырма. Галогендердің салыстырмалы сипаттамаларын мына үлгі бойынша кесте түрінде жазыңыздар: 1) электртерістігінің кемуі бойынша химиялық таңбалары ( F, Cl, Br, I ) ; 2) салыстырмалы атомдық массасы; 3) атом құрылысының электрондық және графикалық формулалары; 4) атом құрылысындағы: а) ұқсастықтары; ә) айырмашылықтары; 5) жай заттарының электрондық формулалары және химиялық байланыстарының түрі; 6) кристалл торларының түрі; 7) агрегаттық күйі.
Кестені талдау арқылы галогендердің ұқсастығы электрондық құрылысының, әсеріне сыртқы энергетикалық деңгейлерінің бірдейлігімен, ал айырмашылығы валенттілік электрондарының ядродан алыстауымен түсін-діріледі. Жай заттар молекулаларындағы химиялық байланыстың түрлерін, кристалл торларының типін салыстырып, физикалық қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтардың беті ашылады, ол үшін оқулықтағы және арнайы дайындалған кестелер пайдаланылады[1] .
2-ші тапсырма. Галогендердің сутекті қосылыстарын сипаттаитын кесте толтырыңыздар: 1) химиялық формуласы; 2) электрондық формуласы; 3) химиялық байланыстың түрі; 4) тұрақтылығы; 5) кристалл торының түрі. Кесте толтыруға қажетті мәліметтерді оқушылар оқулықты өздігінен оқу арқылы іздеп табады. Әңгімелесу арқылы жұмыстың қорытындысын шығарғанда химиялық байланыс түзетін электрон бұлттарының пішініне, түзілу , байланысты сипатына, фторсутегінің йодсутегіне қарай тұрақтылығының кему себебіне назар аударылады.
Галогендердің оттекті кесте жазудың қажеті шамалы. Галогендердің бәрі периодтық жүйедегі орнына сәйкес жоғарғы оң тотығу дәрежесін көрсетпейтін анықтап өтіледі. Жалпы заңдылыққа сәйкесоқушылардың F 2 O 7 деген формула жазатыны жиі кездеседі. Сондықтан электртерістігі ең күшті элемент фтордың минус бірден өзге тотығу дәрежесін білдірмейтіні баса айтылып, оттегімен қосылысының формуласы OF 2 екеніне көңіл бөлінеді.
Галогендердің химиялық касиеттерін талдағанда, жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тотығу-тотықсыздану реалцияларының электрондық табиғаты жөнінде алғашқы түсінік беріледі, электрондық баланыс теңдеулері жазылады. Бұл арада фосфордың хлорда жануын оқушыларға бұрыннан таныс оттегінде жануымен салыстырып, электрондық жағынан алғанда бұлардың бір-біріне ұқсас процесс екені түсіндіріледі. Басқа да бейметалдармен және металдармен атомдарының тотықтырғыш қасиет көрсететін, сөздерінің тотықсызданатыны айтылады.
Жалпа сипаттамадан кейін галогендердін ішінен хлор элементі және оның қосылыстары толық қарастырылады. Мұның мәнісі хлор қосылыстары табиғатта кең таралған, халық шаруашылығының түрлі салаларында, медицинада және тұрмыста жиі қолданады, көпшілігі оқушыларға бұрыннан белгілі[2] .
Жалпы заңдылықтар тұрғысынан галогендермен салыстыра отырып хлор атомының және молекуласының құрылысы, алынуы, жәй және күрделі заттармен әрекеттесуі талқыланады. Сумен әрекеттесуінің ерекшелігі және маңызы, бұл реакцияда хлор атомының екі жақты қасиеттер көрсететіні электрондық баланыс теңдеуін талқылау арқылы нақты түсіндіріледі.
Хлордың химиялық қосылыстарынан хлорсутек және тұз қышқылы айрықша қарастырылады. Бұл қосылысты өтумен байланысты газдардың мольдік көлемі, Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы туралы жаңа ұғымдар беріледі. Сан есептерінің жаңа түрлері енгізіледі: 1) химиялық теңдеулер бойынша газдардың көлем қатынастарын табу; 2) реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың берілген мөлшері бойынша көлемін табу; 3) газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу. Бұл есептеулер оқушылардың химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары жөніндегі білімін кеңейтеді.
Оқушылар тұз кышқылын және оның тұздарын анықтаудың сапалық реакциясымен, галогендердің тотықтырғыш қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасымен танысады, хлоридтерді, бромидтерді және йодидтерді ажыратып, тануға байланысты эксперимент есептерін шығарады.
Галогендер - деп аталатын фтор, хлор, бром, йод, және астат VII топтың негізгі топшасына жатады. Гректің «галоген» деген сөзі «тұз туатын» дегенді білдіреді. Галоген атомдарының электрондық құрылысы ns 2 np 5 конфигурациясына тең:
Ғ - 2s 2 2р 5
Сl - 3s 2 3р 5
Вr - 3d 4s 2 4p 5
Y - 4d 5s 2 5р 5
At - 4f 5d 6s 2 6р 5
Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты олардың атомдарының радиустарының өсетінін, соған сәйкес иондану энергияларының және кемитінін байқауға болады, яғни Ғ - Аt бағытында бейметалдық қасиеттері кемиді - фтор ең күшті бейметалл, ал астаттың кейбір металдық қасиеттері болады.
Мысалы, хлордың электрондық формуласы:
+17 Cl = 1s 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 5 3d 0 .
Атомның электрондық құрылымы:
3s 2 3p 5 3d 0
Фтордың сыртқы электрондық қабатында бос ұяшықтар жоқ болғандықтан, қоздыру арқылы оның дара электрондарының санын көбейтіп валенттігін өсіруге болмайды, сондықтан ол барлық қосылыстарында бір валентті.
Графиктік формуладан хлордың, бромның, иодтың астаттың сыртқы қабатындағы d - қабатшасының ұяшықтары бос екенін байқауға болады, сондықтан сырттан энергия жұмсау арқылы олардың дара электрондарының санын 1 - ден жетіге дейін өсіруге болады, ал соған сәйкес олар қосылыстарда 1, 3, 5, 7 валентті бола алады (Сызбанұсқа 1) .
Сызбанұсқа 1. Галогендерге жалпы сипаттама
Галогендердің реттік нөмірінің өсуімен электрондардың жалпы саны және атомдық радиусы өседі; сыртқы электрондары ядродан алыстап, оған әлсіздеу тартылады. Сондықтан F - Cl - Br - I - At қатарындағы галогендердің бейметалдық қасиеттерімен мен олардың тотықтырушылық қабілеттілігі әлсірейді, ал металдық қасиеті мен тотықсыздандырушылық қасиеті күшейеді[3] .
Галогендердің жоғары химиялық белсенділігі галоген атомдары молекулаға бір электрондық жұп арқылы байланысуымен орайлас, ал молекулада болса әрбір атомның айналасында тағы үштен бөлінбеген электрондық жұп бар. Мұндай электрондық жұптар тебіледі. мұның салдарынангалоген молекуласында атомдар арасындағы байланыс әлсірейді де галоген молекуласын атомдарға оңтайлы ыдыраушылығын тудырады.
Бос күйіндегі жоғары реакцияласу қабілеттілігінің арқасында табиғатта галогендер кездеспейді.
Топ бойымен жоғарыдан төмен қарай жылжығанда галогендердің балқу температурасы мен қайнау температурасы жоғарлайды - бұл галоген молекуласының арасында Ван-дер-Ваальстік күштің әсер етуімен түсіндіріледі, ал ол өз кезегіндемолекула өлшемі өскен ( электрон саны арқылы) сайын күшейеді.
Жалпы галогендер үқсас бола тұрсада олардың арасындасапалық айырмашылық бар. Бұл иондану энергиясының айырмасымен, электрондарға ынтықтылығымен және т. б. сипатталынады және галогендердің атомдық радиустарының шамасын тәуелді.
Атомдық радиусы ең кішісі фтор өте күшті тотықтырғыш болып келеді. Фтор молекуласының арасындағы байланыстың аномальді төмен болуы, мүмкін байланыс ұзындығының қысқа болуымен байланыс π - орбитальда болатын жұптың тебілуімен байланыс болады.
Фтор сутекпен ерекшеқызу әрекеттеседі, ал йод болса онымен баяу әрекеттеседі және йод гидриді болса онда тіпті әлсіз физикалық әсерде (сәулелендіру, қыздыру) ыдырай бастайды. Йод және астаттың оттекті қосылыстары барынша тұрақтылау[4] .
Қалыпты жағджайдағы хлор және фтор газ, олар әлсіз - сары түсті, бром ауыр қою - қызыл түсті сұйықтық (Сурет 1) . Йод пен астат - қаралау түсті қатты зат. Фтордан бастап астатқа қарай түсінің қоюлана түсуі электрндық қабат санының артуымен және көрші электрондық деңгейлер арсындағы энергия айырмасының азаюмен байланысты. астат әлсіз металдың қасиет байқатады және йодқа ұқсас.
Бромның сыртқы көрінісі
Сурет 1. Галогендердің сыртқы көрінісі
Галогендердің табиғатта таралуы, ашылу тарихы және қолданылуы
Химиялық активтігі күшті болғандықтан галогендер табиғатта тек қосылыстар түрінде, әсіресе, галогенсутек қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі. Фтор мен хлор көп тараған, бром мен иод шашыранды түрінде тараған, ал астат табиғатта кездеспейді, өйткені оның бірде - бір тұрақты изотопы жоқ[5] .
Фтор - табиғатта бос күйінде кездеспейді. Оның жер қыртысындағы мөлшері 0, 065 % ал мұхит суында - 0, 0001 % шамасында. Фтордың маңызды минералдарына флюорит немесе балқытқыш шпат СаҒ 2 , криолит 3NаҒ; АlҒ 3 фторапатит Са 3 (РО 4 ) 2 ·СаҒ 2 жатады.
СаҒ 2 металдарды балқытқанда, жасанды криолитті дайындау үшін, сондайақ оптикада қолданылады. Балқығыш шпаттың кен орны Забайкалье, Орта Азия, Архангельск облысында; криолит пен фторапатиттікі - Оралда, Кольск жарты аралында кездеседі. (х)
Фтордың едәуір мөлшері әртүрлі таулы жыныстарда шашыла тараған. Ол микро мөлшерде өсімдікте, жер қыртысында, жануар мен адам организмінде кездеседі. Жерде фтор мөлшері шекті мөлшерден артық болса, онда өсімдіктің ерекше түрі дамиды.
Фторды француз ғалымы Анри Муассон ашқан. Оның «фтор» аталуы гректің «phthoros» бұзушы, қиратушы деген сөзінен алынған.
1810 жылы А. Ампер балқығыш қышқылының тұз қышқылына өте ұқсас екендігін байқап, хлорға ұқсас жаңа элементтің бар екендігін сеніммен болжайды да оны флюорий деп атайды. Сол тұста дала шпатынан СаҒ 2 балқығыш қышқылы алынады. СаҒ 2 флюорит деп аталатын. Осыған байланысты фторды сол кезде флюерий деп атаған. Бертін келе, 1816 жылы А. Ампер болжамдаған элементті фтор деп атай бастайды. Біздің ғылыми әдебиетте фтор аталуы сақталып қалды, ал батыс елдерінде оны әліге дейін флюорий деп атайды. Латын тілінде «флюо»- ағу дегенді білдіреді.
Хлор табиғатта натрий, калий, магний хлоридтерінің қуатты кеніштерінде, галит немесе тасты тұз NaCl бишофит MgCl 2 *6H 2 O, мүйізді күміс AgCl және т. б. түрінде кездеседі. Мұндай кен орындарының басым көпшілігі бұрынғы су орнының булану нәтижесі және олар тұздардың күрделі қоспасы түрінде болып келеді. Олар Батыс Украинада, Орта Азияда, Закавказьеде және т. б. аймақтарда кездседі. Мұнан басқа, өздігінен шөгетін тұз көптеген мөлшерде жазда тұзды көлдер табанына тұнады, ол өнеркәсіптік өңдеу нысаны болады.
Натрий хлориды түрінде хлор мұхит, теңіз, көл суларында көп тараған. Сонымен бірге натрий хлориды жер қыртысында тас тұзының қабаттары түрінде кездеседі. Хлор сильвин КСl, карналлит КСl·МgСl 2 ·6Н 2 О минералдары түрінде табиғатта кездеседі.
Карл Шееле 1774 жылы «марганецпен» МnO 2 «теңіз қышқылының» (HCl) әрекеттесуін зерттей отырып сары түсті, тұншықтырғыш газ бөлініп шыққанын байқайды. Шееле флогестон ториясын жақтаушы болатын, сондықтан теңіз қышқылының Флогистонның марганец алған екен деп ойлап, ал газды «флогистонсыздалған теңіз қышқылы» деп атайды [6] .
Соңынан бұл газды Бертолле (1780 жылы) зерттеп, оның судағы ерітіндісі (HCl) мен O 2 беретінін байқап (Cl 2 +Н 2 О =2НCl+О), бұл газды оттек бар екен деп ойлайды да, оны «тотыққан тұз қышқылы» деп атайды. Россияда Б. М. Севергин (1800 ж), А. Н. Шерер (1807 ж. ) Захаров (1810 ж) тотыққан тұз қышқылы газ деп атаған. Сөйтіп, хлор оттекті қосылыс деген ұғым, әсіресе Берцелиустың қолдауымен анық орнаған болатын.
Гей-Люссак және Л. Ж. Тенар 1808-1809 жылдарында HCl-ға натриймен әрекет еткенде сутектің бөлісіп жатқанын байқайды, екінші жағынан солар сутек пен «тотыққан теңіз қышқылы» (Cl) қосылып HCl түзілетінін тәжрибеден көреді: олай болғанда «тотыққан теңіз қышқылы» жай зат деп қорытынды шығаруға батылы бармайды, өйткені ол жай зат болса, онда оның ішінде оттек болмайды; ол мүмкін емес деп ойлайды. 1810 жылы осылардың барлығына Дэви қарсы шығып, оған хлорин деген ат берді. Дэвидтің пікіріне Бертолле (1811ж), соңынан Гей Люссак пен Тенар (1812) қосылады. Гей Люссак оған хлор деп ат береді. Берцелюс бастаған бір топ химиктер көніңкіремей жүріп, Дэви мен Гей Люссактың қосымша тәжірибелерінде ол газда оттек жоқ екендігін дәлелдеген соң оларда қояды.
Россияда 1813 жылы Гизе тұз туғызушы, 1820-шы жылдан бастап әсіресе Гесттің жұмыстарында (1835ж. ) хлор деп аталады. Швейгер хлордың натриймен тікелей қосылысқанын бақылағаннан кейін химияға галоген сөзді енгізді. Сөйтіп хлор 1774ж. ашылғанымен 36 жыл кейін ғана толық мойындалды[7] .
Сілтілік және сілтілік жер металлдарының бромидтері еріген күйінде кейбір тұзды көлдердің рафасында (тұздықты суында), теңіз суында (0, 006 %) және мұнайлы кеніш орындарының топырақ асты суларында болады. Бромидтер қатты тұздар түрінде тасты тұз жатындарында кездеседі, олар ертедегі ішкі теңіздердің булана құрғауы салдарынан пайда болған.
Бром натрий, калий, магний тұздары түрінде теңіз суларында, кейбір көл суларында аз мөлшерде кездеседі.
Бромды 1825 жылы К. Левиг ашқан және 1826 жылы француз ғалымы А. Балар теңіз өсімдігінің күлінен көп мөлшерде алған. А. Баллар тұз кендерінен алынған тұздарды және сол кезде түзілген ерітіндіге хлормен әрекет еткенде, жаңа заттың бөлінетіндігін айқындады.
«Бром» аталуы гректің «bromos» - ашулы иіс деген сөзінен алынған. Бұл оның тұншықтырушы өткір иісімен байланысты.
Табиғатта бромдар 79 Br изотопының 50, 57 % және 81 Br изотопының 49, 43% мөлшері болады.
Йод теңіз өсімдіктерінде кездеседі, ондағы бұл элемент өздерінің клеткаларында жинақталады. Концентрлену дәрежесі аса үлкен мәнде болады: мысалы теңіз суында 5⋅10 -6 %, ал теңіз қырық қабатында йодтың 0, 5 % бар. Аса аз, тіпті іздік мөлшердегі йод барлық ортада кездеседі: ауада, суда, жер қыртысында, өсімдік және жануарлар организімінде. Геохимияның негізін салушылардың бірі академик А. Ф. Ферсман йодты кезбе элемент деп атаған.
Натрийлік (чилийлік) селитрада натрий йодаты NaIO 3 түріндегі йод едәуір мөлшерде (0, 1 %) кездеседі. Йод түзетін минерал - лаутарит Ca(IO 3 ) 2 - өнеркәсіптік өндіруге жарамды кеніш орындарын түзбеген, ол шашыранды. Мұнайлы аймақтағы жер асты суларында йодиттер мен бос йод кездеседі.
Йод бромға қарағанда да аз тараған. Ол натрий иодаты және периодаты түрінде селитралармен, мысалы, чили селитрасымен бірге кездеседі. Ол «теңіз капустасы» ламинария құрамында болады [8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz