Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама: Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындады. Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы - Астана Опера мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2050 Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Жаңа қазақстандық патриотизм тарауына айрықша тоқталдық. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130-дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. Ұлт көшбасшысы бұл орайда, халықтар бірлігі мен татулығын бірінші кезектен түсірген емес. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жаңа Жолдауында: Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс делінген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М. Дулатов "Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады",- деген болатын.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Отаншылдық патриотизм - бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау - бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Парасатты қоғам құру, қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. Патриотизм -Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса, "қазақстандық патриотизмнің" еркшелігі қандай?. Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда,ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Сырт қараған адамға елімізде "қазақстандық патриотизм" мәселесі жоқ тәрізді елес береді. Біріншіден, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәлімдегеніндей, қазақстандықтардың 90 пайызы, қай ұлттық өкілі болғанына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп мойындайды. Екіншіден, Қазақстан бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде аралық, конституциялық тәртіп, т.б. жағынан алғанда тұрақтылығымен ерекшелінген. Бұның екеуіде тамаша көрсеткіш өлшемдері. Көп елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, "Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін - ту,елтаңба,әнұраннан бастап, шайнайтын сағызға дейін". Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге - туға , елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған.

Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының құрамында болған ұлттармен ұлыстар арасында ерлік көрсету көрсеткіші жағынан қазақтардың шоқтығы биік. Ресми деректерге сүйенсек, қырқыншы жылдардың қырғынына қатысқан қазақ ұлты перзентінің жүзбіріне Кеңес Одағының батыры атағы беріліпті. Яғни, жалпы көрсеткіш бойынша, Одақтың негізін құраған үш славян халқы мен еврей және татарлардан кейінгі орындарда қазақтар тұр. Өктемдігі жүріп тұрған ұлттың кейбір өкілдерінің тарапынан болған кейбір әділетсіздіктерді солақай саясатты есепке алсақ, халқымыздың қаһармандығы күмәнсіз. Бұл - патриоттық тәрбиенің жемісі. Оның ішінде ізгілікке, адамсүйгіштікке, парасаттылыққа негізделген идеяның игілігі. "Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек" - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел. Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу - күрделі педагогикалық үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Интернационалдық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз идиологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз. Ал оларды тәрбие беру құралына айналдыру елтану бағытында жасалған оңды шара. Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар. Тарихты бағалау жастарға Отан қорғаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Патриоттық тәрбиенің мәні
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Пәндер