Психология менің өмірімде және кәсібімде


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «Менеджмент»
СӨЖ
Тақырыбы:1. Эссе : «Психология менің өмірімде және кәсібімде» 2. Кейс дайындау : «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»
Орындаған: Қали Е. Қ
Тексерген: Закарьянова Ш. Н
Алматы, 2021ж
1. Эссе
«Психология менің өмірімде және кәсібімде»
Психология - белгілі бір психикалық процестердің қалыптасу, даму, пайда болу, қалыптасу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Олардың арасында сезім, есте сақтау, ойлау, қабылдау, сөйлеу секілді адам іс-әрекеттері бар. Бұл сондай-ақ мотивация, сезім, эмоция секілді белгілі, көп кездесетін психикалық жағдайларды зерттейтін ғылым. Осы ғылымның көмегімен біз психикалық қасиеттерді, мінез-құлық, темперамент, бейімділік сияқты қабілеттерді толығырақ зерттей аламыз.
Ендігі кезекте психология ғылымының тарихына көз жүгіртейік. Психика туралы туралы алғашқы ғылыми түсініктер Ежелгі дүниеде (Үндістан, Египет , Қытай), философия қойнауында пайда бола бастады. Бұл түсініктердің дамуына қоғамдық практиканың, емдеу мен тәрбие салаларының сұраныстары себепші болды. Ежелгі заман дәрігерлері психиканың ағзасы ми екенін анықтап, темпераменттер туралы ілімді дамытты. Антика дәуіріндегі психологияның ұшар шыңы Аристотельдің ілімі болған еді: ол тіршілік ете алатын материалдық дененің ұйымдастырылу нысаны деп ұғындырды. Келесі психологиялық ғылымның дамуы ХVII ғасырда жантану ғылымы бірқатар ілгері категориялармен толықты. Осылайша қазіргі психология ғылымының іргетасы қаланып философия ғылымынан бөлінді.
Ал психология ғылымы мынадай бағыттар бойынша қарастырылады. Олар теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады және де қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық болып жіктеледі. Психологияның негізгі мақсатына тоқтайтын болсақ - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу болып табылады. Менің ойымша әр жеке тұлға психология ғылымының құрылымын және мақсатын білуге тиісті.
Ендігі кезекте психология ғылымының тарихына көз жүгіртейік. Психика туралы туралы алғашқы ғылыми түсініктер Ежелгі дүниеде (Үндістан, Египет , Қытай), философия қойнауында пайда бола бастады. Бұл түсініктердің дамуына қоғамдық практиканың, емдеу мен тәрбие салаларының сұраныстары себепші болды. Ежелгі заман дәрігерлері психиканың ағзасы ми екенін анықтап, темпераменттер туралы ілімді дамытты. Антика дәуіріндегі психологияның ұшар шыңы Аристотельдің ілімі болған еді: ол тіршілік ете алатын материалдық дененің ұйымдастырылу нысаны деп ұғындырды. Келесі психологиялық ғылымның дамуы ХVII ғасырда жантану ғылымы бірқатар ілгері категориялармен толықты. Осылайша қазіргі психология ғылымының іргетасы қаланып философия ғылымынан бөлінді.
Біздің өміріміздегі психология ғылымының алатын орны ерекше. Себебі, ең алдымен адамзат арасындағы бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмауымен, ымыраға келе алмауымен немесе басқа шешімді уақытында қабылдай алмауымен, кейбір жағдайларда бір-біріне көне алмауына байланысты көптеген мәселелерді шешу барысында психология ғылымына жүгінеміз. Бұл тек психологияны түсініп, жан-жақты зерттеу арқылы үйренуге болатын өнер түрі деп ойлаймын.
Дәл қазіргі психология бізге қазіргі дағдарыстан және шешілместей көрінетін жағдайдан шығуға көмектеседі. Өйткені, адам үшін оның психикасы, ойлау ерекшеліктері мен құрылымы туралы белгілі бір білімнің болмауы ең маңызды және ерекше мәселелердің бірі болып табылады. Бұл сонымен қатар жеке тұлғаға дұрыс көзқарас таба алмау. Дәл осы және басқа көптеген мәселелерді психология қарастыратыны бәрімізге мәлім.
Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы деп тұжырымдаймын. Себебі, бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше және бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі. Мен үшін психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздегі барлық салаларды қамтуға қабілетті. Мектеп, колледж, жұмыс, отбасы, адамдармен қарым-қатынас, жеке тәжірибе - біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиын жағдайларды жеңуге тырысамыз және психология бізге көмектеседі.
Мүмкін, кез-келген адамда бізде психологиялық тұрғыдан дайын болу керек деген түсінік пайда болатын оқиға болуы керек. Әсіресе біздің заманымызда адамдарға теледидар мен интернеттің әсері зор. Біздің жоғары ақпараттық технологиялар дәуірінде өмір сүруіміз жақсы, бірақ бәрібір адамдар «сүзгіден» өтіп, үлкен ақпараттық ағынға бейімделуді үйренуі тиіс. Менің түсінігімде психология дегеніміз - адамның ішкі, психикалық әлемі туралы ғылым. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, сондай-ақ адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда, адамдардың қарым-қатынасын зерттеу процесі өте қиын, өйткені әр адамның ішкі әлемі ерекше және ерекше екенін түсіну қиын. Сондықтан, психология кез-келген адамның өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Бұл адамды қандай ішкі жеке мотивтер қозғалатынын түсінуге, оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Ал енді эссенің негізгі тақырыбына келер болсам, әр тұлға мамандық таңдағанда ол сол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба, сол кәсіппен өз арман-мақсаттарыма жете аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды деп ойлаймын. Мен мамандығымды таңдарда дәл осындай психолгиялық тұрғыдағы шешімдерді ойланып қабылдағаныма сенімдімін. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі болатыны белгілі. Мысалы, мен өзім таңдаған басқару саласына сай қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу секілді іс-әрекеттерге рухани тұрғыдан дайын болдым. Себебі, біздің басқару саласында кілең мықтылар мен бәсекеге қабілетті адамдар ғана билік басына келе алады. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің таңдаған саламыз бойынша психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді әрі биіктерге жетелейді.
Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады. Себебі, мені қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер етері сөзсіз. Психология ғылымы маған өзімді жақсы зерттеуге көмектесуі сөзсіз. Адамдарды түсінуге, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және менің кәсіби тағдырымды түсінуге үйретеді және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және жақындарымен қарым-қатынастардағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік беретіні анық. Қорытындылай келе менің айтпағым, кез-келген тұлға қоғамдағы өз орнын анықтау үшін психология ғылымын кәсібіне ұштастыра білуі қажет.
2. Кейс
Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру
Жоспар
I КІРІСПЕ
1. Ұйым персоналы мотивациясының жалпы мәні
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Мотивация туралы түсінік
- Мотивацияның түрлері
- Мотивацияны жетілдіру жолдары
III ҚОРЫТЫНДЫ
1. Ұйым персоналы мотивациясының мәні Адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал ететін мотивациялық механизм жасалмай, бірде бір әлеуметтік - нарықтық механизм табысты қызмет ете алмайды . Қолданыстағы мотивациялық механизмді сипаттаудың қажеті жоқ . Себебі бүгінгі таңда ондай механизм әлі жасалмаған . Осы жерде келесі сұрақ туындайды : халықтың әл - ауқатын жақсарту міндеті сірә қойылған ба ? Өмір сүру деңгейінің көтерілуін қандай мотивациялық механизмнің көмегімен жүзеге асыруға болады ? Бұл жерде жүзеге асыру механизмінің болмауы салдарынан бағдарламалық мақсаттың жоқ екендігін тағы да айта кету керек . Нарық жағдайында өмір сүру деңгейі біздегідей төмендемей, тапжылмастан көтеріле беруі үшін қандай факторларды іске қосу қажет ? Ең алдымен, қойылған мақсатқа басқару жүйелері мен әдістерін жетілдіру, өнім мен қызметкөлемін өсіру, бәсекелестік күрестiкүшейту, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату сияқты факторлардың көмегімен қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, жұмыс жасайтын кәсіпорындар өздерінің мотивациялық модельдеріне ие, оларды тәжірибе жүзінде қолдану олардың нарықтағы орындарын сақтап қалуға, тіпті өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді
2. Мотивация - қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым болып табылады. Бұл ұғымды алғаш кезде немістің философы А. Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырды.
Алайда қазіргі заман мәдениетінде ол тура мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады. Қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" деген мағыналарын білдіреді.
ХХ ғасырдың 30 жылдары бұл ұғым кеңінен қолданысқа енді.
Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді.
- Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді.
Мотивация түрлері:
1. Ішкі
2. Жекелеген
3. Топтық
4. Оң
5. Тұрақты
6. Тұрақсыз
7. Сыртқы
8. Теріс
1 . Ішкі және Сыртқы мотивация
- Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады.
- Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz