Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде



Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде

Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы толқыныстардың тууына негіз болған еді. Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси.әлеуметтік, экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан) деп аталатын журналдарынан ғана оқып білді. Ататүрік кезінде түркологиялық зерттеу жұмыстарының қолға алынып, жандануы нәтижесінде Түркия халқы Қазақстан мемлекеті мен қазақтар туралы мәліметтер ала бастады. Бұл ретте В.В. Бартольдтың, З. Валиди Тоған, Абдулқадыр Инан, Зүбейр Хамит Кошай, Саадет Шағатай сияқты ғалымдардың Қазақстан жайындағы немесе қазақтар туралы жазған еңбектері мен Түркі университетінде осы тақырыптардағы оқылған дәрістерін айтуымызға болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағының халқы, атап айтқанда қазақ халқы туралы мәліметтер Түркияға белгілі бола бастады. Бірақ соғыстан кейін Түркия мен Кеңестер Одағының ара.қатынасының бұзылуына байланысты ХХ ғасырдың 60.шы жылдарына дейін байланыс қайтадан үзіліп қалды.
1960 жылдың басында Түрік мәдениетін зерттеу институты құрылып, Кеңес Одағындағы түркі тектес халықтар жайында зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер туды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде

Абдуллах Гүндоғду, Жафер Гүлер

Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986
жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы толқыныстардың тууына
негіз болған еді. Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында
жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси-әлеуметтік,
экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан)
деп аталатын журналдарынан ғана оқып білді. Ататүрік кезінде түркологиялық
зерттеу жұмыстарының қолға алынып, жандануы нәтижесінде Түркия халқы
Қазақстан мемлекеті мен қазақтар туралы мәліметтер ала бастады. Бұл ретте
В.В. Бартольдтың, З. Валиди Тоған, Абдулқадыр Инан, Зүбейр Хамит Кошай,
Саадет Шағатай сияқты ғалымдардың Қазақстан жайындағы немесе қазақтар
туралы жазған еңбектері мен Түркі университетінде осы тақырыптардағы
оқылған дәрістерін айтуымызға болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағының халқы, атап айтқанда
қазақ халқы туралы мәліметтер Түркияға белгілі бола бастады. Бірақ соғыстан
кейін Түркия мен Кеңестер Одағының ара-қатынасының бұзылуына байланысты ХХ
ғасырдың 60-шы жылдарына дейін байланыс қайтадан үзіліп қалды.
1960 жылдың басында Түрік мәдениетін зерттеу институты құрылып, Кеңес
Одағындағы түркі тектес халықтар жайында зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер
туды.
80-ші жылдары Кеңестер Одағында тоқырау кезеңі орын алды. Орыстандыру
саясаты үстем алып, Орталықтың (Мәскеудің) шешімімен КСРО-ның құрамындағы
Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты республикалардың басшылары
алмастырылып, олардың орнына орыс ұлт өкілдері отырғызылды. Мәселен, 1987
жылға дейін Өзбекстан Орталық комитеті құрамының 90 пайызын осындай
кадрлармен алмастырған.
1985 жылдың наурызында КОКП-ның басшылығына М.С. Горбачев келгеннен кейін,
елде қалыптасқан жағдайды “жеделдету” бағытымен жоймаққа әрекет етті. Ол
үшін қайта құру, қоғамды демократияландыру үрдісі қажет деп шешті.
Экономикалық-әлеуметтік даму барысын жақсартудың бірден-бір жолы
республикалардағы басшыларды алмастыру деп түсінген М. Горбачев ұзақ жылдар
Қазақстан үкіметін басқарған Д.А. Қонаевты 1986 жылдың 16 желтоқсанында
Ульянов облыстық партия комитетін басқарған Г.В. Колбинмен алмастырды.
Қазақстан басшысының алмасуы демократияшыл жастар қозғалысының шығуына,
яғни тарихта “желтоқсан оқиғасы” деп аталған жағдайдың туындауына алып
келді.
1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, онан кейінгі болған саяси
жағдайлар КСРО-ның ыдырауына алып келген еді. 1991 жылы бұрынғы одақтас
республикалар тәуелсіздіктерін ала бастады (1).
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Түркияда бұрынғыдан да көп Қазақстанға деген
қызығушылық тудырды. Қазақстан Коммунистік Партиясы жетекшісі болған
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына ұлты орыс Геннадий Колбиннің
тағайындалуы турасындағы хабар Түркияның Жумхуриет, Миллиет және
Тәржуман сияқты мерзімді басылымдарында екі күннен кейін жарияланды.
Алматыдағы “желтоқсан оқиғасы” турасындағы хабардың газет беттерінде
жариялануы саясаткерлер арасында түрлі болжамдар тудырып, қазақ жастарының
бас көтеруілері Кеңестер Одағындағы ұлт мәселесінің шешілмеуінен деп
түсіндірді (2).
Тәржуман газеті Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы турасындағы хабарды
“Қазақстан көтеріліс елі” деген тақырыппен жариялап, онда “Қазақстанда
жүздеген түрік ереуілге шықты, бұл орыс билігіне қарсы тарихтағы тұңғыш
қазақ халқының көтерілісі” деп жазды (3). Бұдан кейін аталмыш газеттерде
Қазақстанда болған оқиға турасында пікірлер жариялана бастады. Мәселен,
Миллиет газетіне жариялаған мақаласында саясаткер Сами Кохен
Қазақстандағы желтоқсан оқиғасының түркі халқы үшін маңыздылығын атай
отырып, бұл оқиғаның тамырында қазақ ұлтшылдық сезімінің бар екендігін атап
өткен. Осы уақытқа дейін КСРО-да республика басшысының ауыстырылуына
осылайша қарсылықтың білдірілуі бұрын кездескен жағдай емес. Алматыда
көшеге шыққан қазақ жастары билік басына өзге ұлт өкілін әкелуге
табандылықпен қарсылықтарын білдірді. Бұл қарсылық этникалық фактордан,
яғни қазақтардың ұлтшылдық сезімінен туындап отыр, – дейді (4). Ал ғалым,
әрі саясаткер Фахир Армаоғлы: Оқиғаның мәні өте маңызды болғаны соншалық,
кеңес үкіметтің бұл көтерілісті қоғамнан жасыруға батылы жетпеді және ТАСС
бұл көтеріліс туралы хабарлауға мәжбүр болды. Оқиғаның ұлттық сипаты
болғандығы күмәнсіз деген пікірі білдірді (5).
Қазақстандағы желтоқсан оқиғасына байланысты Түркияның мерзімді
басылымдарында күнделікті тарихшы, ғалым, саясаткерлердің осы мәселеге
байланысты түрлі ой-пікірлері жарияланып отырды. Бұл ой-пікірлердің
көпшілігі қазақ халқының ұзақ жылдар бойы отаршылдық саясатынынң уысында
болса да еркіндікке, тәуелсіздікке деген патриоттық сезімдерін
жоғалтпағандығын айтты. Осындай пікірді Зафер Атай да ұстанды. Жетпіс
жылдық коммунистік жүйенің қарамағында болғанына қарамастан қазақ ұрпағының
ұлттық сезімдер жойылмапты дейді (6).
Түркия тарихшылары да желтоқсан оқиғасына өзіндік бағасын беруге тырысты.
Тарихшы Йылмаз Өзтуна Мәскеудің бұл желтоқсан оқиғасын “ұлтшылдық қозғалыс”
деп сипаттап, қазақ жастарына “ұлтшылдар” деп айып тағуы орыс шовинизмінен
туындап отыр деген пікірде болды. Ол Қазақстан КСРО-дағы Ресей
Федерациясынан кейінгі үлкен территориясы, табиғи байлығымен, әрі түркі
халықтарының демографиялық жағынан өсуімен ерекшеленгендіктен,
республикадағы “желтоқсан оқиғасы” орыстарға үлкен үрей тудырып, “ұлтшыл”
ретінде айыптауының себебі де сондықтан екендігін айтады (7).
Қазақстандағы желтоқсан оқиғасын Ергүн Гөзе “Қазақстандағы ұлттық ереуіл”
деген мақаласында қазақ халқының тәуелсіздік жолында үш күн бойы алаңға
шығуы жетіс жыл бойы билеген кеңес жүйесінің әлсірегенін көрсетті деген
тұжырым жасады (8).
80-ші жылдардың соңына қарай Еуропа елдерінде демократияландыру қозғалысы
қарқынды сипат алып, көптеген мемлекеттерде тәуелсіздік жолында күрес
нышандары біліне бастады. 1989 жылдың шілдесінде Польшада Тадеуш
Мазовиецкий премьер-министр болып сайланғаннан кейін елдің Шығыс Блогында
таралу белгілері байқала бастады. Осы жылдың қарашасында Берлин
қабырғасының құлатылуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екіге бөлінген
неміс халқының қайтадан бірігу үрдісін жеделтетті.
90 жылдардың басында Кеңес Одағының құлдырауы оның құрамынан одақтас
республикалардың біртіндеп бөліну үрдісін тудырды. Прибалтика
республикаларының Кеңестер Одағынан шығуы, басқа одақтас республикалардың
егемендігіне жол ашты.
Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында
орнатылды. Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік
мәдениет комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми
жобалар жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени
шаралар жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды (9). Бұл келісім ұзақ
уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жалғастырды.
1991 жылдың 31 қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының
Түркияға келуі және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің
ынтымақтастық келімсімге қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды
нығайта түсті (10).
Қазақстан тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы
Тұрғыт Өзалдың 15 наурызда Қазақстанға ресми сапары және “Қазақ Совет
Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы”
келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастыраның достық бағытта одан
әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы
мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты.
Тұрғыт Өзалдың бұл сапары түрік қоғамына Қазақстанды жаңа қырынан танытуға
жол ашты. Түркияның мерзімді басылымдары Қазақстан мен Түркияның арасындағы
болашақтағы байланыстар туралы ашық жазып, Қазақстан президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Түркияға ресми түрде шақырылғандығы басылды. Негізінде бұл
кездесуде Тұрғыт Өзал Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркияның нарықтық экономикаға
өтудегі тәжірибелері, тұрақты валюта курсын бекітудегі ұсыныстарымен
бөлісіп, болашақтағы түрік кәсіпкерлері үшін Қазақстанның лайықты
инвестиция шарттарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұхбаттасты. Тұрғыт
Өзал журналистерге берген сұхбатында Түркия мен Қазақстан арасындағы
байланыстар одан әрі нығая түсетіндігін айтты (11).
“Тержуман” газеті Тұрғыт Өзалдың Қазақстан мен Әзірбайжанға келесі сапарға
барудағы ниеті осы екі мемлекет халықтары мен Түркия арасында тарихи
қатынастардан туындаған тілек деп тұжырымдады. Газеттің былай тұжырымдауы
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекованың “Өзалдың бұл
сапарының Қазақстан мен Түркия халықтары арасындағы қатынастардың дамуы
тұрғысынан тарихи мәні бар және екі жақты қатынастар барлық салада дамитын
кезеңге аяқ бастық” деуі мен Қазақстан Мәдениет министрі Қанат Саудабаевтың
“Тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, тарихымыз бір. Біраз уақыт олардан ажырап
қалдық, енді қайтадан қауышамыз” деген сөздеріне назар аударғандықтан болды
(12).
Президент сапарынаа қатысқан тілшілер де алған әсерлерін оқырмандармен
бөлісті. Бұл турада Хасан Жемалдың “Қазақтар бізді ыстық құшақпен қарсы
алды. Түркияның оларға көмек қолын созуы екі жақ үшін де пайдалы болады.
Зайырлы, жаңашыл және демократиялық Түркия үлгісінің олар үшін Иранға,
Ауғаныстанға қарағанда тартымдырақ болатыны айқын” деп жазуын атап өткен
жөн (13).
Хасан Жемал Жумхуриет газетіне жариялаған келесі бір мақалаларында:
“Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы Түркияны Кеңес Одағына алыс көрші болудан
сақтайды. Сонымен қатар, Орта Азия түрікшілдігі арқылы Әзербайжан мен
Түркияны жақындастырады. Барлық жақ үшін де жаңа көкжиектер ашқан бұл
шарттарды саналы түрде пайдалануымыз керек”, – деп келтірілді (14).
Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстың берік болуы үшін газеттерге
түрлі пікірлер мен ұсыныстар да жариялана бастады. Мәселен, Миллиет
газетіне Алтан Өйменнің екі елдің экономикалық және мәдени байланысын
жақсарту жолдарын көрсеткен ұсыныстары жарияланды. Бұл ұсыныстар мынаған
саяды:
1. Экономикалық және мәдени байланыстарымызды дамытуға лайықты шарттар
жасасу керек; 2. Экономикалық қатынастарды жетілдіру үшін оларға несие
беруіміз керек; 3. Қазақ-түрік байланысын дамытуда әсіресе сыртқы істер,
сыртқы сауда ұйымдары үшін білікті мамандар қажет (15).
Түркия және Қазақстан басшыларының ресми кездесулер өте нәтижелі түрде
өтіп, сауда, экономика, достық және тасымал саласында ынтымақтастық
келісімдерге қол қойылды.
1991 жылы 19 тамыздағы жасалған төңкерістен кейін Кеңес Одағы ыдырай
бастады. Балтық республикаларынан бастап одақтас республикалар бірінен соң
бірі тәуелсіздіктерін жариялап, егеменді мемлекеттермен жаңа одақ құрудың
жолдарын қарастыра бастады.
Орта Азия мемлекеттерінің ішінде 1991 жылдың 30 тамызында Әзербайжан, ал 31
тамызында Өзбекстан мен Қырғызстан республикалары өз тәуелсіздіктерін
жариялады. Бұл мемлекеттердің егемендігін өз жариялауын Түркия үкіметі
тағатсыздана күткен еді.
1991 жылы қыркүйек айында Түркия үкіметі Кеңес Одағынағы жағдайларды
нақтылау үшін екі зерттеу кеңесін жіберуге шешім қабылдады. 8 қыркүйекте
сыртқы істер министрі Сафа Гирайдың бұл мәселе жөнінде мерзімді басылымға
“Кеңес Одағын жақыннан бақылау”, “Кеңес Одағындағы өзгерістерді көреміз”
деген екі бірдей мақаласын жариялады.
Кеңестің мақсаты жөнінде сыртқы істер министрі Сафа Гирай 1991 жылы 11
қыркүйектегі баспасөздегі хабарламасында: “... Түркия Кеңес Одағындағы
болып жатқан шұғыл өзгерістерді жақыннан және мұқият бақылап отыр. Осы
мақсатта құрылған екі кеңес екі бөлек кеңестік республикаға баруы және
болып жатқан өзгерістерді сол орында бақылауына шешім қабылданды”, – деп
келтірді.
Бірінші кеңесті тәжірибелі дипломат Билал Шимшир басқарып, қызмет ету
аймағы ретінде Әзірбайжаннан бастап Кавказға және Орта Азиядағы алты
кеңестік республикаларды (бұның ішінде Қазақстан да бар) алса, ал елші
Исмет Бирсел басқарған екінші кеңес Еуропадағы кеңестік республикаларды
бақылайтын болды. Бірінші кеңес 12-27 қыркүйек аралығында Әзербайжаннан
бастап Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда табысты
кездесулер өткізді. Негізінде Қазақстаннан басқа республикалар ол кезде
тәуелсіздіктерін жариялаған болатын. Қазақстан тәуелсіздігін жарияламаса да
тәуелсіздік идеясы жақтаған еді.
Кеңес Алматыға жеткен кезде Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
Түркияға ресми сапарына соңғы дайындықтар жасалып жатқан болатын (16).
Түркия тәуелсіздік жолына түскен мемлекеттер жөнінде халық арасында
қоғамдық пікірлер дұрыс қалыптасу үшін ғылыми жиналыстар мен конференциялар
өткізуді қолға алды. 1991 жылы 16 қыркүйекте “Түркия үлгісі және Кеңес
Одағының бұрынғы түркі халықтары” деген тақырыппен ғылыми симпозиум
өткізіліп, онда егемендік жолына түскен және түсетін түрік
республикаларымен саяси, әлеуметтік, экономикалық байланыс орнату және
Түркияның осы республикалармен болашақта тәжірибе алмасу мәселелері
қарастырылды (17).
1991 жылы 25 қыркүйегінде Н. Назарбаев Түркияға ресми сапармен келді. Оның
бұл сапарын Түркия халқы қуанышпен қарсы алды. Түркия президенті Тұрғыт
Өзал Қазақстан президентін әуежайдан тікелей өзі қарсы алуы екі елдің
арасындағы достықтың нышаны болды. Түркияда болған Н. Назарбаевтың екі
күндік сапарының нәтижелері мен тілшілермен болған сұхбатының барысы
“Тержуман” газетіне жарияланды. Газетке жарияланған мына бір сұхбатында Н.
Назарбаев былай деген еді: “Тарихи және мәдени байланыстарымыз бар елдердің
тәжірибелері біздер үшін қызығушылық тудырады. Сондықтан да саяси және
экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия республикасының құрылуы
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу
Түркия мемлекетінің орналасуы
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Түркия Республикасының Конституциясы және оның ерекшеліктері
Қазақ елі — жерұйық
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Пәндер