Сұрау әдісінің түрлері
Сұрау әдісінің түрлері
Әдістерге қойылатын талаптар
Сұрау әдісі -- сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі. Сұрау әдісінің ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызша сұрау әңгіме және интервью болып бөлінеді, ал жазбаша сұрау -- анкета деп аталады. Әңгіме әдісі бір немесе бернеше адаммен жүргізіледі. Әңгіме мақсатты, жоспарлы түрде жүреді, сұрақтары алдын-ала дайындалады. Әңгіме барысында адамның көңіл-күйі, сезімі, көзқарасы анықталады. Әңгіме арқылы зерттелушінің ішкі дүниесін танып-білуге, оның кейбір қылықтарының себептерін анықтауға болады. Сонымен қатар оның дүниеге деген көзқарасы, адамгершілік қасиеттері байқалады. Әңгіме күрделі әрі қиын әдіс, өйткені бала зерттеушіге дұрыс жауап бермеуі мүмкін. Ұялшақ, тұйық балалар жауап беруден мүлдем бас тартса, мақтаншақ балалар өтірік айтуы мүмкін. Сондықтан әңгіме әдісі зерттеушіден үлкен дайындықты, шеберлікті, әдептілікті талап етеді. Әңгіме ойдағыдай өтуі үшін төмендегідей арнайы шарттарды ескеру керек:
Зерттелушінің ерекшеліктерін ескере отырып құрылған әңгіменің жоспарының болуы;
Сұрақтардың әртүрлі болуы;
Сұрақтарды түрлендіріп, оқушыға ыңғайлы формада қою;
Ситуацияны тиімді пайдалану, сұрақтар мен жауаптарда тапқырлық көрсету;
Зерттелушінің келісімімен әңгіменің барысын протоколға немесе магнитофонға жазып алуға болады. Алайда әңгіменің нәтижесі жария етілмейді.
Интервью тек бір адаммен ғана жүреді. Әңгімеден ерекшелігі сұрақтар да, жауаптар да алдын-ала дайындалады. Сондықтан алдын-ала дайындалған жауаптардың бәрі шын болуы мүмкін емес. Интервью әдісін журналистер қолданады. Интервью материалы көпшіліктің назарына ұсынылады.
Анкета -- алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Бұл сұрақтар зерттелуші шын ниетімен жауап береді деген үмітпен құрылады, алайда бұл үміт әрдайым орындалмайды. Соған қарамастан анкета әдісі жиі қолданылады. Өйткені ол аз уақытта көп адамды зерттеуге мүмкіндік береді. Анкета сұрақтары бірмәнді, нақты жауап талап ететіндей сапалы болуы керек. Анкетаның түрлері: ашық, жабық, атаулы, анонимдік, полярлық..
Ашық анкета -- зерттелуші өз ойынан жауап береді.
Жабық анкета -- зерттелушінің жауабы шектеулі, ол дайын жауаптардың біреуін таңдайды, мысалы: иә-жоқ..
Атаулы анкета -- зерттелуші өзінің аты-жөнін жазады.
Анонимдік анкета -- зерттелуші өзінің аты-жөнін жазайды.
Полярлық анкета -- жауаптарға сәйкес балл береді.
Әлеуметтанушылар әлеуметтік өмірдің түрлі құбылыстары туралы эмпирикалық материалдар жинастыру әдістерін анықтады және оны статистикалық түрде өңдеу техникасын әзірледі. Зерттеу техникасы мен рәсімі бұл әдістерді танымал етті және оны тек әлеуметтанудан тыс қолданысқа енгізеді. Алғашқы ақпаратты сұрау арқылы жинаудың нақты әдісі алғаш рет педагогикада әзірленді де, оқушылар мен мұғалімдерді зерттеуде және мұғалімдердің әлеуметтік құбылыстарды бақылауда қолданылды.
Қазіргі кезде әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық әдебиетте ғылыми зерттеулерде есепке алынатын сұрау жүргізудің негізгі қағидалары мен оны дайындау, өткізудің ережелері анықталған. Психоолгия зерттеулерде жазба және ауызша сұрау қолданылады.
Сұрақтары тәртіп бойынша, психологиялық үрдістің нақты мазмұнын айқындаумен байланысты:
-- мазмұны білімді меңгеру деңгейін, қалыптасуын, бағыттылығын, нұсқаулығын, дамығандығын, тұтынушылығын, тұлғаның жағдайын және оның әлеуметтік қоршауын анықтауға мүмкіндік береді;
-- ашық сұрақтар сипаты респонденттерге өз көзңқарастарын оны бейнелеу арқылы білдіруге жағдай тудырады;
Сұрау логикалық, мақсатты бағытталған түрде болуы тиіс, екі мәнділікпен ерекшеленбеу керек, әдепті үлгіде беріледі.
Психологиялық зерттеулерде кеңінен колданылатын маңызды әлеуметтік әдістер қатарына сұхбат пен сауалды жатқызуға болады.
Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын, алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдаланады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады.
Сауалнама -- сауал арқылы бұқаралық әдіспен материал жинау. Сауал кімге жолданған болса, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Әңгіме мен сұхбат бетпе-бет сұрау делінсе, сауалнама -- сырттай сұрау.
Әңгіменің, сұхбаттасудың және сауалнаманың нәтижелілігі көп жағдайда берілетін сұрақтар мазмұны мен құрылымына байланысты болады. Әңгіме, сұхбат және сауал жоспары -- бұл сұрақтар тізімі. Сұрақтарды әзірлеп алуға қажетті ақпараттар сипатын анықтауды ұйғарады; қойылатын сұрақтардың құрылымы; сұрақтардың алғашқы жоспарын жасау және оны алдын ала зерттеуде тексеру; сұрақтарды түзету мен оны түбегейлі редакторлаудан өткізу.
Өз функциясына қарай сұрақтар негізгі және жорамалды, бақылау немесе анықтаушы болып келеді. Сұрақ түрі жауаптың толыктығы мен шыншылдығына ықпал жасайды. Сұрақтар қысңа, мазмұны жағынан анық, қарапайым, дәл және бірмәнді болуы тиіс.
Сауалнама сұрау сұалатынның өмірбаян деректерін, ойын, құндылық бағдарын, әлеуметтік қондырғысын және жеке қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қажетті ақпаратты алу тәсіліне орай сауалды сұрақтардың бірнеше типтері кездеседі: тұтас (мысалы, халық санағы), таңдаулы (жас топтарына, жұмысшы ұжымына қарай); ауызша (сұхбат) және жазбаша (сауалнама); жеке және топтық; күндізгі және сырттай (пошта, телефон арқылы).
Сұхбат -- ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі. Сұхбаттар ерікті (әңгіме тақырыбы, регламентімен) және стандартталған (анкета).
Әнгімелесу -- адам мінез-құлқын зерттеудегі субъект пен объект арасында коммуникация жүретін арнаулы әдіс. Екі адамның диалогы барысында адам екінші адамның психологиялық ерекшелігін анықтайды, мұны әнгімелесу әдісі дейді.
Әңгімелесу қосалқы әдіс ретінде, зерттеуші сыналушы жайлі алғашқы ақпарат жинайды, оған инструкция береді, ынталандыратын бірінші кезеңдегі эксперимент құрылымына кіреді де, сонғы кезеңде-эксперименттен сон интервью формасында қолданылады. Клиникалық әдістін құрама бөлігі ретіндегі клиникалық әңгіме және бетпе бет мақсатты бағытталған сұрау-интевью болып екіге бөлінеді..
Сауалнама (анкета) - пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру - бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.
Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:
Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
-- Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.
-- Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
-- Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.
-- Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім, наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы керек. Мысалы, Сізде автомобиль бар ма? деген сұрақтың орнына Сіздің үйде кімде автомобиль бар? деп сұрақ қоюға болады.
-- Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.
-- Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн. Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz